Машықтық дағдылары: патофизиологиялық тәжірибенің және дерттік үрдістер және аурулар кезінде клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау, этиотропты және патогенездік емдеуді негіздеген кезінде теориялық білімдерді қолдану және болашақ кәсіптік қызметі кезінде оларды пайдалану.
Өзін өзі дамыту: Кәсіптік және жеке бас дамуына ұмтылу, күнделікті кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімдерді табу және білім алуды жалғастыру, заманауи ақпараттық ағындарда бағыт бағдар табу.
Коммуникативтік дағдылары: топта жұмыс жасау, өз пікірін тұжырымдай білу, компромисстерді табу, өз ойын ұжымның ойымен салыстыру, жаңа шешімдерді ұсыну.
Құқықтық дағдылары: «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДСМ № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабораториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.
2.5. Пререквизиттер: медициналық генетика негіздері және молекулалық биология, физиология, биохимия, микробиология және вирусология, гистология
2.6. Постреквизиттер: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Патологиялық физиология» пәні оқытады:
Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін: денсулық, ауру, дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай. Аурудың сатылары, өлім кезеңдері, тірілтілген организм ауруы.
Этиология мен патогенез сұрақтары: себептің, жағдайдың, организм реактивтілігінің ауру пайда болуы мен дамуындағы және аяқталуындағы рөлі.
Зақымдануға жалпы және жергілікті серпілістердің рөлі
Зат алмасу бұзылыстары
Біртектес дерттік үрдістердің (шеткері қанайналым бұзылыстары, қабыну, аллергия, өспелер, гипоксия) этиологиясы мен патогенезі
Ағзалар мен жүйелер қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі
Достарыңызбен бөлісу: |