Шымкент кампусы «Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру» факультеті



бет7/10
Дата08.12.2022
өлшемі2.99 Mb.
#466864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
СРС 12

2 Стационар деңгейі

  • 2 Стационар деңгейі
  • Преэклампсияның ауыр белгілері бар жүкті әйелді қабылдау бөлімінде қарауды дәрігер жүргізеді. Егер жүкті әйел босану қызметімен немесе ұрық маңы суының босануға дейінгі төгілуімен түссе, онда бірден босану блогына жатқызылады. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер акушер-гинеколог пен анестезиолог-реаниматолог бірлесе отырып, көпсалалы бөлімге жатқызу туралы сұрақты шешеді (ЖПБ, ҚТП). Науқасты бөлімнен бөлімге тасымалдау түрі тек каталкада жүзеге асырылады.
  • Жүктіліктің 34 аптасына дейінгі мерзімде преэклампсияның ауыр белгілерімен, босану қызметінсіз жүкті әйелді магнезиалді және гипотензивті емді бастағаннан кейін III деңгейдегі стационарға ауыстырады.

Магнезиалды терапия:

  • Жүктеме доза: 5г құрғақ магний сулфаты (20мл 25% ерітінді) 5-10 мин ішінде көктамырға тамшылатып.
  • Сүемелдеуші доза: 320 мл физ.ерітіндіге 80 мл 25% магний сульфатын қосып көктамырға
  • -11 тамшы/минутына – 1гр құрғақ зат/сағатына
  • - 22 тамшы/минутына -2гр құрғақ зат/сағатына
  • Симптоматикалық емі
  •  
  • Қазіргі кезде симптоматикалық емнің тек екі түрін ұсынуға негіз бар: тырысуға қарсы және гипотензивті терапия.
  • Тырысулардың алдын алу
  • Магнезиалді терапия тырысу ұстамасын алдын алу үшін таңдалатын ең танымал, эффективті және қауіпсіз әдіс болып табылады. Магний сульфаты седативті, спазмолитикалық, тырысуға қарсы, басішілік қысымды төмендететін және диуретикалық қасиеттерге ие. Преэклампсияны емдеуде ұсынылатын мөлшері токолитикалық әсер көрсетпейді, сондықтан атониялық жатырлық қан кен кету қаупі жоғарыламайды.

Магний сульфаты дозасының шамадан асқан белгілері болып табылады:

  • Магний сульфаты дозасының шамадан асқан белгілері болып табылады:
  • ТАЖ минутына 16-дан аз
  • Сіңір рефлексінің болмауы немесе төмендеуі.
  • Олигоурия (сағатына 30 мл аз) магний сульфаты дозасының шамадан асуының пайда болу қаупін жоғарылатады. Олигоурия болған жағдайда тиянақты түрде бақылау қажет етіледі.
  • Магний сульфаты дозасының шамадан асуы кезінде дәріні енгізуді тоқтату және 10 мл. 10% Са глюконат сұйығын 10 минут ішінде енгізу керек. Магний сульфаты плаценталық мембрана арқылы енеді және оның үлкен дозасы жаңатуған нәрестеде бұлшықет гипотониясы мен тынысының қысылуының себебі болуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет