4-тақырып. Психологиялық диагностика. Психодиагностика дифференциалды психологияның ғылыми теориялары мен тестерді құрастырудың математикаланған технологияларына сүйеніп, нәтижесінде нақты практикалық міндеттерді шешу үшін психодиагностикалық әдістерді дайындап, пайдаланатын интегративті ғылыми технологиялық пән болып табылады (А.Г.Шмелев).
Психодиагностика оқу барысында тұлғаның белгілі сапасын өлшеу, осының негізінде диагноз қою т.б. жүзеге асырылады. Диагноздың екі түрін айтуға болады. Біріншіден, нақты бір белгінің бар болуын немесе болмауын констатациялау негізінде диагноз қою. Екіншіден, диагноз нақты сапаның көрінуі бойынша «континуум өсіндегі» зерттелінуші немесе зерттелінуші топтың орнын табуға мүмкіндік береді.
5-тақырып. Тұлға құрылымын зерттеу әдістері. Кеңес дифференциалды психологиясында темпераменттің біркелкі шарт проблемаларын және қызметін шешуді ескеру мүмкін. В.С.Мерлиннің айтуы бойынша, темперамент – барлығына ортақ, яғни, универсалды, адамның динамикалық психикасының жүргізушісі. В.С.Мерлин темпераментті жалпы деп, универсалды, адам психикасын жалпы динамикасын реттеуіш деп есептеді. Жиналған көптеген эксперименталды материалдар қоры темпераменттің әр түрлі қасиеттерін ашады. А.И.Крупнов динамикалық белсенді параметрлерін (психомоторлы, ақыл-ойлы (интеллектуалды, ерікті) өнімді-нәтижелі компонентке индивидтің санаулы қабілеттерін берілген үш жұмыс режимі: ыңғайлы, максималды, жоғарғы максималды режимдері бойынша зерттеген. Көптеген эксперименталды материалдарда темперамент – іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Соған сәйкес, Б.И.Додонов пен А.А.Бодалевтың зерттеулерінде монотонды әрекеттің эксперименталды моделін айтуға болады. Монотонды пайда болу дәрежесі мен жылдамдылғын және әр түрлі темперамент типтеріндегі адамдарда түңілу бірін-бірі керісінше байланыстырып, бірін-бірі толықтырады.
6-тақырып. Отбасын әлеуметтік – психологиялық зерттеу
Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін психологиялық қызмет көрсету, соның ішінде, отбасына психологиялық көмек көрсету қызметі, қазіргі кездегі психология ғылымын тәжірибемен енгізудің орталық жолы болып табылады. Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» терминін ұсынған. Отбасы диагнозы – отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы - отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |