Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет7/21
Дата29.09.2023
өлшемі214.03 Kb.
#479221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

1. Талапкер А-ның талабын негіздейтін дәлелдеу пәнін анықтаңыздар
2. Талап қоюды немесе талапқа қарсылықты негіздейтін мән- жайлардың бар болуын немесе жоқ болуын әрбір тарап қандай дәлелдемелермен растай алады?
3. Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде
ұсынбаса, онда сот қандай қорытындыға келеді?
4. Жауапкер табыстамаған ауысымдық есепте, кран журналында тіркелген мәліметтерді жауапкердің мүддесіне қарсы бағытталған деп сот есептей алады ма?
5. Бұл жағдайда куәлардың айғақтары қандай маңызға ие?
6. Талапкермен табысталған ауысымдық есепті талапты негіздейтін анық дәлелдеме ретінде сот тани алады ма?
7. Талапкердің қандай талаптары қанағаттандыруға жатады?
Тізіп беріңіздер.


Ұсынылатын қайнар көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  4. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.

  5. Атаханова С.К., Мірәлиева М.Қ. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелерді бағалаудың мәні және мазмұны // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2016. - №1. - С. 104-108.

  6. Борчашвили И.Ш. Современное состояние и перспективы развития казахстанской судебно - экспертной деятельности // Право и государство. № 1(70) 2016. – С. 33-38.

7. Вердиян Г. Пределы судейского усмотрения при реализации добросовестности и иных оценочных категорий в гражданском праве России. // №2 (163) февраль 2015 г. - С. 82-88.
8. Курманбаев Б.М., ШагдароваТ.А. Институт частных судебных экспертов в Республике Казахстан // Право и государство. № 1(70) 2016. – С. 57-60.
9. Сисенова М. Свидетель, имеющий право на защиту // Заңгер №2 (163) февраль 2015 г. - С. 68-72.
10. Треушников М.К. Судебные доказательства. Изд-во Городец, http://www.flip.kz/descript?cat=people&id=1446902016. - 304 с.


Тақырып 7. Талап және талап қою
1 тапсырма Талап арыз жобасын құрастыруыңыз.
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
Есеп. К. жеке еңбек шартының негізінде 20.04.2004 ж. бастап «Серік» ЖШС-де айлық ақысы – 50 000 теңге, күзет бастығы лауазымында жұмыс істеді.
5.01.2015 жылы «Серік» ЖШС бастығының № 05 бұйрығымен дәлелді себепсіз үш сағаттан көп жұмыста болмағаны үшін К. –мен жеке еңбек шарты бұзылды, бұйрықпен К. танысқан. К. «Серік» ЖШС-не жұмыстан шығару туралы 05.01.2005 жылғы бұйрықтың күшін жою туралы, «Серік» ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы, 1 800 000 теңге мөлшерінде материалдық зиянды өтеу, моральдық зиян келтіргені үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы өндіру туралы талап қойып сотқа жолданды.
«Серік» ЖШС инспекторы Б.-ның, бас инженер Ю.-дың баяндауы бойынша, К. жұмыс орнында 03.01.2005 ж. бастап 05.01.2005 ж. дейін болмаған. Сондықтан талапкерді жұмыстан шығару туралы жауапкердің бұйрық шығаруы құқықлы болып табылады.
Сонымен қатар, талапкер жоғарыда аталған талапты қодың ескіру мерзімін өткізіп алған, себебі оның жұмыстан шығарылған сәтінен бері үш жылдан астам уақыт өткен, бұл туралы қарсы тарап сотта мәлімдеді.
Бұл дау бойынша талаптың ескіру мерзімін өткізіп алудың қандай да бір дәлелді себебі жоқ болып шықты.
Бірақ, талапкер талаптың ескіру мерзімінің үзілгенін айтып түсіндірді: 04.01.2008 ж. ол осындай талап қойып сотқа жолданған және оған сотпен оның талап арызы қайтарылған. 21.01.2008 жылғы соттың ұйғарымында көрсетілгендей, талап арыз әуелі кемшіліктерді жою үшін
18.01.2008 жылға дейін қозғалыссыз қалдырылған, кейін аталмыш кемшіліктерді жоймағаны үшін ол талапкерге қосымша тіркелген құжаттарымен бірге қайтарылған. Заңмен белгіленген мерзім ішінде талапкер бұл ұйғарымға шағым берген емес және бұл ұйғарым күшіне енген. Бұдан басқа, талапкердің еңбек кітапшасынан анықталғандай, бұл мерзім үзілген және бұл уақыт ол үшін амалсыз бос жүрген уақыт болып табылмайды, себебі 10.07.2006 ж. бастап 01.03.2007 ж. дейін, яғни жұмыстан шығарылғаннан кейін бір жарым жылдан соң талапкер «SADI - групп» ЖШС-де қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет