Топ 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша төменде көрсетілгендей жалпы пайдаланылмаған сомасы 63,781,378 мың теңгені құраған қаржы қаражатына қол жеткізе алады (2008 жылғы 31 желтоқсан мен 1 қаңтар: 53,793,107 мың теңге және тиісінше 22,331,825 мың теңге). Топ жабу мерзімі жақындаған барлық басқа міндеттемелерді операциялық қызметтен түскен ақша ағыны мен қаржы активтерінен түскен түсімдер есебінен жабуды жорамалдайды. Топ қарыздың капиталға ара қатынасы 40-50% деңгейінде сақталады деп күтеді.
-
|
31 желтоқсан
2009 ж.
|
|
31 желтоқсан 2008 ж.
|
|
1 қаңтар
2008 ж.
|
2034 ж. дейінгі әр түрлі жабу мерзімі бар қамтамасыз етілген займдар
|
|
|
|
|
|
Пайдаланылған сома
|
70,773,534
|
|
50,714,142
|
|
38,388,477
|
Игерілмеген сома
|
9,605,287
|
|
10,216,157
|
|
22,331,825
|
|
80,378,821
|
|
60,930,299
|
|
60,720,302
|
-
|
31 желтоқсан
2009 ж.
|
|
31 желтоқсан 2008 ж.
|
|
1 қаңтар
2008 ж.
|
2023 ж. дейінгі жабу мерзімі бар қамтамасыз етілмеген заем
|
|
|
|
|
|
Пайдаланылған сома
|
98,109
|
|
-
|
|
-
|
Игерілмеген сома
|
54,176,091
|
|
43,576,950
|
|
-
|
|
54,274,200
|
|
43,576,950
|
|
-
|
Амортизацияланған құны бойынша есептелген қаржы құралдарының әділ құны
Басшылық қаржылық есептемедегі амортизацияланған құны бойынша есептелген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің теңгерімдік құнын шамамен алғанда олардың әділ құнына тең деп есептейді:
|
31 желтоқсан 2009 ж.
|
|
31 желтоқсан 2008 ж.
|
|
1 қаңтар 2008 ж.
|
|
Теңгерімдік құны
|
|
Әділ құны
|
|
Теңгерімдік құны
|
|
Әділ құны
|
|
Теңгерімдік құны
|
|
Әділ құны
|
Қаржы активтері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа да ұзақ мерзімді активтер
(9 ескертуді қар.)
|
138,856
|
|
138,856
|
|
88,046
|
|
88,046
|
|
17,512
|
|
17,512
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қаржы міндеттемелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Займдар
(18 ескертуді қар.)
|
57,171,300
|
|
57,171,300
|
|
43,471,513
|
|
43,471,513
|
|
34,136,676
|
|
34,136,676
|
2009, 2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша барлық басқа қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің теңгерімдік құны шамамен алғанда олардың әділ құнына тең болады.
Сатуға арналған қолда бар инвестицияларды бағалау
Сатуға арналған қолда бар инвестициялар әділ құны бойынша есепке алынады. Осындай қаржы құралдарының әділ құнын бағалау үшін негіз болып есептік баға саналады, ол мәжбүрлі сату мен таратылу кезіндегі сатуды қоспағанда, жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін тараптар арасындағы мәміледе осы құралдың айырбасталуы мүмкін бағасы. Егер актив активтің нарығында сатылатын болса, нарықтық бағасы құралдың әділ құнын бағалау үшін қолданылады. Ондай жағдайда бағаны анықтау үшін қолданылатын нарықтық өзгермелі қол жетімсіз болса немесе қол жетімді нарықтық баға кесу негізінде анықталмайтын болса, онда әділ құны басқа да қол жетімді нарықтық деректер негізінде және жалпыға бірдей қаржы теориясының негізіндегі математикалық тәсілдерді қолданатын бағаны анықтау моделінің негізінде анықталады. Баға белгілеу моделін құралдардың өз өлшемдері ретінде де, пайыздық мөлшерлемелер, құбылмалылық, контрагенттің айырбас бағамдары мен кредиттік рейтингі сияқты нарықтық өзгермеліге негізделген бағалау өлшемдері ретінде де есепке алады. Бағаны белгілеу үшін қолданылатын нарықтық өзгермелілерге қол жеткізе алмайтын жағдайда, нарықта анықталатын, негізделіп болжанған бағаны белгілеу үшін өзгермеліні дұрыс бағалау туралы басшылық пікір құрайды. Басшылық бұл пікірдің қолданылуы үшін салыстырмалы қол жетімді деректер, тарихи деректер және сыртқа тарату сияқты әр түрлі құралдарды қолданады. Алғашқы танылу кезінде қаржы құралының әділ құнының үздік негізі болып табылатын салыстырмалы қол жетімді нарықтық деректермен расталған мәміле бағасы. Мұндай бағалауды қолданумен белгіленген құны бар мәміле бағасы арасындағы айырмашылық алғашқы танылу кезіндегі тұтас пайда туралы шоғырландырылған есепте танылмайды. Одан кейінгі пайда немесе шығын нарық қатысушылары баға белгілеуде негізделген деп есептейтін фактордың шегінде танылады.
Сатуға арналған қолда бар инвестициялардың әділ құнын белгілеу үшін Топ бұл инвестициялар актив нарығында сатылатындықтан нарықтық бағаны қолданды және тұтас шығын ішінде сомасы 54,539 мың теңгенің шығынын таныды.
-
ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Операциялық орта
Операциялық орта – Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы экономикалық жағдайдың жалпы жақсаруына қарамастан, Қазақстан Республикасы өтпелі экономиканың белгілі бір сипаттамасын көрсетуді жалғастыруда, оған валюталық бақылау, валютаның еркін айырбасталуын шектеу, инфляцияның жоғары деңгейі және мемлекет тарапынан болған үздіксіз құрылымдық реформалар кіреді.
Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы бизнеске әсер етуші заңдар мен ережелер тез өзгеруін жалғастыруда. Қазақстан Республикасының салықтық, валюталық және кедендік заңнамасы әр түрлі түсінік береді. Одан басқа, өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырушы кәсіпорындар үнемі әр түрлі заңды және қаржы қиындықтарымен қақтығысып тұрады. Қазақстан Республикасының болашақтағы экономикалық дамуы айтарлықтай деңгейде үкіметтің жүргізетін экономикалық, салықтық-бюджеттік және валюталық реформаларының тиімділігіне, сондай-ақ заңдық, нормативтік-құқықтық және саяси саладағы өзгерістерге байланысты.
Топтың негізгі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында экономикалық жағдайға әсер ететін заңнама мен нормативтік құжаттар жиі өзгеруге бейім, соған байланысты Топтың активтері мен операциялары саяси және экономикалық жағдай төмендейтін болса тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Топтың қызметін «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы реттейді, өйткені ол электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлеу мен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңестіруді ұйымдастыру саласында монополист болып табылады. Заңға сәйкес электр энергиясын жеткізу мен техникалық диспетчерлеу бойынша қызметке Топтың қойған тарифін Агенттік келісуі және бекітуі тиіс. Топ өзі Агенттіктің барлық талаптарын сақтаймын деп есептейді.
Салық салу
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарықтық экономикаға көшу процесінде іскери және коммерциялық инфрақұрылым реформасын жалғастыруда. Соның нәтижесінде компаниялардың қызметін реттейтін заңдар мен ережелер тез өзгеруін жалғастыруда. Бұл өзгерістер қанағаттандырарлықтай жазылмауымен, дәйектемелердің әр түрлі болуымен және билік органдарының ерікті түрде қолдануымен сипатталады.
Көбінесе, салықты заң бойынша айыппұлдар мен өсімдер салуға құқығы бар бірнеше органдар тексереді. Топ өзінің салық заңнамасын түсінгеніне қарай барлық салық міндеттемелерін орынды түрде есепке алғанын айтқанымен, жоғарыда көрсетілген фактілер Топ үшін салық тәуекелімен жанасуы мүмкін.
Кредиттік келісімдердің шарттары
Топ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен («ЕҚДБ»), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен («ХҚДБ») және Қазақстанның Даму Банкімен («ҚДБ») жасалған кредиттік келісімдердің барлық шарттарын сақтауға міндетті. Топ басшылығы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ЕҚДБ, ХҚДБ және ҚДБ жасалған кредиттік келісімдердің барлық шарттарын сақтадым деп есептейді.
Әлемдік және қазақстандық қаржы нарығының құбылмалылығы
Жалғасушы ғаламдық өтімділік дағдарысы - Әлемдік және қазақстандық қаржы нарықтары 2007 жылы күзде әлемдік қаржы дағдарысы пайда болған сәттен бастап айтарлықтай құбылмалылығымен және шектелген өтімділігімен сипатталады. 2008 жылғы тамыз айында жағдай ушыға түсті. Қаржы нарығының тұрақтылығы және контрагенттердің іс-әрекетке қабілеттілігі жөніндегі жалпы алаңдаушылықтар осы жағдайлардың жанама әсері болып табылды. Көптеген несиегерлер мен институтционалдық инвесторлар қаржыландыру көлемін қысқартты, сонымен қатар әлемдік қаржы жүйесінің өтімділігі едәуір төмендеп қалды.
Әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздік Қазақстанның экономикасына айтарлықтай әсер етті, де борыштық және үлестік қаржы құралдарына оның ЖІӨ мен баға деңгейін төмендетті, сондай-ақ капиталдың едәуір жылыстауын шақырды. Қазақстан Республикасында сондай-ақ инфляция деңгейінің жоғарылығы байқалады (үкіметтің статистикалық деректеріне сәйкес 2009 бен 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталып жатқан жылдарда тұтынушылар бағасының инфляциясы 6.2% бен 9.5% құрады). Қазақстан мұнай мен газ шығарады және оның үлкен көлемдерін экспорттайды, соған байланысты 2009 бен 2008 жылдары едәуір болған мұнай мен газға әлемдік бағаның құбылуына оның экономикасы әсіресе сезімтал болып келеді. Қазақстан Үкіметі инвесторлардың сенімін қайтаруға, өтімділікті жақсарту мен орта мерзімді перспективада экономикалық өсуді қолдауға бағытталған бірқатар заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылдады.
Қазақстанды қоса алғанда барлық елдердің соңғы уақыттағы қаржы нарықтарындағы жағдайдың жақсаруын көрсетуіне қарамастан, үкіметтен қосымша дағдарысқа қарсы шаралар талап ететін экономикалық құлдыру болуы мүмкін. Кредиттік шарттардың нашарлауын қоса алғандағы әлемдік қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелімен немесе мұнай мен газ бағасының төмендеуімен шақырылған келеңсіз өзгерістер Қазақстанның экономикалық дамуын бәсеңдетеді немесе тоқтатады, сонысымен Топтың капиталға қол жеткізуінен айырады және Топ үшін капитал құнына, сондай-ақ оның қызметінің нәтижелеріне, қаржы жағдайына және бұдан әрі дамуына теріс әсерін тигізеді.
Үкіметтің банктар мен компаниялардың өтімділігінің жақсаруына бағытталған тұрақтандырғыш шаралар қабылдағанына қарамастан, Қазақстанда Топ пен оның контрагенттері үшін капиталдың қол жетімділігі мен құнына қатысты бұрынғыша белгісіздік сақталуда, ол Топтың қаржы жағдайына, қызметінің нәтижелеріне және экономикалық перспективасына әсер етеді.
Топтың дебиторларына төмен өтімділіктің әсер етуі мүмкін, ол олардың борыштарын өтеу қабілетіне де ықпалын тигізері анық. Дебиторлар үшін жұмыс жағдайының нашарлауы да басшылықтың ақша ағынын болжауға және қаржылық пен қаржылық емес активтерінің құнсыздануын бағалауға әсер етуі мүмкін.
Басшылық Топтың қаржы жағдайына валюталық және қор нарығындағы қаржы нарығының өтімділігі мен құбылмалылықтың өсуінің бұдан әрі кез келген төмендеуінің әсер етуін дұрыс бағалай алмайды. Топ басшылығы өзін қазіргі жағдайда бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдадым деп есептейді.
Негізгі құралдар
1992 жылғы 9 қазанда қол жеткізген келісім бойынша ТМД елдері басқа мемлекеттерде орналасқан мүлікке меншіктік құқын тиісті елдердің кәсіпорындарына беру бойынша өз міндеттерін мойындады. KEGOC өзінің негізгі құралдарына басқа елдерде, соның ішінде Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасында орналасқан электр жеткізу желілерін кіргізді. 2005 жылғы 26 қаңтардағы Топ пен Ресей Федерациясының «БЭЖ ФСК» ААҚ арасындағы келісімге сәйкес Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша мемлекет аралық электр жеткізу желісін шектеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Сондай-ақ 2008 жылғы 10 сәуірдегі Топ пен Қырғыз Республикасының «Қырғызстан ҰЭТ-ы» ААҚ арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша мемлекет аралық электр жеткізу желісін шектеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы шоғырландырылған қаржылық есептеменің датасына Қазақстан Республикасының Үкіметі Топтың теңгерімінде тұрған активтерді Өзбекстан Республикасына беру бойынша соңғы шешімді қабылдаған жоқ. Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемеде осы активтердің берілу мүмкіндігіне байланысты қандай да бір шығыстарды жабу үшін резерв құрылған емес, өйткені Топ басшылығы бұл мәселе Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізбейді деп есептейді.
Беріліс жабдықтары объектілерінің сақталушылығы
Топ үнемі энергетикалық жабдықтарды ұрлау мен зиян келтіру фактілерімен қақтығысып тұрады. Ұрлықпен күресу жөніндегі әзірленген бағдарламаларға қарамастан, Топ бұл объектілердің толық сақталушылығына электр желілерінің осалдығына байланысты кепілдік бере алмайды. Нәтижесінде Топ электр жеткізу желілерінің жекелеген телімдерін жөндеу мен ауыстыру бойынша жыл сайын шығынға ұшырайды. Топ шығынды толық түрде бағалаған емес, яғни, шоғырландырылған қаржылық есептемеде тиісті резерв құрмаған, өйткені ол бұл мәселе Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсерін тигізбейді деп есептейді.
Сақтандыру
2009, 2008 жылғы 31 желтоқсан мен 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Топ теңгерімдік құнының сомасы 21,755,954 мың теңге, 18,144,406 мың теңге және тиісінше 14,333,385 мың теңгенің өндірістік активтерін сақтандырды. Қалған өндірістік активтерді Топ сақтандырған жоқ. Сақтандырудың болмауы активтер құнының төмендеуі мен міндеттемелердің туындауын білдірмейтіндіктен бұл шоғырландырылған қаржылық есептемеде осындай активтердің жарамсыз болуы мен жоғалуына байланысты күтпеген шығындарға ешқандай резерв құрылған емес.
Апаттық қор
Магистральді электр жеткізу желісі бойынша электр энергиясын үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Топ апаттық қордың қажетті деңгейін ұстап тұруға міндетті. Апаттық қорға апаттық жағдай туындаған кезде кідірмей қолданылуы мүмкін қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен материалдар кіреді. Апаттық қордың мөлшері өндірістік-техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді (6 мен 10 ескертуді қараңыз). Топ басшылығы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша апаттық қор жеткілікті көлемде құрылды деп есептейді.
Келісім-шарттық міндеттемелер
Ұлттық электр желісі жабдықтарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Топ күрделі инвестициялар жоспарын әзірледі. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша осы жоспар аясында Топпен жасалған ашық келісім-шарттар бойынша міндеттемелер сомасы 3,111,911 мың теңгені құрады (2008 жылғы 31 желтоқсан мен 1 қаңтар: 21,721,202 мың теңге және тиісінше 35,996,498 мың теңге).
Біріккен қаржыландыру
«Ұлттық электр желісін жаңғырту» жобасы бойынша ХҚДБ және ЕҚДБ-мен жасалған кредиттік келісім-шартқа сәйкес біріккен қаржыландыру бойынша Топтың міндеттемелері 225,531,397 АҚШ долларын құрайды. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ осы жобаны сомасы 220,639,171 АҚШ долларына қаржыландырды (2008 бен 2007 жылғы 31 желтоқсан: 177,327,397 АҚШ доллары және тиісінше 157,651,886 АҚШ доллары). Топтың нақты қаржыландыруы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша оның жоспарлаған міндеттемелерінен аз болғанына қарамастан, Топ кредиттік келісім бойынша міндеттемелерін бұзған емес және ХҚДБ мен ЕҚДБ тарапынан қарсылықтар жоқ. Соған сәйкес Топ басшылығы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша жоспарланған деңгейден төмен біріккен қаржыландыру Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемеге айтарлықтай әсерін тигізбейді деп есептейді.
«Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі транзитінің 500кВ екінші электр жеткізі желісін салу» жобасы бойынша ХҚДБ, ЕҚДБ және ҚДБ-мен жасалған кредиттік келісім-шартқа сәйкес біріккен қаржыландыру бойынша Топтың міндеттемелері 110,093,689 АҚШ долларын құрайды. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ осы жобаны сомасы 124,830,128 АҚШ долларына қаржыландырды (2008 бен 2007 жылғы 31 желтоқсан: 82,301,289 АҚШ доллары және тиісінше 53,661,139 АҚШ доллары).
-
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІ БЕКІТУ
Осы шоғырландырылған қаржылық есептемені Топ басшылығы мақұлдады және 2010 жылғы 25 наурызда шығарылуы үшін бекітті.
Достарыңызбен бөлісу: |