Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет3/21
Дата29.09.2023
өлшемі214.03 Kb.
#479221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

1. Татуласу келісімінің және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мәнісін түсіндіріңіздер.
2. Татуласу келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс?
3. Татуласу келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің жазбаша нысаны, аталған келісімдерді тараптардың өзара қол қойып растауы және оны соттың бекітуі қандай құқықтық мағынаға ие?
4. Егер талапкер П. мен жауапкер А. арасында бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш істі сот талқылауына дайындау сатысында келіп түссе, онда ҚР АПК-нің қандай нормаларын сот қолданады?
5. Егер талапкер П. мен жауапкер А. арасында бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш сот талқылауы сатысында келіп түссе, онда ҚР АПК-нің қандай нормаларын сот қолданады?
6. Неге сот тараптарға дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітудің салдарларын түсіндіруге міндетті?
7. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасуына байланысты талапкер А.-ның төлеп қойған 991 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды қайтару туралы талабы қанағаттандырылады ма?
8. Таллапкер П.-ға қайда жолдану қажет?


Ұсынылатын қайнар көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  4. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.

  1. Акимбекова С.А., Тлегенова Ф.А. О развитии гражданского процессуального права в Республике Казахстан // Сборник науч. ст. Евразийский гражданский процесс: к 25-летию стран СНГ и Балтии под ред. Д.Я. Малешина. – Москва, 2015. – С 63-108.

  2. Атаханова С.К., Омарова М.С. Азаматтық іс жүргізудегі жариялық принципі // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2016. - №1. - С. 130-133.

  3. Мәуленқұлов Ғ. Төрешілдік рәсімдерді азайту - сот төрелігінің сапасын арттыру кепілі // Заңгер. - 2015. - №5. - С. 43-45.

  4. Талапова Г.Т. Принцип диспозитивности гражданского процесса и его реализация в законодательстве и судебной практике // www.zakon.kz

9. Алимбеков М. Актуальные вопросы совершенствования правосудия в Республике Казахстан // Заңгер №7 (168) июль 2015. – С. 12-17.
10. Иовов Э. Повышение доступа к правосудию // Заңгер №4 (165). - апрель 2015. - С. 20-24.


Тақырып 3. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары


1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
1 есеп. Асанов сотқа жарты жыл бұрын ұрланған ұялы телефонын қайтару туралы Иманбаевқа талап арыз қойды. Талапқа қарсылық білдіре отырып, Иманбаев ұялы телефон Армановтан сатып алынғанын, ал Арманов ұялы телефонды Михайловтан сатып алғанын айтты.
Іс жүргізуге кім қатысады? Әрбір қатысушының процессуалдық жағдайын анықтаңыздар.
2 есеп. Дәулетбекова сотқа берген арызында жауапкер Дәулетбековпен некеде тұратынын, үш баласы барын көрсеткен. Жұмыс орны бойынша есеп бөлімі бірінші некеден туған қызына табысының ¼ бөлігін алимент ретінде ұстап қалады және Байбатыроваға қызын асырауға жіберіп отырады, қалған бөлігін Дәулетбеков өзі алып қояды. Қалған ақшаға үш баласын асырап-бағу мүмкін емес болғандықтан, Дәулетбекова жауапкерден алимент өндіруді сұраған. Талап арызына қажетті құжаттар тркелген. Сот істі тыңдауға тағайындаған және сот отырысына тараптарды, куә ретінде Байбатырованы шақырту туралы соттың кеңсесіне нұсқау берді. Судья дұрыс әрекет етті ме?
3 есеп. Иванов пойыздың астына түсіп, өзін өзі өлтірді. Қайтыс болғанның жұбайы темір жол басқармасына зиянды өтеу және 5 және 9 жастағы екі баласын асырауға жәрдемақы төлеу туралы талап арыз қойды. Талап арызды қайтыс болған адамның анасы да қойған, ол ұлының асырауында болмаса да жасы (68 жас) және денсаулық жағдайы бойынша материалдық көмекке мұқтажбын деп есептейді. Жауапкер талапқа қарсылық білдіріп, Иванов пойыздың астына өзі секірген және машинисттің оның өлімін болдырмауға мүмкіндігі болмады деп түсінік берді.
Процессуалдық қатынастар кімдердің арасында туындады және олардың мазмұнын не құрайды?


Ұсынылатын қайнар көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  4. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.

5. Александров А.Ю. Особенности гражданских процессуальных правоотношений // Вестник Калужского университета. - № 4(29). - 2015. – С.13-15.
6. Васьковский Е.В. Курс гражданского процесса: Субъекты и объекты процесса, процессуальные отношения и действия. – М.: Статут, 2016. – 624 с.
7. Гражданский процесс: учебник / Отв. ред. Блажеев В.В., Уксусова Е.Е. - М.: Проспект, 2015. – 736 с.
8. Курмантаева Л. О казахстанской модели оценки качества работы судов // Заңгер №3 (164) март 2015. - С. 12-16.
9. Мохов А.А., Воронцова И.В., Семёнова С.Ю. Гражданский процесс (гражданское процессуальное право) России: учебник / отв. ред. А.А. Мохов. - М.: ООО «Юридическая фирма Контракт», 2017. – 384 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет