3.Сот-медицина куәландыруының қүжаттары
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 56-бабына сәйкес куәландырудың барлық жағдайларында, соның ішіндетірі адам-дарды куәландырғанда сот-медицина сарапшысы қорытын-ды жазуға тиіс.
Сот-медицина сарапшысының куәландыру қорытындысы сараптама жүргізудегі тағайындаған адамға немесе үйымға ол жүргізілгеннен кейін 3 күннен кешіктірмей жіберіледі. Дәлелді себептер болған жәғдайда (мысалы, консультацияға жіберілген, рентгенге түсірген, лабораториялық және басқа зерттеу әдістерін жүргізген кезде) бүл мерзім үзартылуы мүмкін, бүл орайда әлгіндей себептер қорытындының аяғында
көрсетілуге тиіс. Қорытындының бір данасы сарапшыда сақ-
талады.
Сот-медицина түрғысынан куәландыру қорытындысы негізінен үш бөлімнен: кіріспе, суреттеме бөлімдері мен сарапшының түжырымынан (пікірінен) түрады.
Сарапшы қорытындысының кіріспесінде: 1) куәландыры-лу жүргізілген уақыт пен орын; 2) сараптаманы кімнің тағайын-дағаны; 3) сот-медицина сарапшысының аты-жөні; 4) куәландырылушының аты-жөні, жасы, түрғылықты жері; 5) оның кәсібі; 6) сараптаманың мақсаты немесе сараптама алдына қойылған сүрақтар; 7) жарақат салынған мән-жай туралы алдын ала мәліметтер көрсетілуге тиіс. Бүл мәліметтердін тергеу және сот органдарынан немесе куәландырылушы адамның сөздерінен алынуы мүмкін. Сондай-ақ кіріспеде жәбірленушінің куәландырылу кезеңінде жасаған шағымдары да көрсетілуге тиіс.
Кіріспенің суреттеме бөліміне медициналық қүжаттардың деректері мен объективті зерттеу нәтижелері енгізіледі. Егер бастапқы куәландыру кезінде жәбірленушінщ қолында алынған жарақат туралы медициналық қүжаттар болса, сарапшының әуелі солармен танысып алып, хаттама бөліміне сол қүжаттардың негізгі деректерін жазғаны жөн. Ал медициналық қүжаттардың өздерін куәландыру қорытындысына қоса
тіркеу керек.
Сарапшының қорытындыға енгізілетін қүжаттардан алынған үзінділері жеткілікті дәрежеде толық, емдеу мекемесінде қойылған диагнозды растауға тиіс. Сонымен бірге онда емдеу мекемесінің атауы, медицина қүжатының (ауру тарихының, емхана картасының және басқаларының) нөмірі, олардың берілген күні міндетті түрде көрсетіледі.
Объективті зерттеу нәтижелерін суреттеген кезде сарапшы куәландыру барысы мен осы жағдайда табылған барлық деректерді егжей-тегжейлі баяндауға тиіс. Сонымен бірге қорытындының суреттеу бөлімінде сарапшылық түжырымдар, яғни аурудың диагнозы, жарақаттың мерзімі, жарақат салудың қүралы, әдісі және т.б. туралы түжырым жасаудан тартынған жөн.
Егер куәландырылушы консультация немесе емделу үшін маманға жіберілсе, сот-медицина сарапшысы консультацияның немесе емдеудің нәтижелерін хаттамаға жазып қана қоймай, сонымен қатар жәбірленушіні қайтадан куәландырып, хаттамада куәландырылушының консультациядан не-месе емделуден кейінгі, яғни қайта куәландырылу кезіндегі хал жайын да баяндауға міндетті.
Түжырымдарда (пікірде) сараптаманың ғылыми түрде не-гізделген нәтижелері, атап айтқанда, тергеу немесе сот органдарының сараптама алдына қойған сүрақтарына жауаптар болуға, сондай-ақ онда куәландыру барысының өзінде туындап, сарапшыға айқын болған мәселелер көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге сарапшының түжырымы (пікірі) қоры-тындының хаттама бөлімінің қисынды нәтижесі және соған негізделген болуы керек. Қорытындыда арнаулы медициналық және латын тіліндегі терминдер, түзетулер, қысқарған сөздер, сөздер арасында ашық қалдырылған орындар бол-мауға тиіс, тігуге арналған ашық жер қалдырылып, сарапшының қол қоюы қажет.
Пысықтау сұрақтары:
1.Тірі адамдарға сот - медицина сараптамасын жүргізудің кейбір ерекшеліктері.
2.Сот - медицина сараптамасы кезінде қатысатын адамдар.
3.Сот - медицина куәландыруының құжаттары.
1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.
2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.
3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.
2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.
3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.
4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.
5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002
6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.
7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.
8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.
9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.
Тақырып 11. Медицина қызметкерлерінің мамандық және қызметтік құқық бұзу істер жөнінде сот-медициналық сараптамалар.
1. Тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот-медицина сараптамасын жүргізу.
2. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін реттеу.
Тергеу және сот істерінің қүжаттарын зерттеп, сол қүжаттардағы нақты деректер негізінде медициналық мәселелер бойынша сараптама қорытындысын (актісін) жазу іс матери-алдары бойынша сот-медицина сараптамасы деп аталады.
Белгілі бір дәрежедегі тергеу ісінің материалдарын сарапшы сот-медицина сараптамасының барлық жағдайларында пайдаланады. Мысалы, адамның өлу себебі туралы мәселені шешкен кезде сот-медицина сарапшысы өлікті зерттеумен бірге істің материалдары бойынша оның өлуінің мән-жайла-рымен танысады, оқиға болған жерді қарап шығу хаттамасын, науқас тарихын және өлген адам жөніндегі басқа да медициналық қүжаттарды зерттейді. Ол өз қорытындысын өлікті және аталған қүжаттарды зерттеу нәтижесінде алынған деректердің жиынтығы негізінде жазады. Сондай-ақ ол жарақаттың қаншалықты ауыр екенін, денсаулық жағдайын анықтау және басқа да себептер бойынша тірі адамдарға сараптама жүргізуге де қатысады. Іс материалдары айғақты заттарға сараптама жүргізу кезінде де пайдаланылады. Алай-да осы жағдайлардың бәрінде де іс материалдары басқала-рымен (тірі адаммен, өлікпен, айғақты заттармен) бірге зерттеу объектілерінің бірі ғана болып табылады.
Тек тергеу немесе сот ісінің материалдары бойынша ғана
сараптама жүргізілген жағдайда бүл материалдар сарапта-
малық зерттеудің бірден-бір объектісі болады. Мүндай сарап-
тама, біріншіден, қорытынды беру үсынылған тірі адам, өлік
немесе айғақты заттар әлдебір себептермен сарапшыға беріл-
меген немесе көрсетілмеген жағдайда, екіншіден, істің бар-
лық материалдарын зерттеу негізінде ғана қорытынды беру
мүмкін болған жағдайда тағайындалады.
Іс материалдары бойынша сараптама алғашқы, қосымша және қайталап жасалатын сараптамаларға бөлінеді. Оны бір сарапшынын атқаруы мүмкін, бірақ көбінесе комиссия жургізеді. Сараптама комиссиясын әдетте сот-медицина сараптама бюросының бастыгы басқарады. Комиссиялық сараптама күрделі істер бойынша, атап айтқанда, кәсібиқызметтік қыл-мыстары үшін дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша, сондай-ақ қайталап сараптама жасалатын жағдайларда тағайындалады. Кейде ол кешенді түрде, яғни дәрігерлердің гана емес, басқа сала мамандарынын да қатысуымен жүргізіледі. Айтар болсақ, мүндай сараптамалар автомобиль жолдарындағы, авиациялық және басқа да оқиғалар жағдайында жүргізілуі мүмкін.
Сот мөжілісіндегі сараптама да көп жағдайларда іс материалдары бойынша жүргізілетін сараптама болып есептеледі. Іс материалдарын зерттеу көлемі сарапшының алдына қойылған мәселелердің мазмүнына, істің және ондағы қүжат-тардың сипатына байланысты болады. Сот-медицина сараптамасы үшін басқа материалдар ішінде медициналық қүжаттардың науқас тарихының, медициналық (емхана) картаның, медициналық комиссиялардың анықтамалары мен куәліктерінің, т.т. мейлінше зор маңызы бар. Кейде іс материалдарында алғашқы сот-медицина сараптамасының қоры-тындысы (актісі) болады. Бүл қүжаттардың бәрі (түпнүсқа-сында) мүқият талданып, оларға талдау жасалуға тиіс. Олар мен қоса басқа материалдар – қарап тексеру хаттамалары мен айыпталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан алынған жауаптардын хаттамаларын, т.б. зерттеу керек.
Аталған қүжаттарды зерттеу нәтижесінде сарапшы неме-се сараптама комиссиясы сараптама тақырыбына, яғни қой-ылған мәселелерді шешуге қатысты барлық нақты материалға егжей-тегжейлі шолу жасайды. Сараптама қорытын-дысында бүл шолу әдетте "Істің мән-жайы" дейтін бөлімге енгізіледі. Мүнда баяндалатын нақты деректер көбінесе үзінді-дәйексөз түрінде келтіріліл, әрбір дәйексөздің алынған қүжаты мен парағы көрсетіледі. Іс материалынан нақты деректер келтіре отырып, сарапшы мүнда бүл деректерге өзінің беретін бағасын да айта алады, мысалы, ол келтірілген нақты фактілердің қойылған сүраққа жауап қайтару үшін он немесе теріс мәні болатынын ескертуі мүмкін.
Комиссиялық сараптама жүргізген кезде "Істің мән-жайы" бөлімінің жобасын хатшы немесе комиссия мүшелерінін біреуі жасайды. Сонан соң бүл жобаны комиссиянын барлық мүшелері бас қосып талқылап, оған қажетті түзетулер мен толық-тырулар енгізеді. Сөйтіп, комиссия баяндалған нақты деректер негізінде қойылған сүрақтарға қайтарылатын дәлелді жауаптарды түжырымдайды. Егер комиссия бір түжырымға келсе, жалпы қорытынды (акт) жасалып, оған комиссия мүше лерінің бәрі қол қояды. Пікір алалығы болған жағдайда өз пікірі бар әрбір сарапшы өзінің қортындысын жазады.
Іс материалдарының, әсіресе медициналық құжатардың толық жиналуына, олардың сапалы әрі мінсіз болуына қарай сараптама қорытындысының (актісінің) тұжырымдары да әртүрлі болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда іс материалдары қойылған сүрақтардың бәріне үзілді- кесілді түрде айқын жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Кейде бұл материалдарға деректер, табыс етілген медициналық және басқа құжаттар толымды, болмауы, олардың дұрыс және объективті екеніне күмән келтірілуі мүмкін. Мүндай жағдайларда тірі адамның өзін, өлікті немесе айғақты заттарды зерттеу мүмкін болмаса, қойылған сүраққа істегі материалдар бойынша жауапқайтаруға болмаитындығы туралы дәлелді қорытынды жасалады.
Дәрігер мен науқастың өзара қатынастары науқастың медициналық көмек алуға қүқығының және дәрігердің медицина мекемесінің лауазымды адамы ретінде оған: сондай көмек көрсетуге міндетті екендігіне негізделеді. Сондыктан олардың өзара қатынастарының негінде материалдық мүдделілік емес, моральдық-этикалық нормалар жатыр.
Дәрігер этикасының негізгі ережедері бар. Диплом алғанда жас дәрігер өзінің бүкіл білімі мен күш-жігіерін адамның денсаулығын сақтау мен жақсарту, ауруларды емдеу мен аурулардың алдын алу ісіне арнауға, қоғамның мүдделері талап ететін жерде адал еңбек етуге ант береді. Дәрігер науқасқа мұқият және қамқорлықпен қарауға, қажетті көмек көрсетуге әрқашанда әзір болуға, өзінің білімі мен дәрігерлік шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға, медицина ғылымы мен тәжірибесінің дамытылуына жәрдемдесуге міндетті.
Медициналық деантология дәрігердң этиканың бір бөлігі болып табылады. Онда дәрігер мен бүкіл медицина қызметкерлерінің әр түрлі аурулардың барынша тиімді емделуін қамтамасыз етуге бағытталған лайықты мінез-қүлық көрсету принциптері қарастырылады.
Дәрігерлер өздерінің кәсіптік жұмыс процесінде науқастармен ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен де белгілі бір қарым-қатынас жасайды. Бұл қатынастар әрқашанда ізгі ниетті және жолдастық болып, бір-бірін құрметтеу мен өзара сенімге негізделуге тиіс. Өзгелердің пікірі мен диагнозына парасаттылықпен қараудың болмауы, өркөкіректік, әріптес терінің іскерлік кеңесіне құлақ асқысы келмеу, сайып келгенде, науқасқа зиян келтіреді. Дәрігер өзі берген ант сөзін әрқашанда есінде сақтауға тиіс, онда науқастың мүдделері керек етсе, әріптестерінен ақыл-кеңес сұрауы және өзінің де кеңес беріп, көмек көрсетуден ешқашан бас тартпауы керек екені айтылған.
Пысықтау сұрақтары:
1. Дәрігер этикасының түсінігі
2. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін реттеу.
2 Ұсынылатын нормативтік актілер
1.ҚР ның Конституциясы 2007ж
2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//
3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж
2. Негізгі әдебиеттер
1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.
2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.
3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.
2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.
3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.
4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.
5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002
6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.
7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.
8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.
9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.
12-тақырып. Медицина қызметкерлерінің қүқық бұзушылықтары.
1. Медицина қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары.
-
Медицина тәжірибесіндегі жазатайым оқиғалар.
Кез келген басқа қызметкердің қызметіндегі сияқты, дәрігердің тәжірибелік қызметінде де әр түрлі қателіктер мен олқылықтардың кездесуі мүмкін және, өкініштісі, кездесіп түрады, олар көбінесё медициналық білімнің, диагноз қою мен емдеу әдістерінің жетілмегендігіне байланысты орын алады. Кейде мүндай олқылықтар дәрігердің жүмыс процесінде қажетті сақтық жасамаған жағдайында немесе өзінің қыз-метгік міндеттеріне салдыр-салақ қарауы жағдайында болуы мүмкін.
Дәрігердің қателігі көбінесе науқастардың немесе олардың туған-туысқандарының шағым жасауына әкеп соғады. Шағым жасаудың нақты дәлелдері мен себептері мейлінше алуан түрлі, мысалы, олар: емдеудің немесе операцияның сәтсіз бо-лып шығуы; диагноздың қате қойылуы немесе дер кезінде қойылмауы; медицина қызметкерлерінің дөрекілігі және нем-қүрайдылығы жәнет.б. Көптеген жағдайларда ауру процесіне белсене араласатын дәрігерлердің - хирургтер мен акушер-гинекологтардың қызметіне шағым айтылады. Педиа-трлар мен терапевтердің қателіктеріне шағым едәуір сирек айтылады, ал басқа мамандықтағы дәрігерлерге шағым айты-луы өте сирек. Науқастар мен олардың туған-туысқандарының шағымдары бойынша қозғалған істердің көпшілігі алдын ала тергеуден кейін қысқартылып тасталады, өйткені мүндай жағдайлардың басым көпшілігінде дәрігерлердің әрекеттерінен қылмыс қүрамы табыла бермейді.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі алуан түрлі қүқық бүзушылықтар мен кемшіліктерді негізінен алғанда мынадай топтарға бөлуге болады: 1) қасақана істелген қылмыстар; 2) абайламай жасалған әрекеттер; 3) дәрігер-лік қателіктер; 4) медицина тәжірибесіндегі жазатайым оқиға-лар.
Медицина қызметкерлері қасақана қылмыстар жасаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады, сондай-ақ олар-дың мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге елеулі нүк,сан келтірген немесе азаматтардың денсаулығына зиян келтіргён абайламай жасаған әрекеттері үшін де жауапқа тартылуы мүмкін. Басқа жағдайларда дәрігерлерді әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделеді.
Медицина тәжірибесінде емдеудің сәтсіз аяқталуы жазатайым оқиға деп саналады. Ол дәрігер қызмет міндеттеріне мейлін-ше адалдық көрсеткеннің өзінде де жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан болады.
Жазатайым оқиғалардың себептері мыналар болуы мүмкін: медицинаның ғылым ретінде жетілмегендігі; орга-низмнің анатомиялық-физиологиялық жеке ерекшеліктері, ол, мысалы, организмге әдеттегі ем мөлшерінде енгізілетін кейбір дәрілерді жаратпаушылықтан көрінеді; операция жа-сап жатқанда адамның кенеттен өліп кетуі (жүректің немесе тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы, сезімдік естен тану, т.б.). Адам анатомиялық қүрылысы әдеттентыс болған жағдайда немесе дененің мүшелері мен бөліктерінің дамуында туа біткен ауытқулар болған жағдайда пункция жасау салдарынан өліп кетуі мүмкін. Организмнің анатомиялық қүрылысы қалыпты болған жағдайда да кездейсоқ асқынудың бел алып кетуі ықтимал. Мысалы, сіріқауыз қуысына пункция жасаған жағдайда ауыр асқыну болып, адам сіріқа-уыздық естен тану кезінде де өліп кетеді.
Медицина тәжірибесіндегі дәрігерлік қателіктер мен жазатайым оқиғалар қылмыс деп саналмайды және олар үшін дәрігер қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мүндай оқиғалар клиникалық анатомиялық конференцияларда немесе емдеу бақылау комиссияларында талқыланады. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне байланысты шағымдарды тергеген кезде тергеу және сот органдарында бірқатар арнаулы мәселелер пайда болады, ал оларды білікті сот-медицина сараптама комиссиясы ғана шеше ала-ды. Мүндай істерде, әдетте, соңың қорытындысы ең басты және ең негізгі дәлелдеме болып табылады. Орынсыз айып тағылу мүмкін екендігіне байланысты медицина қызметкерлерінің кәсіптік қүқық бүзушылықтары жағдайында қылмыстық істер қозғаудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Мүндай істер бойынша тергеуді тек прокуратура тергеушілері ғана жүргізеді. Қылмыстық іс қозғау жөніндегі қаулы республика, облыс, республикалық бағыныстағы қала прокурорының шешімі бойынша қабылданады.
Негізсіз шағым бойынша қателесіп қылмыстық ісқозғауға жол бермеу үшін көбінесе прокурорлық тексеру жүзеге асырылады. Мүндай тексеруге сот дәрігерлері мен клиника дәрігерлері тартылады, олар қызметті тексереді және шағым жасалған дәрігердің жүмысы туралы ған£ емес, жалпы бөлімшенің, аурухананың немесе емхананың жүмысы тура-лы да түжырымдар жасайды.
Егер тексеру нәтижесінде шағым негізсіз болып шықса, прокурор мүны шағым жасаған адам мен тексерілген медицина мекемесінің басшысына жазбаша түрде хабарлайды. Қылмыстық тәртіппен жазаланбайтын кемшіліктер анықталған жағдайда прокурор оны кінәлыға әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану үшін медицина мекемесінің басшысына ха-барлайды. Ал медицина қызметкерінің әрекеттерінен қылмыс қүрамы аңғарылған жағдайда прокурор қылмыстық іс қозғауға рүқсат береді.
Кәсіптік-лауазымдық қылмысы үшін медицина қызмет-керін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша сот-медицина сараптамасын облыстық сот-медицина сарапшысы төраға ретінде қатысатын комиссия жүргізуге тиіс. Крмис-сияға бір-екі сот-медицина сарапшысы және ғылыми-тәжірибелік жүмыстан мол тәжірибесі бар, қажетті саланың клини-ка мамандары міндетті түрде мүше болады. Прокурорлық тексеруге қатысқан дәрігерлер сараптама комиссиясына мүше бола алмайды.
Сот-медицина сараптамасы тергеушінің қаулысымен тағайындалады, қаулыда істің мән-жайы баяндалып, комиссияның барлық мүшелерінің аты-жөні айтылуға және шешуге қойылған барлық мәселелер тізіп келтірілуге тиіс. Комис-сияға қаулымен бірге барлық түпнүсқа медициналық қүжат-тар: науқастың амбулаториялық картасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, мүгедектік туралы анықтама, науқас тарихы және басқалары қосылып, қылмысты материалдары табыс етіледі.
Науқас адам өліп қалған жағдайда аталған қүжаттарға қоса өлікті сот-медициналық зерттеудің толық қорытындысы (актісі) немесе патологиялық-анатомиялық сою хаттамасы, барлықлабораториялық (патологоанатомиялық, сот-химиялық, бактериологиялық, биологиялық, т.б.) зерттеулердің нәтижелері қажет болады. Сот-медицина сараптама комис-сиясы сонымен бірге емдеубақылау комиссиялары, клиникалық-анатомиялық және клиникалық конференциялар мәжілістерінщ хаттамаларын, жауапқа тартылушы медицина қызметкерше қызмет орнынан берілген мінездемені және олардың алған жауаптарының хаттамаларын зерттеуге тиіс.
Комиссия жүмысының барысында медицина қызметкер-лерімен олардың біліктілігш, жүмыс тәжірибесін, кейде нақты медициналық мәліметтерді білуін анықтау үшін жеке әңгімелер өткізу қажет болады. Жүмыстың бүл сатысы тергеу сипатында өтеді және оны істі жүргізуші тергеушінің тікелей қатысуымен өткізу керек. Сарапшылар ден қоятын мәселелердің анықталуын тергеуші жауап алу хаттамасымен ресімдейді.
Комиссия жұмыс кезінде қажет болуына қарай ведомстволық бұйрықтарды, нүсқауларды, әдістемелік хаттарды, сондай-ақ медицина қызметкерлері жүмысының нақты түрлерін, мысалы, қан қүюды, алдын ала егу ісін, т.б. реттейтін басқа да ресми медициналық қүжаттарды пайдалануға тиіс. Бүл орайда осы қүжаттардың мазмүнын медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттерімен салыстыра отырып, жол берілген бүрмалаушылықтар мен ауытқуларды анықтау мақсат етіп қойылады.
Істің барлық материалдарын зерттегеннен кейін сарапшылар комиссиясы қорытынды жазады, онда тергеушінің сүрақтарына ғылыми негізделген, объективті жауаптар беріледі. Комиссия медицина қызметкерлерінің әрекеттерінде олқы-лықтар мен кемшіліктер болған-болмағанын анықтауға тиіс. Кемшіліктер болған жағдайда ол бүл кемшіліктердің нақты неден болғанын көрсетуі, олардың себебін түсіндіріп, емдеудің нәтижесіне олардыи қандай дәрежеде әсер ете алғанын анықтауы керек, яғни емдеу мен оның нәтижесі арасындағы себепті байланысты анықтайды. Қаскүнемдік, кінә, қылмыс-тық жауаптылық туралы мәселені шешу сарапшылардың қүзыретіне кірмейді. Бүл мәселені сот шешеді. Бір оқиғаға байланысты бірнеше дәрігердің әрекеттері туралы мәселені шешу қажет болған жағдайда олардың әрқайсысы жіберген қателік дәрежесі жеке көрсетіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Медицина қызметкерлерінің қүқық бұзушылықтары.
Ұсынылатын нормативтік актілер
1ҚР ның Конституциясы 2007ж
2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//
3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж
2. Негізгі әдебиеттер
1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.
2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.
3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.
2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.
3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.
4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.
5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002
6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.
7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.
8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.
9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.
13 –тақырып. . Медициналық қызметке байланысты қасақана жасалатын қылмыстар.
1. Медициналық қызметке байланысты қасақана жасалатын қылмыстар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған. Бүл қылмыстарға мыналар жатады: заңсыз түсік түсіру; науқасқа көмек көрсетпеу; дәрігерлікпен заңсыз айналысу; эпидемияларға қарсы күресу мақсатында белгіленген ережелерді бүзу; есірткі заттар мен басқа да күшті әсер ететін және улы заттарды дайын-дау немесе сату; әйелдерді немесе еркектерді медициналық көрсеткіштері болмаса да үрықтандыру қабілетінен айыру (стерилизация), сондай-ақ билігін немесе қызмет жағдайын пайдаланып қиянат жасау және жалған меди-циналық қүжаттар беру (қызметтегі арамзалық).
Заңсыз түсік түсіру. Емдеу мекемесшен тыс жерде дәрігер немесе жоғары медициналық білімі жоқ адам түсірген түсік (аборт) заңсыз деп танылады. Зардап шегушінің өлуі немесе өзге де ауыр зардаптар шегуі, сондай-ақ мүндай түсіктүсірудің талай рет қайталануы кінәны ауырлата түседі. Дәрігер ауруханадан тыс жерде түсік түсіргені үшін ол мүны өте қажет болған жағдайда, мысалы, адамның өмірін сақтау керек болып, ал оны емдеу мекемесіне жеткізуге мүмкіндік жоқ 5олған жағдайда ғана жауапқа тартылмайды. Науқасқа көмек көрсетпоу. Заң бойынша немесе арнаулы ереже бойынши дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді оебепсіз ондай көмек көрсетпеуі де жауапқа тартылуға тиіс. Гек дәрігер ғана емес, сонымен қатар басқа да медицина қызметкерлері: акушер, фельдшер, медициналық бике де сондай адамдар болуы мүмкін. Науқастың өлуі немесе өміріне қатер төнуі және өзге де ауыр зар-даптарға үшырауы ондай адамның кінәсын ауырлата түседі. Жалпы алғанда медицина және фармацувтига қызмет-керлерінің кез келгені азаматтарға жолда, көшеде келе жатқанда, өзге де қоғамдық орындарда, үйінде, т.б. жерлерде шүғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті. Бүл арада кез келген мамандықтағы дәрігер жайында айтылып отыр. Көмек көрсетпеуге дәрігердің өзінің ауру болуы немесе басқа бір ауыр науқасты тастап кете алмауы ғана дәлелді себеп бола алады. Себептің дәлелді болуы туралы мәселе әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайын әбден зерт-тегеннен кейін ғана шешіледі.
Дәрігерлікпен заңсыз айналысу - тиісті медициналық білімі жоқ адамның дәрігерлікпен айналысуды кәсіп етуі. Жалпы заң бойынша белгіленген тәртіппен рүқсат етілмеген адамның емшілік және фармацевтикалық жүмыс-пен айналысуына тыйым салынған. Мүндай адамдарды ар-наулы білімі туралы қүжаттарын тексермей жүмысқа қабыл-даған лауазымды адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады.
Эпидемияларға қарсы күресу мақсатында-белгіленген ережелерді бүзу. Бүл ережелерді бүзушыларға медицина қызметкерлері ғана емес, басқа адамдар да (мысалы, көлік қызметкерлері, әр түрлі мекемелердің, кәсіпорындар мен үйымдардың лауазымды адамдары, т.б.) жатады.
Қызметкерлер мүндай жағдайларда ережелерді бүзу эпи-демиялық аурулардың таралуына апарып соқса немесе олардың таралуының нақты қатері төнсе, қылмысты жауапқа тар-тылады. Ережелердін бүзылуы өте жүқпалы ауруларды жасырудан, алдын ала егуден жалтарудан, карантин режимін бүзудан, т.б. көрінуі мүмкін.
Есірткі заттар мен басқа да күшті әсерететін және улы заттарды дайындау нем е с е с а т у. Қылмыстық кодекстегі бүл баптың медицина қызметкерлеріне тікелей қатысы жоқ. Алайда оның мәтінінде ондай заттарды өндіру, сақтау, беру, есепке алу, тасымалдау және жіберу ережелерін бүзудың да жазаланатыны айтылған. Бүлардын бірінші кезекте фармацевтерге қатысы бар, алайда дәрігерлердің, фельдшерлердщ және медициналық бикелердің у мен есірткілерді заңсыз сүрап алып, оларды пайдакүнемдік, қылмыстық мақсаттарда қолдануы мүмкш.
Әйелдер мен еркектерді үрықтандыру қабілетінен айыруешқандаймедициналықкөрсеткіштерсіз жүрпзілсе, денеге қасақана түсірілген ауыр жарақат деп қаралады. Мүндай жағдайларда дәрігер жауапқа тартылуы мүмкін.
Билігін немесе қызмет жағдайьн пайдаланып қиянат жасау мен жалған медициналық қүжаттар берудің медицина қызметкерлеріне тікелей қатынасы болмаса да, кейбір жағдайда олар осы істер бойынша жауапқа тартылуы ықтимал. Дәрігер өзінің қызмет жағдайын қызмет мүдделеріне қайшы келетін түрғыда пайдаланып, одан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге немесе азаматтардың денсаулығына елеулі зиян келтірілгені анықталса, оның билікті немесе қызмет жағдайын пайдаланып қиянат жасау деп танылуы мумкн. Бүлайша қиянат жасау белсенді әрекет етуден ғана емес, сонымен қатар кінәлы адамның өзіне қызмет бойынша жүктелген мшдеттерді қасақана орындамай, әрекетсіздік танытуынан да көрінуі мүмкш.
Адамдарға рүқсат етілмеген эксперименттер жасау да қылмыстың осы түрінежатқызылады. Әрине, медицина тәжірибесінде дәрігерлер Денсаулық сақтау министрлігі рүқсат еткен диагностика, алдын алу және емдеу әдістерін қолдануға тиіс. Науқас адамды емдеу мүдделері үшін оның өз келісімімен, ал он алты жасқа толмаған науқастар немесе психика-лық ауруға шалдыққандар жөнінде олардың ата-аналарының, қамқоршылары мен қорғаншыларының рұқсаты бойынша диагностиканың, алдын алу мен емдеудің жаңа және ғылы-ми непзделген, бірақ жалпыға бірдей қолдануға әлі рүқсат етілмеген әдістер мен дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Сондай-ақ қазірдің өзінде тәжірибеге енгізілген күрделі емдеу әдістерін жүргізу және операциялар жасау науқастар-дың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмшн. Тек ерекше жағдайларда ғана, операцияжасауды кешіктіру науқастың өміріне қатер төндіретін, ал ата-анасының немесе қамқоршыларының, сондай-ақ науқастың өзінің (мысалы, ол ес-түсін білмей жатқанда) келісімін алу мүмкін емес болғанда ғана заңда ондай келісім алмай-ақ шүғыл операция жасауға рүқсат етіледі.
Лауазымды адамның пайдакүнемдік мақсатпен немесе өзге де қара басының қамы үшін ресми қүжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, оны қолдан жасауы мен өшіріп тастауы немесе мерзімін өзгертуі, сондай-ақ көрінеу жалған қүжаттар жасап беруі қызметтегі арамзалыққа жатқызыла-ды. Дәрігерлер жөнінде бүл орайда амбулаториялық науқастардың есеп кітабы, жарақатты науқастың карточкасы, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ, науқас тарихы, операция журналы, мүгедектік туралы қүжаттар, аурулық туралы куәлік (әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілер үшін) жәче басқалары сияқты медициналық қүжаттар айтылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |