СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы



бет8/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
автореф колледж

Диссертацияның құрылымы: Алға қойған мақсаты мен міндеттерге байланысты диссертациялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 5 тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
«Зерттеу жұмысының тарихнамасы, дерек көздері және әдістемесі» деп аталатын бірінші тарауда тақырыптың теориялық-әдістемелік негіздемесі мен тарихнамасы қарастырылып, дерек көздеріне талдау жасалды.
«Зерттеудің теориясы мен әдістемесі» атты бөлімінде зерттеу ижұмысына қатысты теориялық-әдістемелік ұстанымдар мен тұжырымдар баяндалды.
Теориялық, ұйымдық және жоспарлы зерттеу тұрғысынан алғанда ғылым шындықтың белгілі бір саласын тану үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Сондықтан ғылым туралы айтқанда зерттейтін пәнін ғана атап қоймайды, оны қабылдау әдісін де ескереді. Бұдан шығатын қорытынды, ғылымның тәсілі азды-көпті тұрақты және маңызды. Мәні жағынан ғылым пәнді және тәсілді де анықтайды.
Бір жағынан алып қарағанда ғылым тәсіл мен теорияның диалектикалық бірлігі болып саналады. Тәсілді жүйелі білім алу тұрғысынан қарағанда ғылымнан бөлуге болмайды. Себебі тәсілдің өзі де шындыққа жетудегі ілім болып саналады. Ғылыми танымның тәсілі туралы ілімді әдістеме деп атайды.
Диссертацияның әдістемелік негізін ғылыми танымның объективтілік, тарихилық, жүйелілік, детерменизм және даму тәрізді әмбебап қағидалары қалады. Мысалы, тарихи принцип республикамызда техникалық және кәсіби білімнің даму кезеңдерін, оның қоғам өміріндегі орнын, ондағы сапалық өзгерістерді, осыларға әсер еткен нақты тарихи жағдайды тұжырымдауға тікелей мүмкіндік жасады. Даму принципі кәсіби білімнің білім жүйесінің құрамдас бөлімінен экономикалық жүйенің құрамдас бөліміне айналып отырғандығын дәлелдейді. Еліміз демократиялық қоғамды толық орнатып, мемлекеттікті нығайту үшін шикізат шығарушы елден (бұл кеңестік кезеңнің 70 жылын және тәуелсіздіктің 15 жылын қамтыды) шығарылған өнімді жаңа технология негізінде өңдеуші елге айналды. Индустриалдық-инновациялық бағдарламаны енгізіп, бәсекеге қабілетті 50 елдің құрамына қосылу үшін жаңа технологияны меңгере алатын жан-жақты қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандар қажет. Онсыз халыққа қызмет көрсетудің сан қырлы салалары қарыштап дами алмайды. Бұл дамыған елдердің тәжірибесі. Бұл тарихи міндетті кәсіби білім жүйесі атқарады. Сондықтан да жоғарыда жазғанымыздай, бұл жүйе экономиканың да құрамдас бөліміне айналып отыр.
Өзара тең жекеменшік қалыптасып, үстемдікке айналып отырғанда кәсіпорындар бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарсыз өз міндеттерін атқара алмайды. Біздің бұл жүйенің даму процесін зерттеуіміз оның жеке адам және қоғам өміріне тікелей тиімді экономикалық және әлеуметтік рөлі мен маңызын анықтауға мүмкіндік берді.
Диссертацияның әдістемелік тұғырына лайықты тәсілдерді қолдануға үлкен мән берілді. Автор ғылыми танымның талдау, салыстыру, зерделеудің сандық әдісі, синтез тәрізді әдістемелеріне арқа сүйейді. Талдау әдісі кәсіби білім берудің өзара байланыстарын, сапалық мәнін, табиғатын көрсетуге қол жеткізді. Салыстыру әдісі кәсіби білімнің экономикалық және халыққа қызмет ету саласының әр түрлі, әр қырлы салаларына тарайтындығын, қажеттілігін және олардың тиімділігін арттырудың негізі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау әдісінің тағы бір ерекшелігі – жекеменшік үстем болып тұрған қоғамда адам өмірі оның кәсібіне байланыстығын, соған сәйкес кәсіптің бірде тозып, бірде жаңару орын алатындығын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл талапқа сәйкес адам бүкіл өз өмірінде оқумен, алған кәсібін дамытумен айналысу қажеттілігі туындайтындығын, қажеттілігін түсінеді.
Республикамызда кәсіби-техникалық білім жүйесінің даму кезеңдерін, кәсіптің адам және қоғам өміріндегі орнын, ондағы сапалық өзгерістерді, оларға әсер еткен нақты тарихи жағдайды тұжырымдауға тікелей жағдай жасады. Ғылыми танымның тарихилық принципін басшылыққа ала отырып, біз өз зерттеуімізде кәсіптік-техникалық білім жүйесінің қалыптасуының бірнеше кезеңдерін анықтадық. Халыққа білім беру жүйесі сияқты кәсіби-техникалық білім саласы да белгілі қалыптасу кезеңдерін басынан өткізді. Зерттеудің тарихи принципін анықтағанда кәсіптік-техникалық жүйенің тарихын зерттеген Ф.К. Михайловтың, Т. Қожамқұловтың, М.Х.Асылбековтың, С.Б. Нұрмұхамедовтың, Н.Г. Панның, С.М. Сүлейменовтың, Н.А. Гуляевтың, А.Г. Сармурзиннің, Н.Р. Күнхожаевтың басқа да осы саланы зерттеген белгілі ғалымдардың, кеңестік кезеңде жазылған қаламынан туған дүниелерді басшылыққа алдық.
Адам баласы қоғам дамуының әр кезеңінде халыққа кәсіби білім беру ісіне назар аударылған болатын-ды. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн Сины, Аль-Бруни, Ибн-Хальдун тағы басқалардың еңбектерінде балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселелеріне айтарлықтай назар аударылған. Кемеңгер Ыбырай Алтынсарин тек адал еңбек ғана адам зат бақытының негізі деп есептеген. Ал ұлы Абай еңбек ету керек, кәсіптің иесі болу адам өмірінің бір саласы деді. «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерші қазақтың төресі сол», - деген Абай.
Ғылыми теория мен методологияның тарихи және жүйелілік тәсілі Қазақстанда білім беру процесі ұзақ жылдарда кеңестік үлгі (модель) білім жүйесі негізінде тарихи дамығандығын көрсетті. Оның жағымдық жағы халық бұқарасының білім алуына жол ашықтығы болды, кәсіби-техникалық оқу орындары әрбір ауданда, қалаларда, облыстарда болды, училищелер мен техникумдарға оқушы қабылдау кең түрде іске асырылды, әрбір кәсіби білім алам деуші жастарға толық мүмкіндік жасалды, тіректік мекемелер институты өмір сүрді.
Сонымен қатар бұл теориялық-методологиялық қатынас кәсіби-техникалық жүйенің төмендегідей кемшіліктерінің бетін ашуға да мүмкіндік берді. Кәсіби-техникалық оқу орындарының әлемдік білім процесімен байланысы болмады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа енуіне байланысты бұл кемшілікті жоюдың мақсатында біз қашық және жақын шетелдер кәсіби-техникалық білім жүйесін қорыттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет