29 Бөлiмше. Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ететiн
мамандардың кәсiби деңгейiн дайындау және қалпында сақтаудың
типтiк бағдарламасы (маман, аэронавигациялық ақпараты бойынша
маман, аэронавигациялық рәсiмдер дизайнерi, қызметкер)
475. Бұл типтiк бағдарлама, аэронавигациялық ақпараты қамтамасыз ететiн мамандарды кәсiби даярлау (әрi қарай – АНИ бойынша маман) кәсiби дайындықтың ұстанымдарын анықтайды, аталмыш мамандарды өздiк жұмысына жiберудiң негiзгi функциялары мен тәртiбiн анықтайды.
476. Типтiк бағдарламаға сәйкес iске асырылған кәсiби дайындық, АНИ бойынша мамандардың кәсiби iс әрекеттерiнде пайдаланатын мамандандырылған бiлiмдерiн меңгеру мен қоса тереңдетедi.
477. АНИ бойынша мамандарды кәсiби даярлау алғашқы, қатадан дайындау, кәсiби деңгейдi қалыпында ұстау және арнайы дайындықты есепке алады.
1 Параграф. Аэронавигациялық ақпараты қамтамасыз ететiн
мамандарды алғашқы дайындық пен өздiк жұмысына жiберу
478. Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ететiн мамандарды АНИ бойынша алғашқы дайындық пен өздiк жұмысына жiберу осы Үлгiлiк бағдарламаның 37-қосымшасында берiлген.
479. АНИ мамандығы бойынша жұмысқа қайта қабылданған үмiткерлер өздiк жұмысқа кiрiспес бұрын алғашқы теориялық дайындық пен сынаудан жұмыс орынында өтедi.
480. АНИ жұмысы бойынша мамандардың теориялық дайындығы арнайы бекiтiлген бағдарлама бойынша пайдаланыстағы автоматизацияланған жүйелердi оқытуға ерекше көңiл бөлумен жүзеге асады.
481. АНИ бойынша мамандар мен өкiлдер сыны АНИ жұмыс орынындағы жетекшiлермен өткiзiлiп,өздiк жұмысқа жiберудi жоспарлайды.
482. АНИ бойынша маман ретiнде дайындаудың өкiлдiгiнiң сапасы мен толық дайындығына, АНИ бойынша маман ретiнде дайынданушылармен өкiлдерiнiң өздiк жұмысқа жiберiлуi, аэронавигациялық ақпарат тарату жауапкершiлiгi ұйымның жетекшiсiне жүктеледi.
483. ИКАО 7192 (оқуға жетекшiлiк) Е-3 бөлiмi «САИ жұмыскерлерiнiң техникалық дайындалу бағдарламасы» АНИ бойынша маман ретiнде дайынданушылар бағдарламасы ИКАО тәжiрибеде нұсқалған стандарттарға сай болуы керек.
484. АНИ бойынша мамандардың техникалық оқуы авиациялдық ұйымдар анықтайтын нормативтi құжаттарға сай өткiзiледi.
485. АНИ ұшуларын жақсартумен қатысушылардың тәжiрибе алмасуы үшiн, АНИ бойынша мамандықтарына ИКАО, МАК, Евробақылау және басқада халықаралық ұйымдар өткiзетiн семинарларда жетекшi құрылымның қатысуын нұсқайды.
486. АНИ басқару ұйымдарының сапасын қамтамасыз ететiн талаптарға сай, АНИ мамандары бойынша бiлiктiлiктi растайтын, бiлiктiлiк туралы сәйкес келетiн мәлiметтердi жинау мен сақтауды дәл функцияларды орындау үшiн тағайындалуы бойынша iске асырылады. АНИ мамандарының бiлiмi, қабiлетi немесе құзыреттiлiгi туралы келеңсiздiктердi байқаған кездерде кемшiлiктердi жою iс шаралары қолданылады.
2 Параграф. Аэронавигациялық ақпараты қамтамасыз ететiн
мамандардың кәсiби деңгейiн дайындау және қалпында сақтау
487. Бекiлген аймақта кәсiби қызметтiң жаңа түрiн орындау үшiн, орта немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды кәсiби қайта даярлау үшiн, орта және жоғарғы кәсiби бiлiм беру азаматтық авиацияларда қосымша кәсiби бiлiм беру жүзеге асады.
488. АНИ бойынша мамандарды қайта дайындау бойынша теориялық дайындық, алғашқы теориялық дайындыққа сүйенiп өтедi.
489. Сертификацияланған азаматтық авиация оқу орындары мен Халықаралық оқу орталықтарында бағдарлама бойынша мамандандырылып, үш жылда бiр рет АНИ бойынша кәсiби деңгейiн қалпында ұстау өткiзiледi.
490. Авиациялық орта және жоғары бiлiмi бар сондай ақ авиациялық мамандар кәсiби қайта дайындыққа орта және жоғары кәсiби авиациялық бiлiм орталықтарына жiберiледi.
491. АНИ бойынша мамандарды қайта дайындау ретiнде келесi жағдайларда iске асады:
1) жаңа автоматтандырылған эронавигациялық ақпаратты жөндеу жүйесiн пайдалануға енгiзу(бағдарламамен қамтамасыз ету, картография жүйесi және аэродромдық рәсiмдер дизайны);
2) аэронавигациялық ақпарат уақыт өлшемiн бақылайтын ұлттық нормативтi құқықтық құжаттарды талап етудегi елеулi өзгерiстерде (бағдарламамен қамтамасыз ету, картография жүйесi және аэродромдық рәсiмдер дизайны);
3) ИКАО және басқа ұйымдардың нұсқау тәжiрибесiмен стандарт талаптары елеулi өзгерiстер авианавигация қызметiнiң уақытымен өлшенедi;
4) басқа жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған.
492. АНИ мамандарының арнайы дайындықтары азаматтық авиацияның мамандандырылған оқу орындарында, оқу орталықтарында автоматизацияланған жүйеге негiзделiп өткiзiледi. (бағдарламамен қамтамасыз ету, картография жүйесi және аэродромдық рәсiмдер дизайны).
493. АНИ мамандарының арнайы дайындықтары азаматтық авиацияның мамандандырылған оқу орындарында, оқу орталықтарында автоматизацияланған жүйеге негiзделiп өткiзiледi. (бағдарламамен қамтамасыз ету, картография жүйесi және аэродромдық рәсiмдер дизайны).
494. Авианавигациялық рәсiм дизайнерлерi болып авиациялық оқу орталықтарында ИКАО құжаттары талаптарына сәйкес аэронавигациялық рәсiмдi құрастыру бойынша даярлықтан өткен, осы даярлықтан өткендi растайтын сертификаты бар пилот, штурман немесе ауа қозғалысының қызмет көрсетуi диспечерi мамандықтары бойынша авиациялық мамандар аэронавигациялық рәсiм дизайнерлерi болып табылады. «ВС ұшу өндiрiсi» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) том II «Приборлар бойынша ұшулармен ұшудың визуалды сызбасын құру»).
495. Аэронавигациялық рәсiм дизайнерiн даярлау бағдарламасы «Ұшу сызбасын құрастыру барысында сапаны қамтамасыз ету ИКАО құжаттар талаптарына 2 Том «Ұшу сызбасын жобалауы мен дайындауды» қамтиды:
1) «ВС ұшу өндiрiсi» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Приборлар бойынша және визуалды ұшудың сызбаларын құрастыру»),ИАКО құжатының мазмұнын бiлу және аэродромды сызбаларды құрастыру бөлiмiнде ИКАО қосымша құжаттарын бiлу;
2) тәжiрбиелiк дағды мен сектордың минималды абсолюттi биiктiгiнiң болуы (ағылшын тiлiндегi аббревиатура – MSA), абсолюттi/ қатысты ұшу биiктiгiндегi кедергiлер (ағылшын тiлiндегi аббревиатура – OCH/OCA), ұшудың стандартты маршрутты (SID) және келудiң немесе қонудың (STAR) приборлар бойынша, приборлар бойынша қонуға енудiң инструменталды сызбалары (NDB, VOR, VOR/DME, ILS, ILS/DME, 2NDB), зоналар (схемалар) маневрлық (шытырмандық) және визуалдық қонуға енуi (CIRCLE TO LAND) аэродрома аумағында, RNAV0 қолдану сызбасы (зоналық навигация) және серiктес жүйеге негiзделген сызбалар.
496. Аэронавигациялық рәсiмдер дизайнерiнiң қайта дайындау бағдарламасына мыналар жатады:
1) ИКАО құжаттарындағы өзгерiстер мен соңғы дәйектердi бiлу, приборлар бойынша ұшу мен аэродромдық сызбаларды рәсiмдеу, құрастыруға байланысты;
2) приборлар бойынша ұшу мен аэродромдық сызбаларды рәсiмдеу, құрастырудағы бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдету және өз қалпында ұстау.
497. Аэронавигациялық дизайнерлердiң кәсiби деңгейiн өз қалпында ұстау рәсiмдерi үш жылда бiр рет өткiзiледi.
Қауiпсiз ұшуды қамтамасыз етуде қатысатын
авиациялық қызметкерлердi кәсiби даярлаудың
үлгiлiк бағдарламасына
1-қосымша
РТОП – ұшудың радиотехникалық қамтамасыз етуi;
ATSEP –CNS/АТМ және РТОП жүйесiне байланысты орналастыру мен пайдалану айналасының мамандардан ауадағы қозғалысты қауiпсiз қамтамасыз ету үшiн электронды қаржы бойынша қызметкерлер құрамы;
CBT (computer based training) – кәсiби даярлық элементi, орталықтанған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында есептеушi техника мүмкiндiгiн қолдануына негiзделген;
CNS/ATM – байланыс, навигация және бақылау ауадағы қозғалыс мекемелерiнiң ықыласында;
NOTECHS – техникалық емес мiнездемелердiң бағасы (тәртiбi, қарым қатынасы т.б. );
SARP – ұсынылатын ИКАО тәжiрибесi және стандарттар;
SOP – Standard Operation Procedures (Стандарттың жұмыс әдiсi).
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналының кәсiптiк даярлығының
үлгiлiк бағдарламасына
2-қосымша
№
|
Пәндер атауы
|
Оқу пәндерiнiң қысқаша мазмұны
|
1
|
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердiң әуе құқықтары мен нормативтiк құқықтық актiлерi
|
ИКАО конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжiрибелiктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңiл авиация ұшқықтың куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi.
|
2
|
Авиациядағы адам факторы
|
Авиациялық көлiк және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде адам рөлiнiң әсерiн зерттеу. Қауiптер мен қателiктердi басқару. Экипаждың ресурстары.
|
3
|
Ұшу қауiпсiздiгiнiң негiздерi
|
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету негiздерiн зерттеу. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласын реттейтiн нормативтiк база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептерi. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтiк актiлерiне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.
|
4
|
Аэродинамика негiздерi және иiлгiш қанаттың тәжiрибелiк аэродинамикасы
|
Теориялық аэродинамика негiздерiн және иiлгiш қанаттың тәжiрибелiк аэродинамикасын, ұшу аппараттарының ұшқанда ауамен ара-қатынасы кезiнде, көлденең ұшу кезiнде, маневрларды жасағанда, төмендегендегi, қонғандағы процестерiн зерттеу.
|
5
|
Әуе навигациясы
|
Әуе навигациясы теориясының негiзгi ережелерiн, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi зерттеу.
|
6
|
Авиациялық метеорология
|
Ұшуға негiзгi метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктiк процестердiң, метеорологиялық элементтердiң әсерiн зерттеу. Әдiстеменi оқыту: авиация үшiн қауiптi ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және бiлiмдерiн ұшу мүддесi үшiн және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдалану.
|
7
|
Конструкция және мотодельтапланды ұшуға пайдалану
|
Мотоарбаның, агрегаттардың конструкциялары мен иiлгiш қанаттардың бекiту түйiнiн және ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.
|
8
|
Конструкция және қозғалтқышты ұшуға пайдалану
|
Қамтамасыз ету конструкциясы мен жүйесiн, iшкi жану авиациялық пiспектi қозғалтқышын ұшуға пайдалану ережесiн зерттеу.
|
9
|
Электрлi, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану
|
Аспаптық, электрлi техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнiн, жиынтығын және МДП орналасуын, аспаптар мен жүйенiң күштiк қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс iстеу принциптерiн ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.
|
10
|
Ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулық
|
Ұшу кезiнде туындаған айрықша жағдайлар кезiндегi пайдалану ережелерiн, шектеулердi және пилоттың әрекеттерiн зерттеу.
|
11
|
Фразеология және радиотелефон байланысы
|
Терминдердi, белгiлеулердi зерттеу және пилот пен ӘҚО органдары арасындағы радиоалмасу жүргiзу ережелерiн оқу.
|
12
|
Апаттық-құтқару құралдары мен оларды қолдану
|
Әуе кемесiн апаттық-құтқару жабдығы бойынша, ерiктен тыс қондыру бойынша процедурасы даярлау. Жергiлiктi жерлерде өзiнiң тiрi қалуы бойынша жаттығу.
|
13
|
Автожирды және қолданыстағы ЖЖМ (жанар-жағармай) техникалық пайдалану.
|
Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негiзгi түрлерi.
|
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналының кәсiптiк даярлығының
үлгiлiк бағдарламасына
3-қосымша
№
|
Пәндер атауы
|
Оқу пәндерiнiң қысқаша мазмұны
|
1
|
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердiң әуе құқықтары мен нормативтiк құқықтық актiлерi
|
ИКАО конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжiрибелiктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi.
|
2
|
Авиациядағы адам факторы
|
Авиациялық көлiк және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде адам рөлiнiң әсерiн зерттеу. Қауiптер мен қателiктердi басқару. Экипаждың ресурстары.
|
3
|
Ұшу қауiпсiздiгiнiң негiздерi
|
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету негiздерiн зерттеу. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласын реттейтiн нормативтiк база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептерi. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтiк актiлерiне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.
|
4
|
Аэродинамика негiздерi және автожирдың тәжiрибелiк аэродинамикасы
|
Теориялық аэродинамика негiздерiн және иiлгiш қанаттың тәжiрибелiк аэродинамикасын, ұшу аппараттарының ұшқанда ауамен ара-қатынасы кезiнде, көлденең ұшу кезiнде, маневрларды жасағанда, төмендегендегi, қонғандағы процестерiн зерттеу.
|
5
|
Әуе навигациясы
|
Әуе навигациясы теориясының негiзгi ережелерiн, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi зерттеу.
|
6
|
Авиациялық метеорология
|
Ұшуға негiзгi метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктiк процестердiң, метеорологиялық элементтердiң әсерiн зерттеу. Әдiстеменi оқыту: авиация үшiн қауiптi ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және бiлiмдерiн ұшу мүддесi үшiн және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдалану.
|
7
|
Конструкция және автожирды ұшуға пайдалану
|
Конструкцияларды, агрегаттардың конструкцияларды және ротор мен қозғалтқыштың бекiту түйiндерiн, отын және май жүйесiн, ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.
|
8
|
Конструкция және қозғалтқышты ұшуға пайдалану
|
Қамтамасыз ету конструкциясы мен жүйесiн, iшкi жану авиациялық пiспектi қозғалтқышын ұшуға пайдалану ережесiн зерттеу.
|
9
|
Электрлi, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану
|
Аспаптық, электрлi техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнiн, жиынтығын және МДП орналасуын, аспаптар мен жүйенiң күштiк қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс iстеу принциптерiн ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.
|
10
|
Ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулық
|
Ұшу кезiнде туындаған айрықша жағдайлар кезiндегi пайдалану ережелерiн, шектеулердi және пилоттың әрекеттерiн зерттеу.
|
11
|
Фразеология және радиотелефон байланысы
|
Терминдердi, белгiлеулердi зерттеу және пилот пен ӘҚО органдары арасындағы радиоалмасу жүргiзу ережелерiн оқу.
|
12
|
Апаттық-құтқару құралдары мен оларды қолдану
|
Әуе кемесiн апаттық-құтқару жабдығы бойынша, ерiктен тыс қондыру бойынша процедурасын даярлау. Жергiлiктi жерлерде өзiнiң тiрi қалуы бойынша жаттығу.
|
13
|
Автожирды және қолданыстағы ЖЖМ (жанар-жағармай) техникалық пайдалану.
|
Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негiзгi түрлерi.
|
Достарыңызбен бөлісу: |