20 Бөлiмше. Ұшуды қамтамасыз ететiн қызметкердiң/пилот
диспетчерiнiң кәсiби дайындалуының типтiк бағдарламасы
327. Төменде көрсетiлген мамандарға бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) теориялық дайындықтың көлемi 150 сағаттан кем болмайды:
1) коммерциялық тасымалдауға қатысты пилот экипажының мүшелерi;
2) ӘК ұшуын қамтамасыз ететiн метеорологиялар;
3) ӘҚҚК диспетчерлерi.
328. Қалғандарына теориялық дайындық (бастапқы дайындық) көлемi 500 сағаттан кем болмайды.
329. Бастапқы дайындық және қайта даярлау келесi салалардағы бiлiмдi игерiп, көрсетiлiмдi қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 28-қосымшасында берiлген.
330. Құзыреттi бағалау элементтерiн қоса, кәсiби деңгейдi қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 42 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерiлген бiлiм мен дағдыларды растауын қамтамасыз етедi.
331. Кәсiби дәреженi қолдау бес жылда бiр реттен кем емес мерзiмдiлiкте өткiзiледi.
332. Кәсiби дайындыққа Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтi-құқықты актiлерi айқындайтын жаңа немесе қосымша талаптарды енгiзгенде олардың кәсiби дайындық бағдарламасында жүзеге асырылуы мiндеттi түрде болады, ал жалпы сағат көлемi үйлесiмдi түрде өзгерiске ұшырайды.
21 Бөлiмше. Авиациялық станциялар операторларын кәсiптiк
даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары.
333. Осы Авиациялық станциялар операторларын кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары келесiлердi кәсiптiк даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртiбi мен минималды көлемiн, сондай-ақ өз бетiмен жұмысқа қатынауды анықтайды:
1) авиация станциясының операторы;
2) авиация станциясының оператор-нұсқаушысы.
334. Авиациялық станциялар операторларын кәсiптiк даярлау кәсiптi игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтiң саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердiң жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтiк мiндеттерге сәйкес келу үшiн жүргiзiледi.
335. Авиациялық станциялар операторларын кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау келесi кезеңдерден тұрады:
1) теориялық даярлау;
2) тәжiрибелiк даярлау.
336. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетiлген мамандар үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлғалар қатарынан жүргiзiледi және кемiнде 88 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемiмен жүргiзiледi.
337. Кәсiптiк деңгейдi ұстау 12 айда бiр рет мерзiмдiлiкпен және кемiнде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
338. Құзыреттiлiктердi бағалау элементтерiн қоса алғанда, кәсiптiк деңгейдi ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемiнде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезiнде алынған және ендi игерiлген бiлiм мен дағдының расталуын қамтамасыз етедi.
339. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi.
340. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтiк-құқықтық акттермен анықталатын кәсiптiк даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде, оларды кәсiптiк даярлау бағдарламаларында iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгередi.
341. Авиациялық станциялар операторларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кем дегенде келесi салаларда, қажеттi бiлiмдi зерделеу мен көрсету осы Үлгiлiк бағдарламаның 29-қосымшасында берiлген.
342. Тәжiрибелiк даярлау бiлiктi нұсқаушылардың басшылығымен бекiтiлген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргiзiледi.
343. Тыңдаушылардың сабақ үлгерiмiн бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның iшiнде компьютерлiк техниканы, сауалнама жүргiзу, сынақ жүргiзу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдiстерiн пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
344. Теориялық және тәжiрибелiк даярлау сәттi аяқталған соң авиациялық станцияларының бiлiктi операторлары-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетiмен жұмыс iстеуге қатынау үшiн тиiстi өндiрiстiк тағылымдама жүргiзiледi.
345. Авиациялық станцияның бiлiктi операторы-нұсқаушысының басшылығымен теңiз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемi бiлiктiлiк белгiсiн алуға өтiнiш берер алдында тiкелей 6 ай бойы кемiнде 60 жұмыс күнi құрайды.
346. Тағылымдама келесiлер сияқты, бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi алуды қамтамасыз ету тиiс:
1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
3) әуе кеңiстiгiнiң құрылымын зерделеу;
4) жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерiсiн зерделеу;
5) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсiмдермен танысу;
7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестiру огандарымен өзара iс-қимыл жасау тәртiбi мен ерекшелiктерiн зерделеу;
8) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуiмен танысу;
9) әуе қозғалысына қызмет көрсеткен кезде ұшуды қамтамасыз етудiң радиотехникалық жүйелерiмен танысу;
10) жерүстi байланыс құралдарымен танысу;
11) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және ӘҚҰ ерекшелiктерiн зерделеу;
12) нақты жұмыс орнында авиациялық станция операторының жұмыс iстеу технологиясын және ережелер мен радиоалмасу фразеологиясын тәжiрибелiк қолдану;
13) тәжiрибелiк қызмет практическая деятельность (подготовка).
347. Осыдан кейiн авиациялық станция операторы-нұсқаушымен тағылымдамадан өтушiнiң бiлiмiн тексеру және тәжiрибелiк даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушiнiң дайындығы туралы шешiм қабылдау жүргiзiледi.
348. Тәжiрибелiк даярлау авиациялық станция операторының жұмыс орнында жүргiзiледi.
349. Тәжiрибелiк даярлау нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетудi (жұмыс орнында рәсiмдер) нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторы ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысынан тұрады.
350. Авиациялық станция операторы үшiн нұсқаушылық көрсету келесiлермен сүйемелденетiн, тағылымдамадан өтушi болған кезде авиациялық станцияның операторы-нұсқаушысының тәжiрибелiк ӘҚҰ қарастырады:
1) әуе ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсiндiру;
2) әуе ахуалын бақылаудың тәсiлдерi мен рәсiмдерiн түсiндiру;
3) тиiстi ақпарат пен шешiмдердi қабылдау мен алу себептерiн түсiндiру;
4) ӘҚҰ кезiнде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
5) ӘҚҰ РТҚ пайдалану бойынша ұсынымдар;
6) аралас жұмыс тармақтарымен өзара iс-қимыл жасау тәртiбi бойынша ұсынымдар.
351. Авиациялық станция операторы ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторының функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденедi:
1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiн оператор-нұсқаушының үздiксiз бақылауы;
2) тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiне дер кезiнде кедергi жасауға оператор-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
3) тағылымдамадан өтушiнiң қиындықтары туындаған кезде оператор-нұсқаушының түсiндiрмелердi, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
352. Тағылымдамадан өткен соң авиациялық станцияның операторы-нұсқаушы алынған бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi тиiстi тексерудi жүргiзiп, тағылымдамадан өтушiнiң жұмыс орнында өз бетiмен қызмет жасауға даярлығы туралы шешiм шығарады.
22 Бөлiмше. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын
кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары.
353. Осы Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары кәсiптiк даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртiбi мен минималды көлемiн, сондай-ақ өз бетiмен жұмысқа қатынауды анықтайды.
354. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсiптiк даярлау кәсiптi игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтiң саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердiң жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтiк мiндеттерге сәйкес келу үшiн жүргiзiледi.
355. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау келесi кезеңдерден тұрады:
1) теориялық даярлау;
2) тәжiрибелiк даярлау.
356. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi және келесi өлшемдерге сәйкес келедi:
1) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кезiнде авиациялық станция операторының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлғалар қатарынан жүргiзiледi және кемiнде 40 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемiмен жүргiзiледi;
2) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кезiнде жиынтық жұмыс тәжiрибесi екi және одан артық вертодромда кемiнде екi жыл құрайтын авиациялық станция операторының әрекеттегi куәлiгi болатын тұлғалар қатарынан жүргiзiледi;
3) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау және қайта даярлау кезiнде кандидаттың 4-шi (жұмыс) деңгейiнен төмен емес ИКАО тiл бiлiмiнiң шкаласы бойынша игеру деңгейiн растайтын әрекеттегi сертификаты болу тиiс.
357. Кәсiптiк деңгейдi ұстау 12 айда бiр рет мерзiмдiлiкпен және кемiнде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
358. Құзыреттiлiктердi бағалау элементтерiн қоса алғанда, кәсiптiк деңгейдi ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемiнде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезiнде алынған және ендi игерiлген бiлiм мен дағдының расталуын қамтамасыз етедi.
359. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi.
360. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтiк-құқықтық акттермен анықталатын кәсiптiк даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде, оларды кәсiптiк даярлау бағдарламаларында iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгередi.
361. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кем дегенде, келесi салаларда, қажеттi бiлiмдi зерделеу мен көрсету осы Үлгiлiк бағдарламаның 30-қосымшасында берiлген.
362. Тәжiрибелiк даярлау бекiтiлген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргiзiледi.
363. Тыңдаушылардың сабақ үлгерiмiн бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның iшiнде компьютерлiк техниканы, сауалнама жүргiзу, сынақ жүргiзу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдiстерiн пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
364. Авиациялық станция операторы-нұсқаушысын теориялық және тәжiрибелiк даярлау сәттi аяқталған соң, тағылымдама жүргiзiлмейдi.
23 Бөлiмше. Ұшуды радио техникамен және авиациялық радио
байланыспен қамтамасыз етушi мамандарын (радиотехникалық
жабдықтар мен байланыстарды пайдалану бойынша
инженерлi-техникалық қызметкерлер, мамандар) кәсiби даярлаудың
үлгiлiк бағдарламасы
365. Инженерлi-техникалық қызметкерлердiң (бөлiмшелерiнiң) қызметiнiң байланыс пен радио техникалық жабдықтарды пайдалану бойынша өзiндiк жұмысқа рұқсатнаманың мiндеттерi мен ережелерiне негiзделген осы үлгiлiлiк бағдарлама ұшулардың радиотехникамен және авиациялық радио байланыстарымен жабдықтаушы мамандарының кәсiби дайындығының ұстанымдарын айқындайды, (әрi қарай- БРТЖП, ИКАО терминалогиясына сәйкес - электрондық жабдықтармен әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi қызметкер (ATSEP).
366. Үлгiлiк бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылатын оқулар, ұшуды радио техникамен және авиациялық радио байланысымен жабдықтауы БРТЖП бойынша мамандардың келесi мiндеттердi атқаруын қамтамасыз етедi (қызметтiк мiндеттерге және атқарылатын жұмыстарға байланысты):
1) жүйелерге техникалық қызмет көрсету және ұшуды радио техникамен қамтамасыз етуi (әрi қарай-ҰРТҚЕ, ИКАО - CNS/ATM терминологиясына сәйкес);
жер бетiндегi радионавигациялық жабдықтарының калибровкасы;
ҰРТҚЕ жүйесi мен жабдықтарын сертификаттау;
ҰРТҚЕ жабдықтарының пайдалануын тәмәмдау;
түзетушiлiк техникалық қызмет көрсетудi орындау;
превантивтi техникалық қызмет көрсетудi орындау;
2) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерiн қондыру;
3) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерiнiң жұмыс iстеу қабiлеттерiн, пайдалану бақылау және қадағалау;
4) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерiнiң жұмыс iстеу қабiлеттерiн бағалап, пайдалануға дайындау, техникалық қызмет көрсету стандарттары мен ережелерiн өңдеу.
367. ҰРТҚЕ мамандарының бiлiктiлiк талаптарына сай болуға, мамандандыруды қоса, бастапқы дайындық негiзгi, алғашқы, бiлiктiлiк бiлiм мен дағдыларды алып қана қоймай сонымен қатар дамуын қамтамасыз етедi.
ҰРТҚЕ мамандарының бастапқы дайындығы мамандандырылған электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемiнде техникалық немесе әскери бiлiмi бар болуы, аэронавигациялық ұйымдарда пайдаланылатын авиациялық сертификат пен жабдықтарды оқып бiлуге қамтамасыз етедi.
368. ҰРТҚЕ мамандарының кәсiби деңгейiнiң қолдауы, ұжымдық дағдыны қоса алғанда, алынған бiлiм мен дағдылардың бекiтiлуi мен қарастырылуын, жабдықтар мен жүйелердiң өзгерiстерiмен танысуын, ҰРТҚЕ жүйесiнiң жұмыс iстеу қабiлеттерiнiң нашарлаған жағдайындағы, апаттық,қауiптi және штаттық емес жағдайлардағы iс-әрекеттерiне үйретуiн, сонымен қатар 6 айдан жоғары жұмыстан үзiлiс болғанда кәсiби дағдыларды қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.
369. ҰРТҚЕ мамандарын қайта даярлау жұмыстың мiнездемесiнiң (қызметтiк мiндеттерiнiң бағдары өзгергенде), жұмыс жағдайы (жаңа рәсiмдердi енгiзгенде), жүйенiң құрылымы (жаңаландыру немесе ауыстыру), мамандықтың,мамандандырудың, жұмыстың бағдары өзгерген жағдайда, сонымен қатар пайдалану жүйесi мен жабдықтарға рұқсатнама мен бiлiктiлiк туралы жазбалар алу үшiн өткiзiледi.
1 Параграф. БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығының тәртiбi
370. Мамандандырылуды қоса алғанда, бастапқы, бiлiктiлiк бiлiмнiң, дағдының және iскерлiктiң дамуына бағытталған бастапқы дайындық, қажеттiлiк туындалған кезде жабдықтар мен жүйелердiң нақты түрлерiн оқытып, электронды техникалық салада техникалық бiлiмi жоқтарға арналып өткiзiледi.
371. Электронды техникалық саласында мамандандырылған 1600 сағаттан кем емес көлемде техникалық немесе әскери бiлiмi барларға бастапқы дайындық, қанағаттанарылатын талаптар қойылатын БТЖП қызметкерлерi бойынша мамандардың бейiмделуiне, кәсiби бiлiм мен тәжiрбиелiк дағдыларды алу мақсатында жүргiзiледi.
372. Осы Типтiк бағдарламаның бекiтiлуiне дейiн сол кездегi белгiленген талаптарға сәйкес өзiндiк жұмысқа рұқсатнама алғандарға БТЖП мамандары бойынша бастапқы теориялық дайындық кәсiби деңгейдi қолдау курстарында жүзеге асырылады. ГА саласындағы өкiлеттi органдармен келiсiлген жағдайда 1.2.5.5, 1.2.12.3 ИКАО Doc7192-E2 «Үйрену бойынша жетекшiлiк. Әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн электрондық жабдықтармен қамтамасыз ететiн қызметкерлер (ATSEP)» пункттерiнде көрсетiлген ұсыныстарға сәйкес теориялық дайындықтың мазмұны мен көлемiн өзгертуге болады.
373. Бастапқы дайындық келесi кезеңдерден тұрады:
1) теориялық дайындық
2) практикалық дайындық.
374. Теориялық дайындық келесi оқыту нысандары бойынша жүзеге асырылады:
1) стационарлы күндiзгi (кешендi, типтi);
2) модульдi;
3) сырттай;
4) қашықтықта;
5) аралас.
375. Бастапқы дайындық көлемi келесi өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
1) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында мамандандырылған электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемiнде техникалық немесе әскери бiлiмi барларға, жалпы дайындық сағаты 200 сағаттан кем болмайды;
2) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында, техникалық бiлiмi жоқтарға, жалпы дайындық көлемi электронды техника саласында мамандандырылудың қажет болуы жағдайында 1600 сағаттан кем болмай белгiленедi;
3) бiрiншi кезеңге бастапқы дайындық бағдарламасының пәнiне тәжiрибелiк бөлiмi екi кезеңге бөлiнуi мүмкiн, 20 сағат көлемiде аэронавигация объектiлерiнде, электро техникалық зертханаларда, стендтiк жабдықтарды, пайдаланылатын шеберханаларда (мүмкiндiк болғанда) танысу мақсатында бару, екiншi кезең бастапқы дайындық аяқталғаннан соң аэронавигациялық ұйымдарында сынақтан өту мерзiмi ретiнде немесе АУЦ ГА оқуды бiтiрген соң толығымен аэронавигациялық ұйымдарда жүзеге асырылады;
4) стандарттар бар болғанда, оқушылардың дәрежелерiне және бiлiктiлiк талаптарына байланысты пайдаланылатын құжаттарды қолдануға жеткiлiктi көлемде бастапқы дайындау бағдарламасына ағылшын тiлi қажеттiлiк туындалған кезде қосылады;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтi-құқықты актiлерi айқындайтын БРТЖП бойынша қызметкерлердiң кәсiби дайындығына жаңа немесе қосымша талаптарды енгiзгенде олардың кәсiби дайындық бағдарламасы жүзеге асырылуы мiндеттi түрде болады, ал жалпы сағат көлемi үйлесiмдi түрде өзгерiске ұшырайды;
6) бастапқы дайындық келесi салалардағы қажеттi бiлiмдi игеруiн қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 31-қосымшасында берiлген.
376. Тыңдаушылардың үлгерiмi ағымды және қорытынды болып, техникалық жабдықтарды, оның iшiнде компьютерлiк техниканы, сауалнамалық, тесттiлеу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдiстерiн қолданып жүзеге асырылуы мүмкiн.
377. Теориялық дайындықты аяқтағаннан соң сынақтан өту бойынша бiлiктi нұсқаушының қадағалауымен алынған бiлiмi мен дағдылары нақты жағдайларда шынайы интеграция болып, тәжiрбиелi дайындыққа өтедi (сынақтан өту мерзiмi).
2 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша сынақтан өту мерзiмi
378. Кәсiби дайындықты аяқтап, жұмыс орнында сынақтық мерзiмнен өткен (ИКАО терминологиясы бойынша- (ОРМ) жұмыс орнында, бiлiктi нұсқаушының қадағалауымен жұмыс орнында (OJT).) Байланыс және ҰРТҚЕ объектiлерiне өзiндiк жұмысқа БРТЖП бойынша мамандары жiберiледi.
379. Сынақтан өту мерзiмi тәжiрбиеде алынған бiлiмi, дағдыларын және iскерлiктерiн бекiту үшiн және жергiлiктi жердiң ерекшелiктерiне қарай электро байланыс ҰРТҚЕ объектiлерiнде қызметтiк мiндеттердi орындау үшiн өткiзiледi:
1) өзiндiк жұмысқа рұқсатнама алу үшiн;
2) байланыс пен ҰРТҚЕ бiр объектiден екiншi объектiге ауысқанда немесе аэронавигациялық ұйымдардың бөлiмшелерiн ауыстырғанда, бөлiмшелер;
3) кейiнгi бiлiктiлiк дәрежен игергенде (растау);
4) жұмыстан 6 (алты) айдан жоғары үзiлiс болғанда;
5) апаттық, штаттық емес және төтенше жағдайлардағы әрекеттердi өңдеу;
6) авиациялық оқиғаларға немесе авиациялық келiспеушiлiкке әкелiп соқтырған бұзушылықтан соң
7) функционалды мiндеттерiн атқарудағы маманның қабiлеттерiн тексеру қажеттiлiгi болғандағы басқада жағдайларда.
380. Сынақтан өткiзушi жетекшiсi (нұсқаушы) мақсатты, объектiнi, басталу және аяқталу мерзiмдерiн анықтайды. Бiр жетекшiге (нұсқаушыға) сынақтан өтушiлер саны алты адамнан аспау қажет.
381. Нұсқаушы сынақтан өтушi туралы объективтi деректердiң және жеке әңгiмесiнiң негiзiнде сынақтан өтуге жеке жоспарын құрастырып, қажеттiлiк туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерiстер енгiзедi.
382. Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушiнi қосымша тесттiлеу рұқсат етiледi.
383. Сынақтан өту барысында оқытылып, үйретiледi:
1) қызметтiк нұсқаулар, қауiпсiздiк техникасы, өртке қарсы, авиациялық қауiпсiздiк, объектiлердiң iшiндегi тәртiп және жұмыс объектiсiнiң тәртiбi бойынша нұсқаулар;
2) маманға тиесiлi нормативтi құжаттамалар;
3) жұмыстың құрылымдылық сызбанұсқасы, электро жабдықтау, объектiнi бақылау мен байланыс, техникалық сипаттау, объектiде қондырылған техникалық пайдалану нұсқаулары, ережелерi және жабдыққа қызмет көрсетудегi уақыт мерзiмi;
4) объектiнiң негiзгi жабдықтарын, электро жабдықтарының қайнар көзiн, байланыс пен басқару жүйесiнiң сақтандыру тәртiбi;
5) пайдаланған мерзiмдегi өндiрiлген зауыттың сызбанұсқасындағы өзгерiстер, аппаратураның және жабдықтың тұжырымдамасы;
6) жабдықтың тәжiрбиелiк пайдаланылуы, объектiлерде пайдаланылатын бақылау-өлшегiш аппаратурасы, объектiнiң пайдаланылатын құжаттамасы және оны енгiзу;
7) ҰРТҚЕ объектiлерiн және байланысты метрологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету талаптары;
8) жергiлiктi жағдайлардың ерекшелiктерiне қатысты немесе сынақтан өтушiнiң маманының ерекшелiгiне сынақтан өтуге қарастырылған басқа ережелер мен талаптар;
384. Кейiн сынақтан өту жетекшiсi сынақтан өтушiлердiң бiлiмiн тексерiп, тәжiрбиелiк жұмысқа дайындығы туралы шешiм қабылдайды.
385. БРТЖП қызметкерлерi бойынша сынақтан өту мерзiмi 3 айға дейiнгi уақыт анықталады, аталған профиль бойынша жұмыс өтiлi барларға – 1 айға дейiнгi мерзiм анықталады.
386. Өзiндiк техникалық қызмет көрсетуге сынақтан өтушi қажеттi деңгейде теориялық бiлiмiн, тәжiрбиелiк дағдыларын игермеген жағдайда және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс iстеу жағдайын қалпына келтiру, сонымен қатар себептi жағдайлармен 1 айдан аспай үзiлiс болғанда сынақтан өту жетекшiсiнiң баяндамасы негiзiнде (нұсқаушы) сынақтан өту мерзiмi созылуы мүмкiн.
387. Қызметкерлердiң сынақтан өту мерзiмi техникалық қызмет көрсетуде және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс iстеу жағдайын қалпына келтiру қажеттiлiгi болғанда теориялық бiлiмi мен тәжiрбиелiк дағдыларын тексерумен аяқталады.
3 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша кәсiби деңгейiн қолдау
388. Құзыреттi бағалау элементтерiн қоса, кәсiби деңгейдi қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 36 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерiлген бiлiм мен дағдыларды растауын қамтамасыз етедi.
389. Кәсiби деңгейдi қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрiнде, сонымен қатар осы типтiк бағдарламада көрсетiлген бастапқы дайындық тақырыбының мерзiмдiлiгiне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етiлетiн мерзiм бойынша бiрге жүргiзiлетiн бiр ғана курстық түрiнде де, жеке модульдiк түрiнде де жүзеге асырылады.
390. Инженерлi-техникалық қызметкерлердiң, қызмет жетекшiлерiнiң және бөлiмшелердiң кәсiби дәрежелерiн қолдау әр үш жылда өткiзiлiп отырады.
391. Кәсiби дәреженi қолдау төменде көрсетiлген мақсатында жүргiзiледi:
1) мамандандыру бойынша кәсiби деңгейдiң мерзiмдiлiк қолдау;
2) байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарын техникалық пайдалануының жаңа рәсiмдерiн игеру, CNS/ATM даму бағдарламасына сәйкес жүйелердiң жетiлдiруi туралы тұжырымдамалары;
3) ҰРТҚЕ жүйесiнiң жұмыс қабiлетiнiң нашарлаған жағдайда, апаттық, қауiптi және штаттық емес жағдайлардағы әрекеттерге үйрету;
4) жұмыстан 6 айдан жоғары үзiлiс болғанда мамандардың кәсiби дағдыларын қалпына келтiру.
392. Кәсiби дәреженi қолдаудың мiндеттi түрде iске асыру мақсаты алдындағы пункттiң 1 және 3 бөлiмшелерiнде көрсетiлген.
393. ҰРТҚЕ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдалану, жүйенi жетiлдiруге тұжырымдамасын жаңа рәсiмдерiн игеру, жүйенi CNS/ATM мерзiмiнде дамыту жоспарлар мен бағдарламалардың, ұйымның анықталған даму жоспарының негiзiнде игерiлiп техникалық оқу, тәжiрбиелiк дайындық, сонымен қатар жеке курстар және тренингтер түрiнде авиациялық орталықтарында аэронавигациялық ұйымдарында жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспардың) өкiлеттi органдарда бекiтiлуiн талап етпейдi.
394. Жеке жағдайларда және жеделдiк қажеттiлiкте кәсiби дайындық келесi мерзiмдiлiктен кеш болмай жоспардан тыс жүргiзiлуi мүмкiн.
395. Жұмыстан 6 айдан жоғары үзiлiстен кейiн мамандардың кәсiби дағдысының қалпына келтiрiлуi жүзеге асырылады:
1) 6 айдан 12 айға дейiн жұмыста үзiлiс болса-жұмыс орнында тәжiрбиелiк дағдылары тексерiледi;
2) жұмыстан бiр жылдан жоғары үзiлiс болса- кәсiби дәреженi қолдау бағдарламасы бойынша оқулар және сынақтан өту түрiнде жүргiзiледi. Маманның кәсiби дәрежесiнiң дайындылығына қарай сынақтан өту көлемi бастапқы рұқсатнамаға белгiленген 70% төмен болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |