Система менеджмента качества издание 1



бет7/13
Дата27.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#461467
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту Силлабус

Есті зерттеу әдістері. Адамның есі көп түрлі. Естің түрлері: қозғалыс, образды, эмоциялық т.б. Естің осы түрлері байланысты түрлі әдістемелер туындыларында көп. мысалы, ақпаратты қабылдау есі зерттеуші жылдамдығы тез арада сөздер жинағын оқиды, ол зерттеуші осы оқыған сөздерді тиісті бағанға қарастырып, жазып отыруы керек. Бес баған беріледі. Әрқайсысының өзіне тән тақырыптары да белгіленген. 1. Химиялық элемент. 2. Адам сезім мүшелері. 3. Жиһаз. 4. Ағаш. 5. Жануарлар әлемі.
10-тақырып. Психологиялық алдын алу.
Психологиялық алдын-алу міндеттері: жаңа әлеуметтік ортаға келген адамның бейімделуіне көмектесу; білім беру процесінің дұрыс іске асырылуына жағдай жасау; оқудың не кәсіби іс-әрекеттің келесі деңгейлеріне өтуге жекелеген не топты даярлау. Психологиялық алдын-алу мазмұны: тұлғалық дамуға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін өмір және жұмыс жағдайларын талдау; психологиялық қиындықтарға ұшырайтын немесе өздері қиындық тудыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау; тұлға дамуында болуы мүмкін кемшіліктердің алдын-алу; жағымды психологиялық климат құру; әріптестер арасында жағымды климат құру; еңбек және өмір жағдайларының өзгерістерінде дезадаптацияны болдырмау, бейімделуге көмектесу. Психологиялық алдын-алу бірнеше аспектіде қарастырылады: ғылыми, қолданбалы, практикалық және ұйымдастырушылық. Психологиялық алдын-алу әдістері: сұхбаттасу арқылы коррекциялық жұмыстар, жалпылық, топтық зерттеулер, халықты ақпараттандыру, психологиялық педагогикалық консилиум, т.б.
11-тақырып. Психологиялық сауаттану.
Әлеуметтік-психологиялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері: білім алушыларды, олардың ата-аналары мен педагогтарды әлеуметтік қорғау, оларға әлеуметтік, дәрігерлік-психологоиялық немесе педагогикалық-психологиялық көмек көрсету, оларды қалпына келтіру мен бейімделуін ұйымдастырудағы іскерлік; отбасында, білім беру мекемесінде, қоғамда оң қатынастарды орнату; тұлғаның өзін-өзі дамытуы және педагогикалық процесс субъектілерінің жеке даралығын қалыптастыруына жағдай туғызу, яғни тұлғаны қолдау, оның дамуына түрткі беріп, даму жағдайларын қамтамасыз ету; білім беру процесі субъектілерінің қалыпты дамуына қажетті оңтайлы жағдайларды жасау; білімгер, олардың ата-анасы, педагогтардың психикалық денсаулығын, мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды өмірге бейімдеу; жасөспірімдерде өзін-өзі дамыту жалпы мәдениетін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет