Сұйытылған көмірсутекті газдарды қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Баллондарды толтыру қондырғыларын пайдалану



бет4/5
Дата15.07.2016
өлшемі442 Kb.
#201336
1   2   3   4   5

18-тарау. Баллондарды толтыру қондырғыларын пайдалану
290. СКСГ объектісінде (ГТС, ГТБ, АГҚС) баллондарды толтыру кезінде:

1) айналмалы толтыру қондырғыларының;

2) едендік өлшеу қондырғыларының ақаусыздығын және қауіпсіз пайдаланылуын бақылайды.

291. Баллондарды сұйытылған газдармен толтыру жылытылған бөлмеде жұмыс істейтін ағынды-сору желдеткішімен және газдану сигнализациясымен ауа температурасы 10° С төмен болғанда жүргізіледі.

292. Едендік өлшеу қондырғыларын ашық алаңдарда қалқалармен орналастыруға болады.

Баллондарды алаңдарда сыртқы ауа температурасы минус 20° С төмен болмаған жағдайда толтыруға жол беріледі.

293. Құбыр өткізгіш автоцистерналарын баллондар мен автоцистерналарды толтыруға газ беру үшін сорғы-комперссорлық бөлімшесінен толтыру кезінде газ толтыру қондырғыларындағы газ қысымының төмендеуін болдырмас үшін бөлек толтырылады.

294. Баллон толтыру қондырғыларының жұмысын жоспарлы тексеру жылына бір рет жүргізіледі және төмендегілерді қамтиды:

1) бекіту құрылғыларының жұмысын тексеру;

2) сақтандыру клапандарының жұмысын айына бір рет тексеру;

3) сүзгілерді тексеру және тазалау;

4) қажалған бөлшектерді майлау және тығыздамаларды қайта толтыру;

5) реттегіш клапанның жабылу тығыздығын тексеру;

6) жылыспа клапанның күйге келтіргішінің дұрыстығын тексеру.

295. Баллонды толтыру қондырғыларын:

1) қысым белгіленген нормадан артқан;

2) сақтандыру клапандарының, манометрлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының ақауы болған;

3) бақылау-өлшеу аспаптарын тексерілмеген;

4) бекіту бөлшектерінің саны толық болмаған немесе ақауы болған;

5) дәнекерлеу жіктеріндегі, қосқыштардағы газдың кемуі немесе булануы;

6) сұйық фаза бу фазасының құбыр өткізгішіне түскен жағдайда пайдалануға жол берілмейді.

296. Баллон толтыру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу дайындаушы зауыттың төлқұжатында көрсетілген көлемде және мерзімде жүргізіледі.

297. Толтырылған баллондар 100 % толтыру бақылауынан өтеді.

298. Баллондар газбен толтырылғаннан кейін өлшеу немесе толтыру дәрежесін бақылауды қамтамасыз ететін басқа да әдіспен толтыру дәрежесі бақылау тексерісінен өтеді.

Баллондарды өлшеуге арналған бақылау таразылары әрбір ауысым басталар алдында тексеріледі.

Шекті қателігі:

1) ± 10 г – сыйымдылығы 1 л баллондар үшін;

2) ± 20 г – 5 л және 12 л баллондар үшін;

3) ± 100 г – 27 л және 50 л баллондар үшін.

Барлық толтырылған баллондар герметикалығына тексеріледі және бұқтырмалармен жабдықталады.

Герметикалық емес баллондардағы газ құйылып алынады.

299. Толтыру цехындағы баллондардың саны оның жиынтық сағаттық өнімділігінің жартысынан аспайды.

300. Баллондарды өту жолдарында орналастыруға болмайды.

301. Станциялардың (бекеттердің) аумағына баллондарды тасымалдауға арналған автомашиналар:

1) арнайы жабдықталған («тор» түріндегі);

2) автокөліктің алдынғы жағына шығынқы, екі көмір қышқыл өрт сөндіргіштерімен жарақталған, ағаш ложементі және (немесе) резеңке (арқанды) сақиналары мен (немесе) баллондарды бекіту бұйымдары бар пайдаланылған газды шығарғышы мен ұшқын басатын торлы сөндіргіші бар жүк автомашиналары шыға алады.

302. Автомашиналар жүктің қауіптілігі туралы айырым белгілерімен жарақтанады.

303. Жылжымалы автоцистерналарды орналастыру бөлінген жері белгіленген тәртіппен келісілген арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады.

Тұрмыстық баллондарды жылжымалы автоцистернадан толтыру алаңдары осы Талапқа сәйкес дәлдікпен баллондардың толтырылуын және асыра толтырылған баллондардан газды құюға арналған ыдысты бақылау үшін өлшемелі қондырғымен жабдықталады.

АГҚС тұрмыстық баллондарды толтыру алаңдарын жеке кіру және шығу жолдары бар аумақтан тыс орналастырады.



19-тарау. Газ жалынымен өңдеу
304. Металдарды газбен кесу, дәнекерлеу және басқа да газ жалынымен өңдеудің түрлері бойынша жұмыстар, басқа да көздерден ашық отты пайдалану кемінде:

1) топтық газ баллон қондырғыларынан – 10 м;

2) пропан-бутаны бар жеке баллондардан – 5 м;

3) газ өткізгіштер мен сұйытылған көмір сутекті газдардың резеңке жеңдерден, қолмен газ жалындату жұмыстары кезінде газ талдау бекеттерінен – 3 м;

4) автоматты және жартылай автоматты желілерден – 1,5 м қашықтықта болады.

305. Жұмыс уақыты кезінде сұйытылған көмір сутекті газы баллондар тігінен тұрады.

306. Сұйытылған көмір сутегі газы (пропан-бутан) бар баллонның оны таңдау кезіндегі шекті температурасы газ жалыны жұмыстары үшін 45 ° С аспайды.

307. Бөлмелерде орнатылатын баллондар жылу беру радиаторлары мен басқа да жылу беру аспаптарынан кемінде 1 м, ал ашық отты жылу көздерінен кемінде 5 м қашықтықта болады.

308. Тасымалданатын шілтерлер сұйытылған көмір сутекті газдар үшін дайындалған резеңке жеңдердің көмегімен қосылады.

Жеңдер ұзындығы бойынша 30 м аспайды және бір-бірімен екі жақты ниппельдермен қосылған үштен аспайтын кесектерден тұрады.

Жеңдердің ұштары газ өткізгішке және шілтеге қамыттармен нығыз бекітіледі.

309. Қосымша ажыратқыш кран жеңдерге дейін орнатылады.

Сызаттары, тіліктері, қабынуы мен қажалған резеңке жеңдерді қолдануға жол берілмейді.

310. Цокольдық және жертөле бөлмелерінде, құдықтарда, шахталар мен басқа да жерасты құрылыстарында газбен дәнекерлеу, кесу және басқа газ жалынымен өңдеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге болмайды.

311. Сүйытылған газды баллоннан алу 0,05 МПа төмен болмайтын қысымда жүргізіледі.

312. Баллондарды өткелдер мен кіреберістерде орнатуға жол берілмейді.

313. Шілтерлерді, кескіштер мен басқа да аппаратураны жұмыс орнында жөндеуге болмайды.

314. Газ баллондары жұмыс кезінде металл экранмен қоршалады.

315. Ғимарат құрылыстарында немесе оған жапсарлас құрылыстарда орналасқан топтық қондырғылардағы баллондарды ауыстыру, оларға техикалық қызмет көрсету, әдеттегідей, екі жұмыс түрінде жүргізіледі.

316. Топтық баллон қондырғылары бар шкафтар мен бөлмелерде «От шығу қауіпі бар! - газ» деген жазба жазылады.



20-тарау. Электр жабдығын пайдалану
317. Электр қондырғылары мен электр жабдығы тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес пайдаланылады.

318. Электр қондырғылары мен электр жабдығын пайдалануды білімін тексеруден өткен және электрқауіпсіздігі бойынша тобы бар дайындалған персонал жүзеге асырады.



21-тарау. Автоматика мен бақылау - өлшеу аспаптарын пайдалану
319. Пайдалану үшін метрологиялық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген өлшеу құралдары жіберіледі.

320. Өлшеу құралдарын есепке алу, оларды пайдалану мерзімдері мен жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйым басшысының шешімімен тағайындалған тұлғаға жүктеледі.

321. Қауіпсіздік автоматикасы, автоматты реттеу және ООП құрылғысы дайындаушы зауыттың талаптарына сәйкес көрсеткіштер дәлдігін қамтамасыз етеді.

322. Газ өткізгіштер мен жабдықтарда орнатылған аспаптар мен қауіпсіздік автоматикасы, автоматты реттеу құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптары:

1) техникалық қызмет көрсетуден;

2) жөндеуден;

3) көрсеткіштердің ақаусыздығы мен дұрыстығын тексеруден;

4) қорғау, бұғаттау және дабыл беру құрылғыларының жұмыс істеуін тексеруден;

5) мемлекеттік тексерістен өтеді.

323. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті есепке алу, бақылау, қамтамасыз ету мақсатына арналған өлшеу құралдарын тексеру мерзімдері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

Тексеру мерзімі өткен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға болмайды.

324. Тұрақты және тасымал газ талдағыштар мен сигнализаторлар дайындаушы зауыттың нұсқауына сәйкес газ қосылымы жалынның таралуының төменгі қосылым шегінен 10 % болғанда жұмыс істеуі 3 айда бір рет, егер дайындаушы басқа мерзімді көрсетпесе 6 айда бір рет метрологиялық тексерістен өтеді.

Қорғаныс, бұғаттау және дабыл беру құрылғыларын жұмыс істеуі үшін айына бір рет тексеріледі.

325. Өлшеу аспаптары мен қауіпсіздік автоматикасы құралдарына техникалық қызмет көрсету дайындаушы зауыттың көрсеткіштерін есепке ала отырып орындалады.

326. ООП мен қауіпсіздік автоматикасы құралдарына техникалық қызмет көрсету газ өткізгіштерге, сорғы-компресорлық жабдықтарға, резервуарлар мен электр жабдығына техникалық қызмет көрсету қатар жүргізіледі.

Персоналға аспапты ашуға болмайды.

Өлшеу және қауіпсіздік автоматикасы құралдарының жұмысындағы анықталған ақаулықтар туралы бақылаушы тұлғаға хабарланады.

327. ООП техникалық қызмет көрсету:

1) аспаптарды сыртынан тексеруді;

2) герметикалығын және импульстік желілердің бекітілуін тексеруді;

3) электр желілері мен басқа да коммуникациялардың ақаусыздығын тексеруді;

4) пломбалардың беріктігін (олар болған жағдайда);

5) пайдалану кезінде туындайтын ақаулықтарды анықтауды;

6) қозғалыс механизмдерінің майлауды;

7) аспаптардағы диаграммалық қағазды, қаламұштарды, сиялар мен сұйықтарды толтырғышты ауыстыруды қамтиды.

Аспаптардың көрсеткіштерін тіркеу әрбір ауысым сайын жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсетуге аспаптарды тексеру үшін дер кезінде тапсыру кіреді.

328. Дабыл беру және қауіпсіздік автоматикасын бұғаттау құрылғыларының жұмыс істеуін тексеру айына бір рет жүргізіледі.

Қауіпсіздік автоматикасын, дабыл беруді орналастыру мәні жабдықты іске қосу туралы есепке сәйкес болады.

329. Аспаптардың, импульстық құбыр өткізгіштер мен арматураның герметикалығын бақылау газ өткізгіштер мен технологиялық жабдықтың герметикалығын тексерумен бірге бір мезгілде айына бір рет жүргізіледі.

330. Аспаптарды ағымдық жөндеу арнайы шеберханада алынған аспапты дәл сондай аспаппен ауыстыра отырып жүргізіледі.

Ағымдық жөндеу:

1) сыртқы тексеруді, аспапты ашуды және тазалауды;

2) жылжымалы жүйені ішінара бөлшектеуді;

3) зақымданған тілдерді, серіппелерді, түтікшелерді, бұрамаларды, байланыстырғыштарды, диаграмма ұстағыштарды, қаламұш тұтқаларын жөндеуді немесе ауыстыруды, жеткіліксіз және тозығы жеткен бектіу бөлшектеріін, тілдерді толтықтыруды және ауыстыруды қамтиды.

Бақылау - өлшеу аспаптары ағымдық жөндеуден кейін тексерістен өтеді.

331. Қауіпсіздік автоматикасы мен бұғаттау құрылғыларын жұмысты қауіпсіз жүргізу қамтамасыз етілген жағдайда объект басшысының шешімі бойынша қысқа мерзімге сөндіруге болады.

332. Газдану туралы дабыл бергіш істен шыққан кезде оны қордағымен ауыстырады.

Ауыстыру кезінде өндірістік бөлмелердегі газ қосылымын бақылау жұмыс ауысымы ішінде әрбір 30 минут сайын тасымалданатын газ талдағыштармен жүзеге асырылады.

333. Сығылған ауаны қажет етпейтін газдану дабыл бергіштері тәулік бойы жұмыс істейді, ал дабыл бергіш олардан персонал тұрақты болатын бөлмеге шығарылады.

334. Орнатылған газдану дабыл бергіштері дайындаушы зауыттың нұсқауы бойынша күйге келтіріледі.

335. Жабдықтар мен газ өткізгіштерге орнатылатын манометрлердің шкаласы, оның үштік екінші деңгейіндегі өлшеу шегі болады.

336. Пломбасы немесе таңбасы жоқ, тексеру мерзімі өткен, зақымданған, сөндірген кезде тілшесі рұқсат етілген қателіктің жартысынан асатын шама үшін шкаланың нөлдік бөлгішіне қайта келмейтін өлшеу құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

337. Манометрлерді көрсететін циферблатта немесе корпуста жұмыс қысымына сәйкес мәні бояумен көрсетіледі.

338. Аспаптарға күрделі жөндеу жүргізу кезінде:

1) аспаптың өлшегіш жылжымалы бөлшегі мен жекелеген тораптарын толықтай бөлшектеуді және жинауды;

2) барлық бөлшектерді жууды және оларды кептіруді;

3) өлшеу жүйесінің керндерін, табан тіреулер мен басқа да бөлшектерді ауыстыруды немесе түзетуді;

4) аспап кестесін тексеруді, барлық өлшеу шектеріндегі негізгі нүктелер бойынша көрсеткіштерді реттеуді және қиыстыруды;

5) арматураны (құлыптарды, тұтқаларды, ілмектерді, қысқыштарды) ауыстыруды және түзетуді;

6) шектердің ауыстырып қосқыштарын, ал қажет болған жағдайда аспапты басқыштауды ауыстыруды немесе түзетуді орындайды.

Жөндеуден кейін аспап сырланады және оған қосқыш коммуникациялар таңбаланады.

Күрделі жөндеуден кейін бақылау-өлшеу аспаптары мемлекеттік тексерістен өтеді.

339. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу мерзімділігі жоспарлы алдын алу жөндеу кестесімен белгіленеді.

Электрлік өлшеу аспаптары үшін ағымдық жөндеу жылына бір рет, күрделі жөндеу 5 жылда бір рет жүргізіледі; ал қалған аспаптар үшін ағымдық жөндеу 6 айда бір рет, күрделі жөндеу 2 жылда бір рет жүргізіледі.

340. Автоматика құралдары мен ООП жөндеу негізгі жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімінде жүзеге асырылады.

Жөндеуге немесе тексеруге алынған аспаптар пайдалану талаптары бойынша соған ұқсасымен ауыстырылады.

341. Автоматика құралдары мен ООП техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары 14 және 15-қосымшаларға сәйкес ресімделген журналда жазылады.

342. Автоматизация құралдарын, аварияға қарсы қорғаныстарды, дабыл бергіштерді реттеу және жөндеу жұмыстарын газдану жағдайларында жүргізуге болмайды.

343. СКСГ объектісінде мынадай құжаттама қамтылады және жүргізіледі:

1) жобалау және орындаушы, оның ішінде ООП;

2) аспаптардың төлқұжаттары;

3) дайындаушылардың нұсқаулары;

4) пайдалану журналдары.



22-тарау. Технологиялық газ өткізгіштерді, арматураны және инженерлік коммуникацияларды пайдалану
344. Технологиялық газ өткізгіштер мен арматура ауысым сайын газдың кемуін анықтау мақсатында кезекші персонал тексереді.

Осы мақсатта (пропан-бутан) санаты мен тобына сәйкес жарылыстан қорғалған аспаптар қолданылады.

345. Газ өткізгіштер мен арматураға техникалық қызмет көрсету кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

1) дәнекерлеу жіктеріндегі, ернемек және бұранда қосқыштардағы, тығыздамалардағы саңылауларды анықтау және жылу оқшаулағыш пен бояудың жай-күйін анықтау үшін газ өткізгіштерді сыртынан тексеру;

2) арматураны тексеру және жөндеу, арматура мен жетек құрылғысын ластанудан, мұздан тазарту;

3) құбыр өткізгіштердің, құдықтардың, өрт гидранттарының тіректерінің жай-күйін тексеру.

346. Газ өткізгіштер мен арматураға техникалық қызмет көрсету мынадай мерзімде орындалады:

1) ақаулықтар мен газдың кемуін анықтау және жою мақсатында барлық сыртқы газ өткізгіштер мен арматураны тексеру – ай сайын;

2) құбыр өткізгіштер мен арматураның барлық бұранда және ернемек қосқыштарының, бөлмедегі тығыздамаларының жұмыс қысымы кезіндегі герметикалығын тексеру – ай сайын;

3) СКСГ объектісі аумағының шегіндегі барлық жерасты коммуникациялар құдықтарының газдануын ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша тексеру.

Тексерулер журналда көрсетіледі.

347. Арматураға техникалық қызмет көрсету кезінде газдың кемуінің болуы, ернемек қосқыштардың герметикалығы, маховиктердің тұтастығы мен бекіткіштердің беріктігі анықталады.

Арматура шпинделінің жүрісі ауыр болған немесе тығыздаманың герметикалығы болмаған жағдайда құрсаулағыш қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдаған жағдайда ауыстырылады немесе тығыздалады.

Тізбеленген жұмыстардан басқа бекіту арматурасына келтірілетін жеттің жұмысының ақаусыздығы тексеріледі және арматураны ашу бағытының таңбалары мен көрсеткіштері қалпына келтіріледі.

Ақауы бар және герметикаланбаған арматура ауыстырылады.

348. Газ өткізгіштерде, резервуарларда орнатылған сақтандырғыш серіппелі клапандардың жұмысы мен ақаусыздығы айына бір рет,оларды қысқа мерзімге ашу (қопару) жолымен тексеріледі.

349. Сақтандырғыш жылыспа клапандарын күйге келтіру қысымы резервуарлар мен газ өткізгіштердегі жұмыс қысымынан 15 % аспайды.

350. Сақтандырғыш жылыспа клапандарының ақауы бар және реттелмеген технологиялық жабдықты, резервуарлар мен газ өткізгіштерді пайдалануға болмайды.

351. Клапандардың күйге келтіргіш өлшемдерін тексеру, оларды реттеу стендіде немесе арнайы бұйымның көмегімен орнында жүргізіледі.

Тексеру мерзімділігі:

1) резервуарлардың сақтандырғыш жылыспа клапандары үшін – 6 айда бір рет;

2) басқа жылыспа клапандар үшін – ағымдық жөндеу жүргізу кезінде бір жылда бір рет.

Клапандарға тексерістен өткеннен кейін пломба салынады, тексеріс нәтижесі журналда жазылады.

352. Жөндеу және тексеру үшін алынатын клапанның орнына дұрыс клапан орнатылады.

353. Газ өткізгіштерге ағымдық жөндеу жүргізу мерзімі тексеру нәтижелерімен ванықталады. Газ өткізгіштерді ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар тізбесіне мыналар кіреді:

1) техникалық қызмет көрсету кезінде анықталған ақаулықтарды жою;

2) жер үсті газ өткізгіштердің салмақ кемдігін жою, жер үсті газ өткізгіштердің бекіткіштерін қалпына келтіру немесе ауыстыру;

3) жер үсті газ өткізгіштерін бояу;

4) бекіту арматурасын жөндеу;

5) бұранда және ернемек қосқыштардың герметикалығын тексеру.

354. Бекіту арматурасын ағымдық жөндеу жылына бір рет жүргізіледі және мыналарды:

1) арматураны лас пен тоттан тазартуды;

2) арматураны бояуды;

3) ысырмалардағы (вентильдердегі) бұрамдықтарды таратып жіберуді, оны майлауды;

4) тығыздамаларды тексеруді және салуды;

5) ысырмалардың (вентильдердің) жетек құрылғысының ақаулықтарын жоюды;

6) барлық дәнекерлеу, бұранда және ернемек қосқыштардың, тығыздамалардың герметикалығын сабынды эмульсиямен және аспаптық әдіспен тексеруді;

7) тозығы жеткен және зақымданған бұрандамалар мен төсемдерді ауыстыруды қамтиды.

Арматураны тексеру және жөндеу нәтижелері журналға жазылады.

355. Ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар СКСГ объектісінің техникалық басшысы бекіткен жоспар немесе кесте бойынша орындалады.

356. Газ өткізгіштерді күрделі жөндеу қажеттігінше мынадай көлемде жүргізіледі:

1) газ өткізгіштердің учаскелерін ауыстыру;

2) газ өткізгіштің зақымданған учаскелеріндегі оқшаулағышты жөндеу;

3) ысырмаларды, вентильдерді, крандарды ауыстыру;

4) жылжымалы және жылжымайтын тіректерді ауыстыру.

Газ өткізгіштерді күрделі жөндеу кезінде, сондай - ақ ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде қарастырылған жұмыстар жүргізіледі.

Күрделі жөндеуден кейін газ өткізгіштер мен резервуарлар герметикалығына сыналады.

357. Күрделі жөндеу жүргізу кезінде жұмыстарды ұйымдастыру жоспары әзірленеді, күрделі жөндеу жүргізуші ұйыммен бекітіледі және объектінің басшысымен келісіледі.

358. Газ өткізгіштерді, құрылыстарды күрделі жөндеу, арматураны ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарларында жұмыстарды орындау мерзімдері, жұмыс күші мен материалдар қажеттілігі анықталады.

359. Жұмыстардың орындалуы мен оларды қабылдау үшін бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес бақылауды СКСГ объектісін пайдаланушы ұйымның басшысының шешімімен тағайындалған тұлға жүзеге асырады.

360. Күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың нәтижелері журналға жазылады.

361. Инженерлік желілерді ағымдық жөндеу мерзімділігі төмендегідей белгіленеді:

1) су құбыры мен канализацияның сыртқы желілері – 2 жылда бір рет;

2) сыртқы жылу желілері – жылына бір рет;

3) су құбырының, жылу берудің ішкі желілері және басқалары – 2 жылда бір рет.

362. СКСГ автоцистернадан құю және газ баллон автокөліктерін толтыру үшін металл арқанды жеңдерді, иілгіш металл газ өткізгіштерді пайдалануға болады.

363. Құю-ағызу операциялары кезінде қолданылатын жеңдерінің сызаттары, тіліктері, кебуі және қажалуы болмайды.

Жеңдерде аталған ақаулар болған жағдайда жеңдер жаңасымен ауыстырылады.

364. Жеңдерге 1,25 жұмыс қысымына тең қысыммен 3 айда бір рет гидравликалық сынау жүргізіледі. Сынау нәтижелері журналға жазылады. Үлгісі 16-қосымшада келтірілген.

365. Әрбір жеңде реттік нөмірі, сынақ өткізілген және келесі сынақ өткізу мерзімі (айы, жылы) көрсетіледі.

366. Металл арқанды және резеңке жеңдер статикалық токтан қорғалады.

367. Жеңдердің салмалы сомындарын тартуға, қысымдық жеңдерді ажыратуға, сомындарды бұрау және босату кезінде соқпалы аспапты пайдалануға жол берілмейді.



23-тарау. Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану
368. Ұйым басшысының шешімімен ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуын, мерзімнің және оларды жөндеу сапасының сақталуын, жолдардың, тротуарлардың, ғимараттардың баспалдақтарының аумағындағы қоршаулардың және объект аумағының жабдықталуын бақылауды жүзеге асыратын тұлға тағайындалады.

369. СКСГ объектілерін жобалау кезінде автокөліктің оларға өту жолдары қарастырылады.

АГҚС үшін автокөліктің аумаққа жеке кіру және шығу жолдары қарастырылады.

370. Жарылыс шығу қауіпі бар ортаның түзілуі мүмкін (осы бөлмелер үшін сорғы-компрессорлық, толтыру, буландыру бөлімшелері, сорғы желдету камералары) СКСГ объектілерінің өндірістік бөлмелері жарылыс шығу қауіпі бар бөлмелерге жатады.

371. Жарылыс шығу қаупі бар өндірістік аймақтағы ғимараттар отқа төзімділігі кемінде 2,5 сағат, өрт қауіптілігі класы С0, қосар жабынды және жанбайтын жылытқышы бар бір қабатты түрінде қарастырылады.

Тиісті негізде отқа төзімділігі 1,5 сағат және өрт қауіптілігі класы С1 ғимараттарды пайдалануға болады.

372. Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерді басқа бөлмелерден бөліп тұратын құрылыс құрылымдары 1 түрдегі өртке қарсы және газ өткізбейтін күйде орындалады.

373. Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерде тез жылыспалы қоршаулы құрылымдар қарастырылады.

Тез жылыспалы құрылымдар құрылыс нормалары мен талаптарын ескере отырып қабылданады.

Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерде тікелей құрылғыларды орнатуға жол берілмейді.

Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелердің едені жапсарланған жер белгісінен кемінде 15 см жоғары салынады.

374. Жарылыс шығу қауіпі бар бөлмелерге СКСГ қауіпті қосылымдардың дабыл бергіштері қондырғылары қарастырылады.

375. Газ өткізгіштер мен басқа да коммуникациялардың басқа бөлмелерден жарылыс шығу қаупі бар бөлмелердің қабырғалары арқылы өту жолдары футлярларда тығыздалған болып қарастырылады.

376. Ауаны алу орындарында сорғы желдеткіш жүйелері СКСГ буының түсу мүмкіндігін болдырмайды.

Жарылыс қаупі бар бөлмелердің табиғи жарықтандыруы, жарылыстан қорғалған күйдегі жасанды жарықтандыруы болады.

377. Жұмыс жарықтандырғышынан басқа сорғы-компрессорлық, толтыру және буландыру бөлімшелерінің бөлмелерінде қосымша апаттық жарықтандыру қарастырылады.

378. Аймақтық класы бойынша өндірістік қондырғылар:

1) В-1а класына – сорғы-компрессорлық, толтыру, баллондарды газдан босату, буландыру бөлімшелерінің бөлмелері, осы бөлмелерге арналған сорғы желдеткіш камералары;

2) В-1г класына – СКСГ резервуарлары, колонкалар, автоцистерналардың тұрақтарына арналған алаңдар, тиеу-түсіру алаңдары, буландырғыштар, сорғылар, ашық алаңдарда орналастырылған компрессорлар жатады.

379. Баллондарды тиеу-түсіру алаңдары толтыру бөлімшесінің екі тәуліктік өнімділігі мөлшерінде баллондарды орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып жобаланады.

380. СКСГ резервуарлары, колонкалар, автоцистерналардың тұрақтарына арналған алаңдар, тиеу-түсіру алаңдары, буландырғыштар, сорғылар, ашық алаңдарда орналастырылған компрессорлар сыртқы қондырғыларға жатады.

381. Ғимараттар, құрылыстар, сыртқы қондырғылар үшін аймақтардың класына байланысты найзағайдан қорғағыш қарастырылады.

СКСГ объектілері үшін ішкі телефон байланысы мен диспетчерлік жарықтандыру қарастырылады.

382. СКСГ объектілерінде:

1) СКСГ сақтау резервуарларынан бастап СКСГ объектісіне жатпайтын ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі және құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес СКСГ объектісіндегі ғимараттар мен құрылыстар арасындағы алшақтықтар;

2) аумақтың желдетілуін қамтамасыз ететін СКСГ объектісінің периметрі бойынша салынған қоршаулар;

3) бөлмелердің ауасындағы газ құрамының тұрақты газ талдағышын бақылау және (немесе) олар қатардан шыққан кезде тасымал газ талдағышпен газдануға жұмыс ауысымының әрбір 30 минуты сайын тексеріс жүргізу;

4) жер үсті резервуарларының алаңдарын айнала бекіту және (немесе) СКСГ сақтау резервуарларын жерасты орналастыру;

5) ғимараттардың жарылысқа тұрақтылықты жарылыс шығу қаупі бар бөлмелермен, жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерді басқа санатты бөлмелерден бөлетін қоршаулы құрылымдардың газ өткізбеушілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

6) өртке қарсы су өткізгіш және (немесе) өрт резервуарлары қарастырылады.

383. Толтыру және сорғы-компрессорлық бөлімшелерге мыналарды қамтамасыз ететін автоматты, апаттық жүйелер белгіленеді:

1) апаттық дабыл бергіштің қосылуы;

2) ағынды желдеткіш тоқтаған кезде шағын станциядағы электрмен қоректендіргіштің өшірілуі;

3) ағынды желдеткіш жұмыс істемеген кезде электрқозғалтқыштарын іске қосуға болмайды;

4) сорғыларды сұйытылған газбен толтыру болмаған, статор қаптамасы қызған жағдайда оларды өшіру және сорғыш келтеқұбырдағы қысымның төмендеуі;

5) майлау бұзылған, майлау қысымы және қысымды ұлғайту артқан кезде компрессорларды өшіру.

384. Пайдаланудың бірінші екі жылында ғимараттардың, құрылыстардың іргетастарының және жабдықтың шөгуін 3 айда бір рет бақылайды.

385. Келесі жылдарда іргетастарының шөгуін бақылау шөгінді жерлер мен қазылатын аумақтарда өткізеді.

Ғимараттардың, құрылыстардың шөгуін және жабдықтардың іргетастарын өлшеу үшін қадабелгілер орнатылады.

386. Ғимараттар мен құрылыстардың барлық жөндеу-құрылыс салу жұмыстарының түрлері ұйым басшысы бекіткен жоспарлы алдын ала жөндеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

387. Жарылыс шығу қаупі бар өнімдер орналастырылған ғимараттар шөккен, жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерден жарылысқа қауіпсіз бөлмелерді бөлетін қабырғаларға сызаттар түскен жағдайда оларды қалпына келтіреді және пайда болу себептерін анықтайды.

388. Сорғы-компрессорлық жабдығындағы, буландырғыш пен резервуарлардағы іргетастардың жай-күйі үшін бақылау белгіленеді.

Діріл, температуралық әсер ету және басқа да себептер нәтижесінде қабырғалар мен іргетастардағы сызаттар мен қираулар қалпына келтіріледі.

389. Металл құрылымдар жылына бір рет, ал темір бетон жылына екі рет тексеріледі. Зақымданғандарды анықтау кезінде, оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады.

390. Ғимараттар мен құрылыстардың металл құрылымдары тоттан қорғалуы үшін мерзім сайын сырланады (сыртқы – жылына бір рет, ал бөлмелердің іші – 3-5 жылда бір рет).

391. СКСГ объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының жабындары мерзім сайын тексеріледі, жұмыс күйінде ұсталады және қар мен мұздан дер кезінде тазартылады.

392. Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелердің едені тегіс, шұңқырсыз болады.

Едендердің материалдары, терезелер мен есіктердің құрылғысы ұшқынның пайда болуын болдырмайды.

393. Жарылыс шығу қаупі бар бөлмелерде және резервуарлық паркте металл баспалдақтар мен алаңдар болған жағдайда жұмыс кезінде ұшқынның түзілуін болдырмас үшін, оларды тиісті материалдармен жаба отырып шаралар қолданады.

394. СКСГ объектілерінде жерасты резервуарлары қорғанысының жай - күйіне бақылау жүргізіледі.

Жерасты резервуарлардың қорғанысы, олардың үстіңгі түзгіш бөлігінен 0,2 м жоғары орнатылады.

395. СКСГ объектілерінің аумағы бөгде заттардан, жанғыш материалдардан тазартылады.

396. Жолдар, өткелдер мен жалпы қолданыстағы жолға шығу орындары ақаусыз күйде болады.

Жолдардың кюветкалары жаңбыр суының жиналуынан тазартылады.

397. Жердегі жұмыстарды жүргізу кезінде газ өткізгіштердің сақталуы қамтамасыз етіледі.

398. Ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және жөндеу жұмыстары

17-қосымшаға сәйкес журналда жазылады. СКСГ объектілерінде инженерлік коммуникацияларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналы жүүргізіледі, оның үлгісі 18-қосымшада келтірілген.

399. Әрбір өндірістік бөлмелерге кіре берісте тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес олардың жарылыс және өрт шығу қауіптілігі, аймақтардың класы туралы жазба болады.

400. Сумен қамтамасыз ету жүйелері сөндірілген жағдайда СКСГ объектілерінің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

401. Жарылыс шығу қаупі бар ғимараттар мен құрылыстардан және сыртқы қондырғылардан, В-1а және В-1г кластық аймақтары бар бөлмелерден 50 м орналастырылған су өткізу және канализация құдықтары қос қақпақпен орнатылады.

Қақпақтардың арасындағы кеңістікке биіктігі кемінде 0,15 м құм және (немесе) басқа да герметикалық материал себіледі.

Пайдалану барысында люктердің қақпақтары тығыз жабылуы қадағаланады.

402. Құдыққа түсу алдында оларда газдың болуы тексеріледі және желдетіледі.

Тұтқасыз құдыққа түсіру кезінде құдықтың жанынан бекітуге арналған бұйымы бар металл баспалдақтар қолданылады.

Құдықтарда құтқару белдіктері мен шлангілік газ қағарларда екі жұмысшының болуына жол беріледі. Ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

Желдетілген жағынан екі жұмысшы тұрып, құдықтың ішіндегі жұмысшылардың құтқару белдіктері арқандарының ұшын ұстап тұрады, олардың жұмысын бақылап тұрады және жұмыс орнына бөгде адамдарды өткізбейді.

Жұмыс бір сағаттан астам жалғасқан кезде газдану мен құдықтың желдеткіші тексеріледі.

403. Компрессорды салқындатқаннан, пайдаланудағы резервуарларды, жабдықты, газ өткізгіштерді гидравликалық сынағаннан газды канализацияға түсуін болдырмайтындай етіп су бөлінеді.

404. Газ бөлу желілеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс төлқұжаты болады.

Олардың 50 жыл пайдалану мерзімі өткеннен кейін, оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін сараптама жүргізеді, қайта құру жүргізіледі немесе пайдалану тоқтатылады.

405. Ғимараттар мен құрылыс құрылымдарын (сызаттарды анықтау, арматураны бөлшектеу, іргетас салу, жабындардың көтергіш қабілетінің төмендеуі, жабындардың қирауы және басқалары) ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық міндеттерін өзгерту алдында жүргізіледі.

406. Ғимараттар мен құрылыстарды тексеру, оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін белгілеу, қайта құрылым жасау немесе пайдалануды тоқтату мақсатында құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау кезінде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет