Сөйлеу барысында пайда болатын мәселелер ашық пікір алысу,
жемісті
диалог пен ынтымақтастық жағдайында ғана шешімін табуы мүмкін. Кез
келген мәселені білгірлікпен және жемісті талқылау, дәлелдеу және үгіттеу,
сендіру, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау, қарсы жақтың пікірін теріске
шығару әрбір іскер адамның ажырамас қасиеті болуы керек. Қатынас
барысында табысқа жету үшін үш анықтаушы
категорияны меңгеру керек,
олар: логика, психология және сөз. Соңғысы аса маңызды, себебі барлық ақпарат тыңдаушыға сөз, тіл арқылы жеткізіледі. Айтыс-тартыста барлық уақытта шындық жеңе бермейді, тез арада қарсыласының
сөзіне талдау жасап, оған тез көңіл бөліп, өз сөзін тиімді құрастыра алған адам үстем болады. Екінші
жағынан біреуді үгіттеу, сендіру үшін оған лайықты, нанымды,
қонымды
сөздер табуың керек. Мысалы, Сократ өзін-өзі қорғап, тамаша сөз
сөйлегенімен, Афинаның теңізшілері мен саудагерлерін сендіре алмады, ал
олар оны өлім жазасына кесті. Қатынастың
әрбір жағдайына сай өз
стратегиясын қолдану керек. Бұл жерде стратегия деп жағдайды толығымен
түсініп, жалпы мақсатқа жету үшін іс-қимылдың ұйымдастырылуы мен
дамуының жалпы бағытын анықтауды айтамыз.
Ең алдымен, сөзімізге арқау болып отырған стратегия ұғымына
жан-жақты талдау жасап алайық.
1988 жылы жарық көрген «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде»
стратегия
терминіне төмендегідей анықтама берілген:
Искусство ведения крупных военных операций и войны в целом. Напр. Стратегия молниеносного удара.
Искусство руководства общественной, политической борьбой [69,с. 283].
Түрлі деректерге сүйенер болсақ стратегия терминін көп жағдайда әскери
басшылар қолданып келген. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген
сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс,
бәсеке
мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын
қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.