Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы


Бөлiмше. Кабиналық экипаж мүшелерiн (бортсерiктердi)



бет5/36
Дата12.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#129658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

17 Бөлiмше. Кабиналық экипаж мүшелерiн (бортсерiктердi)
кәсiби даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары

      200. Осы Кабиналық экипаж мүшелерiн кәсiби даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары кабиналық экипаждың мүшелерiнiң, ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң рәсiмдерi және қосымша бағдарламалар есебiнен, мысалы жолаушыларға сервистiк қызмет көрсету және т.б. бойынша ұлғайтылуы мүмкiн штаттан тыс және авариялық жағдайлардағы iс-әрекеттер бойынша ең төменгi кәсiби даярлау көлемiн регламенттейдi.


      201. Кабиналық экипаждың мүшелерiн кәсiби даярлау белгiленген Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi қамтамасыз етедi және мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) бастапқы даярлау;
      2) қайта даярлау;
      3) кәсiби деңгейдi қолдау.
      202. Бастапқы даярлау кабиналық экипаж мүшелерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келу үшiн бастапқы, бiлiктiлiк бiлiмдерiн және машықтарын алуды, сондай-ақ, дамытуды қамтамасыз етедi. Бастапқы даярлаудан бұрын кабиналық экипаж мүшесi ретiнде жұмыс iстемеген барлық тұлғалар өтедi.
      203. Қайта даярлау пайдаланылатын жабдықтың бейiнi, жұмыс сипаттамасы немесе шарттары (жаңа рәсiмдердi енгiзу), мамандық, мамандану, жұмыс бейiнi өзгерген кезде, сондай-ақ, жүйелердi, жабдықты пайдалануға рұқсат алу және бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн жүргiзiледi.
      204. Кәсiби деңгейдi қолдау жаттығулар жолымен бiлiмдер мен машықтарды қолдауды, тәжiрибелiк жаттығуларды, бақылау тексерулерiн орындауды, ұжымдық жұмыс машықтарын қоса алғанда, қолданыстағы бiлiмдер мен машықтарды кеңейтудi, жүйелердiң немесе жабдықтың өзгерiстерiмен танысуды, жаңа ресiмдер мен тәжiрибелердi зерделеудi, сондай-ақ, жұмыстағы үзiлiстерден кейiн 6 айдан астам кәсiби машықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.
      205. Кабиналық экипаждың мүшелерi (бортсерiктер) үшiн осы Үлгiлiк бағдарламалардың талаптарына сәйкес пайдаланушының кабиналық экипаждың мүшелерiн кәсiби даярлауды ұйымдастыруы олардың әрқайсысының төмендегiлердi:
      1) ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен және авариялық және штаттан тыс жағдайлардағы iс-әрекеттермен байланысты оған жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындай алуын;
      2) бортта құтқару желеткелерi, құтқару салдары, авариялық басқыштар (астаушалар), авариялық шығулар және люктерi, тасымалды өрт сөндiргiштер, оттегi жабдығы және медициналық дәрi қобдишалары сияқты авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана бiлуiн;
      3) 3000 м (10 000 фут) астам биiктiкте ұшуды орындайтын ұшақтарды жұмыс кезiнде оттегi жетiспеушiлiгiнiң салдарлары туралы, бiтемеленген ұшақтарда жұмыс кезiнде бiтеменiң ашылуынан туындайтын физиологиялық құбылыстар туралы бiлуiн;
      4) бұл бортсерiктiң өз мiндеттерiн орындау үшiн қаншалықты қажеттi авариялық жағдайда экипаждың басқа да мүшелерiнiң мiндеттер мен функцияларын бiлуiн; және
      5) жолаушылар кабинасында жүргiзiлуi мүмкiн және жүргiзiлмейтiн қауiптi жүктердiң түрлерiн бiлуiн және қауiптi жүктер бойынша даярлау бағдарламасынан өтуiн қамтамасыз етедi.
      206. Бортсерiктердi кәсiби даярлау кезеңдерi мыналардан тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тренажерлық даярлау;
      3) тәжiрибелiк даярлау.
      207. Теориялық негiзiнен даярлау оларға қосымша авариялық жағдайларда iс-әрекеттердi пысықтау мақсатында тәжiрибелiк жаттығулар және жаттығулар орындалатын сыныптағы лекциялық сабақтар түрiнде жүргiзiледi, бұл оқушыларға олардың өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн табысты орындау үшiн қажеттi машықтарды жақсы меңгеруiне мүмкiндiк бередi. Теориялық даярлау оқытудың мынадай негiзгi нысандарында жүзеге асырылуы мүмкiн:
      1) құрамдастырылған;
      2) стационарлық күндiзгi (кешендi, үлгiлiк);
      3) модульдiк;
      4) сырттай;
      5) қашықтықтық.
      208. Тренажерлық даярлау бастапқы даярлаудың мiндеттi бөлiгi болып табылады және жұмыстың тәжiрибелiк машықтарын пысықтауға және жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн нақты штаттан тыс және авариялық оқиғаларға елiктеуге мүмкiндiк беретiн өндiрушiнiң пайдалану шарттарына сәйкес келетiн арнайы тренажерлық кешендерде, жеке тренажерларда немесе әуе кемелерiнде жүргiзiледi. Тренажерлық даярлау оқытудың мынадай негiзгi нысандарында жүзеге асырылуы мүмкiн:
      1) стационарлық күндiзгi (кешендi, үлгiлiк);
      2) құрамдастырылған;
      3) модульдiк.
      209. Тәжiрибелiк даярлау тағайындалған уәкiлеттi тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады және жұмыс орнындағы функционалдық мiндеттердi тiкелей орындаумен байланысты (өз бетiнше ұшуға рұқсат алу, бiлiктiлiк алу).
      210. Әрбiр оқушы мiндеттi түрде ұшу алдындағы даярлығы барысында, ұшуда, қону алдында және қонудан кейiн өзiнiң функционалдық мiндеттерiн бiлуiн және машығын тексеру үшiн жеткiлiктi уақыттың осындай кезеңi iшiнде бiлiмдерiн бақылау тексеруiнен өтедi. Бұдан өзге, жаттығулар және тексерулер мұндай тренажерлардың техникалық мүмкiндiктерiне байланысты көлемде тренажерларда орындалуы мүмкiн.

1 Параграф. Кабиналық экипаждың мүшелерiн бастапқы даярлау

      211. ӘК бiрiншi түрiне дайындықты қоса алғанда бастапқы даярлауды жүргiзу кезiнде iске асырылатын бағдарламаларда мынадай өлшемдерге сәйкестiктi ұстап тұру керек:


      1) кабиналық экипаждың мүшелерiн бастапқы даярлау кезiнде даярлаудың жалпы көлемi ӘК бiрiншi түрiне дайындықты қоса алғанда, кемiнде 128 сағат болуға тиiс;
      2) ӘК бiрiншi түрiне дайындықты қоса алғанда, тренажерлық даярлау көлемi кемiнде 12 сағат болуға тиiс;
      3) тәжiрибелiк даярлау көлемi көп мүшелi кабиналық экипажы бар ӘК-де бастапқы оқытудан өткен тағылымдамадан өтушiлер үшiн кемiнде 10 сағат және 5 ұшу және бiр мүшелi кабиналық экипажы бар ӘК-де тағылымдамадан өту кезiнде кемiнде 20 сағат және 10 ұшу болуға тиiс;
      4) ағылшын тiлi бастапқы даярлау бағдарламасына қажеттiлiгiне қарай, қажеттi құжаттарды пайдалана бiлу және функционалдық мiндеттердi орындау үшiн жеткiлiктi деңгейде игерудiң қамтамасыз ететiн үйренушiлердiң санатына және оларға қойылатын пайдаланушының бiлiктiлiк талаптарына байланысты енгiзiледi;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен анықталатын кабиналық экипаждың мүшелерiн кәсiби даярлауға қойылатын жаңа және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде бастапқы даярлау бағдарламасында оларды iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны пропорционал түрде өзгередi.
      212. Бастапқы даярлау бағдарламасы төменде «Бортсерiктердi бастапқы даярлауға кiретiн мiндеттi пәндердiң ең төменгi тiзбесi» кестесiнде көрсетiлген пәндер бойынша қажеттi бiлiмдер және машықтар деңгейiн игерудi және көрсетудi қамтамасыз етедi.
      213. Бастапқы даярлау бағдарламасына кiретiн тренажерлық даярлау ең кемiнде мынадай пәндер бойынша тәжiрибелiк сабақты қамтамасыз етедi:
      1) авариялық шығудың әрбiр түрiнде штаттық және авариялық режимдерде есiктердi ашу;
      2) жолаушыларды көшiру рәсiмi;
      3) өрттi сөндiру;
      4) оттегiнi пайдалану;
      5) судағы даярлық.
      214. Оқу материалын игеруге қойылатын нысаналы нормативтiк талаптарды жақсы түсiну үшiн курстың әртүрлi бөлiктерiне ұлғаю шамасына қарай материалды тереңдетiлген бiлудi көрсететiн 1-4 кодтық сандары берiлген:
      «1» - Пән негiздерiн бiлу. Бортсерiктердiң бұл бiлiмдердi тәжiрибеде қолдана алатындығы болжанбайды;
      «2» - Пәндi бiлу және қажеттiлiгiне қарай тиiстi анықтамалық материалдар және нұсқаулықтар болған кезде оларды тәжiрибеде қолдану қабiлетi;
      «3» - Пәндi тереңдетiлген бiлу және оларды тәжiрибеде жылдам және дәлме-дәл қолдану қабiлетi;
      «4» - Пәндi кеңiнен бiлу және қалыптасқан жағдайға сәйкес iс-әрекеттерде оларды iске асыру қабiлетi.
      Бортсерiктердi бастапқы даярлауға кiретiн мiндеттi пәндердiң тiзбесi осы Үлгiлiк бағдарламаның 17-қосымшасында берiлген.
      215. Тыңдаушылардың үлгерiмiн тексеру ағымдағы, межелi және қорытынды бақылаудың көмегiмен жүзеге асырылады және оның iшiнде компьютерлiк техниканы пайдалана отырып, техникалық құралдарды, сауалнама жүргiзу, тестiлеу, ауызша сұраулар, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдiстердi қолдана отырып, жүзеге асырылуы мүмкiн.
      216. Бастапқы даярлау бағдарламасы аяқталғаннан кейiн тәжiрибелiк даярлау маман бастапқы даярлықтан өткенi туралы құжатты алған сәттен бастап алты айдан кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Олай болмаған жағдайда бастапқы даярлау бағдарламасы кәсiби деңгейдi қолдау бағдарламасы бойынша қайта өткiзiледi.

2 Параграф. Кабиналық экипаждың мүшелерiн қайта даярлау

      217. Оған бiлiктiлiгi бардан ерекшеленетiн әуе кемесiнiң түрiнде немесе конфигурациясында өздерiнiң мiндеттер орындаудың алдында кабиналық экипаждың әрбiр мүшесi конфигурациясы бiр түрден екiншi түрге немесе ерекшеленетiн ӘК-ге тиiстi қайта даярлау курсынан өтедi.


      218. Қайта даярлау төменде «Бортсерiктердi қайта даярлауға кiретiн мiндеттi пәндердiң ең төменгi тiзбесi» кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.
      219. Қайта даярлау бағдарламасына кiретiн тренажерлық даярлау кемiнде мынадай пәндер бойынша тәжiрибелiк сабақты қамтиды:
      220. авариялық шығудың әрбiр түрiнде штаттық және авариялық режимдерде есiктердi ашу;
      221. жолаушыларды көшiру рәсiмi;
      222. өрттi сөндiру;
      223. ӘК ерекшеленетiн түрiне немесе конфигурациясына қайта даярлау көлемi мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиiс:
      1) ӘК-нiң бiр түрiне немесе конфигурациясына қайта даярлаудың жалпы көлемi кемiнде 28 сағат болуға тиiс;
      2) ӘК-нiң бiр түрiне немесе конфигурациясына тренажерлық даярлау көлемi кемiнде 3 сағат болуға тиiс;
      3) тәжiрибелiк даярлау көлемi кемiнде екi ұшу, бiреуi танысу ұшуы ретiнде, екiншiсi бiлiктiлiк алу үшiн болуға тиiс.
      224. Оқу материалын игеруге қойылатын нысаналы нормативтiк талаптарды жақсы түсiну үшiн курстың әртүрлi бөлiктерiне ұлғаю шамасына қарай материалды тереңдетiлген бiлудi көрсететiн 3-4 кодтық сандары берiлген:
      «3» - Пәндi тереңдетiлген бiлу және оларды тәжiрибеде жылдам және дәлме-дәл қолдану қабiлетi;
      «4» - Пәндi кеңiнен бiлу және қалыптасқан жағдайға сәйкес iс-әрекеттерде оларды iске асыру қабiлетi. Бортсерiктердi даярлауға кiретiн мiндеттi пәндердiң тiзбесi осы Үлгiлiк бағдарламаның 18-қосымшасында берiлген.
      225. Тыңдаушылардың үлгерiмiн тексеру ағымдағы, межелi және қорытынды бақылаудың көмегiмен жүзеге асырылады және оның iшiнде компьютерлiк техниканы пайдалана отырып, техникалық құралдарды, сауалнама жүргiзу, тестiлеу, ауызша сұраулар, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдiстердi қолдана отырып, жүзеге асырылуы мүмкiн.
      226. Қайта даярлау бағдарламасы аяқталғаннан кейiн тәжiрибелiк даярлау маман қайта даярлаудан өткенi туралы құжатты алған сәттен бастап алты айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Олай болмаған жағдайда қайта даярлау бағдарламасы кәсiби деңгейдi қолдау бағдарламасы бойынша қайта өткiзiледi.

3 Параграф. Аға бортсерiктердi даярлау

      227. Аға бортсерiктердi даярлауды пайдаланушы тәжiрибелiк даярлау нысаныда iске асырғаны сияқты авиациялық оқу орталығында жеке курс (тренинг) нысаныда iске асыруы мүмкiн. Бұл ретте даярлау бағдарламасын уәкiлеттi органда бекiту талап етiлмейдi, бiрақ мынадай бөлшектер зерделеудi қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 19-қосымшасында берiлген.


      228. Тәжiрибелiк даярлау көлемi - екi ұшу, бiреуi танысу ұшуы ретiнде, екiншiсi бiлiктiлiк алу үшiн болуға тиiс.

4 Параграф. Тәжiрибелiк даярлауды ұйымдастыру

      229. Тәжiрибелiк даярлау және тағылымдамадан өту жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, ӘК бортында лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн тәжiрибеде кәсiби бiлiмдердi, машықтарды және дағдыларды қалыптастыруға және бекiтуге бағытталған және:


      1) өз бетiнше жұмысқа рұқсат алу үшiн;
      2) ӘК жаңа түрiне немесе конфигурациясына қайта оқытудан кейiн;
      3) маманның қызмет саласын кеңейту кезiнде;
      4) пайдаланушының ауысымында;
      5) авиациялық оқиғаға немесе авиациялық уақиғаға алып келген бұзылулар кезiнде;
      6) кейiннен бiлiктiлiк деңгейiн беру (растау) кезiнде;
      7) жұмыс 6 (алты) айдан астам үзiлiстер кезiнде;
      8) маманның өзiнiң функционалдық мiндеттерiн орындау қабiлетiн тексеру үшiн қажеттi өзге де жағдайларда жүргiзiледi.
      230. Тағылымдамадан өту бөлiмше басшысының бұйырығы негiзiнде жүргiзiледi, онда әрбiр тағылымдамадан өтушiге тағылымдама басшысы (нұсқаушы) бекiтiледi, мақсат, объект, басталу және аяқталу мерзiмдерi анықталады. Бiр нұсқаушыға тағылымдамадан өтушiлердiң саны төрт адамнан аспауға тиiс.
      231. Нұсқаушы тағылымдамадан өтушi туралы объективтiк деректер және онымен жеке сұхат негiзiнде тағылымдаманы өткiзудiң жеке жоспарын жасайды, онда қажеттiлiгiне қарай қажеттi түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
      232. Тағылымдаманы өткiзудiң жеке жоспарын жасау кезiнде тағылымдамадан өтушiнi қосымша тестiлеуге (бiлiмдерiн тексеруге) рұқсат етiледi.
      233. Тағылымдама барысында мыналар зерделенедi:
      1) лауазымдық нұсқаулық, қауiпсiздiк, өртке қарсы, авиациялық қауiпсiздiк, объект iшiлiк жұмыс режимi мен тәртiбi техникасы бойынша нұсқаулықтар;
      2) маманға қатысты бөлiгiнде нормативтiк құжаттама;
      3) жергiлiктi шарттарының ерекшелiктерiне немесе тағылымдамадан өтушi мамандығының ерекшелiгiне қатысты тағылымдама жоспарында көзделген басқа да ережелер мен талаптар.
      234. Бұдан кейiн нұсқаушы тағылымдамадан өтушiнiң бiлiмдерiн тексерудi және тәжiрибелiк жұмыстың басталуына оның дайындығы туралы шешiм қабылдауды жүргiзедi.
      235. Егер тағылымдамадан өтушi тәжiрибелiк жұмысқа өту үшiн қажеттi ең төменгi бiлiмдер деңгейiне ие болмаса, оған бiлiмдерiн кейiннен қайта тексере отырып, даярлау үшiн қосымша уақыт тағайындалады.
      236. Тағылымдамадан өту жоспарда көрсетiлген көлемде тағылымдамадан өтушiнiң бiлiмдерiн және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес оның мiндеттерiн орындауға тәжiрибелiк дайындығын тексерумен аяқталады.
      237. Тағылымдамадан өту егер тағылымдама басшысының қорытындысы бойынша тағылымдамадан өтушi тиiстi жұмыс орнындағы өз бетiнше жұмысқа дайын емес болса бастапқы белгiленген көлемнен аспайтын мерзiмге ұлғайтылуы мүмкiн.
      238. Егер тағылымдамадан өтушi қосымша тағылымдамадан кейiн сәйкес шешiм қабылдай бiлу және лауазымдық мiндеттерiне қызметтi жүзеге асыру қабiлетiн көрсетпесе, тағылымдама бұл қызметкердi кабиналық экипаж мүшесi ретiнде пайдаланудың орындылығы туралы шешiм қабылдайтын қызмет басшысына (пайдаланушыға) қорытындыны ұсына отырып, тоқтатылады.
      239. Кабиналық экипаж мүшесi ретiнде өз бетiнше жұмысқа рұқсат тағылымдама басшысының (нұсқаушының) тағылымдамадан өтушiнi өз бетiнше кәсiби қызметке жiберу мүмкiндiгi туралы ұсынымы негiзiнде жүргiзiледi және басшысының (немесе нұсқаушының) ұсынуы бойынша қызмет басшысының (немесе пайдаланушының) бұйырығымен ресiмделедi.
      240. Персоналды өз бетiнше кәсiби қызметке жiберу мүмкiндiгi туралы негiздi шешiм үшiн тағылымдаманы және аттестаттауды өткiзген тұлғалар жауапкершiлiкте болады.

5 Параграф. Экипаж мүшелерiнiң жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлау (CRM)

      241. Ұшу экипажының мүшелерiн кәсiби даярлау бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде бағдарламаның әрбiр түрiне төменде көрсетiлген «Экипаж мүшелерiнiң жұмысын оңтайландыру саласындағы кабиналық экипаждардың мүшелерiн даярлау» кестесiне сәйкес даярлау бөлшектерiн енгiзу қажет.


      242. Экипаждың жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлауды мүмкiндiгiне қарай жалпы бүкiл экипаждың жұмысын жақсы түсiну және жақсарту үшiн ұшу экипажының мүшелерiмен бiрлесiп жүргiзу ұсынылады.
      243. Экипаждың жұмысын оңтайландыру саласындағы бастапқы даярлау кезiнде қорытынды тестiлер немесе емтихандар өткiзiлмейдi, бiрақ тестiлеу, сынақ, бақылау жұмыстары және т.б. түрiнде материалды игерудi бағалау жүргiзiледi. NOTECHS жүйелерiн қолдану ұсынылады.
      244. Экипаж мүшелерiнiң жұмысын оңтайландыру саласындағы даярлау (CRM) кестесi осы Үлгiлiк бағдарламаның 20-қосымшасында берiлген.

6 Параграф. Ұшу экипажы мүшелерiнiң (бортсерiктер) кәсiби деңгейiн қолдау

      245. Кәсiби даярлықтың аталған түрi бекiтiлген үлгiдегi құжат берiлiп, тренингтер, курстар, тәжiрибелiк даярлықтар, модульдiк немесе бiрiктiрiлген оқулар немесе мәлiметтерде басқадай түрмен беру және тiркеу арқылы (электронды жүйе, құжаттаудың бекiтiлген процедураларына немесе құжаттандырудың iшкi процедураларына сәйкес кәсiби даярлық туралы жазба) өткiзiледi.


      246. Кәсiби даярлықты қолдау бағдарламасын жүзеге асыру аясында бекiтiлген мерзiм iшiнде төмендегi «Кәсiби даярлықты қолдау бағдарламасының аясына енетiн мiндеттi пәндер тiзiмiнiң ең аз шамасы» кестесiнде келтiрiлген элементтер мiндеттi болып табылады және осы Үлгiлiк бағдарламаның 21-қосымшасында берiлген.
      247. Кәсiби деңгейдi қолдау мынандай мақсаттар үшiн жүргiзiледi:
      1) кәсiби бiлiктiлiк деңгейiн қолдау;
      2) апатты және штаттан тыс жағдайда бiлiм және бiлiктiлiк әрекеттерiн қолдау;
      3) жұмысынан 6 айдан артық қол үзген мамандардың кәсiби машықтарын қалпына келтiру;
      248. Кейбiр жағдайларды және шұғыл қажет болғанда кәсiби даярлықтың аталған түрi жоспардан тыс, бiрақ кезектi кезеңнен кеш емес мерзiмде өткiзiлуi мүмкiн.
      249. Жұмысынан 6 айдан артық қол үзген мамандардың кәсiби машықтарын қалпына келтiру жүргiзiледi:
      1) жұмыста 6 айдан 12 айға дейiн үзiлiс болса – рейстiк жағдайда кәсiби машығы тексерiледi;
      2) жұмыста бiр жылдан артық үзiлiс болса – кәсiби деңгейдi қолдау бағдарламасынан және машықтанудан өтедi. Маманның даярлық деңгейiне қарай машықтану көлемi төмендетiледi, бiрақ бастапқы белгiленген рұқсат көлемiнiң 70% -нан кем емес.
      250. Кәсiби деңгейдi қолдау, сондай-ақ эксплуатанттың нұсқаушылар құрамы рейстiк жағдайда өткiзетiн тексерiстер арқылы да қамтамасыз етiледi, оның мерзiмдiлiгi:
      1) жеке жұмыс iстеуге рұқсат берiлген алғашқы 12 айда 6 айда бiр рет;
      2) бiр жыл жеке жұмыс iстегеннен кейiн 12 айда бiр рет.

18 Бөлiмше. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына қолдау көрсету
бойынша қызметкерлердiң типтiк кәсiби даярлық бағдарламасы

      251. Осы Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша қызметкерлердiң типтiк кәсiби даярлық бағдарламасы қажеттiлiк бойынша қосымша бағдарламалар арқылы көбейтiлуi мүмкiн аталған қызметкерлердiң ең аз кәсiби даярлық шамасының көлемiн белгiлейдi.


      252. Бастапқы даярлық пен қайта даярлаудың көлемi үмiткердiң бiлiктiлiк деңгейiне байланысты белгiленедi, бiрақ базалық авиациялық даярлығы жоқ тұлғалар үшiн ХХХ сағаттан кем болмауы тиiс, ал ӘК техникалық пайдалану саласында базалық авиациялық даярлығы бар тұлғалар үшiн ХХХ сағаттан, және ӘК ұшу эксплуатациясы саласында базалық авиациялық даярлығы бар тұлғалар үшiн ХХХ сағаттан кем болмауы тиiс.
      253. Бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бағдарламасының көлемi ХХХ сағаттан кем болмауы керек және онда оқу бағдарламаларымен бекiтiлген салалық модульдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласына қатысты заңнамасымен анықталған қосымша элементтер болуы шарт.
      254. Осы Типтiк бағдарлама авиациялық қызметкердiң куәлiгiн алу немесе бiлiктiлiк бағасын қою үшiн әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның құзыреттiлiк шегiн анықтайды.
      255. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның осы Типтiк бағдарламасында оқытудың басқа формалары үшiн оқу бағдарламасын жасағанда өзгерiске ұшырауы мүмкiн модульдiк принцип (форма) көрсетiлген.
      256. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша маманның осы Типтiк бағдарламасында кәсiби даярлықтың оқу процесiнде және оны аяқтағаннан кейiн бiлiктiлiк деңгейi әр пән бойынша тиiсiнше (1,2 және 3) деп бағаланатын авиациялық қызметкердiң куәлiгiн немесе ӘК-нiң А, В1, В2, В3 және С санаттарына техникалық қызмет көрсетудiң (әрi қарай – ТҚ) бiлiктiлiк бағасын алу үшiн қандай базалық бiлiм(индикаторы) алуы керек екендiгi көрсетiлген.
      257. С санатына үмiткерлер В1 немесе В2 санаттарының базалық бiлiм деңгейiне сәйкес болуы тиiс.
      258. Базалық бiлiм индикаторлары белгiлерi және мақсаттары бойынша шектесiп жатады:
      1) 1 деңгей – заттың принциптiк элементтерiмен таныс;
      2) үмiткер заттың базалық элементтерiмен таныс болуы керек;
      3) үмiткер жалпылама сөздер мен мысалдар келтiре отырып тұтас нысанды сипаттап беруге қабiлеттi болуы керек;
      4) үмiткер типтiк терминдердi қолдана бiлуi тиiс.
      2) 2 деңгей – заттың теориялық және тәжiрибелiк аспектiлерiн жалпылама бiлу және бұл бiлiмдi қолдана алу қабiлетi:
      үмiткер заттың теориялық негiздерiн түсiне алуы керек;
      үмiткер мысал келтiруге қажет заттың жалпы сипаттамасын беруге қабiлеттi болуы тиiс;
      үмiткер сипаттап тұрған заттың физикалық заңдарына сәйкес математикалық формулаларды пайдалана бiлуi керек;
      үмiткердiң эскиздердi, суреттердi және сызбаларды, сипатталған нәрселердi оқи алатын және түсiне алатындай қабiлетi болуы керек;
      үмiткер детальдi процедураларды қолдана отырып өзiнiң бiлiмiн тәжiрибеде пайдалана алатындай болуы керек;
      3) 3 деңгей – заттың теориялық және тәжiрибелiк аспектiлерiн егжей-тегжейлi бiлу және қисынды әрi жан-жақты мәнерде бiлiктiлiктiң жекелеген элементтерiн бiрiктiру және қолдану:
      үмiткер заттың теориясын және оның басқа пәндермен өзара байланыстылығын бiлуi тиiс;
      үмiткер заттың теориялық негiздер мен өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты затты жан-жақты сипаттап бере алуы тиiс;
      үмiткер затқа қатысты математикалық формулаларды түсiнуге және пайдалана бiлуге тиiс;
      үмiткер эскиздердi, қарапайым суреттердi және сызбаларды, сипатталған затты оқи, түсiне және жасай бiлуге тиiс;
      үмiткер өндiрушiнiң нұсқаулығын пайдалана отырып өзiнiң бiлiмiн iс жүзiнде қолдан бiлуi тиiс;
      үмiткер әртүрлi дереккөздердiң нәтижелерi мен өлшем шараларын түсiнуi және керек болса өз әрекеттерiн түзетуi тиiс;
      Әр санат үшiн «Х» белгiсiмен белгiленген әрбiр пайдаланылатын зат модульдерiн келесi қалыпқа сәйкес келетiндей етiп базалық затқа жинастыру керек және барлық модуль осы Үлгiлiк бағдарламаның 22-қосымшасында берiлген.

19 Бөлiмше. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша
қызметкерлердi даярлауға кәсiби типтiк бағдарламалар

      259. Осы әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша қызметкерлердi даярлауға кәсiби типтiк бағдарламалар ұйымдастыру, тәртiп және минималды көлемдi кәсiби дайындыққа, сонымен қатар өзiндiк қызметке рұқсатнама ұстанымын айқындайды:


      1) ұшу басшылықтары (ұшу басшысының мiндетiн атқарушы аға диспетчердi);
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсетушi диспетчерлердi;
      3) әуе қозғалысын жоспарлаушы, бақылаушы және үйлестiрушi диспетчерлердi;
      4) брифинг диспетчерлердi.
      260. Әуе қозғалысына қызмет көрсету (әрi қарай - ӘҚҚК) және әуе қозғалысын жоспарлау (әрi қарай - ӘҚЖ) мамандарын кәсiби даярлау мамандықты игеруде, жаңа технологиялармен танысудағы немесе қызметтiк шеңберiнiң аумақтауында, апаттық, штаттық емес жағдайларда және жүйенiң жұмыс iстеу қабiлетiнiң нашарлаған жағдайында қызметтiк мiндеттердiң орындалу талаптарына сай ұйымдастырылады.
      261. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуына алғашқы дайындық бастапқы, бiлiктiлiк бiлiм мен дағдының алуына, сонымен қатар жетiлуiн қамтамасыз етедi.
      262. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының қайта даярлануы жұмыстың жағдайы мен мiнездемесiнiң, жүйенiң құрылымының, мамандықтың, жұмыс пiшiнiнiң өзгеруiне, сонымен қатар бiлiктiлiк белгiнiң алуына байланысты жүргiзiлiп отырады.
      263. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының кәсiби деңгейлерiн қолдау ұжымдық қызметтiң дағдыларын, жүйе мен жабдықтардың өзгерiстерiмен танысуын, жаңа процедуралар мен тәжiребиелердi үйренуiн, апатты, қауiптi және штаттық емес жағдайлардағы iс-әрекеттерiн, сонымен қатар жұмыстан 6 ай үзiлiстен кейiн кәсiби дағдыларын қалпына келтiрудi қоса алып қайта қарауды, бекiтудi, бiлiмi мен дағдысының кеңейюiн қамтамасыз етедi.
      264. Диспетчерлiк пункттердiң (жұмыс орны) белгiлеуi авиациялық қызметкерлерге куәлiк беру ережелерiнде ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет