Шаршысөз дискурсыны



бет25/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Қашу стратегиясы,


өзгенің ұтысын азайту уәжіне сәйкес. Шынайы



өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің ұтысын азайту үшін
өзінің де мақсатына жетпеу. «Саған да жоқ, маған да жоқ».

  1. Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту уәжіне сәйкес. Ортақтасу серігі мақсатына жетуі үшін өз мақсатын құрбандыққа салу. «Маған емес, саған».

  2. Ымыра стратегиясы, ұтыстарды азайту уәжін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін ортақтасу серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді. «Саған қанша болса, маған да сонша».

  3. Ынтымақтастық стратегиясы, кооперация мен бәсекелестік уәждерін

жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік
қажеттілектерін толыққанды өтеу. «Барлығы саған да, маған да» [73,б. 56].
Кей жағдайда жоғарыда атап көрсетілген стратегиялар саяси тұлғаларды,
қоғам белсенділерін жарнамалау үшін қолданылады. Қажет жағдайларда дау-
дамай, жанжал арқылы өз-өзін жарнамалайды. Ол кейде оң, кейде теріс нәтиже береді.
Бұл тұрғыдан келгенде қоғамның психологиялық ахуалына әсер ету
жағынан PR-дың алар орны ерекше. PR (паблик рилейшнз) ғылыми жүйе
ретінде негізгі міндеті коммуникациялық кеңістіктің, оның ішінде әлемдегі
ұйымдастырылуы мен қолданылуының жай-күйін талдау болып табылады. Бұл
оның дамуының әрбір кезеңінде социум мүшелерін өмірлік ортамен өзара
байланысына ықпал ететін коммуникативті ағын үдерісінің бағытын

түсіндіруге мүмкіндік береді. Коммуникацияның практикалық
жүйесі ретінде

паблик рилейшнз уақыт пен кеңістік талаптарына сәйкес қоғамның жаңа
типінің қажеттіліктеріне жауап беретін барлық әлеуметтік және қоғамдық
қатынастардың қалыптасуын, жасалуы мен түрленуін қамтамасыз ететін негізгі

әлеуметтік механизм ретінде адамның қолданылады
сөйлеу
әдебін басқару
қызметінде

XX ғ. ортасынан PR-технологиялар әртүрлі салаларда халықаралық
деңгейде мемлекеттің имиджін қалыптастырып, көтеруге дейінгі аралықта
қолданыла бастады. Экономиканың жаһандануы жағдайында елдің жағымды
имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік пен экономикалық жағдайдың
жақсаруына тікелей әсер етеді, өйткені, мемлекетке және оның агенттеріне
сенімнің артуына және халықаралық қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер
алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, PR-технологиялар әртүрлі елдермен өз
құндылықтар жүйесі мен әлемдік қауымдастық саласында ықпалын (мәдени
және экономикалық) арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады.
PR жүргізудің стратегиясында RACE жүйесі қолданылады. R (research) –
міндетті қою және талдау; A (action) – жалпы бағдарламаны және
тұжырымдаманы жасау; С (communication) – алға қойылған мақсаттарға жету
жолында коммуникативті байланыстар орнату; Е (evolution) – кері байланысты
қамтамасыз ету, нәтижелерді қорытындылау және түзетулер енгізу.
Символдық перформанстарды қалыптастыру – ғаламдық ауқымда
ұйымдастырылатын (мысалы, жаһандануға қарсылар, жасылдар және т.б.)
бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме

жасау, спорт жарыстары.
Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) – PR-технологиялардың,
әртүрлі елдер

тобына немесе халық жіктерінің діни, мәдени, білім, мүліктік,
құндылықты

бағдарларын есепке ала отырып, мақсатты бағыттарын анықтау.
Спин-докторинг (spin-doctoring) – ақпаратгық кеңістікті басқару
технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік
арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-
ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру. Ғаламдық деңгейде
әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАҚ-ты

пайдалану және дамыту [74,б. 504].
Саяси комуникация жүйесі белгілі бір саяси мақсатқа

қол жеткізу


үшін


қоғамдық санаға әсер ету құралдарынан тұрады. Зерттеуші Б.С.Ахатованың
айтуынша, саяси коммуникация мынадай құрамдас бөліктерден: 1) саяси PR; 2)
саяси үгіт-насихат; 3) саяси жарнамадан тұрады. Саяси PR көпшіліктің белгілі
бір саяси субъектіге (саяси партия немесе қайраткер) деген сенімін
қалыптастыру мақсатымен ұзақ уақытқа жоспарланады; 2) ал саяси үгіт-
насихат сол қалыптасқан сенім негізінде саяси мінез-құлықтың белгілі бір
типін жасау үшін қоғамдық санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді; 3) ал саяси жарнама электораттың сол үгіт-насихат ықпалына түскен бөлігін «дұрыс таңдау жасауға» шақырады, яғни нақты бір саяси партияға немесе оның көшбасшысына дауыс беруге үндейді [75,с. 110]. Осылардың ішінде көпшілікке

тікелей және күшті әсер ететін жарнама мен үгіт-насихатқа қарағанда PR-дың
коммуникативтік ықпалы әлсіздеу болады. Бірақ жоғарыда аталған негатив PR
материалдары туралы бұлай дей алмаймыз. Қандай да бір үміткердің
кандидатурасына қарсы пікір туғызу үшін бейәдеп, заңға қайшы, лас
технологияларды қолдана отырып мұндай «қара PR» жасау көпшілікке
жарнамадан да қатты әсер етеді. Онда ақпарат бұрмаланады, кейде жалған
мәліметтер беріледі, бәсекелес субъектіге әртүрлі жала жабылады, тіпті
арандату әрекеттері де жоспарланады. Түптеп келгенде, мұның барлығы да
«жұртшылықпен байланыс» деген ұғымды білдіретін PR-дың шынайы мән-
мазмұнына қайшы әрекеттер болып табылады. Мәселені кеңірек аяда

қарастырсақ, бұл тіптен бағаланады [15,б. 42].
ұлттық намысты қорлайтын келеңсіздіктер деп

PR-технологиялардың түрлері көп. Бағытына, қолданылуына орай
PR-технологиялар: үгіт-насихат; промоушн (promotion) – талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity) – сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (public information), медиарилейшн (media relation) – саяси іс-әрекетті ақпараттық
сүйемелдеу; басын айналдыру (brainwashing) – әсер етудің қарқынды түрлері;
сыбыс тарату. Дағдарысты технологиялар – кейін шегінер жолды алдын ала
ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе,
дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты
қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай
туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың
қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады,
нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі.
Когнитивті прагматика стратегиялық тәсілге құрылады, яғни тілдік
тұлғаның мүдделері басымдық принципіне негізделеді. Стратегиялық көзқарас

сөйлеу (коммуникативтік) стратегиясы, тактикасы, коммуникативті сияқты ұғымдармен жұмыс істейді.
Шаршытопта сөйлеу мәселесін зерттеп жүрген орыс
қадам
ғалымы

А.А.Ворожбитова өз еңбектерінде тілдік тұлғаның өзін-өзі баптауына,
психологиялық дайындығына аса мән береді.
Тілдік тұлға немесе шаршытопта сөз сөйлеуші жеке сөйлеу параметрлерін қалыптастырады. Сөйлеу параметрлері төмендегі жайттарға баса назар аударғанда дұрыс қалыптасады. Олар:

  1. Этика-эстетикалық категория.

  2. Риторикалық қағидалар.

  3. Сөйлеу тәртібіне қойылатын талаптар.

Этика-эстетикалық категория:


  • Үйлесімділік. («Менің сөзім құдды өнер туындысы секілді, сондықтан

мен өзімнің тыңдаушыммен белгілі бір гармониялық байланыста боламын»).
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет