Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет2/21
Дата29.09.2023
өлшемі214.03 Kb.
#479221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

1. Сот ісін жүргізу тілі қағидасына сипаттама беріңіз: оның мәнісі, мағынасы, азаматтық сот ісін жүргізудің басқа да қағидалары жүйесінде алатын орны.
2. ҚР АПК-нің сот ісін жүргізу тілі қағидасын тиісінше іске асырудың заңдық кепілдіктері, мазмұны, іске асыру тетігі
бекітілген баспатрға талдау жүргізіңіздер.
3. Бірінші сатыдағы сотпен қандай қателіктер жіберілген?
4. Сот жіберілген қателіктерді қалай жоюға болады?
5. Апелляциялық сатыдағы соттың әрекеттеріне баға беріңіздер.


Ұсынылатын қайнар көздері:
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.

  4. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  1. Акимбекова С.А., Тлегенова Ф.А. О развитии гражданского процессуального права в Республике Казахстан //Сборник науч. ст. Евразийский гражданский процесс: к 25-летию стран СНГ и Балтии под ред. Д.Я. Малешина. – Москва, 2015. – С 63-108.

  2. Атаханова С.К., Омарова М.С. Азаматтық іс жүргізудегі жариялық принципі // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2016. - №1. - С. 130-133.

  3. Мәуленқұлов Ғ. Төрешілдік рәсімдерді азайту - сот төрелігінің сапасын арттыру кепілі // Заңгер. - 2015. - №5. - С. 43-45.

  4. Талапова Г.Т. Принцип диспозитивности гражданского процесса и его реализация в законодательстве и судебной практике // www.zakon.kz



Тақырып 2. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу
1 тапсырма. «Тараптардың іс жургізушілік құқықтары мен міндеттері» атты кесте жасау.
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
Есеп. Талапкер П. жауапкер А. –ға моральдық зиянды өндіру туралы талап қойып жолданды. Ол талабын келесідей негіздеген: 2015 жылы 8 мамырда күндіз оның 200 жылы туылған кәмелетке толмаған қызы З.-ны жауапкердің иті талаған және тістеген. Осыған орай талапкер соттан 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді және сот шығыстарын өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптардан кәсіби емес медиатор Т.-мен жүргізілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бекітілген келісімі судьяға табысталды. Келісімнің жағдайлары бойынша талапкер П. қойылған талап арызынан бас тартады және соттан сот ісін жүргізуді тоқтатуды сұрайды. Жауапкер А. 2015 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде ерікті түрде талапкерге 30 000 теңге төлеуді, 2015 жылдың 15 тамызына дейін – 10 000 теңге, 2015 жылдың 15 қыркүйегіне дейін – 10 000 теңге, барлығы 50 000 теңге төлеуді міндеттенеді. Талапкер П. жауапкер А.-дан келісімді орындауды қабылдауға міндеттенеді. Келісімнің жағдайлары жазбаша түрде мазмұндалған және 2016 жылы 17 маусымда тараптармен қолдары қойылған.
АПК-нің 247-бабы бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуіне байланысты сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Кейін жауапкер А. сотпен бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ерікті түрде орындаудан бас тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет