6.6. Пара беру (ҚР ҚК 312 бабы).
Көп азаматтар, қолданыстағы ережелерді айналып өту үшін, пара береді. Олар мұның қылмыстық іс екенін ұмытады.Мысал ретінде ҚХР азаматына шығарылған үкімді келтіруге болады:ол қытай компаниясы өкілеттігінің жетекшісі ретінде пара бергісі келгені үшін жалпы режимді екі жылға бас бостандығынан айырылды. Шетел мемлекетінің азаматында Қазақстанда болу рұқсаты бітті. Рұқсаттың іс-әрекеті аяқталғаннан кейін ол тұрақты тұруға үміттенген, сол үшін ҰҚКД бір басқармасының бастығынан ықпал етуін сұраған. Шетел азаматы 1 мың доллар сыйақыны офицерге ҰҚКД басқармасының ғимаратында келушілердің бөлмесінде тапсырған. Бірақ ҰҚКД қызметкері қылмысқа бармаған, пара берушіні сол жерде ұстады.
Аталмыш қылмыстың субъектісі 16 жасқа жеткен адам болуы мүмкін. Бұл сыбайлас-жемқорлық қылмыста ҚК 311 бабындағыдай қылмыс мәні мен объекті ұқсас және толығымен қабысады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамға немесе оған теңелген адамға, сондай-ақ лауазымды адамға және шетел мемлекетінің лауазымды адамдарына пара беру болып табылады.
ҚР ҚК 312 бабының 1,2 қосымшасында мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамға немесе оған теңелген адамға бұдан бұрын заңды жасалған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін екі айлық есеп айырысу көрсеткіштерден аспайтын сомамен немесе құн тұратын сыйлықты алғашқы рет берсе, және ол алдын ала келісілмесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны айтылады.
Пара берген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, егер оған құнерездік қолданылса немесе ол пара бергені туралы қылмыстық іс қозғай алатын органға өз еркімен хабарласа.
ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдар үшін небір артықшылық алу үшін пара берген адамдардың іс-әрекеттері пара беру ретінде жіктелуі тиіс, ал негіз болған жағдайда—басқа қылмыстарды қоса (ұрлау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және басқалары).
Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың бағынышты адамдарына қажет іс-әрекетті (әрекетсіздікті) басқа лауазымды адамға пара беру арқылы шешуді ұсынған жетекшілер пара беруші ретінде жауапкершілікті көтереді.
Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыс екі жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштерімен немесе екі айдан бес айға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кірісінен ұстау, немесе түзету жұмыстарымен екі жылға дейін, немесе үш жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе үш айдан алты айға дейін қамауға алынумен, немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Лауазымды адамға пара беру, сондай-ақ заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін немесе бірнеше рет жасағаны үшін, немесе ұйымдастырылған топпен жасағаны үшін пара беру жеті жүзден екі мыңға дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштерімен немесе жеті айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кірісінен ұстау, немесе бес жылға бостандығын шектеу, немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
6.7. Пара беруге делдалдық (ҚР ҚК 313 бабы)
Пара алуға делдалдық объектісі және мәні ҚР ҚК 311 бабы қарастырған объектімен және мәнімен толық қабысады—пара алу.
Қылмыстың осы құрамының субъективті жағы байланысты:
Аталмыш іс-әрекеттің субъективті жағы тікелей жымысқылықпен сипатталады, адам пара берушінің пара затының берілетінін күні бұрын біледі және оны пара алушыға тапсыруға уәде береді.
ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында пара беру немесе алуды ұйымдастырған, соған итермелеген немесе параны алуға немесе беруге делдал болған лауазымды адам немесе басқа адам параны беруге не алуға қатысқаны үшін жауапты болатыны айтылған.
Параға делдалдық жасау мен параны алу және беру арасын айыру қажет, делдал пара беруші мен пара алушының тапсырмасы бойынша іс-қимыл жасап, тікелей пара затын береді. Мұндайда бұл адамды параға делдал болғанына кінәлі деп мойындау үшін пара берушіден не пара алушыдан сыйақы алған-алмағаны мәнсіз болып табылады.
Келісілген іс-әрекетті пара үшін орындауға уәде берген және параны тапсырған жұмыскер пара беруге қатысушы ретінде жауап береді. Егер ол тапсырманың сипатын біліп, параны тек қана тапсырса, оның іс-қимылы пара беруге делдалдық ретінде жіктеледі. ҚР ҚК 313 бабының 1 бөліміне сәйкес пара алуға делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасында пара беру және алу туралы келісімге ықпал жасаса, онда жүзден үш жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бір айдан үш айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе түзету жұмыстарымен бір жылға дейін, екі жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе төрт айға дейін тұтқынға алумен, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Ауырлататын жағдайлар аталмыш баптың 2 бөлімінде жазылған:бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет немесе ұйымдастырылған топпен немесе қызметтік жағдайын пайдаланып іс-қимыл жасалса, онда бес жүзден мың айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе бес айдан үш айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе төрт жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе сол мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Пара алуда өз қызметтік жағдайын пайдаланып делдал болды деп есептеледі, егер лауазымды адам делдалдық кезде оған берген құқық пен құзыретті пайдаланса. Қызметтік жағдайды пайдаланып пара алуға делдал болды деп есептелінбейді, егер ол кінәлінің қызметімен байланысты болмаса немесе мұндай адам лауазымды адам болып табылмаса. Делдал алдын ала ұрланған біреудің мүлкін берген жағдайда, егер делдал бұдан бұрын пара заты пара берушімен ұрланатынын білсе және оны пара алушыға тапсыруға уәде берсе, қылмыстың екі түрі көрініп тұр—пара алуға делдалдық және ұрлауға қатысушы болу. Егер пара пара алушының еркінен тыс жағдайлар бойынша толық немесе жартылай алынбаса,оның істегенін келісілген параны алуға тырмысу ретінде жіктеу керек. Лауазымды адам ұсынылған параны алудан бас тартса, пара берушінің іс-әрекеті пара беруге ұмтылу, ал делдалдыкі—делдалдыққа ұмтылу болып жіктеледі. Лауазымды адамға
Достарыңызбен бөлісу: |