Тапсырма 5. Фасциолезге қарсы қолданылатын антгельминтиктер ……
Тапсырма 6. Фасциола мен парамфистоманың даму биологиясы суретін салыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1 Трематодтардың асқорыту мен жыныс жүйелерін сипаттаңыз.
2 Трематод личинкалары қайда дамиды?
3 F.hepatica мен F.gigantica морфологиялық ерекшеліктері?
4 Фасциоланың дефинитивтік, аралық және қосымша иелерін атаңыз?
5 Фасциолезді қандай әдістермен анықтайды?
6 Фасциолез бен дикроцелиозда қандай препараттар тиімді?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.3-6.
Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 2 бөлімі. Ақмола, 1997 – Б.52-58, 65-68.
Тақырып № 13. Дикроцелиоз бен описторхозды балау және күрес шаралары
Ұзақтығы - 2 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді дикроцелиоз, описторхозды малдың тірі және өлгеннен кейін балау әдістеріне, қоздырушылардың морфологиялық ерекшеліктеріне, жүргізілетін ветсаншараларға үйрету.
Сабақтың мазмұны:
1 Дикроцелий мен описторхтардың ақтық иелеріндегі биологиялық тұғырықтарымен танысу;
2 Дикроцелий мен описторхтардың құрылыстарымен танысу (тұрқы, емізіктерінің пішіні мен орналасуы, өңеш, ішек, уыздық, аналық бездері).
3 Дикроцелий мен описторхтардың аралық және қосымша иелерімен танысу;
4 Дикроцелиоз бен описторхозды зертханалық және өлген малда анықтау жолдарына үйрету;
5 Дикроцелий мен описторхтардың жұмыртқаларының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың фасциола жұмыртқаларынан айыру;
6 Антгельминтті препараттармен және оларды қолдану әдістерімен танысу.
Тапсырма 1. Ажырата балау кестесі
Белгілері
|
Dicrocoelium lanceatum
|
Opisthorchis fеlineus
|
Биологиялық тұғырығы
|
|
|
Дене ұзындығы
|
|
|
Денесінің ені
|
|
|
Жатырдың орналасуы
|
|
|
Құрсақ емізігінің орналасуы
|
|
|
Дефинитивтік иесі
|
|
|
Аралық иесі
|
|
|
Қосымша иесі
|
|
|
Инвазиялық личинкасы
|
|
|
Балау әдістері
|
|
|
Жұмыртқасының құрылысы
|
|
|
Тапсырма 2. Қолданылатын антгельминтиктерді атаңыз ........
Тапсырма 3. Описторхоздағы қосымша иесін зерттеу әдістемесін сипаттаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1 Dicrocoelium lanceatum мен Opisthorchis fеlineus қоздырушыларының морфологиялық ерекшеліктерін атаңыз және олардың биологиялық тұғырықтарын көрсетіңіз.
2 Дикроцелиоз бен описторхозда дефинитивтік иелері балаңқұрттың қандай сатысымен залалданады?
3 Дикроцелиоз бен описторхозда аралық және қосымша иелері кімдер?
4 Дикроцелиоз бен описторхозды балау үшін қандай әдістер қолданылады?
5 Описторхозға қосымша иесін қалай зерттейді?
6 Дикроцелиоз бен описторхозға қарсы қандай препараттар тиімді болып табылады?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.6-8, 9-10.
Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 және 2 бөлімдері. Ақмола, 1997 – Б.58-61, 68-70.
Тақырып № 14. Құстардың негізгі гельминтоздары. Оларды балау және күрес шаралары
Ұзақтығы - 1 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді құстардың негізгі гельминтоздарының морфологиясымен және оларды зертханалық балау әдістерімен таныстыру.
Сабақтың мазмұны:
1 Аскаридиа, гетеракида, райетин, дрепанидотениа, тетрамерес, простогонимдердің негізгі морфологиялық ерекшеліктерін игеру.
2 Осы гельминттердің құрылысымен танысу.
3 Осы көрсетілген гельминттердің резервуарлық, аралық иелері (циклоп, гаммарус) атаңыз.
4 Құс гельминтоздарын балауға қолданылатын әдіс-амалдарды атаңыз және олар қалай жүргізілетіндігін меңгеру.
5 Антгельминтті заттар, оларды қолдану жолдарымен танысу.
Тапсырма 1. Құс гельминтоздарын айыру кестесі
|
Дефинитив-тік иесі
|
Мекен орны
|
Морфологиялық ерекшеліктер
|
Диагностикалау
|
Аралық иесі
|
Қосымша иесі
|
Ascaridia galli
|
|
|
|
|
|
|
Heterakisgallinarum
|
|
|
|
|
|
|
Drepanido-taenia lanceolata
|
|
|
|
|
|
|
Raillietina
|
|
|
|
|
|
|
Prosthogo-nimus ovatus
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 2. Аскаридийлердің жұмыртқаларын және дрепанидотениялардың бунақтарының суреттерін салыңыз.
Тапсырма 3. Құс гельминтоздарындағы қолданылатын антгельминтиктер мен жүргізілетін ветсаншараларды құрастырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1 Ascaridia galli, Heterakis gallinarum, Drepanidоtaenia lanceolata, Raillietina, Prosthogonimus түрлерінің морфологиялық ерекшеліктерін атаңыз және олар қандай мүшелерде орын тепкен?
2 Аскаридиоз, гетеракидоз, простогонимоз, райетиноз және дрепанидотениозда резервуарлық, аралық және қосымша иелерін атаңыз.
3 Аскаридиоз, гетеракидоз, простогонимоз, райетиноз бен дрепанидотениозды балау тәсілдерін атаңыз.
4 Аскаридиоз, гетеракидоз, простогонимоз, райетиноз бен дрепанидотениозға қарсы қолданылатын антгельминтті препараттарды көрсетіңіз.
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.33.
Қарамендин Ө.С., Тоқпан С.С., Ыбраев Б.К. Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. 1 бөлім – б,16-19, 61-63, 2 бөлім -43-48, 70-73. Ақмола, 1997.
Тақырып № 9-10-11-12-13 Кокцидиоздар мен мастигофороздарды балау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы – 5 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді эймерий, трипаносом мен трихомонад түрлерінің ерекшеліктеріне, оларды кокцидиоз, киеңкі және трихомонозды балау әдістеріне үйрету.
Сабақтың мазмұны:
1 Ауруларға бейім жануарлардан сынамаларды (нәжіс, жыныс жолдарынан сұйықтық, қан) алу техникасына үйрету және Дарлинг әдісімен зерттеуді игерту.
2 Бауыр жұғынды, ішектен қырынды, түйіндердің сықпасын алу, сынама дайындау және ооцисталарға зерттеуді игеру. Анықталған ооцисталардың суретін салу, туысқа дейін жіктеу.
4 Анықталған ооцистаны гельминт жұмыртқаларынан, ауа көпіршіктерінен және басқа ұқсас объектілерден айыру.
5 Грегерсен әдісімен нәжістегі жасырын қанды анықтау.
6 ІҚМ мен жылқының жыныс жолдарынан алынған шайындыны ауру қоздырушыларына зерттеу. Қоздырушылардың (трипаносом, трихомонад) морфологиясына назар аудару және суреттерін салу.
Тапсырма 1. Төмендегі кестені толтырыңыз
|
Қоздырушы-ның атауы
|
Биотұғырығы
|
Сыртқы белгілері
|
Балау әдістері
|
Қоян эймериозы
|
|
|
|
|
ІҚМ эймериозы
|
|
|
|
|
Тауық эймериозы
|
|
|
|
|
ІҚМ трихомонозы
|
|
|
|
|
Жылқы киеңкісі
|
|
|
|
|
Тапсырма 2. Ауру қоздырушыларының суреттерін салыңыз.
Тапсырма 3. Төмендегі ауруларда қолданылатын препараттарды атаңыз және қолдану жолын көрсетіңіз:
эймериозда:
киеңкіде:
трихомонозда:
Бақылау сұрақтары:
1 Кокцидиозға қандай жануарлар сезімтал?
2 ІҚМ, қой және құс эймерийлерінің түрлерін атаңыз.
3 Ооциста дегеніміз не және оның құрылысындағы ерекшеліктер?
4 Кокцидий ооцистасына қандай ұқсас объектілерді білесіз?
5 Трихомона мен трипаносомалардың морфологиялық ерекшеліктері неде және оларды қалай айырады?
6 Эймериозды балау тәсілдерін атаңыз.
7 Жылқы киеңкісі мен ІҚМ трихомонозын қалай анықтайды?
8 Кокцидиоздар мен эймериоздар терминінің айырмашылығы неде?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.72-81.
Тақырып № 14. Пироплазмидоздарды зертханалық жағдайда балау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы - 1 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді пироплазма мен тейлерий қоздырушыларын айыруды үйрету. Пироплазмидоздарды тірі малда анықтау әдістерін меңгерту. Емдеуге, алдын алуға қолданатын препараттармен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
1 Ауру, аурудан күдікті малдан перифериялық қанын алу.
2 Алынған қаннан жұғынды дайындау.
3 Қан жұғындысын дайындау, спиртте бекіту және Романовский әдісімен бояу.
4 Пироплазмидаларды қан жұғындысында зерттеу техникасын қолдана сынамаларда анықтау.
5 ІҚМ пироплазмозын, тейлериозы мен франсайелезін, жылқы нутталлиозының қоздырушыларының морфологиясын зерттеу.
6 Пироплазмидоздарға қарсы қолданылатын химиотерапевтикалық препараттардың түрлері мен қолдану жолдарын игеру.
Тапсырма 1. Пиропламидалардың жалпы морфологиясы:
биотұғырығы - дене пішіні - тұрқы - жайғасуы -
денешіктердің жайғасу бұрышы - эритроциттегі саны -
Тапсырма 2. Пироплазмидоздарды балау әдістерін атаңыз:
Тапсырма 3. Пироплазмидаларды жіктеу кестесі
Ауру түрі
|
Қоздырушының латынша атауы мен сыртқы белгісі
|
Тасымалдай-тын кене туысы
|
Балау мен қоздырушының морфологиясы
|
ІҚМ пироплазмозы
|
|
|
|
Жылқы пироплазмозы
|
|
|
|
Жылқы нутталлиозы
|
|
|
|
ІҚМ бабезиозы
|
|
|
|
ІҚМ тейлериозы
|
|
|
|
ІҚМ франсайеллезі
|
|
|
|
Тапсырма 4. Пироплазмидоздарға қарсы қолданылатын препараттарды атаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1 Неліктен пироплазмидоздарды балау үшін жұғындысына перифериялық қанын алады?
2 Пироплазмидалардың пішіндері қандай болады?
3 Қан жұғындысын зерттегенде қандай қан түйіршіктеріне назар аударылады және неге?
4 Пираплазмидоздардың қайсысында беткейлік лимфатүйіндері ісінеді, гемаглобинурия байқалмайды, ал қоздырушысы алмұрттәрізді денешіктері эритроцит ішінде шашырап жатады?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.64-70.
Достарыңызбен бөлісу: |