7-тақырып. Өзара қарым-қатынасты анықтау әдістері. Тілдесу – адамзат әрекеттесуінің бір түрі. Тілдесу барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мәдениетті адам үшін қарым-қатынас – қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп қабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік.Тілдесу мәдениеті әр адамға қажеттілігі. Тілдесудің маңыздылығы.
8-тақырып. Эмоция және эмоцияны диагностикалау. «Адамзаттық эмоция» ұғымы соншалықты қиын, тіпті локальды анықтама оның толық мағынасын ашу. Эмоция – бұл маңызды, ол ойлау мен іс қимылды мотивке келтіріп, ұйымдастырып және бағыттап, сезім сияқты толқиды. Эмоция объективті жағынан толқу формасын бейнелеп, субъективті жағынан соған қатынасын көрсететін психикалық көріністің ерекше формасы. «Эмоция» ұғымының төркіні «эмецера» деген латын сөзінен, «эмоцион» француз сөзінен шыққан, қазақша мәні – тітіркену, толқу. Бұл жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынан көрініс беруі. Базалық-дискретті эмоция – бұл өзіне нейрофизиологиялық, қозғалмалы-экспрессивті және сезгіштік компоненттерді қосатын күрделі феномен.
9-тақырып. Танымдық үрдістерді диагностикалау. Зейінді зерттеу теориялары. Зейінді диагностикалау. Зейін–сыртқы және ішкі ортаның нақты обьектілері жайлы ақпараттың дәл осы сәттегі өзектілігін ағымды бақылау және таңдау үрдісі. Зейінге кез-келген әрекеттің жемістілігі тәуелді.
Ойлаудың әдістемелік негіздері. Ойлау заттары мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен катынастарын бейнелейтін психикалық процес. Ойлау таным процестерінің ішіндегі ең биік сатысында тұрған жоғарғы процес. Ойлау дегеніміз шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжірибесіне сүйне отырып, ойлау ісін атқарады.
Қиялды зерттеудің ерекшеліктері. Қиял психикалық процесс. Субъектінің заттық іс-әрекетінің құрамдарымен соңғы нәтижесінің білім құрады. Қиялды зерттеуге байланысты көптеген әдістер қолданылады. Роршахтың «сия докторы» проективті жоба әдістемесі жатқызуға болады. Өмірде жоқ жануар.
Достарыңызбен бөлісу: |