«Сыбайлас жемқорлық құқығы» пәні бойынша «050301 – «Заңгер» мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Тақырып 4 Экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар



бет2/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#192098
1   2   3   4   5

Тақырып 4 Экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар

Заңсыз кәсіпкерлік

Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтау

Сұрақтар:

1. Қылмыс объетісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.


1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу міңдетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясьо) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асьфу, сол сияқгы кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа,
ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өңдірумен, сақгаумен не өткізумен байланысты болса - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жүмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеқдегі жалақысының неме­се өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекетті:

а)үйымдасқан топ жасаса;

б)аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырып;

в)заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса, -жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппүл салуға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.


  1. Осы Кодекстің 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс ірі мөлшердегі табыс деп, ал сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс - аса ірі мөлшердегі табыс деп танылады.

  2. Осы Кодекстің 190-бабында құны жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны ірі мөлшердегі тауарлар деп танылады.

190-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.16. № 430; 2002.12.21 № 363 Заңымен.

  1. Заңсыз кәсіпкерліктің қоғамға қауіптілігі сонда, мұны жасаудың нәтижесінде мемлекёттің экономикасына зиян келеді.

  1. Бұл әрекеттің объектісі - қалыпты экономикалық қызмет.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтьщ жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Занды түлға-ларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңцы тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке түлғалар 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерліқ туралы» ҚР Заңы негізінде тіркеледі.

Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу қүқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер заңда, өзге де қүқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткен соң лицензия күшін жояды.

3. Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау - түтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала қүрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады.

Егер:


а) тіркелмеген болса;

б) арнайы рүқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса;

в) лицензиялау шарты бүзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады.

Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс.



  1. Азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға зиян келсе, ол ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 189-бабына ескертуді қара).

  2. Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс-әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен үшта-сатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.

  3. Бүл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам.

  4. Заңсыз кәсіпкерлік - қылмыстың сараланған түрі деп сараланады, егер оны үйымдасқан топ жасаса немесе ол ірі мөлшердегі табыспен үштасса не оны заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызметі үшін бүрын сотталған адам жасаса.

Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).

Егер адам бүрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз банктік қызметі үшін бүрын сотталған деп танылады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

  2. Қылмысты аурлататын түрлері.

Заңсыз банктік қызмет

Дәріс мақсаты: Заңсыз банктік қызмет объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызынашу

Сұрақтар:

1. Қылмыс объетісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.

1. Банктік қызметгі (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицен­зия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия­лау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасса - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшеріңде айыппұл салуға не елу аилық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекетті:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) аса ірі мөлшердегі табыс табумен уштастырып жасаса;

в) заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам жасаса, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

1.191 -бапта келтірілген қылмыстық-қүқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады. Заңсыз банктік қызметтің (191-бап) қүрамы заңсыз кәсіпкерліктің (190-бап) жалпы қүрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше. Азаматтар мен заңды түлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

3. Банктік қызметтің (банктік операциялардың) кейбір түрлерін лицензиялау түтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады.

Егер, мына нышандардың біреуі болса:

а) тіркелмеген;

б) арнаулы рүқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол алынбаған;

в) лицензиялау шарты бүзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады.

4. Бүл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге не ірі мөлшердегі табыспен үштасуы тиіс.

Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгілен-ген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға үйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп таны­лады. (189-бабына ескертуді қара). Айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп мөлшердегі табыс ірі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).



  1. Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рүқсат (лицензия) керек бола түра он-сыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бүзғандығын, өзінің іс-әре-кеті нәтижесінде азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін немесе өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен үштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.

  2. Бүл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам.

  3. Заңсыз банктік қызмет қылмыстьщ сараланған түрі деп саналады, егер оны үйым-дасқан топ жасаса немесе ол ерекше ірі мөлшердегі табыспен үштасса не оны заңсыз банктік қызметі немесе заңсыз кәсіпкерлігі үшін бүрын сотталған адам жасаса.

¥йымдасқан топ - қылмыс жасау үшін жақсы үйымдасқан, қылмыстың күрделі түрлерін бірлесіп орындай алатын топ. Ол түрақты болады, бір немесе бірнеше қылмыс жасауды мақсат түрады.

Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).

Егер адам бүрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсіпкерлігі үшін бүрын сотталған деп танылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

  2. Осы қылмыстың санкциясы.

Жалған кәсіпкерлік


Дәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтау

Сұрақтар:

1. Қылмыс объетісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.

Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген ком-мерциялық ұйым құру - екі жузден бес жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысының неме­се өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



  1. Бұл қылмыстың объектісі - заңға негізделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастар.

  2. Қылмыстың объективтік жағы - кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзе-ге асыру ниеті болмаса да коммерциялық ұйым құру, нәтижесінде азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру.

Коммерциялық ұйым құру дегеніміз - пайда түсіруді мақсат түтып заңцы не-гізде ұйым құру үшін жасалынған іс-әрекет. Тіркелген және бірыңғай мемлекеттік тізімдікке кірген кезден бастап коммерциялық ұйым құрылған болып саналады.

Азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген жағдайда жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды.



  1. Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының зандарында белгілен-ген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға үйымға не мемлекетке зиян келтірсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады (189-бабына ескертуді қара).

  2. Бүл қылмыстың объективтік жағының міндетті түрдегі нышаны - жалған коммерциялық үйым қүру мен ірі зиян келтіру түріндегі салдар арасында себептік байланыстың болуы.

  3. Бұл қылмыс тікелей ниетпен жасалынады және оны жасағанда жалған кәсіпкерлік жолымен несие алуды немесе салық төлеуден босатуды, басқадай мүліктік пайда көруді, тыйым салынған қызметті бүркемелеу (лас ақшаны заң-дастыру) мақсат түтады.

  4. Қылмыс объектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

  2. Қылмысты аурлататын диспозициясы.

Тақырып 5 Заңсыз алынған ақалай немесе мүліктік заттарды саралаудың негіздері

Дәріс мақсаты: Заңсыз сыйақы алу субъектісіне түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу

Сұрақтар:

1. Қылмыс объетісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.

Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекетгік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің немесе оған теңестірілген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес үйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет кврсетулерді заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Бірнеше рет немесе ірі мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыс-тарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра оты-рып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетілген қызметтің құны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, заңсыз сыйақы алу ірі мөлшерде жасалған деп танылады. 224-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.



Бұл қылмыстың объектісі - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қалыпты жұмысы.

Қылмыстың объективтік жағы қатардағы қызметкердің, яғни мемлекеттік ұйымның лауазымды адамы болып табылмайтын қызметкердің, сол сияқты мем-лекеттік емес үйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндет-тері шеңберіндегі жүмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материал-дық сыйақы, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді алуы. Қылмыстың объективтік жағының міндетті нышаны - заңсыз сыйақыны қорқыту тәсілімен алу.Заңсыз сыйақы алу дегеніміз - субъектінің орындалған жүмыс үшін төленетін ақыдан артық ақша, тауар, ішімдік, т. б., сондай-ақ жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсету ретінде сыйақы алуы. Мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуге ойын-сауықтық және басқа шараларға билет, санаторий, демалыс үйіне жолдама алу, жеңілдік бағамен тауарлар сату, т. б. жатады. Айыптының жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін сыйақы алған уақыттың жәбірленуші үшін қажетті жүмыстың немесе қызмет көрсетудің орындалуына дейін немесе одан кейін алғандықтың маңызы жоқ. заңсыз сыйақы алу мемлекеттік және басқа да үйымдарда орын алуы мүмкін. Қорқытып алу дегеніміз - субъектінің сыйақы беру немесе жеңілдік жасау не қызмет көрсету жайындағы талапты тікелей қоюы ғана емес, сыйақы төлеуге немесе жеңілдік жасауға не қызмет көрсетуге клиентті мәжбүр ететін жағдай ту-дыруы да. Қорқытып алу, сонымен қатар, заңсыз сыйақы алу үшін қандай да бір кедергіні әдейі жасаумен немесе оны себеп етумен, жұмысты орындаудан немесе қызмет көрсетуден тіке бас тартумен немесе әдейі кешіктірумен де сипатталады. Заңсыз сыйақыны тапсырыс берушінің ынтасымен алу, егер қорқытып алушылық орын алмаса, қылмыс болып табылмайды. Сыйақы алуға негіз болған атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет сыйақы алушының жарғыларда, нұсқауларда, ережелерде, еңбек шарттарында, контракттерде көрсетілген қызметтік міндетті шеңберінде болуға тиіс. Бұл жағ-дайда қызметкердің өз міндетін тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бой-ынша атқарғандығының маңызы жоқ. Сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді алған кез-ден бастап қылмыс аяқталған болып танылады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей ниетпен сипатталады. Айыпты өзінің заңсыз сыйақыны, жеңілдікті немесе қызмет көрсетуді қорқыту жолмен алып отырғандығын түйсінеді, соны тілейді.Қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік үйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкер немесе оған тендестірілген адам (түсінігі 307-баптың ескертуінде берілген). Қылмысқа басқа адамдар да, оның ішіңде, ҚК-тің 228 және 307-баптарына беріл-ген ескертуде көрсетілген адамдар да қатысушы болуы мүмкін, егер олар осы қыл-мысқа айдап салушылар, көмектесушілер немесе оны үйымдастырушылар болса. ҚК-тің 231 -бабының 3 және 4-бөліктерінде және 311 -бабыңда көзделген қылмыс-тан бұл бапта көзделген қылмыс, ең алдымен, қылмыс субъектісі бойынша өзгеше. Заңсыз сыйақы алудың сараланған түрлері - бүл қылмысты бірнеше рет не­месе ірі мөлшерде жасау. Егер, адамның алған сыйақысының сомасы немесе оған көрсетілген жеңілдіктің қүны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, заңсыз сыйақы алу ірі мөлшерде жа-салған болып саналады. Ірі мөлшерді анықгағанда әр түрлі адамдардан неше қайта-ра алған сыйақылардың жалпы сомасы емес, жеке алынған әрбір сома ескеріледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

  2. Қылмысты аурлататын диспозициясы.


Тақырып 6 Экономикалық контрабанда және рейдерство
Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъетівтік жағына түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу

Сұрақтар:

1. Қылмыс объетісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.


1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесеодан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құраддарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысы-ның мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бос-тандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) бірнеше рет;

б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып;

в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;

б) ұйымдасқаи топ жасаса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге, ал а) тарма-ғында көзделген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.

1. Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсанкелтіреді, себебі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгі-ленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.

Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі.



  1. Контрабанданың негізгі тікелей объектісі - мемлекеттің қаржылық қызметі.

  2. Қосымша объектісі - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.

Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұралары жатады.

  1. Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар.

  2. Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 7-бабы 39-тармағына сәйкес, «тауар дегеніміз» - материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық қүндылық, қуаттың электр, жылу неме­се басқа түрлері және «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын көлік, құрал-жабдыктар жатады».

Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгілен-ген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен қүндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.

  1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі берілген. Оған ғылыми, көркемдік, тариғи немесе мәдени қүндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі дәрмектер, радио-электрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто,мото көлік құралдары және басқалар кірген.

  2. Қылмыстың объективтік жағы - осы кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады.

  3. Қазақстан Республикасы Кеден кодексі 7-бабының 18-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз, -тауарларды және көлік қүралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байла­нысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулермен өткізу, құбыр мен тасымал­дау көлігін және электр жүйкесін пайдалану да кіреді». Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік қүралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру -Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік збналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен көлік қүралда-рын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда - «кедендік декларация беру».

Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда кедендік декларация беріледі. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының кедендікаумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркінқоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқазаттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарлар­ды кедендік аймақтан.алып шыққанда, сондай-ақ оларды Қазақстан Республика­сы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде - кедендік декларация берген кезден бастап кон­трабанда аяқталған қылмыс болып саналады.

Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:

а) кедендік бақылауды айналып өту;

б) кедендік бақылаудан жасыру;

в) кедендік үқсастыру қүжаттарын немесе қүралдарын алдап пайдалану;

г) декларация жасамау;



д) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу салынған заттар мен қүндылықтарды жалған декларациялау.

Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 18 шілдедегі Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысының 5-тармағына сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде - контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа органдарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізілетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасының арнайы заңына сәйкес кеден органдары белгіленген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік қүралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі. Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасьш тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады. Контрабанда жасаудың екінші тәсілі - тауарларды немесе өзге қүндылықтар мен заттарды жасыру, оларды қүпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру. Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады. Контрабанданың үшінші тәсіліңце кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақьшауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөрта-бандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады. Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, себебі құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әр түрлі қүнды ши-кізат пен материаддарды, қуат көздерін (мұнай, бензин, мазут), т. б. көптеген алып өтуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді. Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін қүжаттарды бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы ұшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бүл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің міндетті нышандары болып табылады. Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құнды-лықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декла­рация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды. Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді. Республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері кедендік шекара болып табылады. Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың қүны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

Қылмыстың субъективтік жағы - тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар мен басқа зат­ тарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адамойластыруы қажет.

Бүл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін себеп пен мақсат қалып қойған. Контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында ескеріледі. Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, адам өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, кеден бақылауын жүргізушіге күш қолдану жатады. Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан көп рет жасалынса. Бүл жағдайда контрабанда үшін бүрынғы соттылығы-ның алынбағаны немесе жойылмағаны, не бүрын жасаған контрабандасы үшін адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс. Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған адамға қызметтік боры-шы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан Республикасының мем-лекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды немесе басқа құнды-лықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге рүқсат беретін адам жатады. Өз қызмет бабын пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабанда лауа-зымдық қылмыстар заңының баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қоддану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нышанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапка тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысының 9-тармағы). Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз - күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру, т. б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамын өлтірсе, ҚК-тің 206 және 96-баптарының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.

Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе өлтіремін деп қорқытады.Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3-бөлігінде қарастырылған: а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) контра­банданы ұйымдасқан топ жасаса.

210-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен.

211-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен.

212-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен.

213-бап. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау ¥йым басшысының Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қайтармауы - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған дел танылады.1. Қылмыстың тікелей объектісі - есеп айыруды шетел валютасында жасалатын сыртқы экономикалық қызметтің валюта реттеу саласында қалыптасатын
қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша объектісі - шетел валютасында есеп айыруды жүргізу тәртібі. Қылмыстың заты - шетел валютасы, яғни шет мемлекеттің валютасы (Қазақ-стан Республикасының 1996 жылғы 24.желтоқсандағы «Валюталық реттеу тура­лы» Заңының 1-бабы).

Қылмыстың объективтік жағы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының уәкілетті банкісіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты, мүмкіндік бола түрып шетелден ірі мөлшерде қайтармау түріндегі әрекетсіздік. Бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын шетелдік валютадағы қайтарылмаған қаражат со­масы осы бапқа берілген ескертуде ірі мөлшер деп анықталған. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес, резиденттердің ҚР Ұлттық Банкі белгілеген тәртіпте уәкілетті банктерде шетел валютасында шоттары болуы мүмкін. Тауарлар мен қызмет үшін төлем ретінде, сондай-ақ несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы уәкілетті банктердегі олардың шотына міндетті түрде аударылуға тиіс, егер осы Заңның 4-бабына сәйкес сол резидент алған ҚР ¥лттық Банкінің лицензиясында басқадай көздел-меген болса («Валюталық реттеу туралы» Заңның 8-бабы). Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипаттала-ды. Айыпты адам өзінің Қазақстан Республикасының уәкілетті банкке аудары-луға жататын шетел валютасындағы қаражатының шетелден ірі мөлшерде қай-тарылмай отырғандығын түйсінеді және соны тілейді.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

  2. Қылмысты аурлататын түрлері.

РЕЙДЕРСТВО (226 бап ҚК РКҚ


Бүкіл әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттердің көптеген жеке меншік компаниялары үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселелердің бірі болып бөтен кәсіпті рейдерлік басып алу болып табылады. Көптеген Оңтүстік Америка мен Африка елдері, және де бұрынғы Кеңес өкіметі елдері азаматтары рейдерлікті өз елінің қаңғыбасы деп атайды. Көптеген аналитиктер рейдерлік – ол, Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде « араздық жұтылу » деп аталады деп тұжырымдады. Алайда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінің осы екі мәселесін қадағалау арқылы мынадай қорытындыға келуге болады, яғни бізде жасалған «рейдерлік» және алыс шетелде жасалған «араздық жұтылу» ол тек компанияны жаулап алу мақсатынан басқа ортақ ештеңесі жоқ. Бірақ та егер компания жауласқан жағдайда, жаулап алуға ұмтылса жай ғана « мақсатты компания » немесе « компания – мақсат » болады, егерде рейдерлік болған жағдайда бұл компания, анығырақ оның меншігіндегілер немесе менеджерлері қылмыс жасалған жағдайда « жәбірленуші » статусын алады. Рейдерліктің астарынан, кәсіпті адал иеленушілерді оларды меншігінен айыру және қылмыстық жазалаушы мен заңды емес шараларды қолдану арқылы мақсатты компанияларды басып алу жөніндегі басқыншылық саясат жүргізетін құқыққа қарсы әрекеттерді түсіну керек. Осындай жағдайларда компания – басқыншы басып алу үшін күш қолдану, қорқыту, басқа да криминалды құқыққа қарсы шараларды қолданады. Әдетте рейдерлік – ол экономикасы жеткіліксіз дамымаған, заңнамасы жетілмеген, жемқорлық деңгейі жоғары дамушы мемлекеттерге тән құбылыс. Өкінішке орай, Қазақстан бүгінгі күні жеке құрылымдағы меншік иелерінің құқығын толық қорғауға мүмкіндік беретін, жетілген заңнамасымен ерекшеленбейді. Бөтен мүлікті басып алу бойынша рейдерлік әрекеттер әрқашан рейдерлік шабуылдардың құрбандары болған компания иеленушілері үшін мүліктік және моральдық зиян келтірумен сипатталады және де ереже бойынша елеулі зардаптарға, күтпеген шығындарға, мүлік пен ақша жоғалту, абыройы мен қадір – қасиетіне тіл тигізу, атағын түсіру және т.б. жағдайларға әкеп соқтырады.

Компанияларды бақылауға алу мен ұстап қалу көптеген жағдайларда криминалды құрылымдарды қолдану мен мемлекеттік қызметкерлерді сатып алу сияқты күштеу тәсілдері арқылы жүзеге асады. Бізде елімізде 90 – жылдары рэкеттердің бандиттік белсенділігіне құқықтық қарсы әрекет механизмінің жоқтығы салдарынан 2 – 3 жыл ішінде ондаған тұрақты криминалдық топтар, олардың ішіндегі ең негізгі әрекет түрлерінің бірі болып рейдерлік болып табылды, яғни ол бөтен кәсіпті қару қолдану, қорқыту, бопсалау, зорлық, алаяқтық, тонау, мемлекеттік органдардағы жемқорлық байланыстар және т.б. арқылы басып алу. Осындай жағдай 90 – жылдары көршілес елдерде – Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және т.б. елдерде қалыптасты. Посткеңестік кеңістік елдерінде 1990 – 2005 жылдар аралығындағы біріктіру мен жұтылу нарығы саласындағы жағдай, көптеген аналитиктердің пікірінше, ХХ ғасырда АҚШ – ғы жағдаймен теңестіріледі, яғни онда « барон – грабители » басшылық еткен кезде. Рейдерліктің объектісі болып ереже бойынша, жұтылу жағдайындағы жете бағаланбаған компаниялар емес, керісінше бағалы активті, кадрлармен, ақпараттық және өндірісітік технологиялармен жабдықталған тиімді және пайдалы компаниялар болып табылады. Рейдерліктің өзіне тән ерекше елеулі белгілері бар: ол жүйелілік, залал келтіру, криминалдылық. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, жүйелілік күшіне байланысты рейдерлікті криминалдық кәсіптің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Рейдерлік басып алу тәсілдері бойынша жүргізілген сараптама негізінде, рейдерлікті екі санатқа бөліп қарастыруға болады:



  1. алаяқтық сипатта болуы;

  2. күш сипатында болуы.

Алаяқтық сипаттағы рейдерлікке, құқыққа қарсы келесі әрекеттерді жатқызуымызға болады:

  1. Бағалы қағаздардың, құрылтай құжаттарының, фирма органдарының басқарушылары мен өзге мақсатты компаниялар құжаттарының шешімдерін ұрлау мен жалған жасау. Ресейде, мысалға дамыған елдерде мүлдем басқа маңызға ие, акционер тізілімін ұрлау тәсілі әлдеқайда танымал. Ресейде көптеген акционерлік қоғамдар бұл, ережеге сәйкес, егерде акцционерлерінің саны кем дегенде 50 болса, және компаниялар бухгалтерлік кітапта немесе электронды түрде акционерлердің тізімін өздері жүргізеді. Компания – бұл фирма акционерлерінің әрқайсысында қанша акция бар екендігі туралы ақпарат сақталатын бірден – бір орын болып табылады. Рейдерлермен жалданған қарақшылар қандайда бір жолмен акционерлер тізіліміне қол жеткізеді, оның көзін құртып және жаңа тізілім жасайды, немесе соның салдарынан құжаттың түпнұсқасы мен акционерлер тізілімі жойылған компания акцияларына меншік құқығын дәлелдеуге шамасы жоқ мақсатты – компаниялардың адал меншік иелерінің құқықтарын даулау туралы қажетті соттың шешімін алады;

  2. Бақылаушы және құқыққорғау органдары жағынан мақсатты – компания қызметіне барлық мүмкін тексерулерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарда жемқорлық байланыстарды қолдану. Осындай тексерулердің мақсаты құқыққорғау, салық және бақылаушы органдармен тексеріліп отырған ұйымның қызметінен көбірек бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Рейдерліктің осындай ұқсас тәсілі, өкінішке орай, көптеген дамып келе жатқан мемлекеттердің қазіргі экономикалық өміріндегі кәдімгі құбылыс болып табылады. Олардың қатарына Қазақстан да кіреді, яғни компания – басып алушы тек қана мемлекеттік органдардағы байланыстарын ғана пайдаланып қоймай, кейде олардың қарамағында болады немесе шенеуніктерге жанама тиесілі болады. Кейде қазақстандық әкімнің жуан мойынды жігіттерге бұйрық беріп, олардың көпшіліктің көзінше гүленіп келе жатқан жеке меншік компаниялардың бірінің мүлігін иеленіп алу үшін оның директорын соққыға жыққаны туралы естіп, кейде оқуымызда мүмкін. Ұрып – соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады, бірақ та « құқықтық тәртіпті қорғаушылар » рейдерлердің көмекшілері болып шығатындықтан, қылмыстық іс қылмыс құрамының немесе айғақтардың жоқ болуынан тоқтатылады.

  3. Мақсатты – компанияны өте арзан бағаға сатып алу үшін әртүрлі тәсілдермен, кейде мемлекеттік және сот органдарымен жемқорлық байланыстардың қолданылуы немесе мақсатты – компанияны банкрот деп жариялайтын құжаттарды ұрлау немесе жалған жасау арқылы компанияны жалған банкроттық жағдайына жеткізу. Кейде рейдерлер мақсатты компанияны банкроттыққа жеткізіп, оны арзан бағаға сатып алу үшін жалған жағдайлар жасайды.

Келесі рейдерство түрлеріне қорқытуылық мінездеме тән:

  1. Қаруды қолдану немесе қаруды қолданамын деп қорқыту;

  2. Бопсалау;

  3. Адам ұрлау;

  4. Қарақшылық, қорлық, денсаулыққа зиян келтіру және тағы басқа:

  5. Адам өлтіру.

Бұл жағдайда рейдерлер өздерінің күшін , сонымен қатар өздерінің жобаларын жүзеге асыру үшін криминалдық топтарды жалдаулары мүмкін. Дамушы мемлекеттерде рейдерствоны заңгерлердің сұлбасы бойынша құрастырылған бандиттер мен рэкеттерге, күзет жүйесіне кейде сот орындаушыларымен орындалатын басып алудың ең оңай пішіні деп көрсеткен.

П.А. Астаховтың ойынша, рейдерствоның аса жаман қасиеттерінің бірі: жеке өзіне бір рубль ұтқанымен олар барлығына миллионға зартап келтіріп, арттарынан тек жанған жерді ғана қалдырады деген. Мысалға Кмреевтың айтуы бойынша: Мәскеу үкіметінің қорытындысы бойынша 2004 жылдың аяғына дейін Мәскеу аумағының өзінде рейдерлік іс-әрекеттерді 100-ге жуық топтар іске асырған.

Қазіргі экономикада рейдерлік мәселелер өткір болып тұр. Қоғам меншік құқығының қорғалуының қажеттілігін ұғынғанда және оған қарсы ешқандай жүйенің жоқ екендігін білгенде ол (рейдерство) макроэкономикалық факторға айналады.

Бизнес иелерінің құқықтарын қорғауда елеулі роль атқаратын және мемлекеттік компаниялардың экономикалық дамуына үлес қосатын корпоративтік құқық қазіргі кезде Қазақстанда аса дамымаған.

Қазақстандық заң шығарушылар көп жылдар бойы Ресейдің заңдарының көірмелерін қолданған, алайда ақырғы жылдарда олар экономикасы дамыған мемлекеттердің заңдарына өз көз қырларын салуда.

Кейбір шетел әдебиеттерінде рейдерствоның орындалуына байланысты оны 3 түрге бөледі. Олар:



  1. Ақ- заңды түрде компанияны құрту немесе “гринмэйл” (greenmail). Гринмэйл сөзінің астарында мына мағына жатыр: акционер иесін күш қолданбай басып алуға бағытталған корпоративтік бопсалау.

  2. Сұр- алаяқтық іс-әрекеттермен байланысты. Яғни бұнда нормативтік актілерді заңды түрде бұрмалай отырып сонымен қатар мемлекеттік органдардағы адамдармен коррупциялық байланыс орнату арқылы компанияны банкроттыққа отырғызу және тағы басқа іс-әрекеттер.

  3. Қара- ашық күш қолдану арқылы компанияны басып алу. Ресей әдебиеттерінде бұл “кү қолданатын кәсіпкерлік” деп көрсетіледі.

2005 жылдан бастап Ресейде де Қазақстанда да рейдерлер тактикаларын өзгертті. Олар “қара” рейдерстводан “сұрға” көшкен болатын. Алайда А.Волковтың және А.Приваловтың айтулары бойынша бизнес иелері заңмен қорғалғанмен де қоғамдағы рейдерлік әрекеттер әлі де өз күшінде. Мысалы: Ресей консалтинг агенттерінің мәліметтері бойынша Ресейде жыл сайын 60-70 мың рейдерлік шабуылдар болады делінген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей дұшпандық құрту мен рейдерствоның түсініктерінің араласуы мүмкін емес, себебі олардың обьективтік және субъективтік мінездемелері әр түрлі. Осыған орай “ақ рейдерство” немесе “гринмэйл” деп аталатын дұшпандық құртуды “рейдерство” ретінде түсінуге болмайды, өйткені дұшпандық құртуда ең басты рейдество элементі болмайды, яғни дұшпандық құртуда қылмыс құрамы толық болмайды. Сонымен қатар рейдерствоның түріне, алаяқтықпен немесе күшпен орындалу әдістемесіне қарамастан қылмыстық заңдармен қудаланатын қауіпті әрекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде рейдерствоның орындалуына немесе орындалғанына байланысты жауаптылық түрлері көрсетілген. Еліміздегі барлық рейдерстволық әрекеттер өкінішке орай дұрыс саралана бермейді, көбінесе ол іс-әрекеттер “дұшпандық құрту” немесе “национализация ” ретінде өзгертіліп сараланады.

Көптеген ірілі-ұсақты қазақстандық бизнес иелері ол шенеуніктер екені құпия емес. “Transpareny Kazakhstan” атты антикоррупциялық қоғамдық фондтың басқарушы төрағасы В.Воронов былай деген: біздің еліміздегі рейдерство мен рэкеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады. Погондағы адамдардың кандайда бір шенеуліктердің тапсыры бойынша келуі, “ағасының” немесе криминалдық топтың басып алуы арқылы келуі мемлекеттік рэкетпен жаппай қаралады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін ең қорқынышты көрініс- бұл әрекеттерге соттардың қатысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет