Система менеджмента качества издание 1



бет11/14
Дата20.05.2022
өлшемі0.64 Mb.
#458457
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Инклюзив

Виктимдік балалар- бұл дезадаптация, әлеуметтік ауытқулар, әлеуметтендіруге қайшы жағдайларға әкелетін өмір шарттарының құрбаны болуға бейім балалар;

  • Бақылаусыз қалған балалар- тұратын жері бар, бірақ ата-аналар тарапынан қамқоршылықсыз қалған балалар

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалар- 18 жасқа толмаған, дене және/немесе психикалық кемшіліктері бар, заңнамамен қарастырылған тәртіппен расталған туа біткен, тұқым қуалаған, кейін пайда болған аурулар немесе жарақат салдарынан тіршілік әрекеті шектеулі балалар

  • Девиантты мінез-құлық- бұл нақты қоғамдастықтардың белгілі даму кезеңіндегі жалпы қабылданған, әлеуметтік тарапынан қолданған, кеңінен тараған және қалыптасқан нормалардан ауытқыған мінез-құлық

  • Қосымша білім- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту үдерісі

  • Оқытудың жеке бағдарламасы- оқушының өзекті даму деңгейін, меңгеріп жатқан пән саласы және дамудың жақын аймағындағы білімдері мен дағдыларын есепке алу арқылы оқушы үшін жасалатын бағдарлама

  • Инклюзивті білім- бұл ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғаларды олардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру үдерісіне қосуды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі

  • Қашықтықтан білім беру технологиясы- білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту

  • Инклюзивті оқыту сыныптары- бұл мүмкіндіктері шектеулі балалар және мұндай шектеулері жоқ балалар бірге оқитын жалпы білім беру мектептерінің қалыпты сыныптары;

  • Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымы- білім беру ұйымы: жалпы білім беретін мектепте шектеуліктері жоқ оқушылармен бірге оқуға қайшы көрсеткіштері жоқ даму мүмкіндіктері шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар құрылған мектепке дейінгі ұйым, жалпы білім беретін мектеп



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет