«Сыбайлас жемқорлық құқығы» пәні бойынша «050301 – «Заңгер» мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет5/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#192098
1   2   3   4   5

Тақырып 15 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану

Дәріс мақсаты: Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану түсінігі ашу,түрлері анықтау


Сұрақтар:

1. Қылмыс объектісі.

2. Қылмыстық объективтік жағы.

3. Қылмыс субъектісі.

4. Қылмыстық субъективтік жағы.

Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе үйымдардың қүқықгары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қама-уға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостанды-ғынан айыруға жазаланады.

Жауапты мемлекетгік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан он айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айырып немесе онсыз сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:

а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

б) қаруды немесе арнайы қүралдарды қолдану арқылы;

в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен.

Билікті не лауазымдық қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, қызметтік өкілетгікті теріс пайдаланудың ерекше бір түрі болып танылады. Бұл қылмыс құрамының қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан (ҚК 307-бабы) айырмашылығы, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқыктары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатьш мүдцелерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтыруы танылады.

Қылмыс құрамының нақты белгілерін анықтау үшін, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет өкілеттігі шегін анықтауымыз қажет. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі болып - мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы танылады.
Қылмыстың объективті жағы бойынша бұл қылмыс мына міндетті белгілерімен сипатталады: мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі; азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуы; билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың нәтижесіндегі тигізілген зардаптардың арасындағы себептік байланыс.

Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы қылмыс құрамының белгілерінің болуы үшін, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамдардың қүқықтарымен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі, азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделердің елеулі түрде бұзылуы және осы аталған түлғалардың әрекеттері мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуы қажет.

Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы физикалық күштеуге - жәбірленушіні үрып соғу, денеге жарақат салу, қорлау, заңсыз бас бостандығынан айыру сияқты әрекеттер жатады. Қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы психикалық күштеуде - денеге зиян келтірумен үрейлендіруі сияқты қорқытуы, я болмаса жәбірленушіге белгілі бір міндетті әрекеттерді жасауына. мәжбүр етуі сияқты т. б. әрекеттер танылады. Психикалық мәжбүр ету ауызша немесе қағаз жүзінде жәбірленушінің тіке-лей өзіне не болмаса оның жақын туыстарына қолданылуы мүмкін. Аталған қылмыс қүрамы субъективтік жағы бойынша тек қасақаналық болып табылады. Кінәлі адам, өзінің іс-әрекетін, яғни билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануда, оның қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін неме­се болмай қоймайтынын алдын ала білуі және осы зардаптардың болуын тікелей ниетпен саналы түрде жол беріп жасауымен орын алады.


  1. Қылмысты дәрежелеу кезінде қылмыстың себебінің (түрткісі) әсері болмай-ды. Қылмыс субъектісі болып, мемлекеттііу^ызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестіршген адам саналады (ҚК307-бабының талдануы Аталған баптың 2-бөлігі лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық баптың 3-бөлігі бойынша көзделген. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамның түсінігі ҚР ҚК 307-бабы Ескертуінің 4-бөлігінде көрсетілген. Бүл бөлік жаңа дәрежеленуші мән-жай болып саналады.

10. Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайлар ретінде осы
баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға сол сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не қару неме­се арнаулы қүралдар қолдану арқылы немесе өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған әрекеттерді белгілеген. Мүндай ауыр зар­даптар абайсызда кісі өлтіру немесе елеулі түрдегі материалды немесе басқа да ауыр зардаптардың түсуі белгілерін қамтиды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?

2.Қылмысты аурлататын санкциясы.



4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптар

1. Қылмыстық заңнамадағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі мәселелері


2.Бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап етудегі саралаудың ерекеліктері


3.Жалған кәсіпкерліктің объективтік жағының ерекеліктері


4.заңсыз алынған ақшалай немесе заттай мүліктің субъектілерінің негізгі мәселелері


5.Экономикалық контрабанданы саралаудың негізгі мәселелері


6.Лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланудың арнайы субъектісі


7.Билікті асыра пайдалануды саралаудың ерекшелігі


8.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуды саралаудың мәселесі


9.Заңды кәсіпкерлік қызметті бөгеудің объектісі


10.Пара алудың жалпы мінездемесі


11. Пара беруді саралаудың негізгі мәселелері


12. Биліктің әрекетсіздіктің саралануының негізі


13. Әскери өкілеттілігін асыра пайдаланудың жалпы мінездемесі


14. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің объектісінің негізгі мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет