12-тақырып. Психологиялық кеңес беру
Психологиялық кеңес беру ресми емес формада достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қалыптасуы, жетекшілік жасауы сияқты адам өмірінде ежелден-ақ белгілі орын алады. Психологиялық кеңес беру ұғымы бірнеше мәнге ие болады: қарым-қатынас процесінде жақын туыстардың, дос-жарандардың және т.б. бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Екіншіден, психолог кеңесі - нақты бір жағдайлардың адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп те түсіндіріледі. Психологиялық кеңес беру – қазіргі психологияның қолданбалы аймағына 1951 жылы АҚШ-та «кеңес беру психологиясы» термині ретінде енгізілген. И.А. Абеуованың көзқарасына сәйкес, психологиялық кеңес беру – бұл психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да бір жағдайларда мінез-құлық, жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық көмек көрсетудің бір түрі.
13-тақырп. Психотерапия.
Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез-құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесу. Психотерапиялық үрдістің кезеңдері
Кеңес беру мақсатындағы интервьюдің «бес сатылы» моделі.
Қазіргі заманғы психотерапия мен психокоррекцияда: психодинамикалық, феноменологиялық (экзистенциялы-гуманистік) және мінез-құлықтық (когнитивті-мінез-құлықтық) атты негізгі үш бағыт бар.
14-тақырып. Психологиялық түзету және дамыту жұмыстары.
Психологиялық түзету – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсыбір жағымсыз ауытқуларды, мінез-құлықтық, эмоциялы, танымдық, не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету. Коррекция - (жөндеу, түзету, өзгерту) психиканың барлық жақтарын қамтиды (таным, кейіп-қалып, эмоция, іс әрекет фоны, психикалық қасиеттер, мотивация, ерік-жігер, қызығушылық, темперамент). «Психологиялық коррекция» ХХ ғасырдың 70-ші жылдары. Ұғымның нақты сипаттамасы болмаған соң, психологиялық коррекцияның әр түрлі түсініктемелері де жеткілікті. Р.С.Немов пікірі бойынша, психологиялық коррекция – психикалық сау адамның тәртібіндегі не психологиясындағы кемшіліктерін түзету үшін психолог қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |