13
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық
мемлекеттік
органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар
жүргізуге міндетті.
2. Сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды,
тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа
тартуды өзі
құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік
кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі жүзеге асырады.
23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де
заңды тұлғалар сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:
1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері
туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық
қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
енгізеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органмен өзара іс-қимылды
жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет
туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
сұратады және алады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша зерттеулер, оның
ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар
ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: