Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды



бет11/24
Дата14.03.2024
өлшемі125.26 Kb.
#495474
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
патфиз есептер отв

Есеп № 37.
Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды.

  1. Тромбоз дегеніміз не?

Тромбоз – тіршілік кезінде тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпарлардың пайда болуы.

  1. Науқаста тромбоз дамуына әкелетін жайттарды атаңыз.

Тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы, тромбоциттердің адгезия-агрегациялық белсенділігінің артуы, ұюға қарсы жүйенің инактивациясы, қан ұю факторларының әсерленуі, фибринолиздің тежелуі, қан ағымының баяулауы.

  1. Бұғанасты венасының тромбозын сипаттайтын симптомдарды көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Қолда веналық гиперемия бай-ды, ісіну, жергілікті Т-ң түсуі болады. Жүректің қан лақтырымы азайып ишемияға алып келеді. Өлімге алып келетін жайт – тромбтың венадан үзіліп кіші қ.а.ж.-не түсіп, өкпе капиллярларында тұрып қалуы, өкпе капиллярларының спазмы, рефлексті түрде жүректің коронарлы қ.т. спазмы – пульмокоронарлы рефлекс, ол өлімге алып келеді.

  1. Вена тромбозының салдарын көрсетіңіз.

Вена тромбозының салдары – веналық гиперемия, өкпе капиллярларының тромбозы, тромбтың тек ү.қ.а.ж.-де айналып жүруі, осы жерде капиллярда тұрып қалуынан ағзаның инфаркты.


Есеп № 38.
Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

Вена тромбозы.

  1. Вена тромбозының патогенезін түсіндіріңіз.

Жүрек қызметінің бұзылысы, веналық гиперемия, жергілікті жылдамдықтың төмендеуі, вена тромбозы.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Ауыру сезімі, цианоз, ісіну, суық Т-ң патогенезі 34, 35-есепте.

  1. Науқастағы қанайналымының өздігінен қалпына келуінің тетіктері қандай?

  • Тромбтың канализациялануы

  • Фибринолиздік ж/е т.б. гидролиздік ферм-ң әсерінен тромбтың асептикалық ыдырауы

  • Кальций тұзы шөгіп кальцификациялануы

  • Дәнекер тін өсіп склероздануы

  • Тромбтың үзілуі, тромбоэмбол

  • Сепсистік ыдырауы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет