Қазіргі таңда, преэклампсия патогенезінде иммундық бұзылыстардың ролі туралы берілген материалдар саны көп жинақталған, бұл преэклампсияның дамуы туралы көзқарасты иммундық бейімделудің бұзылуы ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Бірқатар авторлар преэклампсияның иммунологиялық даму механизмін негізгі деп санайды. - Қазіргі таңда, преэклампсия патогенезінде иммундық бұзылыстардың ролі туралы берілген материалдар саны көп жинақталған, бұл преэклампсияның дамуы туралы көзқарасты иммундық бейімделудің бұзылуы ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Бірқатар авторлар преэклампсияның иммунологиялық даму механизмін негізгі деп санайды.
- Преэклампсияның патогенезін келесі көріністе көруге болады.
- Өсу факторы синтезінің бұзылуы
- Трофобласт инвазиясының бұзылуы, спиралді артерия жаңаруының бұзылуы
- Плаценталық ишемия
- Шашыраңқы ангиоспазм, артериалды қысымның жоғарылауы, протеинурия
- Босрадикалды тотығудың күшеюі, оттегінің белсенді құрамының жоғарылауы
- Жатырдың спиралді артериясының эндотелиінің жарақаты
- Шашыраңқы эндотелиоз. Эндотелин құрамының жоғарылауы, азот оксиді синтезінің төмендеуі
Преэкламсия бұл - артериальді гипертензия, протеинурия және ісінумен көрінетін көп жүйелі синдром. - Преэкламсия бұл - артериальді гипертензия, протеинурия және ісінумен көрінетін көп жүйелі синдром.
- Протеинурия - тәулігіне екі рет зәр анализінде ақуыз 0.3 г\л немесе арасына төрт сағат салып анықтағанда 0.3 г\ л болатын сипмтом.
- Ісік - қалыпты жүктіліктің 50-80% кездеседі. Ісінусіз өткен преэкламсия ісінумен өткен преэкламсияға қарағанда ана мен ұрыққа өте қауіпті. Тез дамыған ісінулер (3-5 күнде дамыған ) немес жайылмалы ісінулер преэкламсия диагностикасында маңызы бар.
- Дәрежесіне байланысты 2 ге бөлінеді.
- І.Жеңіл дәрежелі преэкламсия: жеңіл дәрежелі артериалдық гипертензия + протеинурия (˃0,3 г/л) ± ісуінулер.
- ІІ.Ауыр дәрежелі преэклампсия: 1. Ауыр дәрежелі артериалдық гипертензия + протеинурия 2. Гипертензияның әртүрлі дәрежесі + протеинурия + төмендегі көрсетілген симптомдардың қосылуымен: бастың қатты ауыруы, көру бұзылысы, эпигастрий аймығында ауырсыну немесе жүрек айну мен құсу- жайылған ісік, олигоурия (30мл /сағ. аз), пальпацияда бауырдың ауырсынуы, тромбоциттің 100× 10⁶ төмендеуі, бауыр ферменттерінің жоғарлауы, HELLP синдромы, ұрықтың құрсақ ішілік дамуының кідіруі.
Достарыңызбен бөлісу: |