Ші бет ші беттің



бет8/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#129263
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Телязий ересегі мен личинкасының:



Бақылау сұрақтары:

1 Телязиоз, трихоцефалез, трихинеллез қоздырушыларын атаңыз және олар қайда мекендейді?

2 Трихоцефалдардың жұмыртқаларының ерекшелігі неде?

3 Трихинеллез, трихоцефалез, телязиозды қалай балайды?

4 Трихинеллез бен телязиозда аралық иелері кімдер?

5 Ауруларға қарсы қандай препараттар қолданылады?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.50-56.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.63-66, 77-84.

Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-Б.22-23, 38-42.


Тақырып № 9. Жалпы цестодология. Күйістілердің аноплоцефалятоздарын балау және күрес шаралары

Ұзақтығы – 2 сағат.

Сабақтың мақсаты: Цестодтардың жалпы морфологиясы мен зертханалық балау әдістеріне үйрету. Күйістілердің аноплоцефалятоздарын балау және жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шараларды үйрету.

Сабақтың мазмұны:

1 Цестодтардың, соның ішінде аноплоцефаляттардың жалпы құрылысымен танысу.

2 Мониезиоз, тизаниезиоз және авителлинозды зертханалық балауды:

- нәжісті гельминтоовоскопиялық тәсілмен зерттеу арқылы және жұмыртқаларының морфологиясын игеру.

- тизаниезий, авителлин мен мониезий ересектерін дене пішіні бойынша айыру және оларды дайын микропрепараттардан қарау.

3 Студенттерді аралық иелері орибатид кенелерімен таныстыру, оларды жинау, түссіздендіру жолдарына үйрету.

4 Мал өлексесінде, ұшасында аноплоцефаляттарды анықтау және ветсаншараларды меңгеру.

5 Сою пунктерінде шаралардың жоспарын құру.

Тапсырма 1. Құрылыстары:

Сколекстің – Мойынның – Стробиланың –

Проглоттиданың – Жыныс және асқорыту жүйесінің орналасуы.

Тапсырма 2. Аноплоцефаляттарды айыру кестесі

Белгілері

Moniezia expansa

Moniezia benedeni

Thysaniezia giardi

Avitellina centripunctata

Морфологияcы













Кімде және қай мүшесінде күнелтеді













Диагностикасы













Жұмыртқаның мор­фологиясы













Аралық иесінің атауы













Тапсырма 3. M.expansa, M.benedeni, Th.giardi, A.centripunctata түрлерінің проглоттидаларының суреттерін салыңыз.

Тапсырма 4. Аноплоцефалятоздарда қандай ветсаншаралар қамтылады?

Тапсырма 5. Тульгрен аппаратын не үшін қолданады және суретін салыңыз?

Тапсырма 6. Аноплоцефалдардың даму биологиясын көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

1 Цестодтардың жалпы құрылысы жөнінде не білесіз?

2 Аноплоцефаляттардың тениата, мезоцестоидаталардан айырмашылықтары неде?

3 Мониезий, тизаниезий, авителлиндердің морфологиясы және гермафродиттік пен жетілген бунақтарындағы айырмашылықтар неде?

4 Тизаниезий құрылысында қандай айырмашылық бар?

5 Авителлинді басқа аноплецефаляттардан қалай айыруға болады?

6 Мониезий, тизаниезий, авителлин жұмыртқаларының өзара айырмашылықтары неде?

7 Шынжырлы цестодтардың баулыларынан айырмашылықтары неде?

8 Орибатид кенелерін топырақтан қалай бөліп алады және олардың цистицеркоидтармен залалданғанын қалай білуге болады?

9 Мониезиозды қандай әдістермен балауға болады?



Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.10-16, 22-25.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 және 2 бөлімдері. Ақмола, 1997 – Б.4-10, 27-40.
Тақырып №10 - 11. Имагиналды және ларвалды тениидоздарды балау және күрес шаралары

Ұзақтығы – 4 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді тениидтердің құрылысымен, ересектері мен балаңқұрттарының ерекшеліктерімен таныстыру. Етқоректілер мен үй жануарларында ауруларды анықтау әдістеріне үйрету. Ауруларға қарсы жүргізілетін ветсаншаралардың жоспарын құруды меңгерту.

Сабақтың мазмұны:

1 Тениидтердің құрылысымен таныстыру, оларды айыру ерекшеліктеріне үйрету.

2 Мультицепс пен гидатигенді цестодтарды морфологиялық белгілеріне қарай айыру, эхинококк пен альвеококк ересектерінің айырмашылықтарына назар аудару, олардың пішінін, түсін, тұрқын, жатыр құрылысына қарай ажырату.

3 Эхинококкоз, це­нуроз бен цистицеркозды өлген мал өлексесінде (ұшада) анықтау және көпіршік (ларвациста) сатысының құрылысымен танысу.

4 Етқоректілердің тениидоздарын балау әдістерін копроовоскопия жолмен орындау, жұмыртқаларының құрылысымен танысу.

5 Эхинококкозды балаудағы сколексопреципитация мен аллергиялық сынамалау әдістерін меңгеру.

6 Антгельминтиктермен танысу, нәжіс сынамаларын залалсыздау жолдарына назар аудару.

7 Кафедра манежінде 2-3 итті дегельминти­зациялауды көрсету.

Тапсырма 1. Иттердің негізгі тениидтерін дифференциалдау кестесі

А) Имагиналды түрлері



Ересек тениидтердің атауы

Стро­била ұзындығы

Стробила ені

Сколекстің құрылысы

Биология-лық тұғы-рығы және иесі

Балаңқұрт сатысының атауы (ларвациста)

Эхинококк

Echinococcus granulosus
















Альвеококк

Alveococcus multilocularis
















Гидатигенді цепені (қылмойынды)

Taenia hydatigena
















Ми цепені

Multiceps multiceps
















Шошқа цепені (целлюлозды)

Taenia solium
















Сиыр цепені Taeniarhynchus saginatus















В) Ларвалды түрлері



Ларвалды тениидтер

(ларвациста)



Аралық иесі мен мекендеу орны

Пішіні мен тұрқы

Көпіршіктегі сколекс саны

Ларвацис-таның қабығы-ның құрылысы

Тудыра-тын ауруы

Ересегі мен ақтық иесі

Эхинококк

Echinococcus unilocularis



















Альвеококк

Alveococcus

multilocularis

larva



















Тенуиколді цистицерк

(қылмойынды)



Cycticercus

tenuicollis
















.

Ценур

Coenurus cere-bralis



















Шошқа цистицеркі (финна)

Cysticercus

cellulosae



















Cиыр цисти-церкі (финна)

Cysticercus bovis





















Тапсырма 2. Ларвоцисталардың құрылысының нобайын салыңыз:




Эхинококк Ценур Цистицерк



Тапсырма 3. Төмендегі цестодоздарға диагноз қалай қойылады:

1. Имагиналды -

2. Ларвалды -

Тапсырма 4. Ит тениидоздарында қолданылатын препараттар:

Тапсырма 5. Аталған тениидтердің даму биологиясын келтіріңіз:

Бақылау сұрақтары:

1 Ит ішегінде тоғышарлық күнелтетін тениидтерді атаңыз.

2 Ми, гидатигенді, сиыр және шошқа цепеньдерінің құрылысын сипаттаңыз және олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.

3 Эхинококк пен альвеококк көпіршіктерінің айырмашылықтары неде және олар қандай мүшеде кездеседі?

4 Тениидтердің жұмыртқаларына қандай ортақ белгілер тән?

5 Аралық иелерінде ларвалды цестодоздарды қандай әдістермен анықтайды?

6 Қандай препараттармен етқоректілердің тениидоздарын емдейді?

Әдебиет:

Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.16-22.

Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 2 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.10-26.
Тақырып № 12. Фасциолез бен парамфистомозды балау және күрес шаралары

Ұзақтығы - 1 сағат.

Сабақтың мақсаты: студенттерді трематодтардың: фасциола, парамфистома морфологиясымен танысу. Фасциолез бен парамфистомозды зертханалық әдістермен балау жолдарын игеру.

Сабақтың мазмұны:

1 Трематодтардың жалпы құрылысымен танысу (сыртқы жабылымы, бекіну органдары, асқорыту және жыныс жүйелері).

2 Фасциоланың морфологиялық ерекшеліктерін игеру (тұрқы, емізіктерінің пішіні мен орналасуы, өңеш, ішек, уыздық, аналық бездері).

3 Парамфистоманың морфологиялық ерекшеліктерін игеру (тұрқы, емізіктерінің пішіні мен орналасуы, өңеш, ішек, уыздық, аналық бездері).

4 Аралық және қосымша иелерін демонстрациялау.

5 Фасциола мен парамфистома жұмыртқаларымен танысу (тұрқы, пішіні, түсі, басқа жұмыртқалардан айырмашылықтары).

6 Фасциолез бен парамфистомозды малдың тірі кезінде балау.

7 Қолданылатын антгельминтиктер мен беру жолдарын игеру.

Тапсырма 1. Трематодтардың жақсы дамыған жүйелерін көрсетіңіз:

Асқорыту жүйесі –

Жыныс жүйесі –

Тапсырма 2. Трематоданың құрылысының суретін салыңыз (марита, мирацидий, редия, спороциста, церкарий).

Тапсырма 3. Трематод сатылары қайда дамиды?

Марита - Жұмыртқа - Мирацидий -

Спороциста - Редия - Церкарий -

Адолескарий - Метацеркарий –



Тапсырма 4. Фасциоланың морфологиялық ерекшелігі

Белгілері

Fasciola hеpatica

Fasciola gigantica

Paramhistomum

spp.

Биологиялық тұғырығы










Дене ұзындығы










Денесінің ені










Жатырдың орналасуы










Құрсақ емізігінің орналасуы










Дефинитивтік иесі










Аралық иесі










Қосымша иесі










Инвазиялық личинкасы










Балау әдістері










Жұмыртқасының құрылысы











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет