2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерде ауру туралы, аурулар мен дерттік үрдістердің, ағхалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары, тіс-жақ аймағы арнайы бүліністерінің этиологиясы және патогенезі туралы, ауыз қуысы тіндерінде патологиялық үрдістердің ерекшеліктері және олардың жалпы организммен байланысты екені туралы ғылыми болжамдарды студенттерде қалыптастыру, жануарларда тәжірибелер жүргізу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, құқықты құзіреттілікті, өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.
2.3 Оқыту міндеттері:
жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білімді қалыптастыру
Жалпы және жеке патофизиология бойынша білімдерін қалыптастыру
Тіс жақ аймағында біртектес дерттік үрдістердің және ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылыстарында ауыз қуысы зақымданулары туралы білім қалыптастыру.
Дерттік үрдістерді үлгілеужәне клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдыларынқалыптастыру.
Клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу ережелері ҚР ДСМ №№ 697, 575 бұйрықтары бойынша білім қалыптастыру
Топта жұмыс жасай білу коммуникативті дағдыларын (өз ойын жеткізе білу, оқытушы мен топтастарының ойын сыйлау, зейін қойып тыңдай білу) дамыту
СӨЖ және сабақтарға дайындалғанда студенттердің жеке басының дамуына, қазіргі информациялық ағымдарды түсінуіне, ғылыми, оқулық ждәне анықтамалық әдебиеттермен, кітапханадағы каталогтармен, интернет желілерімен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студентте қалыптастырылатын құзыреттіліктер:
Білімі: Жалпы нозологияның, себепкер ықпалдардың, жағдайлардың, реактивтіліктің аурулардың пайда болуындағы, дамуындағы және аяқталуындағы маңызы, ағзалар мен жүйелердің кең тараған негізгі біртектес дерттік үрдістердің, ауыз қуысының біртектес дерттік үрдістерінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктерін, ішкі ағзалар қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін, ағзалар ауруларындағы ауыз қуысы тіндері өзгерістерін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |