Сұйытылған көмірсутекті газдарды қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Пайдалануға қабылдау және іске қосуды реттеу жұмыстары



бет2/5
Дата15.07.2016
өлшемі442 Kb.
#201336
1   2   3   4   5

8-тарау. Пайдалануға қабылдау және іске қосуды реттеу жұмыстары
81. Құрылыс, қайта салу, техникалық қайта жарақтау жұмыстары аяқталғаннан, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін газ құбырлары мен СКСГ объектілерінің жабдықтарын пайдалануға қабылдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілінің қатысуымен осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

82. СКСГ жабдықтарын, газ құбырларын, құрылыстарын күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қабылдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімен инспектордың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

83. Монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін резервуарлар, газ құбырлары мен жабдықтарын іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізуден бұрын құрылыс-монтаж ұйымымен:

1) резервуарлар – қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың орналастырылуы мен қауіпсіз пайдалануына қойылатын талаптар бойынша;

2) газ құбырлары мен жабдықтар – құрылыс нормалары мен талаптары, осы Талап бойынша сыналады.

Сынаулар актімен ресімделеді.

84. Газ құбырларын, ГТС, ГТБ, АГҚС газ жабдықтарын, резервуарлық қондырғыларды қабылдау сынаулары іске қосуды реттеу ұйымымен жүргізіледі.

85. Қабылдау сынауларын бастар алдында оны жүргізетін ұйым:

1) бақылайтын тұлғаны тағайындайды және технологиялық жабдықтарға, газ құбырларына, автоматизация құралдарына, санитарлық-техникалық және желдеткіш жүйелерге, электр жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін персоналды жинақтайды;

2) жұмыс орындарында газ құбырлары мен жабдықтардың сызба үлгілерін іледі;

3) технологиялық регламенттерді, лауазымдық және өндірістік нұсқауларды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестелерін, аварияларды шектеу және жою жоспарларын бекітеді, өрт сөндіру командаларымен, жедел медициналық қызметімен, газды тарататын ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

4) нормативтік талаптарға сәйкес өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз етеді;

5) жобалық (орындаушылық) және пайдаланатын құжаттарды, желдеткіш жүйелердің, электр жабдықтарының, қауіпсіздік автоматикасы құралдарының тиімділігін тексеру актілерін әзірлейді.

86. Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде СКСГ объектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) газ шығу қаупі бар жұмыстардың орындалуын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың техникалық жағдайы мен қауіпсіз пайдалануын, электршаруашылығы мен желдеткіш жабдықтарын бақылайтын тұлғалар тағайындалады;

2) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар тіркеледі, оларды техникалық куәландыру және пайдалануға рұқсат алу жұмыстары жүргізіледі;

3) орындаушы-техникалық құжаттар рәсімделеді, іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу және жабдықты кешенді сынау актісіне қол қойылады;

4) технологиялық сызба нұсқаға сәйкес сорғыштарға, компрессорларға, булағыштарға, резервуарларға, толтыру және құю колонкаларға, электр қозғатқыштарға, желдеткіштерге, тиек және сақтандырғыш арматуралары мен басқа да техникалық құрылғыларға нөмірлер қойылады;

5) газ құбырларындағы газ қозғалысының бағыты, ал тиек арматурасының маховиктерінде ашу және жабу кезінде айналу бағыты көрсетіледі;

6) белгіленген тәртіпте бекітілген жобаға және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жайлардың жарылыс шығуы бойынша өрт шығу қауіптілігі мен классының белгілері салынады;

7) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жұмысшылардың дайындығы мен аттестациядан өтуін қамтамасыз етеді, осы Талапты және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды білу деңгейін тексереді.

87. Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу және резервуарларды сұйытылған газбен толтырар алдында жабдықтарды кешенді сынау үшін қабылдау қамтамасыз етіледі, апатқа және өртке қарсы қорғаудың автоматты құралдары қолданылады.

Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде СКСГ объектілерінде газ құбырларын газбен үрлеу алдында резервуарлар мен газ жабдықтарына ауамен немесе сағат көлеміндегі қысымы 0,3 МПа инертті газбен бақылаулық қысым беру жүргізіледі.

Герметикалығына жүргізілген сынаудың қорытындылары нақтылық класы 0,6 манометр бойынша газ құбырында қысымның анық төмендеуі байқалмаған кезде, ал нақтылық класы 0,15 және сұйықтық манометрі бойынша 0,4, егер қысымның төмендеуі шкаланы бөлетіннен аспаса дұрыс деп есептелінеді.

88. Технологиялық жабықтағы іске қосуды реттеу жұмыстары жұмыстың жобалық режімінде бос жүріс және салмақ түсіру арқылы жүргізіледі.

89. Бақылаулық қысым беру кезінде барлық дәнекерленіп тоғысқан жерлер, кесілген және фланцтік қоспалар, сальниктік тығыздағыштар сабындау арқылы немесе жоғары әсерлі аспаптармен тексеріледі.

Кері температура жағдайында сабынды эмульсия оның қатуына жол бермейтін концентрациядағы спиртпен араластырылады.

90. СКСГ объектілерін пайдалануға енгізу жөніндегі іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде:

1) жабдықтарды, арматуралар мен аспаптарды сырттай тексеру;

2) өрт сөндіру және өрт шығу қаупі бар жайлардағы желдету құралдарын жұмыс істеуін тексеру;

3) жарылу қаупі бар газ концентрациясының тұрақты сигнал бергіштерінің жұмысын тексеру;

4) резервуарларды, газқұбырларын, жабдықтарды оттегінің 1 % артық түзілмеуіне дейін булы фазалы сұйытылған газбен немесе инертті газбен үрлеу;

5) бақылау-өлшеу аспаптары мен деңгейді өлшегіштердің жұмысын тексеру;

6) сақтау базаларының резервуарларына сұйытылған газды құю;

7) барлық компрессорлардың, булағыштар мен сорғыштардың жұмыс істеулерін сынау;

8) баллондарды толтыру, газ баллонды автокөліктерді толтыру, газды тұтынушыларға беру;

9) 72 сағат ішінде технологиялық режімдердің жұмыс істеулері жүзеге асырылады.

91. Жабдықтың жұмыс істеуінде анықталған және жойылмайтын ақаулықтар актіде көрсетіледі.

Ақаулықтарды жою және іске қосуды реттеу жұмыстарын жалғастыру комиссиямен қарастырылады.

92. Іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде технологиялық операциялар жүргізіледі, өндірістік нұсқаулар нақтыланады және толықтырылады.

93. Іске қосуды реттеу жұмыстарын бастар алдында пайдаланатын персонал жұмыс орындарында іске қосуды реттеу жұмыстарының басшысынан қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау алады.

94. СКСГ объектілеріндегі іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде, олардың қауіпсіз жүргізілуіне іске қосуды реттеу бригадасының басшысы жауапты болады.

Барлық жұмыстар соның нұсқауы бойынша орындалады.

95. Кешенді сынау өткізу кезінде технологиялық жабдықтың қалпын бақылау және дер кезінде ақаулықтар мен газдың кеміп қалуы бойынша шара қолдану үшін қызмет көрсететін персонал қатарынан кезекшілік ұйымдастырылады.

96. Станция персоналы оқытылады, ықтимал ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері бойынша нұсқау алады, қажетті сызбанұсқалармен және нұсқаулармен, қорғау және өрт сөндіру құраларымен, арнайы киімдермен, қажетті құрал-саймандармен, аспаптармен және жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

97. Жабдықты 72-сағат ішінде кешенді сынағаннан және технологиялық операцияларды орындағаннан кейін іске қосуды реттеу жұмыстары аяқталған болып есептеледі, объект іске қосуды реттеу бригадасының басшысымен тиісті актіні ресімдеу арқылы қабылдау комиссиясына тапсырылады.

98. Объектіні пайдалануға беру мемлекеттік (қабылдау) комиссиясы актіге қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.

9-тарау. СКСГ объектілерін ресми жариялау және тіркеу
99. Өнеркәсіп қауіпсіздігін ресми жариялау және СКСГ газ тарату, газ тұтыну жүйелерін тіркеу «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес, оларды қауіпсіз пайдалану шарттарын белгілеу және қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

100. Сұйытылған көмірсутекті (пропан-бутан) газды пайдаланатын объектілер оларды сақтау, газ құбырлары бойынша тасымалдау және тұтанатын (жанғыш, жарылу қаупі бар) газды отын ретінде пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі.

101. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес СКСГ қауіпті өндірістік объектілеріне:

1) СКСГ мен ГТС, ГТБ, АГҚС сақтау және жүзеге асыру бірлескен базалары, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар;

2) бір газ тарату ұйымы пайдаланатын резервуарлар мен сыртқы газ құбырлары;

3) өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа да өндірістердегі газды отын ретінде пайдаланатын сақтау және газды тұтыну объектілері;

4) өндірістік, жылыту-өндірістік және жылыту қазандықтары жатады.

102. СКСГ қауіпті өндірістік объектісін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркеу құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан және пайдалануға қабылданғаннан кейін сәйкестендіру негізінде жүзеге асырылады.



10-тарау. СКСГ газды тарату және газды тұтыну жүйелерін пайдалану
103. СКСГ газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілерін пайдаланатын ұйым:

1) СКСГ газды тарататын және газды тұтынатын қауіпті өндірістік объектілерін қауіпсіз жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін орындауды, осы Талапты сақтайды;

2) газ құбырлары мен техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін, олардың қауіпсіз салынуын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім жасасады;

3) осы Талаппен белгіленген мерзімде газ құбырларына, құрылыстар мен газ жабдықтарына (техникалық құрылғыларға) техникалық диагностика жүргізуді қамтамасыз етеді.

104. Газ шаруашылығы объектілерінің пайдалануға берілуімен айналысатын тұлғалар үшін мынадай құжаттар:

1) өндірістік бақылау туралы талап;

2) газ жабдығын (техникалық құрылғыларды) пайдалануға, жұмыстарды орындаудың технологиялық бірізділігіне, олардың орындалу әдістері мен көлемдеріне қойылатын нақты талаптарды сақтау өндірістік объектінің саласын ескере отырып жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін технологиялық регламенттер әзірленеді және ұйымның басшысымен бекітіледі.

Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі технологиялық регламенттерге газ құбырлары мен газ жабдықтарының технологиялық сызбанұсқасы қоса беріледі.

Технологиялық сызбанұсқалар қауіпті өндірістік объектіні қайта салғаннан, техникалық қайта жабдықтағаннан кейін қайта қаралады және қайта бекітіледі.

105. СКСГ объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Талаппен, өндіруші зауыттың нұсқауларымен, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнама талаптарымен анықталады.

106. СКСГ объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу кестелері (жоспарлары) ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі және газ құбырлары мен газ жабдықтарына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйыммен келісіледі.

107. Жобалық және орындау құжаттарын қауіпті өндірістік объектінің (жойылғанына дейін) толық пайдалану мерзімі ішінде сақтайды.

Оны сақтау тәртібі мен шарттары ұйым басшысының шешімімен анықталады.

108. Әр сыртқы газ құбырына, электр тоғынан қорғау қондырғыларына және резервуарға негізгі техникалық сипаттамалар, түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы деректер көрсетілген қолдану паспорты жасалынады.

109. ГТС, ГТБ, АГҚС газ құбырларында газ ағымы қозғалысының бағыты көрсетіледі.

110. ГТС, ГТБ, АГҚС технологиялық жабдық, газ құбырлары, арматура, электр жабдықтары, желдеткіш жүйелер, өлшеу, апаттан қорғау құралдары, бұғаттағыштар мен белгі бергіштер ауысым сайын тексеріледі, анықталған ақаулықтар дер кезінде жойылады. ГТС, АГҚС 1-қосымшаға сәйкес техникалық паспорт толтырылады.

Станцияны іске қосу алдын ала тексеру (аралап шығу) жұмыстарынан кейін жүргізіледі.

111. Ақаулы агрегаттар, резервуарлар, газ құбырлары ажыратылады, анықталған газдың кемуі жойылады.

112. Газ құбырларындағы арматураны, ойылған және фланцті қоспаларды бөлшектеу, олар ажыратылғаннан және инертті газбен немесе бумен үрленгеннен кейін рұқсат етіледі.

Фланцтік қоспалардың бекіту бөлшектерін бұрауға, қысыммен жұмыс істейтін газ құбырлары мен жабдықтарындағы болттарды ағытуға (ауыстыруға) рұқсат етілмейді.

113. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарынан басқа газ құбырларына, арматураға және технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу күндізгі уақыт кезінде жүргізіледі. ГТС, АГҚС 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-тапсыру журналы жүргізіледі.

Бекітпе арматура, кері және жылдам клапандар тез және берік сөндірілуді қамтамасыз етеді.

114. Арматураға қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жиілігі 12 айда бір рет жүргізіледі.

115. Резервуарлар мен газ құбырлары сақтандырғыш ағытқыш клапандармен жабдықталады.

116. Сақтандырғыш ағытқыш клапандар:

1) айына бір реттен жиі емес аралықта қысқа уақыттық еріксіз ашу (қопару);

2) егер өндіруші зауыттың нұсқауына сәйкес клапанды қопару қарастырылмағанда тексеріледі.

117. Клапандарды баптау параметрлерін тексеру мен ретке келтіру стендте немесе сол орында арнайы құрылғының көмегімен мынадай мерзім:

1) резервуарлардың сақтандырғыш ағытқыш клапандары - 6 айда бір реттен жиі емес аралықта;

2) қалғандары–ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, бірақ 12 айда бір реттен жиі емес аралықта жүргізіледі.

Жөндеу немесе тексеру үшін алынатын клапан ақаусызбен ауыстырылады.

Баптау параметрлері тексерілгеннен кейін клапандарға пломбалар салынады және 3-қосымшаға сәйкес рәсімделген журналға тіркеледі.

118. Пайдалану режімі, істелінген уақыт саны және компрессорлар мен сораптардың жұмысындағы ақаулықтар 4-қосымшаға сәйкес ресімделген пайдалану журналында жазылады.

119. Сораптар мен компрессорлардың жұмысына бақылау жүргізіледі.

Апаттық жағдайда желдеткіші бар автоматикасы мен бұғаттағыштары сөндірілген сорғыштар мен компрессорларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

120. Сораптың сорғыш желісіндегі газдың қысымы осы температурадағы сұйық фазаның қаныққан булары серпімділігінен 0,1-0,2 МПа жоғары.

121. Компрессордың ұлғайтқыш келте құбырындағы газдың қысымы ұлғайту температурасы кезінде СКСГ булары конденсациясының қысымынан аспайды.

Компрессордан кейін газдың шекті жоғары қысымы 1,6 МПа аспайды.

122. Сорғыш-компрессорлық бөлімшелердегі (бұдан әрі - СКБ) сорғыштар мен компрессорларға жөндеу және регламенттеу, өндірістік аймақта газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде олар тоқтатылады.

СКСГ объектілерінде 5-қосымшаға сәйкес жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тіркеу журналы толтырылады.



11-тарау. СКСГ газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің

қауіпті өндірістік объектілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
123. Әр ұйымда осы Талап пен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды білу деңгейлері тексерілген басшылар немесе мамандар қатарынан СКСГ қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғалар тағайындалады.

124. СКСГ қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдалануына бақылау жүргізетін тұлғаның атқаратын қызметі:

1) газбен қамтамасыз ету жобаларын қарастыруға және осы Талапқа сәйкес пайдалануға берілетін газ жүргізілген объектілерді қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;

2) технологиялық регламенттерді, нұсқауларды, аварияны жою жоспарын, өзара әрекеттесу жоспарларын әзірлеу;

3) өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын білулерін тексеру жөніндегі комиссияға қатысу;

4) мамандар мен жұмысшыларды дербес жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген рұқсат беру тәртіптерінің сақталуын тексеру;

5) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, газ құбырлары мен газ жабдықтарының жөндеу жоспарларын орындауға, пайдалану және жөндеу кезіндегі техникалық құжаттардың жүргізілуіне өндірістік бақылау;

6) ақаулы газ құбырлары мен газ жабдықтарының жұмыстарын тоқтату;

7) басшылар мен мамандарға осы Талаптың бұзылуын жою бойынша ұйғарымдамаларды беру мен олардың орындалуына бақылау жүргізу;

8) газ жабдығын ауыстыру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

9) ықтимал апаттарды жою бойынша мамандармен, жұмысшылармен жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

125. Газды қолданатын қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдалануына бақылау жасайтын тұлғалар:

1) газбен қамтамасыз ететін ұйыммен, келісім бойынша техникалық қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

2) осы Талап пен басқа да нормативтік құқықтық актілер мен технологиялық регламенттерді білу деңгейі қанағаттандырмайтын немесе білімдерін тексеруден өтпеген тұлғаларды газ жабдықтарына қызмет көрсетуден және газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуден босатады;

3) қауіпті өндірістік объектілерді қайта салу және техникалық қайта жабдықтау кезінде бақылау жүргізеді.

12-тарау. Сыртқы газ құбырлары мен құрылыстар
126. Тұтынушыларға берілетін сұйытылған көмірсутекті газдар жанғыш көмірсутекті газдардың техникалық сипатын белгілейтін мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

127. Газ иісінің қарқындылығы (одоризация) газ тарату желілерінің нақты түйіндерінде, толтыру орындарында, 3-4 балл шегіндегі баллондарда сәйкес келеді.

128. Газ иісінің қарқындылығының сынамасын алу кезеңділігі мен бақылануы ГТС, ГТБ, АГҚС және газ тарату ұйымдарымен технологиялық регламент пен журналдағы қорытындылар жазбасына сәйкес анықталады.

129. Газ қысымының көлемі жобаға сәйкес келеді.

130. Газ құбырларындағы конденсаттың болуын және оны алып тастауды тексеру тығындануының түзілуін болдырмайтын кезеңдікте жүргізіледі.

131. Газ құбырларында орнатылған тығындық арматура мен компенсаторларына жыл сайын техникалық қызмет көрсетіледі және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер 6 және 7-қосымшаларға сәйкес журналға, ал түбегейлі жөндеу жұмыстары (ауыстыру) туралы газ құбырының паспортына енгізіледі.

132. Іске қосылған сыртқы газ құбырлары кезең аралық, аспаптық техникалық тексеруден, техникалық жағдайын диагностикалаудан, ағымдағы және түбегейлі жөндеулерден өткізіледі.

Жер асты:

1) болаттан жасалған – 40 жылдық;

2) полиэтиленнен жасалған – 50 жылдық пайдалану мерзімі өткен газ құбырлары диагностикадан өтеді.

Газ жабдығы (техникалық құрылғылар) өндіруші белгілеген пайдалану мерзімінен, бірақ 20 жылдан артық пайдаланғаннан кейін диагностикадан өтеді.

133. Жер үстіндегі газ құбырларын тексеру кезінде газдың кеміп қалуын, газ құбырларының тіректен тыс ауытқуларын, тербелістердің болуын, майысқандығын, газ құбырларының жарамайтын иілген жерлерін, тіректердің отыруы мен зақымдануын, сөндірілетін құрылғылар мен оқшауланған фланцтік қоспалардың жағдайын, электр сымдарының құлауынан қорғау құралдарын, бекітпелердің және газ құбырларының бояулары мен габариттік белгілерінің авто көлік өтетін өту жолдары орындарындағы қалпын анықтайды.

Тексеру үш айда бір реттен жиі аралықта жүргізілмейді.

Анықталған ақаулықтар дер кезінде жойылады.

134. Елді мекендердегі жер асты газ құбырларын тексеру кезінде сыртқы белгілері бойынша газ құбыры трассаларында газдың кемуі және аспаптармен құдықтар мен инженерлік жер асты құрылыстарының (коммуникацияларының) камераларында, бақылаулық түтіктерде, ғимараттардың жертөлелерінде, шахталарда, коллекторларда, газ құбырының екі жағында 15 м дейін қашықтықта орналасқан жер асты өту жолдарында, газдың бар болуы анықталады; қабырғалық көрсеткіштердің, құрылыстардың бағыт-бағдарлары мен электрохимиялық қорғау құрылғыларының сақталуы нақтыланады; газ құдықтарының қақпақтары мен төсемдері қардан, мұздан және батпақтан тазаланады; түпсіз тереңдігі, шөккендігі, көшкіндер, жер қабаттарының құлаулары мен омырылуы, су тасқыны немесе жауын-шашын суларының салдарында газ құбырларын шаю анықталады; газ құбырларын зақымданудан сақтауды қарастыратын құрылыс жұмыстарын жүргізу шарттары бақыланады.

135. Жер асты газ құбырларын тексеру кезеңдігі олардың техникалық жағдайына, элекртоқорғағыш қондырғылардың бар болуы мен тиімділігіне, қысымы, шеккендігі, жер қабатының, тау қазбаларының төмендеуі мен қопсуы, ауданның сейсмикалығына, жыл мерзімі мен басқа да факторлары бойынша газ құбырлары категорияларына байланысты белгіленеді. Бірақ газ тарату және газды тұтыну жүйесінің қауіпсіздігі туралы талаптармен бекітілген мерзімдерден жиі емес аралықта жүргізіледі.

Жер асты газ құбырлары трассаларын тексеру кезеңдігі 8-қосымшада келтірілген.

136. СКСГ сұйық фазасын ГТС газ құбыры арқылы беру кезінде ГТС аумағынан тыс қоршаудан кемінде 50 м қашықтықта сөндіргіш құрылғы орнатылады.

137. Сақтандырғыш клапандардан шығатын жиынтық газ құбырларында сөндіргіш құрылғыларды орнатуға тыйым салынады.

138. Жұмыс уақыты емес кезде СКСГ технологиялық газ құбырларындағы барлық бекітпе арматуралар жабылады.

139. Газ құбырлары мен жабдықтарындағы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кестеде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

Газ құбырларын, тасымалданатын СКСГ мен арматураны пайдалану кезінде мынадай жұмыстар:

1) техникалық қызмет көрсету;

2) техникалық жөндеу жұмыстары;

3) кезеңдік сынамалар жүргізіледі.

140. Газ құбырлары мен арматураларға техникалық қызмет көрсету кезінде:

1) дәнекерленген жапсарлар мен фланцтік қоспалардағы қиыспаушылықты анықтау үшін газ құбырларына күнделікті сыртқы тексеру мен бақылау;

2) бекітпелердің, жылу оқшаулағыш пен бояуларды, тірек конструкцияларын, ірге тастарды, ілгіштердің қалпын, жылжымалы және жылжымайтын тіректердің, теңгеру құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін, дренаждық құрылғылардың арматуралардың, құдықтардың жағдайын тексеру жүргізіледі.

141. Арматураны сырттай тексеру кезінде оның сальниктерінің герметикалығы, шпинделдің ысырмалар мен бұрандалардағы жүрісінің қалыптылығы тексеріледі.

Анықталған ақаулықтар жойылады.

142. Сақтандырғыш жиынтық клапандарының реттеу қысымы жұмыс қысымының 15 % аспайды.

143. Газ құбырлары мен оларға орнатылған арматураға белгіленген тәртіпте бекітілген кесте бойынша кезеңдік техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

144. Арматураға, сақтандырғыш, жиынтық, жылдам және кері клапандарға техникалық жөндеу жұмыстары өндіруші зауыттың паспорттарында қарастырылған мерзімде, бірақ жылына бір реттен жиі емес аралықта жүргізіледі.



13-тарау. Сорғыштарды, компрессорларды және буландырғыштарды пайдалану
145. Компрессорларды, сорғыштар мен буландырғыштарды пайдалану кезінде өндіруші зауыттың, осы Талап пен технологиялық регламенттердің талаптары сақталады.

146. Компрессорлардың, сорғыштардың тығыздағыш желілеріндегі және электрқозғалтқыштардың буландырғыштары шығатын жерінде жобамен қарастырылған қысым көтерілген кезде буландырғыштағы жылу бергіш автоматты түрде сөндіріледі.

147. Желдеткіш, бақылау-өлшеу аспаптары сөндірілген немесе олар болмаған жағдайда, жалынның шекті таралу концентрациясы төменгі 10 % асатын газ концентрациясы бөлмеде болған кезде компрессорлардың, сорғыштар мен буландырғыштардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

148. Компрессорлардың, сораптар мен буландырғыштардың жұмыс режимі, атқарылған уақыт саны, жұмыс барысындағы ақаулықтар туралы мәліметтер пайдалану журналында көрсетіледі.

149. Компрессорларды, сораптар мен буландырғыштарды жұмыс режімінен қорға шығару технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Компрессорды, сорапты тоқтатқаннан кейін сорғыш және ұлғайтқыш желілердегі тиектік арматура жабылады.

Буландырғышты сөндірген кезде жылу және газ берудің енгізу және шығару жеріндегі тиектік арматура жабылады.

150. Сумен салқындатылатын жабдық орналасқан сорғыш-компрессорлық бөлімшедегі ауа температурасы жұмыс уақытында 10 º С төмен болмайды.

151. Ілінісу муфтасында және электрқозғалтқыш сына өлшегішті берілістерде қоршау болмаған кезде компрессорлар мен сорғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

152. Сорғыш-компрессорлық және буландырғыш бөлімшелерде жабдықтардың, құбырлардың және ООП технологиялық сызбанұсқалары, қондырғыларды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен пайдалану жөніндегі журналдар сақталады.

153. Компрессорлар мен сораптарға техникалық қызмет көрсету кезінде ауысым сайын:

1) ақаулықтарды және газдың кемуін анықтау мақсатында агрегаттарды, тиектік және сақтандырғыш арматураны, өлшеу құралдарын, автоматика мен бұғаттағыштарды тексеруді;

2) жабдықты және ООП шаң мен тозаңнан тазалауды, жерге қосу мен бекітпелерді бар болулары мен ақаусыздықтарын тексеруді;

3) тербеліске, ішпектер температурасына, деңгейіне, майдың және салқындататын судың қысымы мен температурасына тән шудан басқа тыс шулардың болмауын бақылауды;

4) тексеруге болатын жылжымалы бөліктердің ақаусыздығын тексеруді;

5) тиек арматуралардың және сақтандырғыш клапандардың қалпы мен орындарының ақаусыздығын;

6) жабдықты өндіруші зауыттың талаптарын сақтауды;

7) ақаулы жабдықты сөндіруді жүзеге асырады.

154. Сонымен қоса компрессорларды пайдалану жөніндегі нұсқаумен қарастырылған жұмыстарды жүзеге асырады.

155. Компрессорлардың ұлғайтқыш газ құбырындағы газ қысымы ұлғаю температурасы және қысымы 1,6 МПа кезінде СКСГ булары конденсациясының қысымынан аспайды.

156. Сораптың сорғыш желісіндегі газ қысымы сұйық фазаның қарқынды буларының серпімділігінен осы температурада 0,1-0,2 МПа жоғары.

157. Компрессорлар мен сораптардың сына тәрізді беріліс белбеулері, олардың төзімділігіне және күш салу берілістеріне әсер ететін заттардың әсерінен қорғалады және технологиялық регламенттердің талаптарына сәйкес келеді.

158. Сораптарға техникалық қызмет көрсету ай сайын жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету кезінде:

1) сорап жетегінің, қосқыш муфта тармақтарының электрқозғалтқышпен осьтік сәйкестігін тексеруді;

2) кері клапанның жұмысын, көп сатылы секциялық сораптардың секциялары арасындағы газдың кемуін жоюды тексеруді;

3) бағыттағыш және анкерлік болттардың бұралуын жүзеге асырады.

Көрсетілген жұмыстардан басқа сораптарды пайдалану жөніндегі зауыт нұсқауымен қарастырылған жұмыстарда орындалады.

Компрессорлар мен сораптар үшін зауыттың нұсқауында қарастырылмаған майлайтын майларды қолдануға рұқсат етілмейді.

159. Компрессорларға, сораптар мен буландырғыштарға техникалық қызмет көрсетуді осы жұмыстардың жүргізілуіне жауапты тұлғаның басшылық етуімен пайдаланатын персонал жүргізеді.

160. Сораптық-компрессорлық және буландырғыш жабдықтарға техникалық қызмет көрсету кезінде оларды тексереді, жабдықтарды жартылай бөлшектейді және тез тозатын бөліктері мен бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

161. Сораптық-компрессорлық жабдықтарға ағымдағы және түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі өндіруші зауытпен және объект басшысы бекіткен кестелерге сәйкес белгіленеді.

162. Компрессорларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:

1) цилиндрлер қақпақтарын ашу, цилиндрлерді, піспекті күйеден тазалау, піспекті сақиналарды жартылай ауыстыру, піспекті сақиналардың, піспектердің, кендердің, цилиндрлердің тозуын тексеру;

2) иінді білік мойындарының конустығын және эллипстігін, оларды жону мен тегістеуді тексеру;

3) қалпын және шатунның астыңғы бастиекті ішпегінің шабровкасын тексеру;

4) иінді біліктің ішпектер мен жіңішке мойындары арасындағы саңылауларды реттеу;

5) роликтік ішпектерді тексеру мен ауыстыру;

6) шатунды болттарды және олардың көлемдерін тексеру;

7) шатунның үстіңгі бастиек тығыны мен крейцкопф тармақтарының қалпын тексеру, оларды жөндеу немесе ауыстыру;

8) цилиндрлер мен тоңазытқыштардың сыртын шаңнан және қақтан тазалау;

9) «зиянды кеңістікті» және жанасқан бөліктер арасындағы саңылауларды өндіруші зауыттың нұсқауымен қарастырылған көлемге дейін жеткізетіндей етіп бұрау;

10) май құбырларын жөндеу, картерді тазалау және шаю, майды толығымен ауыстыру, сальниктер мен сальник алдына орнатылатын құрылғыларды толтыру;

11) тиек арматуралар мен сақтандырғыш клапандарды жөндеу және ауыстыру;

12) барлық болттық қоспаларды, олардың шплинтовкасын тексеру және жөндеу;

13) сорғыш және ұлғайтқыш клапандарды жөндеу және ауыстыру;

14) клапандық ұяларды тегістеу және қосу;

15) ауаны кептіру қондырғыларын жөндеу жүргізіледі.

163. Сораптарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қызмет көрсететін кезде жүргізілетін жұмыстардан басқа:

1) роторды алу және қаңқаның ішкі қабатын тексеру;

2) дисктерді жөндеу немесе жартылай ауыстыру;

3) білік мойындарын тегістеу, оны түзету;

4) тығыздағыш сақиналарды ауыстыру;

5) роторды теңгеру;

6) аралық төсемді ауыстыру;

7) сальниктік тығыздағыштарды жөндеу, тығыздау және (немесе) ауыстыру;

8) ішпекті ауыстыру жүргізіледі.

164. Буландырғыштарды пайдалану кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды орындайды.

Буландырғыштарға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жылына бір реттен жиі емес аралықта жүргізіледі.

165. Буландырғыштарға техникалық көмек көрсету, жөндеу өндіруші зауыттың паспортында көрсетілген көлемде және мерзімде жүргізіледі.

166. Компрессорлар мен сораптар:

1) газдың кемуі байқалған және тиек арматуралары ақаулы болған кезде;

2) тербеліс, тыс шулар мен дүрсілдер пайда болған жағдайда;

3) ішпектер мен сальниктік тығыздағыштар істен шыққан кезде;

4) электр сымдары, іске қосу арматурасы істен шыққан жағдайда;

5) муфталық қоспалардың, сыналық белдіктер мен олардың қоршауларының ақаулықтары кезінде;

6) сорғыш және қысымды газ құбырындағы белгіленген газ қысымының артуы немесе төмендеуі кезінде тоқтатылады.

167. Буландырғыштарды:

1) сұйық және булы фаза қысымының белгіленген нормадан жоғары немесе төмен артуы немесе төмендеген кезде;

2) сақтандырғыш клапандары, ООП мен автоматика құралдары ақаулы болған жағдайда;

3) бақылау-өлшеу аспаптарына тексеру жүргізу кезінде;

4) бекітпе бөлшектері ақаулы немесе толық болмаған жағдайда;

5) газдың кемуі немесе дәнекерлік жапсарлар, болттық қоспалар буланған, буландырғыш конструкцияның тұтастығы бұзылған кезде;

6) бу фазалы газ құбырына сұйық фаза түскен жағдайда;

7) буландырғышқа жылу бергішті беруді тоқтатқан кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.

168. СКСГ қауіпті өндірістік объектісінде сораптарды, компрессорларды, карусельді газ толтырғыш агрегаттар мен буландырғыш қондырғыларды пайдалану кезінде мынадай құжаттар:

1) паспорт пен формуляр;

2) техникалық сипаттамалар, технологиялық регламенттер;

3) арматуралардың, аппараттар мен бақылау-өлшеу аспаптарының орналасу орындары, олардың мақсаттары, жұмыс параметрлері (қысымы, температурасы мен тағы басқалар), газ ағымының қозғалыс бағыты көрсетілген сызбанұсқалар;

4) жеке сынау актілері;

5) жабдықтардың негізгі түйіндерінің, тез тозатын бөлшектерінің, пайдалану процесінде кезеңдік бұзылмайтын бақылау жүргізілетін бөлшектердің жалпы көрінісінің сызбалары;

6) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен аппараттардың, сақтандырғыш клапандардың, электрқозғалтқыштардың, ауаны салқындатқыш аппараттардың паспорттары;

7) майлағыш материалдарға сертификаттар немесе олардың зертханалық талдауының қорытындысы;

8) сораптар, компрессорлар, карусельді газ толтырғыш агрегаттар мен буландырғыш қондырғылар жұмысының ауысымдық журналы, жөндеу жұмыстарын жүргізу формуляры;

9) жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесі толтырылады.

169. Сумен салқындатылатын компрессорлық қондырғылар және сораптар бөлек НКО орнатылады.

Егер өндіруші ауамен салқындатылатын компрессорларды және сораптарды бастырма астында орналастыруға рұқсат берсе онда оларды онда орналастыруға болады.

170. НКО жайларында сұйытылған газды айдайтын сораптардан басқа компрессорларға қатысы жоқ жабдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.

171. Компрессорлық немесе сораптық агрегат (электр сымы бар компрессор немесе сорап) астындағы ірге тастың массасы тиісті агрегаттың массасынан артық.

Ірге тастың конструкциясы жобамен анықталады.

172. Компрессорлардың, сораптардың, электрлік қозғалтқыштар мен тіректік тақтайшалардың қаңқалары жерге қосылады.

173. Компрессорлық немесе сораптық қондырғылардың газ құбырларына қатысты тербеліс берілуін болдырмау үшін агрегаттардың кіріс және шығыс түтіктері қосқыштардың тербелісін теңгергіштің көмегімен газ құбырларымен қосылады.

174. Сораптық-компрессорлық бөлімшенің бөлмелерінде ойларды, еден астындағы каналдарды орналастыруға рұқсат етілмейді.

175. СКСГ объектілерінде пайдаланылатын сораптық-компрессорлық жабдық сұйытылған газдарды айдауға арнайы жасалған, тығыздағыштары бар герметикалық, газдың қоршаған ортаға шығу мүмкіндігін жоққа шығаратын болып табылады.

176. Сораптық және компрессорлық қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектінің техникалық басшысы бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесі бойынша жүргізіледі.

177. Жұмыс істеп тұрған сораптар мен компрессорларды бақылаусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.

178. Компрессор жұмыс істеп тұрған кезде оның тербеліске түсуіне және жұмыс істеуі барысында шудың болуына жол берілмейді.

Сорғыш және ұлғайтқыш желілердегі манометрлер мен термометрлердің көрсеткіштері берілген режімге сәйкес келеді.

Жұмыс істеп тұрған компрессор қатты қызған, тербеліске түскен немесе дүрсілі естілген кезде себептерін анықтау үшін тоқтатылады.

179. Компрессорлардың сорғыш желілер деңгейлік белгісін көрсеткішпен және дренаждық құрылғылармен жабдықталған конденсатты (сұйықты бөлгіш) жинағышпен жабдықталады.

Деңгейлік белгісін көрсеткіштердің конденсатты жинақтағыштағы сұйытылған газдың ең жоғары деңгейі кезінде компрессордың тоқтауын қамтамасыз ететін компрессорлы бұғаттағышы болады.

Компрессорлардың ұлғайтқыш желілерінде майды бөлгіштер орнатылады.

180. Сұйытылған газдың сұйық фазасын айдау кезіндегі сораптың жұмыс істеуі барысында:

1) электрқозғалтқыштардың температурасын;

2) ішпектердің температурасын;

3) тік қойылған тығыздағыштың температурасын;

4) манометр бойынша сорғыш және ұлғайтқыш желілердегі қысымды;

5) тік қойылған тығыздағыштың және фланцтік қоспалардың арматурамен герметикалығын;

6) тербеліс пен тыс шулардың болмауын бақылайды.

181. Компрессорларды апаттық жағдайда тоқтату:

1) компрессорды қорғау құралдары тоқтап қалғанда;

2) манометрдегі қысым көрсеткіші қысудың қандай да бір деңгейінде рұқсат етілгеннен жоғары болған кезде;

3) салқындатқыш сұйықты беру тоқтатылған немесе салқындатқыш жүйесінде ақаулықтар анықталған жағдайда;

4) тығыздағыш бұзылған және газдың кеміген кезде;

5) компрессорда және қозғалтқышта тыс дүрсілдер мен соққылар пайда болған немесе апаттың орын алуына әкелетін ақаулықтарды анықтаған жағдайда;

6) жұмыс істеп тұрған компрессорлық қондырғыдағы бақылау-өлшеу аспаптары істен шыққан кезде оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда;

7) жарықтандыру болмаған кезде;

8) өрт шыққан жағдайда;

9) ірге таста қауіпті жарықтар анықталған кезде жүзеге асырылады.

182. Сораптарды апаттық жағдайда тоқтату:

1) сораптың қандай да бір жерінен сұйытылған газ кеміген жағдайда;

2) сораптың тербелісі немесе анық дыбыс естілген кезде;

3) ішпектің немесе тік қойылған тығыздағыштың температурасы көтерілген жағдайда;

4) ұлғайтқыштағы қысым кенеттен 10 % артық төмендеген кезде жүзеге асырылады.

183. Компрессорлардың және сораптардың ақаулы манометрмен және термометрмен немесе оларсыз жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

184. Компрессорлар мен құбырларды үрлеу мен құрғатуды сораптық-копрессорлық жайларды жүргізуге жол берілмейді.

Құрғатылған өнімді жинау және үрлегіш газды бұру үшін орталықтандырылған жүйелерді қолданады.

185. Компрессорлардың, сораптардың және ысырмалардың сальниктеріндегі, сораптардың тік қойылған тығыздағыштарындағы, газ құбырларының қоспаларындағы газдың кемуі жойылады.

Оларды жойғанға дейін сораптар мен компрессорлар тоқтатылады.

186. Газ құбырларындағы тербелістің пайда болуын алдын алу үшін қондырғылардағы анкерлік болттардың ішкі тартылуын бақылайды.

Қозғалтқыштан сорап пен компрессорға айналыс берілісі иілімді муфта арқылы немесе сына тәрізді белдікті берілістің көмегімен тік болуына рұқсат етіледі.

Қозғалтқыштан агрегатқа жалпақ белдікті берілістің болуына рұқсат етілмейді.

Сына тәрізді белдіктер электр сымдық материалдардан жасалынады.

Қондырғы жерге қосылады.

Сораптар мен компрессорлардың барлық қозғалғыш бөліктері қоршалады.

187. Компрессорлардың, сораптардың және қозғалтқыштардың, ірге тастары, ірге тастар рамаларының астына майдың немесе басқа да сұйықтардың түсуінен қорғалады.

188. Компрессорлардың және сораптардың жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кестелермен қарастырылған мерзімде жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуі көрсетілетін компрессорлар мен сораптар байланыстыратын газ құбырларынан тығындағыштармен ажыратылады және буландырылады.

189. Сораптар мен компрессорларды жөндеу жұмыстарын қондырғы орындарында жүргізуге қосымша қауіпсіздік талаптары сақталған кезде рұқсат етіледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін компрессорлар мен сораптардың газ құбырларына тығындағыштарды орнату кезінде басқа компрессорлар мен сораптардың жұмысы тоқтатылады.

190. Майлау материалдарын НКО тәуліктік қажеттіліктен артық емес көлемде сақтауға рұқсат етіледі.

191. Пайдаланылған май бөлек орында сақталады және пайдаға асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет