«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау 
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері 
болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді. 
2. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп 
түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті. 
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет 
қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен 
көтермеленеді. 
Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы 
көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес 
жауапты болады. 
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат 
мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. 
Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
  
  
4-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ 
САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ 


14 
25-бап. Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын 
өндіріп алу (қайтару) 
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз 
еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін 
қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу 
прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа 
да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне 
енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм 
шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды. 
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс 
органдары не осыған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен 
лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) 
заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы 
талап қоюымен заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінеді. 
3. Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды 
орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан 
жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз 
алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай 
босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның 
тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған 
кірістер туралы хабарлама жібереді. 
4. Тапсырылған мүлікті қайтару, есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет