Шаршысөз дискурсыны



бет21/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Кіріспе алда айтылар ойға немесе ақпарат туралы хабар ету;

  • негізгі бөлім – түсініктемелер, толықтырулар, көрнекіліктер,

    дәлелдермен берілетін негізгі ой;

    • қорытынды негізгі бөлімде айтылғандармен сәйкес жасалған түйіндер.

    Монологта сөйлеушінің мүмкіндігінше анық жеткізу.
    басты
    мақсаты
    – тыңдаушыға хабарды

    Әрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту
    сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тәсілдерді қолдана алады.
    Оларға мыналар жатады:

    • қаратпа сөз және т.б. толықтырылған жай және құрамалас сөйлемдер;

    • риторикалық сұрақтар;

    • етістіктің 1 жағы көпше түрі (оқимыз, қарастырамыз);

    • байланыстыру құралдары (біріншіден, сонымен, Яғни қорыта айтқанда),

    сонымен қатар қайталаулар т.б.
    Абайдың «Қара сөздерінде» монолог мол ұшырасады. «Бұл жасқа
    келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді
    өткіздік...» (Бірінші сөз). «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді,
    бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» (Бесінші сөз). «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды бірлік, ырыс
    алды тірлік», дейді, бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады -
    білмейді» (Алтыншы сөз). Жеке өз аузынан айтылған пікір болғанымен,
    Абайдың әр «қарасөзі» жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп,

    үлкен ғибратты түйін жасайды. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір
    жерден шығып отыратынын байқау қиын емес. Автор ойы мен кейіпкер
    ойының тұтастығы Абай өлеңдерінде де ерекше көзге түседі: «Жігіттер, ойын
    арзан, күлкі кымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат...»«Ішім өлген,

    сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау, Бүгінгі дос ертең жау, Мен не
    қылдым,

    япырм-ау?!» Монологтың тек қана бірінші жақтан немесе үшінші жақтан
    айтылуы шарт емес, жақ түрлерінің қай-қайсысы да келе беруі әбден мүмкін.
    Ұлы ақынның өлеңдеріңде екінші жақтан айтылатын монолог та аз орын
    алмайды: «Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, Жайыңа Және
    алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетерсің..» Абай шығармаларында монолог елеулі
    стильдік қызмет атқарып, автор ойын оқырманға тиімді жеткізудің бір
    тәсілі ретінде қолданылған [66,б. 357].

    Г.Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне үлкен
    ғылыми тұрғыда талдау

    жасаған болатын. Оның біріншісі – шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа
    айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға
    байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда көрініс табады. Бірінші
    санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог (безсознательность), екінші жарым- жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «ой
    ағысы» (поток сознание) тәсіліне ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай,
    қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау

    үрдісін білдіретін ішкі монолог. Оның қосалқы бір түрі автор оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын монолог [67,б. 79].
    өзі тікелей

    В.Е.Хализев: «Кейіпкер монологтарында (әсіресе ішкі монологтарда),
    ортақ төл сөздерде лирикалық медитацияларда интеллект қызметімен
    байланысы жоқ және «ақыл-ес бақылауынан» тыс көңіл-күй әуендері қамтыла
    түседі. Айтылар ойлар адамның сол сәттегі толғанысынан көшірме емес, сөзсіз,
    пікірсіз жан қозғалыстарының шартты өрмегі ретінде көрінеді, – дейді [68,с. 105].
    Автор өз ойын жеткізу үшін кейіпкердің белгілі бір нәрсе туралы ойына
    ішкі монологты кірістіреді. Сонымен бірге, кейіпкерін ұзақ толғандырып,
    сұрыптап айтқызу ішкі монологтың ең негізгі тұсы болып табылады.
    Ішкі монологтың авторлық түрінің екінші бір түрі – бұл тура автордың өз атынан айтылатын ішкі монолог. Автор атынан айтылған ішкі монолог,
    кейіпкерлердің ішкі толғанысын, сонымен бірге олардың қоғам алдындағы
    беделі мен өз бойындағы мінездеріне талдау жасауға көмектесері хақ. Ішкі
    монологтың автор атынан берілуі, автордың сөз саптауымен және қай
    қоғамдағы кейіпкерді бейнелей алуына ерекше мән беруі ішкі монолог
    тәсілдерін аша түсетіндей. Ішкі монологтың автор атынан берілуіне, оның
    стильдік-көркемдік бейнелері автордың өз қалауы мен алынып отырады. Бірақ мұнда автор мен кейіпкер арасы айқын байқалып тұрады.
    Монолог – бұл бір адамның айтар ойын нақты әрі толық тұжырымдайтын
    ауызша сөйлеудің ерекше формасы. Монологтың лингвистикалық және
    композициялық сипаты сөйлеудің негізгі идеясы мен мақсатына бағынады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет