«Сот медициналық сараптама негіздері»



бет5/8
Дата26.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#159680
1   2   3   4   5   6   7   8

Пысықтау сұрақтары:

  1. Мәйіттің табылған жерде қаралуы.

  2. Оқиға болған жерді қарау әдісі мен кезеңдері.

  3. Әр турлі жағдайлардағы өлім болған жерді карау ерекшеліктері.


Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.




Тақырып 8. Мәйіттің табылған жерде қаралуындағы дәрігер маманның ролі.
1.Дәрігер маманның ролі.

Мәйіт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) ең алдымен болжамды «мәйітте» нақты өлім белгілерінің бар жоқтығын анықтайды.


      Өлімнің нақты белгілер болмаған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) бұл туралы жедел медициналық жәрдем шақырған тергеушіге хабарлайды. 
      Көрсетілген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) жеке өзі реанимация бойынша қажетті шараларды (жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж және басқа да іс-шаралар) қабылдайды.
      Қабылданған реанимациялық іс-шаралардан оң нәтиже болмаған жағдайда тергеуші (тексеріп-қарау жүргізген адамға) оқиға болған жерді тексеріп-қарау хаттамасына реанимациялық іс-шаралардың түрлерін, олардың басталуы мен аяқталу уақытын, оның нәтижесін және оларды тоқтату негіздерін енгізеді.

Мәйіт табылған жерде тексеріп-қарау кезінде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) мәйітті тексеріп-қарау хаттамасына енгізу үшін мынадай мәліметтерді анықтап, тергеушіге хабарлайды:


      1) мәйіттің жатқан күйі, қалпы, аяқ-қолының орналасуы, мәйіттің үстіндегі немесе жанындағы заттар;
      2) мәйіттің киімі мен аяқ киімінің жағдайы мен қалпы (оның бүтіндігі, ластануы, дақтар, түйменің тесіктері, бауларының күйі, қанға ұқсас іздерінің және басқа бөліністердің);
      3) ағытып киімін көтеріп, бірақ шешіндірмей жынысын, шамамен жасын, дене бітімін, терісінің түсін, көрініп тұрған шырышты қабықтарын, көз жанарын, мөлдір қабықты, табиғи тесіктердің жағдайы, егер оларда бөтен заттармен бөлінген сұйықтықтар болса, олардың түсі мен ерекшеліктері көрсетілуі тиіс;
      4) белгісіз мәйітті тексеріп-қарау кезінде ерекше белгілері (тыртық, таңба, туа біткен қал, дене кемшіліктері);
      5) алғашқы мәйіттік өзгерістердің сипатты (хаттама жүргізу барысында мәйітті зерттеудің нақты уақыты міндетті түрде көрсетіледі, атап айтқанда:
      мәйіт дақтарының орналасуы мен диагностикалық ерекшеліктері (түсі, мөлшерлеп басу кезіндегі түстің өзгеруі және бастапқы түсіне келуіне дейінгі уақыт (секундпен), көлденең жолақ бұлшық еттердің механикалық және электрлік тітіркендіруге реакциясы, көз жанарларының электрлік және химиялық тітіркендіруге реакциясы, дененің жабық және ашық бөліктерінің қолымен басып көргендегі суу (салқындау) дәрежесі, дене бөлігі, температураны өлшеу уақыты көрсетілген дененің температурасы (электротермометр мен немесе кәдімгі термометрмен анықталады), міндетті түрде қоршаған ортаның температурасы көрсетіледі;
      6) кешіккен мәйіттің өзгерістері болған жағдайда (шіру, мумиялану, майбалауыз, шымтезек тәрізді кебу және өзгелер) олардың орнығуын, дененің бөліктерінің таралу мен олардың айқындылық дәрежесін көрсетеді;
      7) мәйіттен қандай болмасын бөтен иістің шығуы (алкоголь, эфир және өзгелер);
      8) мәйітте және оның киімдерінде жәндіктер мен олардың жұмыртқаларының болуы (көбірек жиналған орны және олардың сипаты);
      9) қол ұшының күйі, алқанда заттардың болуы (жұмылған жұдырық, саусақ аралықтары, тырнақ асты кеңістігіндегі заттар);
      10) мәйіттің денесіндегі зақымданулар, олардың орнығуы, сипаты, көлемі, пішіні, шеттерінің ерекшеліктері, денеге немесе теріге жұққан заттар, қосындылар, қанға ұқсас ағымдар.
      Жараны (зақымды) тексеріп-қарау кезінде оны сүңілеуге және басқа да зақымның алғашкы түрі немесе қасиеттерін өзгеріске ұшырататын әрекеттер жасауға, сондай-ақ заттай айғақтардың (әйнектің, металл сынықтары, күйе және тағы басқа) ұсақ бөлшектерін жоғалтып алмау үшін қатып қалған қанды, басқа да сұйықтарды жууға, сүртуге немесе басқа тәсілдермен кетіруге тыйым салынады.
      Жарақаттағы бекіткіш құралдар мен заттарды мәйіттің сот-медициналық сараптамасына дейін алуға, ауыстыруға жол берілмейді.
      Мәйітті сырттай тексеріп-қарау мен оқиға болған (мәйіт табылған) жердегі жағдайды зерттеу аяқталған соң сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) ауызша түрде тергеушіге мыналар туралы алдын ала өзінің ойын айтуға құқығы бар:
     1)шамамен өлімнің болған уақыты;
     2)өлімнен кейінгі мәйіттің қалпының өзгеруі;
     3)дене жарақаттарын түсіру механизмі мен жарақатты түсірген болжамды қару;
     4)мәйіттің табылған жерінің оқиға болған жермен сәйкестігі;
     5)мәйіттің және оны қоршаған заттарда сипаты бойынша қанға ұқсас заттардың іздері табылған жағдайда сыртқа қан кетуден кейінгі оқиғаларды орнына келтіру мақсатында зақымдардың пайда болуы механизмі туралы талқылау;
     6)өлім себептерін болжау.
      Тергеушіге айтылған болжамдар кезінде тергеуге мүдделі мәселелердің шешілуі тек мәйітті толық сот-медициналық зерттеуден кейін және іс бойынша қажетті барлық қосымша зерттеулерден кейін ғана мүмкін екендігін міндетті түрде хабарлау керек.
      Мәйіт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) табылған жерінде мәйітті сырттай тексеріп-қарау мәселелері бойынша, сондай-ақ мәйіттің кейінгі сот-медициналық сараптамасы мәселелері және сот-медициналық сараптаманың құзырына кіретін мүмкін болатын зертханалық зерттеулер бойынша тергеушіге консультация беру;
      2) қанға ұқсас іздер, шәует немесе адамның басқа да бөлінділерін, шаштарын, адамның жұмсақ және тығыз тіндерін, дәрілік препараттарға ұқсас әртүрлі заттарды, тұрмыстық немесе өндірістік химия препараттарын, зақым келтірілуі мүмкін заттар мен қаруларды, сондай-ақ осы іс бойынша мүдделі басқа да объектілерді тауып алуда, оларды маман-криминалистер тексеріп-қарағаннан кейін ғана тергеушіге көмек көрсету;
      3) тергеуші мен куәлардың назарын нақты оқиға үшін маңызы бар барлық ерекшеліктерге (оның ішінде жағымсыз жағдайларға) аудару;
      4) қарауды жүргізу барысында жасалып жатқан істермен олардың нәтижелеріне түсінік беру.
      Сот-медициналық зертханаларда сараптауға жататын объектілер анықталған және алынған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) тергеушінің назарын биологиялық тектес кез келген ізді суреттеу қажеттілігіне, оның орнығуын, пішінін, өлшемдерін атап көрсетуге аударады.
      Бұдан басқа табылған іздер жағдайында:
      1) қанның түрлері: қан жиналған жер - жиегі шетінің, перифериясының сипаты, ұйыған қандағы бар іздер (мысалы, бастың шашты бөлігінің ізі), қанның құрғақ қалдығын кейінгі өлшеуге алу, сүйреткендегі іздері - із бағыттары, олардың ені, жиегі мен ұштарының сипаты (қарқындылығы), қанның сіңуі-матаның қай жағынан (сыртынан немесе ішінен) сіңгендігін анықтау, қанның аққан бағыты (әр кесіндінің бағытын көрсету), оның ұшының сипаты, қан тамшысы - тамшы іздері бар аймақты сипаттау, олардың саны, қосылу белгілері бар, жоғын, жиектеріне екінші рет шашырау белгісі бар, жоғын, жиектерін қадағалап қарау, қанның шашырауы – шашыраған аймақтың көлемі, олардың пішіні (желпуіш тәрізді, шынжыр тәріздес т.б.), саны, сопақша пішіндес болса оның ұзын сопақ бөлігінің бағыты, үшкірленген жағының бағыты, және ноқатты элементі (тамшыға ұқсас түрі немесе леп белгісі тәрізді ізі), қанның жағылуы - жиегін жете сипаттау (таңбалар, сүртінділер), қанның инерциялық іздері - ортаға қарай ұмтылған жолақтардың таралуы;
      2) шәуеттің іздерін іздеу мен сипаттауда: тасымалдаушы-заттан іздердің пішіні мен кескінін мұқият суреттеп, түсін, ультркүлгін сәуле арқылы өзіне тән жарқырауын көрсету;
      3) өзге де бөліністерді тапқан жағдайда оларды суреттеп, жазу (сілекей, несеп, тер және т.б.) оларды пішіні мен ерекшеліктерін мұқият түрде сипаттап, жазу, ультракүлгін сәуле арқылы өзіне тән жарқырауын көрсету, (сілекей, тер, шәует күдікті адамның киімдерінде және мәйіттің айналасында байқалуы мүмкін);
      4) шаш іздеуде бұрыш тұсынан жақсы жарық беретін жарық көзі арқылы, сондай ақ лупа, резеңке қондырғысы бар ұштар, шыны аспаптар, пакеттер мен жабысқақ лента және өзгелер болуы тиіс, объекті ауаның жеңіл қозғалысы кезінде оңай жоғалып кетуі мүмкін болғандықтан алу және сақтау кезінде сақтанған жөн (бұл объектілерді жарақат түсірген құралдардан, киімнен, қолдан, мәйіттің астынан іздеген жөн).

Пысықтау сұрақтары:

  1. Дәрігер маманның ролі.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1.Карипова, А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания :Учеб. пособие.-Алматы:HAS,2005.-

2.Жетписбаев, Б.А. Административные правонарушения: опыт теории и практики .-Алматы, 2005

3.Административное право РК. Часть общая. – А., 1996

4.Административное право РК. Часть особеннная / Ред. Таранов А. – А., 1998

5.Кодекс об административных правонарушениях. – А., 2000

6.Ибрагимов Х. Административное право РК. – А., 2000

7.Жетписбаев Б. Административная ответственность. – А., 1999

8.Практикум по административному праву. – А., 1998

9.Бахрах Д. Административное право. – М., 1993


Тақырып 9. Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және т.б. тұлғалардың сот - медициналық сараптамасы.

1. Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және т.б. тұлғалардың сот медициналық сараптамасыңың түрлері.

2. Орта дәрежелі және жеңіл дене жарақаттары.

Сот-медицина сарапшысының әрбір нақты жағдайда дене жарақатын дүрыс анықтау үшін оның қаншалықты ауыр екенін айқындауға байланысты кейбір қүқылық мәселелерді білуі қажет. Сонымен бірге сарапшы дене жарақатының қан-шалықты ауыр екенін анықтау жөніндегі өз жауапкершілігін де білуге тиіс. Өйткені сарапшы қорытындысының сыртында талай адамдардың тағдыры түрады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын-да денеге салынатын ауыр жарақат түрлерінің бірнеше белгі-лері көрсетілген. Біз оларға жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көрдік.

Шын мәнінде заңдарда жарақаттардың бір-ақ түрі - адам өміріне қауіпті жарақаттар ғана қарастырылады. Өйткені жарақат түрлерінің басқа белгілерінің бәрі жарақаттың нақ өзі емес, соның зардаптары болып табылады.

Адам өмірі үшін қауіпті жарақаттарға адам медициналық көмек көрсетілмей өліп кететін немесе оған өлім қаупін туғызатын жарақаттар жатқызылады. Бүл жарақаттар медици-налық көмек көрсетілгеніне қарамастан, сондай жарақат алудың өзі-ақ адам өміріне қауіпті деген сөз. Кейде, медициналық көмек көрсетілген жағдайда, мүндай жарақаттардың ақы-ры жақсы болып, ауыр зардаптарга соқтырмайды. Сондықтан мүндай жарақаттар салынған сәтінде ғана қауіпті болуы мүмкін.

Адам өміріне қауіпті жарақаттарға мыналар:

а) ішкі мүшелер жарақаттанбаса да, бас сүйегіне, кеуде және іш қуысына, сондай-ақ омыртқа өзегіне өтіп кететін жарақаттар;

ә) бас сүйек күмбезі мен түбінің ашық және жабық сы-нықтары, сондай-ақ екі табақшаның да жабық шытынауы жат қызыла ды.

Маңдай қуысының сыртқы қабатынын жарылуы адам өміріне қатер төндірмейді. Мүндай зақымданудың қаншалықты ауыр екендігі денсаулықтың қанша уақыт нашарлауына қарай анықталуға тиіс. Маңдай қуысы дененің басқа да сырт-қы орталарымен тікелей байланысты. Маңдай қуысы сүйегінің жарылуы бас сүйегі ішіне ауа кіргізбейді, сондықтан өмірге қауіп туғызбайды;

б) қолқа, күре тамыр, ішкі күре тамыр, сыртқы күре тамыр, буғана асты, қблтық, иық, сан, тақым артериялары не-месе солармен қатар көк тамырлар сияқты қан жүретін ірі тамырлардың зақьімдануы;

в) түтікті үзын жіліктердің: сан, жіліншік, иық және білек


сүйектерінің ашық сынуы;

г) омыртқалардың жекелеген өскіндерінің жеке сынғанын қоспағанда, мойын ом^ртқаның сынуы, сондайақ басқа жерлердегі омыртқалардЫЧ сынып, жүлынның белсенді жүмыстан қалуы;

ғ) жамбас сүйектерінің сынуы естен тану ауыр болса, қан көп кетсе, жамбас мүшелері зақымданса, яғни өмірге шын қауіп төнсе, сондай-ақ 33 %-тен астам еңбек қабілетін түрақ-ты жоғалту белгілері бюйынша;

д) өмірге қатер төндіретін симптомдарымен қоса, ми шайқалуының ауыр дәрежеде болуы;

е) клиникалық жол^ен анықталған кеуде немесе іш қуысының, жамбас, бүйрек қуысының ішкі органдарының жабық жарақаттары, сондай-^Қ мидың зақымдануы мен бас сүйегі ішіне қан қүйылуы;

ж) токтың ауыр сатысы, коллапс, май және газ эмболиясы


немесе қанның көп кетуі сөйтіп өмірге қатер төндіретін симптомдардың болуы;

з) жүтқыншаққа, көмейге, өңеш пен кеңірдекке жарақат түсуі;

и) егер клиникалық деректермен және істің мән-жайымен объективті түрде анықталған жағдайда алқымның қысылуынан естен айырылып, үмытшақ (амнезия) болкш, мидың қан айналысының бүзылуы;

к) дененің термиялыК. химиялық, электрлік П-Ш дәреже-дегі және дене сыртыныЯ кемінде 25 %-ін қамтитын күйіктер.

Қандай болғанымен, қалған жарақаттардың бәрі негізіне қарай бағаланады.

Өмірге қатер төндіруіне байланысты туындайтын кейбір мәселелерді жеке алып карастыру қажет. Жарақат салу әді-сінің адам өміріне қауідтілігін, оның орналасуын және жа-рақаттың өзі адам өміріие қатер төндіретінін анықтау керек. Жарақат салу әдісіній адам өміріне қауіптілігі қолданыл-ған қүралға (мысалы, балта), қаруға (атылатын қүрал, қанжар және басқалар), заттарға (тотияйын, цианисты калий, т.б. бе-руге тырысу), тәсілге (мОЙынға түзақ салу, қолмен түншықтыру, суға батыру, т.б.) байланысты болуы мүмкін. Адам өміріне қауіп төнуі өзгер:мей қала береді жөне жасалған өре-кет жағдайында ғана емеА сонымен бірге соған дайындалып, өлтіру ушін қастандық жасау, бүл әдіспен денеге жарақат салу жағдайында да сақталып қалады. Егер әлдебіреу жарақат салу мақсатымен сатылып, дайындалған қарумен біреу-лерге шабуыл жасаса, бір ДҚ қаруды қолданып үлгірмесе, оны қолдану қаупі өзгермей қала береді. Ал егер бір адамды атып, оған тигізе алмаса да, атылатын қаруды қолдану әдісінің өзі адам өміріне қауіпті болады т.б.

Зақым келтіру әдісінің адам өміріне қауіптілігін анықтау көп жағдайларда арнайы анықтауды, демек сараптама жүр-гізуді талап етпейді. Тек жекелеген жағдайларда ғана арнайы анықтау керек болуы мүмкін. Мысалы, улануға әрекет жасалған жағдайда қолданылған улы заттың сипаты мен оның адам өмірі үшін қауіптілігін және оның мөлшерін анықтау арнайы анықтауды талап етеді. Бірақ бүл жағдайда да заттың сипатңі мен мөлшерін анықтау үшін арнайы тексеруді қажет етеді, ал сарапшының қорытындысы бойынша тергеуші және сот қолданылған әдістің адам өміріне қауіптілігі жайында түжырым жасайды. Сонымен жарақаттың адам өміріне қауіп төндіретінін немесе оның денсаулығы-на басқаша зиян келтіретінін сарапшы анықтамайды. Сарапшы денсаулыққа зиян келтіру әдісін - жарақаттың адам өміріне қауіптілігін ғана анықтайды.

Жарақаттардың белгілі бір дене бөлігінде орналасуы жа-рақаттың адам өмірі үшін қауіпті екенін өзінен-өзі анықтамайды. Мәселен, жарақаттардың бас, жүрек, іш жағына са-лынуы олардың сол жерлерде болуының өзі адам өміріне қауіпті деуге негіз болмайды. Теріге бас маңынан оқпен жарақат салу, сондай-ақ тері бетіндегі пышақпен, қанжармен жүрек маңынан салынған жеңіл-желпі жарақаттарды сарапшы олардың орналасуына ғана қарап, адам өмірі үшін қауіпті деп анықтай алмайды. Тергеуші мен сот қару мен жарақаттардың орналасуын негізге ала отырып, денеге салынған жарақаттың адам өмірі үшін қаншалықты қауіпті екені туралы қорытынды жасайды.

Заңда дене жарақаты қарастырылғанда мынадай екі жағдай: жарақаттың адам өмірі үшін қауіптілігі мен денсаулыққа жарақат келтірген зияны ескеріледі. Адам өміріне қауіптілік дегеніміз денеге түскен ауыр жарақаттың ерекше белгісі.

Кейбір сарапшылар жарақаттарды олардың сипаты бойын-ша бағалау керек деп пайымдайды. Мысалы, жамбастың сынуы - денеге түскен ауыр жарақат. Жарақаттарды сипаты бойынша есепке алу үшін әуелі жарақаттың сипаты қандай екенін .анықтау қажет. Ал біз жарақаттың сипатын анықтауға әрекет жасасақ, оның адам өміріне қауіп төндірудің нақ өзі немесе оның нәтижесі болып шығады. Ал соңғысы яғни оның нәтижесі түрлі дәрежеде еңбек қабілетін түрақты жоғалтуға немесе үзақ уақыт бойы не аз уақытқа денсаулықтың бүзылуына әкеп соғады.

Алам өміріне қауіптілік дәрігерлік көмекті тез көрсету мүмкіндігіне байланысты кемімейді. Өйткені дәрігерлік көмекті тез көрсетуге мүмкіндік жоқ жағдайда, мысалы түрғын үйлерден, ауруханалардан алыс жерлерде жарақат алы-нуы мүмкін. Мәселен, іш қуысына өтіп кететін жарақат адам өмірі үшін әрқашанда қауіпті. Медициналық көмек көрсетіл-месе, іш пердесінің қабынуы - перитонит бел алып, адам өліп кетеді. Сондықтан өмірге қауіпті жарақаттарға өдетте адамның өліп кетуіне әкеп соғатын немесе сондай қауіп төндіретін жарақаттар жатқызылуға тиіс. Ал осы түрғыдан алғанда бас сүйегін, кеудені, іш қуысы мен жүлын жолы қуысын тесіп өтетін жарақаттар адам өміріне қауіп төндіретін жарақат болып есептеледі.

Күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелерге байланыс-ты адам өміріне ең қауіпті кейбір жарақаттарды қарастырып өткен жөн.

1. Бас сүйек қуысын тесіп өтетін жарақаттардын өмірге қауіп төндіретініне ешқандай күмән жоқ. Кейде кеуде қуысын тесіп өтетін жарақаттардың адам өміріне неліктен қауіпті болатынына күмән келтірулер бар. Емдеу мекемелерінің ма-териалдарына қарағанда, кеуде қуысын тесіп өтетін жара-қаттан адамның ажал табуы мейлінше көп кездесетін көрінеді.

2. Бас сүйектің күмбезі мен түбі сүйектерінің ашық неме-се жабық сынуы да олардың адам өмірі үшін қауіпті екеніне сөз жоқ. Бас сүйек күмбезінің жабық түрде сынуын да бас сүйекке ауа кіруін туғызатын осындай жарақаттарға жатқызу керек. Бас сүйектің сыртқы немесе ішкі жүқа табақшала-ры біреуінің шытынауы, бас сүйек қуысына ауа кіргізбейті-ндіктен, адам өмірі үшін қауіпті деп саналмайды. Сондай-ақ ішкі дөңес табақшалардың, маңдай қуысының ішкі жақтары мен тор сүйек қабырғаларының шытынауы да мүндай жарақаттарға жатқызылмайды.

3. Ірі қан тамырларының жарақаттануы адам өміріне қауіпті екеніне күмән туғызбайды. Басқа да шеткі (білек, саусақ, жіліншік, табан, мойын, бет, бас) қан тамырларының зақымдануынан кейбір жағдайларда қан көп ағып, қанды көп жоғалту және естен тану жағдайына жеткізуі мүмкін. Мүндай
жағдайларда олар адам өміріне нақты қауіп төндіретіндіктен өмірге қауіпті жарақат деп есептелуге тиіс.

4. Түтікті үзын сүйектердің, жамбастың, жіліншіктің, иық пен білектің ашық сынуының өмірге қауіпті жарақаттарға жатқызылатын себебі, олар сонымен бірге тез арада білікті медициналық көмек алу мүмкін болмаған жағдайда организмнің жалпы зақымдануына апарып соғуы мүмкін. Бүл


әсіресе неғүрлым ірі сүйектердің ашық сынуына қатысты.

Біреулер сан сүйегінің сыңуы адам өміріне әрқашанда қауіпті, сондықтан дененің ауыр жарақатына жатқызылуға тиіс деп санайды. Мүнымен келісуге кейде болмайды. Өйткені сан сүйегінің сынуын адам өміріне қауіпті дене жа-рақатына жатқызуға болмайтын себебі - оның сынуынан адамның өліп кетуі өте сирек кездеседі. Оның үстіне ол еңбек қабілетін үштен бірінен астам жоғалтуға әкеп соғады. Міне, осындай жағдайда ғана оны нақ осы белгілері бойынша де-ненің ауыр жарақатына жатқыэуға болады. Сондай-ақ сан сүйегінщ сынуы есті қатты тандыруға әкеп соғуы мүмкін. Мүндай жағдайларда олар өмірге қауіп төндіретіндігі жөніндегі белгісі бойынша ауыр дене жарақатыңа жатқызылуға тиіс.

5. Тәжірибенің көрсетіп жүргеніндей, мойын омыртқалардың сынуы, сондай-ақ басқа да омыртқалардың толық сынып, жүлын қызметінің бүзылуы адам өміріне қауіпті екені еш күмән туғызбайды. Ал кеуде мен бел омыртқалардың жүлын қызметін зақымдамай сынуы адам өміріне қауіпті емес және дүрыс емделген жағдайда ешқандай зардабы болмауы
ықтимал.


  1. Жамбас сүйектерінің сынуы да дененің ауыр жарақатына жатқызыла бермейді. Ол адам өміріне тікелей қатер төндіргенде ғана қауіпті болады. Бүл орайда ол естен тандырып, қан көп кетуге, жамбас мүшелері зақымдануға тиіс.

  2. Ми шайқалуынын әр түрлі дәрежесі болады. Клиникада мидың шайқалуы үш дәрежеге бөлінеді.

Ми шайқалуынын бірінші яғни жеңіл дәрежесінде адам аз уақытқа естен танып қалуы, басы ауыруы, басы айналуы, лоқсып, қүсуы мүмкін.

Ал орташа яғни екінші дәрежесінде адам үзақ уақыт - бірнеше сағат бойы естен танып қалады, үйқы басып, кейде амнезияға, есінен жаңылуға дейін жетеді. Зардап шегушіден брадикардия, менингиалдық қүбылыстар, үсақ ошақты нев-рологиялық симптомдар, рефлекторлық функциялардың нашарлауы, бастың ауыруы мен айналуы, лоқсып қүсу бай-қалады. Ми шайқалуының ауыр яғни үшінші дәрежесінде адам үзақ уақыт бойы есінен танып, коматоздық немесе сопороздық жағдайға үшырайды, сөйтіп үйқыға батып, есінен айрылады, рефлекторлық функциялары күрт төмендеп, ме-нингиалдық қүбылыстар, ошақты неврологиялық және па-тологиялық симптомдар байқалады, адам лоқсып қүсады, басы айналады.

Ми шайқалуынын адам өміріне қауіптілігі жалпы ми шайқалуы жөнінен ем^с, оның ауырлығымен бағаланады. Адам өміріне оның үшінші, ауыр дәрежесі қауіпті. Орташа яғни үшінші дәрежедегі ми шайқалуы адам ауыр жағдайға үшырағанда ғана оның өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін.

8. Кеуде қуысы мен іш қуысының, жамбас қуысының ішкі мүшелерінің, бүйректердің жабық жарақаттары, мидың зақымданып, бас сүйек ішіне қан қүйылуы адам өміріне қатер төндіретіндігіне күмән жоқ. Мүндай жарақаттар тек қана клиникалық жолмен анықталуға тиіс. Несепте қан пайда болған жағдайда мүның басқа жарақаттарға емес, бүйректің жабық жарақатына байланысты екенін негіздеу керек.

9. Қатты естен тану, коллапс, май немесе газ эмболиясы және қанның көп кетуі клиникалық жағынан айқын аңғарылса, олардың өмірге қауіпті екені күмән туғызбайды.

10. Көмейдің, кеңірдек пен өңештің тесіп өткен жарақаттары адамға қатерлі естен тану, қан кету және жағдайдын қосымша қиындауы (медиастинит) өріс алған кезде өмірге қауіп төндіреді.

11. Қолмен немесе түзақпен буындырудың адам өміріне қауіптілігін сондай қауіп төндірілгеніне және олардын объективті деректермен расталуына қарай бағалау керек. Бүл орайда адамның есінен айрылғанын, амнезия яғни оттегінің жетіспеуі салдарынан мидағы қан айналасының бүзылу симптомдары болғанын анықтау қажет. Егер көздің дәнекер
қабығында (конъюнктиваларда), бетте, шырышты жүтқыншақта көгерген жерлер (экхимоз) болса да, қолмен буындыруды адам өміріне қауіпті деп бағалауға болмайды. Экхимоздың болуы жоғарғы көк тамыр жүйесінде қысымның артқаңын ғана дәлелдейді. Адамның мойнын буындырмай-
ақ, қатты жөтелген, лоқсыған, күшенген жағдайда да экхимоз болуы мүмкін. Спортшылардың жаттығу кезінде көзінің дәнекер қабығы қызарып кетуі кездеседі. Сонымен бірге, мойыннан буындыру жиі болғанымен, одан адамның өліп кетуі сот медицинасы тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Бүл
арада мойыннан қолмен қылғындыру немесе түзақпен буындыру әдісінің адам өміріне қауіптілігін осылайша буындыру салдарынан естен айрылу, тырысу, амнезия түрінде болатын қауіптіліктен айыра білу қажет.

12. Дененің кемінде 25 %-інде П, Ш дәрежелі күйік болған жағдайда термиялық, химиялық және электр күйіктерінің адам өміріне қауіпті екені өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде аяқ-талуы жөнінен ауыр дене жарақаттары белгілері бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет