Тақырып11 Пара алудың жалпы мінездемесі
Дәріс мақсаты: Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері бойынша ажыратуды түсіну
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер, мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, -жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығын шектеуге, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айьфып, мүлкі тәрюленіп немесе онсьп нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді жасауы, сол сияқты заңсыз іс-әрекет(әрекетсіздігі) үшін пара алуы - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дсйінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
в) ірі мөлшерде;
г) әлденеше рет жасалса -
мүлкін тэркілеп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Бес жүз айльіқ есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп танылады. , 2. Егер сыйлықтың қүны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызмет-тер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе озге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендігіне бай-. ланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады.
311-бап жаңа редакциада - ҚР 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен.
-
Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу -қоғамға қауіп төндіретін құбылыс болып табылады. Аталған қылмыстар мемле-кеттік қызмет мүдделері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Аталған үш қылмыс қүрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдеттегідей, бүл қылмыстар бір-бірімен байланыса отырып жүзеге асырылады. Параның заты болып заңмен белгіленгендей ақша, бағалы қағаздар, мүлікті иемденуге қүқық беретін заттар, сондай-ақ пайдақорлық си-паттағы өзге де жеңілдіктер болып саналады.
-
Пара алуда ақша болып, яғни қылмыстың заты ретінде Қазақстан Респуб-ликасының үлттық банкнотты ақша белгісі бар (валюта) немесе басқа да мемле-кеттердің қаражаттары табылады. Ең басты ақша параның заты ретінде таны-луы үшін біздің немесе басқа да елдердің қаржылық айналымында орын алуы керек. Егер қаржы айналымында болмаса да, өзінің қүндылығы немесе қымбат екендігімен бағаланса (мысалы, алтын, күміс т. б.) параның заты ретінде «өзге де мүліктер» деген түсінікті қүрайды.
Бағалы қағаздар деп - мүліктік қүқықтарға ие оолуға сешм ииідірсип, лт« солардың көмегімен қажетті заттарға ие болуға мүмкіндік беретін қүжаттарды (чек, вексель, депозит, сертификат, коносамент т. б.) түсінуге болады. Өзге де мүліктерге материалдьщ қүндылығы бар, қандай да болмасьш (ювелирлік бүйымдар, жиһаз, көлік, түрмыстық техника, киім тағамдар т. б.) заттар жатады. Параның заты ретінде пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып, тегін түрдегі көрсетілген ақылы қызметтер, мүлікке қүқық беретін жеңілдіктер (қүры-лыс, жөндеу жүмыстарын жүргізу; санаториялық немесе туристік жолдамаларды, жол билеттерін алып беру; жеңілдік жағдайындағы қарыз немесе несие алуға жәрдемдесу және т. б.) саналады. Алған параның мөлшері, жалпы зандылықтарға сәйкес оның әрекетіндегі қылмыс қүрамының бар немесе жоқ екендігін шешу ба-рысында маңыздьшығы болмайды. Сонымен қатар ҚК 9-бабы екінші бөлігінің осы әрекеттерге де қатыстылығы бар екендігін білуіміз қажет. Осыған байланысты заң шығарушы ҚК 311-бабы 2-ескертуінде, егер сыйлықтың қүны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға қүқық алу бүрын жасалған занды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ал-дьш ала уағдаластық болмаған жағдайда, маңызы аз екендігіне байланысты қыл-мыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады деп белгілеген. Қылмыстың субъективтік жағы болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілғен адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әре-кетсіздігі) үшін, түріндегі пара алуы, егер мүндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайы-на байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі табылады. Пара алу эр түрлі нысанмен жүзеге асырылады: заттай, ақшалай немесе мүлікке қүқығы, не мүлік сипатындағы пайда түрінде алуы т. б.
Аталған қылмыс қүрамының міндетті белгісі ретінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның әрекетімен, пара бе-рушінің немесе оған делдал адамның арасындағы келісімділік байланысы болуы қажет. Соның ішінде бүл әрекет (әрекетсіздік), пара алушы лауазымды адамның қызмет жағдайымен байланысты (мысалы, тергеуші өзінің жүргізуіндегі қылмыс-тық істі тоқтатуы) болатындығында. Кейбір жағдайда қызметтің лауазымдық жағ-дайымен байланыссыз түрғыдағы пара алуы орын алады (мысалы, аудан әкімі өзінің дәрежесін пайдаланып субъектінің салық төлеу жа-уаптылығынан босатуы). Пара алу тек нақты келісімді әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар қамқор-шылық немесе қызметі бойынша жол беруі (еңбектік тәртіп бүзғандығын ескер-меу, жасырып қалуы т. б.) арқылы жасалады.
Пара алу - қылмыстың формальды қүрамына жатады. Қылмыс - пара алу-шының пара алғайсәтінен, яғни сол пара алғандығы үшін пара берушіге қажетті жағДайларды жасауы немесе толық орындалуына қарамастан аяқталады. Осыған сәйкес пара алушы, параның толық немесе жартылай алынғандығы-ның маңыздылығының жоқ екендігін біле алмауы мүмкін. Демек, заң бойынша ешқандай маңыздылығы жоқ. Егер пара жартылай алынып, бірақ ірі мөлшерде деп танылса, онда мүндай жағдайда ол ірі мөлшерде пара алуға оқталу деп ескерілінеді. Сол сияқты жалған ақша, не болмаса адамға баиланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе пара алуға оқталу деп ескерілінеді (мысалы, әрекеттің құқық қорғау органдарымен тоқталуы). Мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын жасалған занды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, оның қылмыстық жауаптылыққа маңыздылығы болмайды.
5. Пара алудың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық болып танылады. Субъект пара алуы туралы білмеуі және оны алуды тілеуі қажет. Сонымен қатар кінәлі аталған әрекеттерді орындамағандағы үшін пара алуы қажет екендігі туралы ниеті қамтылуы тиіс. Ең бастысы, лауазымды адамның пара алуға өз еркі болғандығын анықтауы-мыз қажет. Егер лауазымды тұлғаға қамқоршылығы үшін өз еркінен тыс келісімсіз пара үсынылса пара алудың белгілерін құрамайды. Аталған қылмыс қүрамының субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам танылады. Егер субъект пара алу мақсатында өзін жалған түрде лауазымды түлға ретінде көрсетсе оның әре-кеті пара беруге айдап салушы ретінде дәрежеленеді.
-
ҚК 311-бабы екінші бөлігі, дәрежеленген қылмыс қүрамы, яғни лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді жасауы, сол сияқты заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуын белгілейді. Заңсыз іс-әрекет деп мемлекеттің занды мүдделерін бүза отырып, теріс әрекеттер жасауын айтамыз. Егер заңсыз іс-әрекеттер қыл-мыс болып танылса, ондай жағдайда осы әрекеттерді 311-баптың 2-бөлігімен және ҚК сәйкес баптарының жиынтығымен (тонау, қызмет өкілеттігін теріс паңдала-ну, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу заңсыз қылмыстық жауаптылықтан бо-сату т. б.) дәрежеленуі тиіс.
-
ҚК 311 -бабының 3-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты көздеген (ҚК 307-бабының талдауын қараңыз).
Осы баптың төртінші бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін кйздеген:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе үйымдасқан топ;
в) ірі мөлшерде;
г) әлденеше рет жасалса.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 жел-тоқсандағы № 9 қаулысының 8-ші тармағы «лауазымды адамның пара берушінің занды мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелінетінін айтып қорқыту әрекет-терін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің қүқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптар болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болуы жағдайы-на жеткізу» - параны қорқыту арқылы алу деп танылады.
Адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе үйымдасқан топтың түсінігі ҚК 31-бабында белгіленген. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 6-шы тармағымен сәйкес «лауазымды емес кісімен келісіп пара алған лауазымды адамның әрекеті бір топ адамның алдын ала келісіп пара алғаны ретінде бағаланбайды». Сондықтан адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ иелері тек лауазым иелері болуы тиіс.
Осы қылмыстың қүрамына кіретін субъектілер - лауазымды адам болып та-нылмаса, олар ҚК 27-бабына сілтене отырып, пара алуда қылмысқа қатысушы
болып танылады. Қылмыс аяқталған болып, параны ең болмағанда бір лауазымды адамның алған сәтінен бастап қылмыс жасалынды деп есептелінеді және бүл жерде пара берушінің пара алуға бірнеше лауазымды адамның қатысқандығы екендігінің білгендігі немесе ол туралы білмеуінің маңыздылығы болмайды.
Ірі мөлшердегі пара алудың түсінігі ҚК 311-бабының 1-ескертуінде белгілен-ген (бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын акдіа сомасы бағалы қағаздар-дың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың қүны ірі мөлшердегі пара деп танылады). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында белгіленгендей, бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша алын-ған параның мөлшері алынған бағалы заттардың немесе көрсетілген қызметтің жалпы қүны бойынша анықталады, ал негізсіз иемделген бағалы заттарды мем-лекет есебіне қайтару кезінде әрбір пара алушының ақшалай немесе материал-дық пайдасының мөлшері түрғысынан есептеледі. Егер ірі немесе ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бүл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса істелінген әрекет тиісінше ірі немесе аса ірі мөлшерде алынған пара ретінде сараланады.
Әлденеше рет жасалу - лауазымды адамның өзі немесе дёлдал арқылы (ҚК 11-бабында белгіленгендей) аталған белгілері бар әрекеттерді әлденеше рет жа-салуы деп танылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын түрлері.
Тақырып 12-13 Қызметтік жалғандық жасау
Дәріс мақсаты: Қызметтік жалғандық жасау түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтау
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1.Қызметтік жалғандық жасау, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқгы аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі, егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйым дарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар-ға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотгалған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады.
3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді, егер оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсет^кішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан жеті айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға, не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. Қызметтік жалғандық жасаудың тікелей объектісі болып мемлекеттік органдар мен жергілікті өзүн-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі табылады. Қызметтік жалғандық жасаудың заты болып ресми қүжаттар болады. Ресми қүжаттарға, мемлекеттік басқару органдарының атынан берілетін белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей мақүлдайтын немесе делдал бола алатын занды мәні бар жазба актілер танылады. Оларға: еңбек кітапшасы, оқу органдарының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнеткерлік, қызметкер куәлігі, көліктің техникалық паспорты, үкімнің көшірмесі т. б. Мемлекеттік емес органдардан берілетін қүжат-тар аталған қылмыстың заты болып табылады. Егер, мемлекеттік қызметшінің басқа бір органның атынан берген құжаттары осы қылмыс құрамының заты ре-тінде таныла алмайды. Қызметтік жалғандық жасау тек белсеңці түрге әрекет арқылы жасалынады. Құжаттарға қызметтік жалғандық жасауда оның жасалу тәсіліне қарай: материалды
және интеллектуалды болып екіге бөлінеді. Материалды түрдегі қызметтік жалғандық жасау болып ресми құжаттарға шын мәнінде оның мазмүнына материалды жасалған өзгерістер енгізуі (қол қою, мөрлерді ауыстыру, өзгертуі) танылады. Материалдық жалғандық жасауда құжат заңсыз немесе жалған болып есептелінеді.Интеллектуалды жалғандық жасау болып құжаттың белгілі бір бөлігі, яғни құжаттың нысаны сақталып бірақ, мазмүнына өзгертулер жасалынады. Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, аталған құжаттарға маз-мүнын бұрмалайтын түзетулер енгізу, фотосуреттер мен маркілерді ауыстырып жапсыру (сандарға, әріптерге, құжаттың күні, айлық белгілеріне т,. б.).Қызметтік жалғандық жасау формальды қылмыс құрамы болып табылады. Қоғамға қауіпті зардаптардың болуына қарамастан Қылмыстық кодекстің осы бабында көзделген әрекеттердің қандай да болмасын біреуі жасалынса қыл-мыс аяқталған болып саналады. Демек, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкі-летті адамның не оған теңестірілген адамныңресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, яғни осы көрінеу жалған құжатты қолдануы не болмаса Алдана алмауының маңыздылығы болмайды. Аталған мән-жайлар, сотпен жаза ша-раларын қолдануы барысында ескеріледі.
Қызметтік жалғандық жасаудың субъективтік жағы - тікелей қасақаналықты
көздейді, яғни ресми құжаттарға жалғандық жасаушы адам өзінің әрекеттерін
заңсыз екендігін біле тұра көрінеу мәліметтерді енгізуді, құжаттың мазмұнын бұрмалауды, қолдан жасалған құжаттар беруді тілейді.
Сонымен қатар бүл әрекеттер пайда мен артықшылық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалынады. Пайда мен артықшылық алуы деп қызметтік жалғандық жасау арқылы материалдық пайда табуы үшін жасалған әрекеттер деп түсініледі. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып мақсаты табылады. Олардың біреуі болса да жеткілікті. Қызметтік жалғандық жасаудың субъектісі болып аталған баптың 1-бөлігі бойынша мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам; 2-бөлігі лауазымды адам; 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам.
Қызметтегі әрекетсіздік
Дәріс мақсаты: Қызметтегі әрекетсіздік – жекелеген жаза тағайындаудың саралау мәселелері.
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
1. Қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетгі адамның не оған теңестірілген адамның взі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен ар-тықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік мшдеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың қүқықга-ры мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не терт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамньщ үш айдан бес айға дейінгі кезеңдеіі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айна лысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.
3.Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бос-тандығынан айыруға жазаланады.
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші беліктерінде көздслген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру-ға жазаланады. Аталған қылмыс қүрамының тікелей объектісі болып мемлекеттік орган-дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің қалыпты түрде жүзеге асырылуы табылады. Қосымша объектісі ретінде адамның өмірі мен денсаулы-ғы, меншік қатынастар, экономикалық мүдделері болуы мүмкін. Қызметтегі әрекетсіздіктің объективтік жағы, заңмен тікелей көрсетілген-дей белсенсіз жүрістің болуымен, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетп адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе үйым-дар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің міндеттерін орындамауы; бүл азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттщ заңымен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуымен сипатталады. Түскен зардап пен әрекеттің арасындағы себептік байланыстың орын алуы міндетті.
Қылмыстың субъективтік жағы - қасақаналықтың нысанымен сипаттала ды. Бұл нысанның орын алуы болып, қызметтегі әрекетсіздік мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар өздерінің қызметтік міндеттерін белгілі бір мақсатта орындамау табылады. Кінәлі адам өзі не басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің міндеттерін орындамауды сезінуі (үғынуы) тиіс.
Қызметтегі әрекетсіздіктің субъективтік жағының міндетті белгісі болып мақсат танылады: өзі не басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу; басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру.Қылмыстың субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам; 2-бөлігі бойынша лауазымды адам; 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын түрлері.
3.Қылмысты аурлататын диспозициясы.
Тақырып 14. Әскерилерге қатысты сыбайлас жемқорлық құқығы
2009 жылы әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық істері 3 есеге артығымен қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 27 тамызында Бас әскери прокуратураның алқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау мәселелері қаралды.
«Парақорлықпен байланысты қылмыс жасағандары үшін қорғаныс істері департаменттерінің (бұрынғы әскери комиссариаттар) 7 қызметкері, әскери құқық қорғау органдарының 6 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 4 лауазымды тұлғасы және шекара бақылауының 2 әскери қызметшісі ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада.
Бас әскери прокуратураның мәліметінше, қаржы қызметінің мамандары 25 млн теңгеден астам сомаға сеніп тапсырылған бюджеттік қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Сондай-ақ, қадағалаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, 49 млн теңгеден астам сомаға жанар-жағар май материалдарын ұрлағаны үшін 44293 әскери бөлімінің командирі А.Кожамберлиев пен осы бөлімнің ЖЖМ қоймасының бастығы А.Монкеев бас бостандықтарынан ұзақ мерзімге айрылды.
Бұрынғы пайдаланымдағы мүліктің шарты бойынша не барынша төмен сапасы және техникалық деректері анықталды. Осылайша, кешенді сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларының "Найза", "Семсер", және "Айбат" Израиль артиллериялық жүйесін сатып алудағы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірген шығын 18 млрд теңгеден асты. Бұдан басқа, қосылмалы тұлғалардың негізсіз көтерген бағасы бойынша тауарлар сатып алу және қызмет көрсету деректері анықталды.
Мәселен, Бас әскери прокуратураның мәліметінше, 2005-2007 жылдар аралығында Аэромобильдік әскерлері қолбасшысының орынбасары А.Балабанов "Клен Корпорациясы", "Орион" және "Прометей" ЖШС жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 44 шарт және 84,1 млн теңге сомаға атыс қаруының 5660 бірлігін жаңартуға 4 шарт жасасқан. Көрсетілген шарттағы 114 атаулықтан тек қана 28 атаулық 5 есе көтерме бағамен жеткізілген.
Мәселен, аталған шартқа сай коллиматорлық көздеу құралы Аэромобильдік әскерлеріне біреуі 119 мың теңгеден жеткізілген. Ал, оның бағасы Алматы қаласындағы аңшылық дүкенінде 22 мың теңге тұрады.
Алдын-ала деректер бойынша жеткізілген оптикалық аспаптардың көтерме бағасы шамамен 2 млрд теңгені құрайды. «Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 52-сінен (2008 жылы 18): Қорғаныс Министрлігі мекемелерінің және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері - 32 (немесе 62%), ҚР ҰҚК Шекара қызметінің - 10 (немесе 19%), ҚР ІІМ ішкі әскерлері және әскери-тергеу органдары қызметкерлері 3 қылмыспен тіркелген, ҚР ҚК әскери полициясы мен ҚР ҰҚК органдары қызметкерлері қылмысты Израиль азаматы әскери қызметшілермен бірігіп жасаған»,- делінген хабарламада.
Достарыңызбен бөлісу: |