Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы



бет18/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
18 мартта Баян 23жылы

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша химиядан білім беру бойынша қолданылатын жаңа технология жүйелері қарастырылған. Сонымен қатар мектепте химиядан білім беру мақсаттары, білім берудегі оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым берілген.Жаңа технология жүйесi бойынша химиядан білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамытудағы ролі ашылған.Химиядан білім берудегі оқыту әдістері, тәсілдері және құралдарынзерттеу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуы келтірілген.
Гидролиз тақырыбын оқыту әдістемесі толық ашылған.
Кез келген тұзды қышқыл мен негіздің әрекеттесу өнімі деп қарастырамыз. Қышқылдар мен негіздер туралы білімнің дамуы, тұздардың ион алмасу реакцияларын түсіндіру берілген, сонымен қатарқышқылдар мен негіздер туралы білімнің дамуыанықталған.Гидролиз және оның табиғаттағы маңызыашылған. Гидролиз реакциясының мәні қышқылдар мен негіздер теориясы бойынша сипатталған. Бейорганикалық және органикалық химиядағы гидролиз реакцияларының мысалдары, мәні және маңызы талқыланады. Түздардың гидролизге үшырау жағдайларын нақтылап, эксперимент жүзінде дәлелдеуге, мәнісін қысқа иондық теңдеулерін жазу арқылы түсіндіруге баса назар аударылады. Гидролиз кезінде түзілетін қышқыл және негіздік тұздардың қүрамын, гидролиздің дэрежесін болжай білуге машықтандырады. Гидролиз реакциясының мәні протолиттік теория бойынша түсіндіріледі. Гидролиздің өнеркәсіптегі маңызы ашылады.
Ғылыми зерттеу бөлімінде химияны оқыту әдістемесінің зерттеубарысында білім беруді жетілдіру жолдары, гидролиз реакциялар тақырыбын оқыту әдістемесін зерттеу арқылы білімалушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту жолдары ашылған.Химиялық тұздардың табиғатына қарай үш жағдайдағы гидролиз реакцияларын зерттеу арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамытужәне гидролиз реакцияларын ион алмасу реакциялар арқылы түсіндіру әдістемесін зерттеу жүргізілген.
Зерттеу нәтижесі және талдау бөлімінде гидролиздiң өзара күшеюiнің жолдарын талдау,тұздар гидролизі тақырыбын дамыта оқыту арқылы білім алушылардың құзыреттілігін калыптастыру қарастырылған.Тұздар гидролизін оқыту әдістемесі бойынша өтілген сабақта: гидролиз реакциялары ерітіндідегі тұз иондары мен су иондарынын, арасындағы алмасу реакциялары екені көрсетілген. Теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелініп берілген.
Қандай реакцияны гидролиздену деп атайды? Гидролизтермині қандай ұғым береді? Гидролиз дәрежесі дегеніміз не?Катион немесе анион бойынша тұздар қалай гидролизденеді? Сұрақтар беріліп, жауаптар жазылған. Гидролизге ұшыраған иондар санының жалпы иондар санына қатынасын гидролиздену дәрежесі деп аталады: hr =Ch/C, бұл өрнектен гидролиз дәрежесінің Оствальдтың сұйылту заңына өте ұқсас екенін байқаймыз.
Теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндірсұрақтары студенттің жоғарыда берген жауаптарына қойылады .
Теорияны «Талдау» үшін «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар студенттің жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
Химиялық практикада көбіне лакмус қолданылады. Лакмустың ертіндісі қышқылдық ортада қызыл түске, ал сілтілік ортада көк түске боялады. Химиялық және биохимиялық процестердегі рН шамасының маңызы үлкен, себебі ортаның сипатына байланысты процестер әртүрлі жылдамдықпен және көп бағытта жүруі мүмкін.Сондықтан, ерітінділердің рН мәнін анықтау медицинада, ғылымда, техникада, ауыл шаруашалағанда, косметологияда аса маңызды. Тұздар гидролизі – заттар гидролизінің маңызды бөлігі. Негізінде гидролиз дегеніміз- ол әртүрлі заттардың сумен алмасатын ыдырау реакция деп түсінуге болады. Бұндай анықтама органикалық қосылыстардың гидролизін және бейорганикалық қосылыстардың гидролизін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет