Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет5/21
Дата29.09.2023
өлшемі214.03 Kb.
#479221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

1. Бұл азаматтық іс жүргізудің қатысушылары кімдер болып табылады?
2. Іске қатысушы тұлғаларды анықтаңыздар
3. Прокурор және қамқоршылық және қорғаншылық органдары кімдердің мүдделерін сотта білдіреді?
4. Ч-ны асырап алуға кім және қалай келесім беруі тиіс?
5. Прокурордың және қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы қандай маңызға ие?
6. Негігі процессуалдық құқық қатынасын анықтаңыз
7. Бұл іс азаматтық сот ісін жүргізудің қайсы түріне жатқызылады?
8. Л.ың арызы қанағаттандыруға жатады ма?


Ұсынылатын қайнар көздері

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  4. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.

5. Абдрахманова С. Ж., Канатов А.К. К вопросу определения места и роли органов прокуратуры. // Журнал Право и государство. - №4(73) 2016. - С. 26-31.
6. Акимбекова С.А., Лер С.М., Скрябин С.В. Участие прокурора в гражданском процессе: сравнительно-правовой анализ // http://lprc.kz/files/library
7. Гражданский процесс: учебное пособие / М.Ю. Лебедев, Ю.В. Францифоров, А.В. Чекмарева. – Москва: Юрайт, 2015. – 233 с.
8. Идрисова С. Совершенствование института судебного представительства: вопросы правотворчества и правоприменения // Заңгер. - №5 (166). – май. - 2015. - С. 71-74.
9. Конусова В.Т. Роль и формы участия прокурора в гражданском процессе в контексте нового гражданского процессуального кодекса // Вестник Института законодательства Республики Казахстан №2 (43) 2016. - С. 24-32.
10. Мухамеджанов Э. К вопросу о представительстве в суде по материалам проекта ГПК. // Заңгер №5 (166) май 2015. - С.74-78.


Тақырып 5. Азаматтық істердің ведомстволығы және соттылығы
1 тапсырма «Соттылықтың ұғымы және түрлері» атты кесте жасау
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№1 ГУ «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «К» ЖШС-не жауапкердің әрекетін
заңсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жолданды. Талапты келесідей негіздейді: жауапкер - «К» ЖШС электрэнергиясын басқа электр эенергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға (ЖШС «О» мен ЖШС «А») сатады, жалпы сату құны 325 720 теңгені құрайды, бұл ҚР «Электр эенергиясы туралы» Заңының 13-бабының 3-3 п.-не қайшы келеді.
Аталған ЖШС-тер тұтынушылар болып табылмайды, өз қажеттері үшін электрэнергиясын сатып алмайды, электр энергиясын беруші ұйымдар емес және табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуінде тіркелмеген. Сондай-ақ олар 2009 жылы 10 наурыздағы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген энергияны өндіруші ұйымдардың тізімінде жоқ болып шықты. ЖШС
«К» энергиямен жабдықтаушы ұйым болғандықтан, ол электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сата алмайды.
Сот ЖШС «К» әрекетін заңсыз деп танып, Департаменттің талабын ішінара қанағаттандырды. Соттың шешімі «ЖШС «К», энергияны өндіруші емес, энергиямен жабдықтаушы ұйым бола отырып, оны сатуға құқығы жоқ деп негізделді.
Бас Прокурордың наразылығында материалдық және процессуалдық құқық нормаларын бұзып шығарылған бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жою туралы мәселе қойылды.
Кассациялық сот алқасы келесі қорытындыға келеді: іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды, себебі электр энергиясын сату тәртібін бұзу үшін жауапкершілік ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 147-6-бабында қарастырылған. Бұл істің санатын қарау ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Демек, Департаменттің арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет