Силлабус пән туралы ақпарат



бет2/10
Дата28.12.2023
өлшемі46.83 Kb.
#488200
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Силлабус 2сем. 2023-24ж

Пәннің негізгі міндеті 6В01705 Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті, 6В01702 РЯЛ, 6В019 Арнайы педагог ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН...) қалыптастыру болып табылады:
1.лексикалық түрлі тақырыптардағы материалдарды меңгерту (тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік, іскерлік), оларды тәжірибеде қолдана білу;
2.сөйлеу үлгілері арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету, кәсіби сала бойынша түрлі сұхбаттар жүргізуге, пікірсайысқа түсуге, эссе, пікір, түйіндеме, тезис, анықтама, аннотация жазуға үйрету, теле-радио хабарларын тыңдап, түсінгендерін баяндауға дағдыландыру;
3.грамматикалық материалдар негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін меңгерту, сауатты қолдана білуге үйрету.
4.негізгі грамматикалық ережелерді: сөзжасам формаларын, лексикалық минимумдарды,
жалпы және кәсіби лексиканы, әдеби нормаға сай сөйлей білуді, тыңдап ,түсінуді игереді;
5.қатысымдық-функционалдық негізде, сөйлеу әрекетінің 4 түрі - тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым арқылы меңгереді.
4.Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: Оқу әдебиеті:
1.Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу құралы. – Астана, 2017. - 282 б.
2.Айтбаева Б.М. Қазақ тілі. (В1 деңгейі) Оқулық. – Қарағанды, 2014. – 205 б.
3.Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж.. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017.
4.Бозбаева-Хунг А.Т., Балабеков А.К., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет