362-бап. 4-бөлігінің 3-тармағы - Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы – өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
-
лауазымды адам;
-
алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
-
ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
-
жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған;
-
аса ірі мөлшерде жасалған;
-
қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
366-бап. Пара алу
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
-
қорқытып алу жолымен;
-
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
-
iрi мөлшерде;
-
бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
367-бап. Пара беру
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
-
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
-
ірі мөлшерде;
-
бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
368-бап. Парақорлыққа делдал болу
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл іс-әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекет, егер оны жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаса, –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
450-бап. Билiктi терiс пайдалану
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы теріс пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
451-бап. 2-бөлігінің 2-тармағы - Билiктi асыра пайдалану
Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiнің шегiнен анық шығатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы – өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
"Сыбайлас-жемқорлық" деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны "параға сатып алу", "пара" ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР "Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді.
Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу".
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.
2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
-
мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-
лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;
-
жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
-
зиянды салдарын жою және алдын алу:
-
сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-
кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
3.1. Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады?
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады.
ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3.2. Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.
"Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
-
сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады;
-
сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды.
Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.
3.3.Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:
-
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-
өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
-
мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған басымдық беру;
-
шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;
-
кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету;
-
мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-
жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;
-
жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
-
мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;
-
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;
-
жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
-
жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;
-
жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;
-
мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;
-
жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;
Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?
Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.
Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың түсініктемесі және белгілері
Оқырмандарымызды заңгер етуді мақсат етпей, дегенмен толық түсіну үшін қарапайым құқық бұзушылық пен сыбайлас-жемқорлық қылмыстың айырмашылығын түсіндірген пайдалы деп есептейміз. Оның үстіне кез-келген кәсіпкерде штаттық заңгер ұстауға және қорғаушының қызмет көрсетуін төлеуге мүмкіншілігі бар. Сыбайлас-жемқорлық кінәсі тағылған шенеунік қарсы іс-әрекет жасауы мүмкін, сондықтан өз заңдылығын мойындату үшін заң жағынан нық болған дұрыс.
1. Қылмыс—бұл ең алдымен қоғамдық қауіпті әрекет. Қоғамдық қауіп - сыбайлас-жемқорлық қылмысының ажырамас, қажетті белгісі, оның материалды нышаны, ол әлеуметтік маңызын ашады. Бұл ҚР ҚК 9 бабы 2 бөлшегінде ерекше көрсетіледі.ҚР ҚК ерекше бөлшегімен қарастырылған кез-келген әрекет формалды түрде іс-әрекет немесе әрекетсіздік сақтаса да қылмыс болып табылмайды, егер мағнасы аз болғандығынан зиян келтірмесе және жеке тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қаупін құрмаса.
2. Қылмыс—қылмыстық заңсыз іс-әрекет. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс болып табылмайды, егер ол жасалған уақытында қылмыстық заңмен қарастырылған болмаса.Құқыққа қарсылық қоғамдық қауіптің заңды белгісі. Ол қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық-құқықтық нормасы бар тыйымды бұзғанын көрсетеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс қылмыстық заңды бұзып, көбінесе сол мезетте құқықтың басқа салаларының заңнамалық нормаларын бұзады.Мысалы, лауазымды адамдар лауазымдық құзыреттерімен заңсыз пайдаланып азаматтардың меншікті мүлкімен пайдалану, иелену, билік жүргізу құқығын бекітетін монополияға қарсы заңнаманы, лицензиялау туралы заңды, азаматтық-құқықтық нормаларды бұзады. Мұндайда құқықтың басқа салаларының нормаларын бұзу, одан қалды мораль нормаларын бұзу қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық деп мойындауға жеткіліксіз. Міндетті түрде бұл іс-әрекет қылмыстық-заңсыз болып табылғаны керек, яғни қылмыстық заңмен қарастырылуы қажет.
Қолданыстағы қылмыстық заңнамалықта қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық, қылмыс түсініктемесінде қалыптасып, ажырамасыз.Тек қана осы екі белгінің болуы қылмыс деп белгілейді.
3.Соған қарамастан маңызды белгілерден басқа - қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық—қылмыстық заңнама қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды егер адам қылмысты жасаса ғана қарастырады, яғни ол оны әдейі немесе байқамай жасаған болса.
Орыс тілінде “жауапкершілік” “өз іс-әрекетіне және ісіне жауап беру міндеті, қажеттілік, яғни өзіне мүмкін болатын салдарын қабылдау” деп түсіндіріледі.
Қылмыстық жауапкершілік, демек,--адамды жасаған қылмысы үшін соттау, мемлекет атынан кінәлау үкімінде келтіру, тіпті бұл адам заң қарастырған негіздер бойынша қылмыстық жазалаудан босатылса да.
ҚР ҚК 20 бабының 1 бөліміне сәйкес әдейі жасалған қылмыс болып тікелей немесе жанама жымысқылықпен жасалған іс-әрекет болып мойындалады. Осы баптың 2,3 бөлімінде қылмыс тікелей жымысқылықпен жасалған болып мойындалады, егер адам өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, қоғамдық қауіпті салдарын көре білді және соның болғанын қалады; қылмыс жанама жымысқылықпен жасалған деп мойындалады,егер ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің болуын білді, болғанын қаламады, бірақ санамен оның салдарының бойын білді немесе немқұрайды қарады.
Сондықтан адамның қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған мезетте өзінің іс-әрекетін сезінуі, білуі, оларға басшылық жасауы, яғни саналы болуы кінәнің міндетті бөлшегі болып табылады.
4.Қылмыстың тағы бір белгісі - оны жазалау, бірақ ол міндетті түрде қылмыстың соңынан келетін іс емес. Жазалауды жазалау қаупінің келуі деп түсіну керек. Қылмыс құрамы қылмыс объектісін, объективті жағын, қылмыс субъектісін және субъективті жағын сипаттайтын 4 белгі тобын құрайды. Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың нақты құрамдары ҚР ҚК баптарында беріледі.
4.1. Қандай қылмыстар Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық болып мойындалады?
Сыбайлас-жемқорлық қылмыс болып ҚР ҚК 176 баптың үшінші бөлімінің г) тармағы;193 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 209,307 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 308,310-315 баптардың төртінші бөлімінің в) тармағы,380 бап қарастырған қылмыстар мойындалады.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК 13 тарауында болады.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады.Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа зиян келтіреді.
Соңғы үш жылда сыбайлас-жемқорлық қылмыстардың өсуі байқалады. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілеттілген адамдарға және оларға теңелген адамдарға қатысты қылмыстық істер саны 23,8 % (922-ден 1141-ге дейін).
ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, сыбайлас-жемқорлық қылмысқа жататын қылмыстың жеке түрлері арасында пара алу фактілері 8,3% (302-ден 327-ге дейін), бөтен мүлікті иемдену немесе шығындану—33,3% (99-дан 132-ге), билікті және лауазымды құзыретті асыра пайдалану—5,3% (57-ден 60-қа дейін), қызмет бойынша әрекетсіздік—2,1 (17-ден 36-ға дейін), қызметтік жалған іс—27,6% (453-тен 578-ге) өсті.
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық қылмыс негізінен сот арасында жіберілген (0-ден 22-ге), ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында—79,7 % (59-дан 106-ға дейін); әділет—13,6 (22-ден 25-ке дейін), Қорғаныс министрлігі—3,5 рет (2-ден 7-ге дейін); селолық округтер мен аудан әкімдері 22,9% (83-тен 102-ге дейін).
Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік органдарда кеңінен таралған жағдай болып қалуда. Сыбайлас-жемқорлыққа жақын тұратын мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласы,инвестициялық және жекешелендіру үдерістері, оұқсат беру және лицензиялау жүйелері, бюджеттік қаражат пен жерді бөлу, салық жинау, басшылық орындарға тағайындау және мемлекеттік қызметке орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі.
4.2. Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың субъектісі болып кім табылады?
Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады— жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі:
-
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
-
заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар;
-
еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
-
мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар.
4.3. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдаланудың қайсысы сыбайлас-жемқорлыққа жатады?
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс , сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас-жемқорлық қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады.Лауазымды қылмыс сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы:
-
-тездету және әр түрлі процедураларды, ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер, бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік қаражатты және жер учаскелерін заңсыз пайдалану, ақша үшін лицензиялар және басқа рұқсат құжаттар беру;
-
-мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу, тендер мен мемсатып алған кезде асыра сілтеушілік;
-
-монополияға қарсы заңнаманы және шынайы бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас-жемқорлыққа және ықпал жасаудың сыбайлас-жемқорлық саласын жасауға дейін бару, дауыс берген кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату және сот шешімдерін сату және БАҚ-қа пара беру.
Бұл қылмыстың объектісі басқару тәртібіне , орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады.Коммерциялық немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану қаралып отырған баптың заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны жөнінде айта кеткен жөн.
Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыстың объективті жағы 307 баптың 1 бөлімінің диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның өз қызметтік өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса, онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян әкелсе,егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса”.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар іс-әрекет жасамау болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.
Бұл қылмыстың субъектілеріне ҚР ҚК 307 бабының 1-3 бөліміне “Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану” сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарды немесе соларға теңелген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарды жатқызады.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктеріне айтарлықтай зиян әкелуі мүмкін,мемлекеттік органдар беделін түсіруі, басқа қылмыс жасауға және оларды жасыруы мүмкін.
4.4. Не азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзу болып табылады?
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қорғалатын мүдделерді айтарлықтай бұзу оларға айтарлықтай материалдық зиян келтіру болып табылады. Келтірілген материалдық зиян мүліктік, жеке бастық және ұйымдастырулық болуы мүмкін. Мүліктік материалдық зиян ең төмен есеп айырысу мөлшерінде қылмыс жасалған сәтке бірнеше реттік мөлшерде ақшалай белгіленеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс нәтижесінде жеке адамға келтірілген зиян—лауазымды адамдардың асыра пайдалануы, мұндайда адамдарға айтарлықтай деп бағаланатын зиян келтіріледі, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орта ауыршылықты зиян келтіріледі. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс нәтижесінде заңды тұлғаға келтірілген зиян-- бұл заңды тұлғаның қызметін тоқтатуы, өнім шығаруын тоқтатуы, ұйымның бірқалыпты жұмысына кедергі болып табылады.
4.5.Лауазымды өкілеттікті асыра пайдаланудың нәтижесінде бұзылған құқық қалай қорғалады?
Бұзылған құқықты қорғау үшін билік немесе басқару органына жүгіну сотқа құқық қорғау туралы талаппен жүгінуге кедергі болмайды, егер заңнамалық актімен басқа ештеңе қарастырылмаса.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық құқықты қорғау сотпен, арбитраждық сотпен немесе төрелік сотпен құқықты мойындау арқылы жүзеге асырылады; құқықты бұзғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оны бұзу қаупін жасайтын іс-әрекеттің жолын алу; міндетті нақты орындауға мәжбүрлеу; шығынды, тұрақсыздық төлемді өтеу; келісімді заңсыз деп мойындау; моральдық зиянның орнын толтыру; құқықтық қарым-қатынасты тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілетті органның немесе атқарушы органның заңнамаға сәйкес емес актісін заңсыз немесе қолдануға жарамсыз деп мойындау; мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан азаматқа немесе заңды тұлғаға құқық сатып алуға немесе жүзеге асыруға кедергі жасағаны үшін айыппұл салу. Құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген шығынды толық өтеуін талап ете алады, егер заңнамалық актімен немесе келісім-шартпен басқа ештеңе қарастырылмаса.
Шығын деп құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиіс шығыс аталады, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты зиян), сондай-ақ осы адам құқығы бұзылмаса алатын кіріс (ала алмаған пайда) болып табылады.
4.6. Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың қандай іс-әрекеттері заңсыз болып табылады?
Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың іс-әрекеттері қылмысты жіктеу кезінде қылмыстық заңнаманың нормаларын дұрыс қолданбауы; тыйым салу шараларын немесе заң қарастырған процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды оның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау; тұтқындалмаған адамды соттың шешімі болмаса да сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптау жасау үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп жатқызу; озбырлық, қаталдық немесе адам намысын қорлайтын әрекет жасау; қатысып отырған адамдардың өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайда процессуалдық іс-әрекет жасау; қылмыстық үдеріске қатысушының ар-намысын қорлайтын шешім қабылдау және іс-әрекет жасау; ҚПК қарастырмаған мақсат үшін жеке өмір туралы, сондай-ақ адам құпияда ұстауды қажет деп есептеген жеке сипаттағы мәліметтерді пайдалану және тарату; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды қолдану; тәрбиелеу ықпалы бар мәжбүрлеу шараларды қолдану және басқалары заңсыз болып табылады.
ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі “Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша заңнаманы қолдану практикасы туралы” №7 қаулысында ақтау туралы шешім , сондай-ақ басқа шешім қабылдаған кезде, соңынан адамда зиянның орнын толтыру құқығы пайда болады, соттар процессуалдық құжаттарда олардың сондай құқығын мойындап, зиянның орнын толтыру тәртібін түсіндірмегені айтылады.
4.7. Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық, моральдық зиянның орны қалай толтырылады?
Жеке және заңды тұлғалар шенеуніктердің заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиян орнын толтыру туралы сотқа жүгінуіне болатынын білген дұрыс.
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ лауазымды адамдар келтірген зиян үшін жауапкершілік ҚР Азаматтық кодексінің 922 бабымен қарастырылған:
-
-мемлекеттік орган заңнамалық актілерге сай емес актілер шығару нәтижесінде келтірілген зиян актілер шығарған органдардың және лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан сот шешімі негізінде орнын толтыруға жатады. Зиянның орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады.Қазынаның өкілі болып қаржы органдары немесе басқа органдар және арнайы тапсырма бойынша азаматтар шығады;
-
-жергілікті өзін-өзі басқару органдары олардың органдарымен және лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін сот тәртібімен жауап береді. Әкімшілік саласындағы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиянның орны осы органдардың билігіндегі ақша есебінен жалпы негізде толтырылады. Ол жетпеген кезде мемлекеттік қазына есебінен ақша бөлу арқылы жабылады.
ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы “Соттардың моральдық зиян орнын толтыру туралы заңнамасын қолдану туралы” №3 Нормативтік қаулысында(ҚР Жоғарғы соттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгертулерімен қоса) азаматқа ол туғаннан біткен немесе заң бойынша біткен құқыққа моральдық зиян келтіруі мүмкін жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықтарды бұзу, тартып алу немесе мәнін кеміту болып түсіндіріледі.
Адамға туғанынан біткен байлыққа өмірді, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке бастың қауіпсіздігін жатқызуға болады, ал азаматтың құқықтарына—үй-жайына немесе меншікті мүлігіне қол сұқпау; жеке және отбасылық құпияға құқық; телефон, телеграфтық хабарларға және хат алмасуға құқық; атын пайдалануға құқық; бейнеленуге құқық; авторлық құқық және басқа жеке мүліктік емес авторлық құқық туралы заңнама қарастырған құқықтар; жүріп-тұру және мекен-жай таңдау құқығы; шынайы ақпарат алуға,сондай-ақ республиканың заңнамалық актілерімен қарастырылған басқа құқықтар.
Моральдық зиян деп заңсыздық нәтижесінде жасалған құқық бұзушылық, адамға жататын жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықты бұзу, кемсіту немесе тартып алу арқылы жасалған адамгершілік немесе физикалық азапты түсінген жөн.
Азаматтық кодекстің 187 бабының 1) т.т. сәйкес моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапқа талаптың ескіргені тарамайды. Азаматтық кодекстің 922 б. 1 б., 923 баб.1 және 2 бөл., 951 баб. 3 бөл.сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан мемлекеттік қазына есебінен ақшалай (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты) азаматқа келтірілген моральдық зиянның орны толтырылады:
-
меморгандар заңнамалық актілерге сай емес актілер шығарса;
-
заңсыз соттаса;
-
қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартса;
-
тыйым салу шарасы ретінде қамауға, үй қамауына, жол жүрмеу туралы қол қою шаралары заңсыз қолданса;
-
әкімшілік жазалау ретінде қамауға заңсыз алынса;
-
заңсыз психиатриялық немесе басқа емдеу мекемесіне орналастырылса;
-
заңнамалық актілермен қарастырылған басқа жағдайларда.
Мемлекеттік қазына есебінен ақшалай моральдық зиян орнын толтыру туралы талап бойынша жауапкер (республикалық немесе жергілікті бюджет) мемлекет болып табылатын болғасын, осы санатты істердің сотталуын соттар мемлекет қазынасының өкілі тұратын мекен-жай бойынша белгілейді.
Мемлекеттік қазынаның өкілі мемлекеттік қазына мүддесін көрсетіп-білдіру бойынша арнайы құзыреті бар ҚР Қаржы министрлігі немесе басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар болуы мүмкін.
Осындай санатты істерді қараған кезде соттар мемлекеттік қазына өкілін, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін белгілеуге және оларды азаматтардың талаптары бойынша моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру жөнінде істерді қарауға тартуға тиіс. Жәбірленушіге бірлескен бірнеше заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян Азаматтық кодекстің 287 баб.1-4 бөл. Және 932 бабына сәйкес бұл зиянды келтіргендер ортақ немесе үлестік тәртіппен толық мөлшерде орнын толтырады.
Талапкер талап өтінішінде оның нақты жеке мүліктік емес құқықтары мен жайлылығын бұзу фактісінің дәлелін, сондай-ақ оларды қорғау тәсілін көрсетуге міндетті.Моральдық зиян орнын толтыру туралы талап өтініш берген кезде талапкер өзіне келтірген зиян орнын, оның пікірінше, толтырады деген соманы көрсетуге міндетті.
Моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру туралы азаматтардың талаптары азаматтық сот өндіру тәртібімен қарауға жатады.
Қаулыда сондай-ақ соттардың назары Азаматтық процессуалдық кодекстің 221 бабының талаптарына байланысты моралдьық зиян орнын толтыру туралы әр іс бойынша мынаның болуы керектігіне аударылды:
-
жәбірленушіге моральдық зиян келтірген құқық бұзушылықтың сипатын келтіру;
-
бұзылған мүліктік емес құқық және жайлылықты көрсету;
-
жәбірленушінің адамгершілік немесе физикалық азап көргені туралы мәліметтер;
-
мүліктік емес құқықтарды қорғау тәсілі (жағдайды қалпына келтіру, моральдық зиянның салдарын жою,моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру), сондай-ақ моральдық зиянның ақшалай орнын толтыру мөлшерін негіздеу;
-
шешім шығарған кезде сот басшылыққа алған материалдық құқық нормалары.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың құрамдары
Достарыңызбен бөлісу: |