«Сот медициналық сараптама негіздері»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет8/8
Дата26.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#159680
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Медициналық қызметке байланысты қасақана жасалатын қылмыстар.


Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.



14 –тақырып. Медицина қызметкерлерінің абайламай жасаған әрекеттері.

1. Медицина қызметкерлерінің абайламай жасаған әрекеттері.
Адамның нақты жағдайда өз мінез-қүлқының қоғамға қауіпті салдары болатынын біле түрып, оның алдын алуға мән бермеуі немесе оны білуге тиіс болса да, мүлде бейхабар болуы, сөйтіп әрекет етуі немесе әрекет етпеуі абайламай жасалған қылмыс деп түсініледі. Кінәлы адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан қоғамға қауіп төнетінін біліп, бірақ оны болғызбауға жеңіл-желпі, мән бермей қараған өркөкіректік көрсетуі себепті немесе оның мүндай зардаптарға үшырататынын білуге тиіс болса да, оны аңғармаған салдыр-салақтығы себебі абайламай қылмыс жасауы мүмкін.

Дәрігерлердің абайламай немесе салдыр-салақтықпен істелген әрекеттері көбінесе қызметтегі қылмыс – немқұрайлық деп бағаланады. Медицина қызметкерін абайламаға-нынан, немқүрайдылығынан немесе салдыр-салақтығынан қылмыс жасады деп тану үшін оның әрекеттері (немесе әре-кетсіздігі) мен емдеудің ақыры жаман болуы арасындағы себепті байланыс дәлелденуге тиіс. Емдеудің ақыры жаман болуы көбінесе түрлі себептерге: медициналық көмекті кешігіп сүрауға, аурудың ауыр, қауіпті болуы мен тез бел алуына, т.б. байланысты болуы мүмкін. Нақ сондықтан да дәрігердің абайламай әрекет етуіне қатысты істердің көпшілігі алдын ала тергеу сатысында қысқартылады. Өйткені тергеуде дәрігердің әрекеттері мен емдеу нәтижелерінің нашар болуы арасын-дағы тікелей себепті байланыс анықталмайды.



Дәрігерлердің оларды немқүрайдылығы ушін жауапқа тартуға негіз болуы мумкін абайламай жасаған әрекеттері мейлінші алуан түрлі болады. Науқастын жеткіліксіз тексерілуі жиі кездеседі. Оның өмір мен ауру анамнезінің нашар жиналып, нашар жазылуынан, қарапайым диагностикалық әрекеттердің (тамыр соғысын зерттеу, қан қысымын өлшеу, т.т.) және негізгі лабораториялық зерітеулердің (қанға, несепке талдау жасау, рентгенге тусіру, т.т.) орындалмауынан көрінуі мүмкін.

Науқасты маман дәрігер қарағанда оның кәсіптік қызметінде дағдылы жөне міндетті болып табылатын тәсілдер мен өдістерді, соның ішінде аспаптармен зерттеуді де қолданбай тексеруі жеткіліксіз болады. Бастапқыда жіберілген бұл олқулықтар негізгі аурудың, оның асқынуының немесе оған қосылған елеулі аурудың диагноз қойылмауына немесе дүрыс қойылмауына, ақырыида, дурыс диагноздың кешіктіріліп қойылуына әкеп соғуы мүмкін. Диагноздың қойылмауы немесе дүрыс қойылмауы ауруханаға жатқызып емдеуден бас тартуға немесе оны кешіктіріп жасауға, тасымалдау ережелерінің бүзылуына, кеш емдеуге немесе дүрыс емдемеуге се-беп болуы ықтимал.

Емдеудегі кемшіліктер де көп кездеседі. Бүған белгілі бір араласудың -көбінесе операциялардың, дәрі-дәрмектердің дүрыс немесе дер кезінде тағайындалмауын, емдеу мөлшерінің арттырылуын, бір препараттың басқасымен орынсыз ауыстырылуын, сыйыспайтын дәрілердін тағайындалуын, оларды енгізудің теріс әдістерін, өзге топтағы немесе жарам-сыз қан қүйылуын және басқаларын жатқызуға болады.

Ауыр науқастардың халін үнемі, түрақты бақылап отырудың болмауы да емдеудегі кемшілікке жатқызылады, ал соның салдарынан мүндай аурулардын жағдайы кенет нашарлап кеткен кезде олардың өмірін сақтап қалу жөнінде дер кезінде шаралар қолданылмайды.

Хирургиялық операциялар жасау тәртібіне тоқтала кеткен жөн. Хирургтерге дағдылы өзіне-өзі сенген өрекеттер операцияға жүрдім-бардым, үстіртін дайындалу, оны техникалық жағынан дүрыс өткізбеу болуы мүмкін. Дәрігердіц өзі әлі білмейтін техникалық тәсілдермен операцияны өз бетінше жасау өрекеттері де менменсу деп саналады. Ішкі қуыстарда, операция жасалған жараларда бөгде заттардың қалдырылуы да соған жатқызылады.

Медициналық қүжаттардың салақ жүргізілуінен де нем қүрайлық байқалуы мүмкін. Бүл арада ең алдымен науқас тарихы айтылып отыр, ал ол ауруханада жатқан науқастың негізгі қүжаты болып табылады. Оньщ емдеу, ғылыми-тәжірибелік және заң жағынан маңызы бар. Егер науқастың немесе оның туыстарының дәрігерлермен келіспеушілігі болса немесе науқас қылмыстың қүрбаны болса, сондай-ақ оның өзі қылмыскер болып шықса, науқас тарихы айғақ көзіне айналары ақиқат. Диагноздың қысқартылып жазылуы, дене жақтарының дүрыс көрсетілмеуі (оң жақтың орнына сол жақ және керісінше көрсетілуі), басқа емдеу мекемесіне ауыстырылатын немесе өлген науқастардың ауруы туралы қорытынды пікірдін (эпикриз) қысқаша жазылуы, т.б. салақтық көрінісі болады.

Медициналық қызметтегі әр түрлі кемшіліктер білімсіздіктің, яғни дәрігердің медициналық сауатсыздығының салдарынан болуы мүмкін. Білімсіздік салдарынан жасалған әрекеттердің зардаптарын қателік және оның үстіне жазатайым оқиға деп бағалауға болмайды. Бірқатар жағдайларда кінәлылар науқасқа келтірілген зиянды зардаптарына қарай, немқүрайдылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмысты жауапқа да тартылуы мүмкін.

Дөрігерлік қателіктер. Дәрігердің арам ойсыз байқамай адасуы дәрігерлік к,ателік деп түсініледі. Ал оған медицина-лық білімінің жеткіліксіздігі, диагностика мен емдеудің жетілдірілмегендігі немесе оның объективті түрде қиын жағдайларда жүмыс істеуі себеп болуы мүмкін. Бүл жағдайда дәрігер науқастың денсаулығына шарасыздықтан зиян келтіреді. Демек, дәрігер қасақана немесе абайламай (салақтықпен, менменсіп) әрекет жасамағанда ғана оны қателескен деу-ге болады.

Дәрігерлік қателіктер ішінен диагаоз қою мен емдеудегі қателіктерді атап көрсетуге болады. Диагноз қоюдагы қателіктер медициналық білімнің жетілмегендігі, дәрігерде диагноз қоюға қажетті қүралдардың болмауы, объективті жағдайлардың қиындығы, тексеру үшін уақыттың жеткі-ліксіздігі, аурудың симптомсыз немесе ауытқып өтуі, науқастың естүссіз ауыр жағдайда жатуы немесе оның мүлде мас болуы, пациенттің тексерілуден бас тартуы немесе оның дәрігерге кеш көрінуі, дәрігер даярлығының жеткіліксіздігі және тәжірибесінің болмауы салдарынан орын алуы мүмкін.

Емдеудегі қателіктер диагноз қоюдағы қателіктерден сирегірек кездеседі және кейде басқа дәрігердің диагнозды дүрыс қоймауынан, лабораториялық зерттеулердің нәтижелерін асыра бағалаудан немесе жете бағаламаудан болады. Қатерлі зардаптарға үшырататын қателіктердің ең көбі акушер-гинекологтар мен хирургтардың тәжірибесінде, әсіресе, күрделі және жедел операциялар жасаған жағдайларда кез-деседі. Ірі қан тамырларын, несеп жолын, нервілерді байқамай кесіп жіберу, қан тамырларын байлайтын жіптердщ (лигатуралар) кеаліп немесе сырғып кетуі және басқа да техни-калық қателіктер ең тәжірибелі деген клиника дәрігврлерінің тәжірибесінде де кездеседі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Емдеудегі кемшіліктер.

2. Емдеудегі қателіктер.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.


15-тақырып. Улану және оның түрлері.

  1. Улану және оның түрлері

Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.



Хлордың органикалық  қосындыларын  ауыл шаруашылығында инсектофунгицид түрінде қолданады. Олар кеңінен тараған және жалпы улылық әсері бар. Аэрозол, дүст, эмульсия және ерітінді түрінде қолданады.

Көбінесе хлориндан, гептахлор, хлортен, полихлоркамфен, гексахлорбензолдың  тәжірибелік маңызы зор.



Қасиеті:

  1. Органикалық қосындыларда, әсіресе майда жақсы ериді, суда жаман ериді;

  2. Кумулятивті қасиеті бар. Ортада ұзақ уақыт сақталынады;

  3. Ыстыққа төзімді;

  4. Адам ағзасына тыныс ағзалары арқылы, асқорту жолдары арқылы  және зақымдалмаған тері арқылы  түседі.

Ағзадан бүйрек, асқазан ішек жолдары  және сүт безі арқылы шығарылады.

Патогенезі:

Әсері – жалпытоксикалық және полиорганды. Паренхиматозды ағзаларда қышқылды және фосфорлы процестерге әсер етеді. Тыныс ферменті цитохромоксидазаның блокадасын шақырады. Кейбіреулері (хлориндан, гептахлор) белоктармен тиоферменттердің SH-топтарын тежейді. Аллергиялық әсері бар.



Клиникасы әртүрлі. Ол байланысты:

  1. Түсу жолдарына;

  2. Пестицидтердің әсерінің сипатына;

  3. Концентрациясына;

  4. Байланыстың ұзақтығына;

  5. Ағзаның реактивтілігіне.

Жедел улану кезінде:

  1. Жалпы улану белгілері;

  2. Токсикалық гепатит, нефрит, бронх демікпесінің клиникасы;

Қосымша зерттеу әдістерін қолданған кезде: ЭТЖ  жоғарлауы, лейкопения, салыстырмалы  лейкоцитоз, протеинурия.

Созылмалы улану кезінде: ауру ақырындап басталады. Клиникасында келесі синдромдарды ажыратамыз: астеновегетативті, полиневротикалық, жүрек – тамыр, бүйректік.

Емі:  жедел интоксикация кезінде:

  1. Зақымдалған ошақтан шығару;

  2. 2 % натрии гидрокарбонаты немесе натрии хлоридінің изотоникалық ертіндісімен жуу арқылы, теріні және шырышты қабатты тазартамыз.

  3. Симптомды ем.

Созылмалы интоксикация кезінде:

  1. Симптомды ем;

  2. Диспансерлік бақылау;

  3. Санаторлық- курорттық ем.

Сынаптың органикалық қосындылармен улану:

         Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.

Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.

Қасиеті:


  1. Ағзаларда жиналуы

  2. Жасырын кезеңінің ұзақ болуы

Патогенезі:

  1. Жалпы улылық әсері

  2. Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.

  3. Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.

  4. Липотропты әсері

  5. Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.

Клиникасы:

Жедел улану кезінде:



  1. Астениялық – вегетациялық синдром.

  2. Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.

  3. Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.

  4. Токсикалық  миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.

Созылмалы улану кезінде: 

Клиникалық синдромдар: астениялық – вегетациялық, полиневроти-калық, диэнцефалиялық, кардиялық, бауырлық. Улану белгілері ақырындап дамиды. Алғашында астениялық-вегетативті синдром болады, ал ОНЖ жағынан: бас ауыру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітркендіргіштік, әлсіздік.

Обьективті: тұрақты қызыл дермографизм, гипергидроз, сіңір рефлекстерінің  жоғарлауы, саусақтарының дірілдеуі. Ауыр жағдайларда- диэнцефалдық гипоталамиялық аймақтың зақымдануы болады. Вегетативтік вицериялық криз (шөлдеу, полиурия, ұйқының бұзылуы, терморегуляцияның бұзылуы).

Уланудың ауыр түрлерінде: жүйке жүйесінде органикалық ошақты және диффузды өзгерістер болады. Жүрек тамыр жүйесі жағынан: аритмиялар, блокадалар, гипотония. Дерматит.

Көру ағзасы:  жарықты сезудің, көрудің төмендеуі.

Емі:


  1. Тері жабындыларын жуу

  2. Асқазанды шаю

  3. Антидотты ем: 5%-5.0 унитиолды бұлшықетке енгіземіз

1-ші күні – 3-4 рет күніне

2-ші күні – 2-3 рет күніне

3-ші күні – 1-2 рет күніне

20%-20.0 натрии тиосулфатын көк тамырға; 10%-10.0 кальции хлорын көк тамырға

Ацидоз кезінде – Натрии гидрокарбонаы. Гемодиализ.

Негізгі диагностикалық принциптермен дәрігерлік емдеу экспертизасы.

Диагностикасы негізделді:

-         клиникалық симптомдармен синдромдар

-         лабораторлық   токсикалогиялық мәліметтер (биологиялық субстраттарда удың немесе метоболиттердің анықталуы)

-         бір мезгілде коллективтің улануы



ДЕС жұмысы:

Жоғалған еңбек қабілетінің деңгейін анықтау.



  1. Негізгі аурудың диагнозын анықтау және дәлелдеу (улану)

  2. Кәсіптік этиологиясын бекіту

  3. Уланудың ағымының сипатын анықтау (жедел, жеделдеу, созылмалы), оның айқындық деңгейі және клиникалық болжамы.

  4. Кәсіптік еңбек ету қабілетінің төмендеу деңгейін анықтау

  5. Реабилитация шараларын анықтау (медициналық және еңбек).

Жедел улану кезінде патологиялық процестердің қайтымдығы тән. Стационарлық емнен кейін, жедел улану кезіндегі терапевтік емнің нәтижесін бекіту үшін, науқастың кез келген улы заттармен қарым қатынасын болдырмау керек. 2 ай мезгіліндей уақытша жұмыстан босару парағы беріледі.

Пестицидтермен ауыр уланған жағдайларда клиникалық болжамы қолайсыз болса, ал басқа жұмысқа ауысқан жағдайларда квалификациясының төмендеуімен жүрсе, МӘСК бағытталынады, онда қайта квалификациялау мерзіміндегі жоғалтқан еңбек ету қабілетін анықтайды. Уланудың ауыр түрінде асқынулар болса және ағымының декомпенсация кезеңінде  науқастар еңбекке жарамсыз деп шешіледі.

Созылмалы уланудың белгілері анықталған жағдайларда, уақытша улы химиялық зататрмен байланысы жоқ  жұмысқа ауыстырылады. Уланудың ауыр дәрежесінде науқастар МӘСК бағыталынады.

Е. А. Лужников бойынша этильдік спиртпен уыттанудың (интоксикацияның) жеңіл дәрежесінде оның қандағы концентрациясы – 1-1,5%, орта дәрежеде – 1,5-3%, ауыр дәрежеде – 3-5%, алкогольдік комада - 5% және одан да жоғары болады. Бір реттік қабылдаудағы (ішудегі) этанолдың өлім тудырар мөлшері дене массасының кг-на / 4-12 г құрайды (толеранттық болғанда орташа 96% спирттің 300 мл-і), балаларда – 3,0 г/кг. Нейротоксикалық әсер тереңдегі этанолмен және оның метаболиті ацетальдегид концентрациясымен анықталады. Этиль спирті торшалық мембранаға әсер етіп, фосфолипидтердің майлы қышқыл тізбегін үзеді және орталық нерв жүйесінің тежеу функциясын бұзып, психомоторлық қозу, қозғалыс үйлесімділігінің және өзін бақылаудың бұзылуын шақырады. Одан соң ОНЖ мен өмірлік маңызды орталықтардың күшін сарқылтады.

Жедел алкогольдік уланудың токсикогендік сатысындағы негізгі симптомдар мынадай:

- психоневрологиялық ауытқулар – токсикалық кома;

- тыныс алу бұзылыстары;

- жүректік-қан тамырлық бұзылыстар

– қан қысымының төмендеуі және терінің бозаруы;

- қанығу үдерістерінің бұзылуы

– ферменттік жүйе белсенділігінің өзгеруі, қандағы май қышқылдарының және глицериннің, ал тканьдерде - сүттік және пирожүзімдік қышқылдардың жиналуы.

Алкогольдік уланудың қауіптілігі ацетальдегидтің бауырдың уытсыздандыру функциясын төмендететіндігінде. Сондай-ақ сулық-электролиттік бұзылыстардың пайда болуы мүмкін. Бұл гиповолемиямен, гематокриттің артуымен, қанның микроайналымының және реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен байқалады.

Уланудың соматогендік сатысында тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымданулары (бронхит, пневмония); алкогольдік амавроз (көрудің уақытша баяулауы мен оны жоғалту); уыттық психоз; бауыр функциясының бұзылуы; құрысу және абстиненттік синдром; миореналдық синдром байқалады.

     


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Улану және оның түрлері


Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.



3. Курстық жұмыс қарастырмаған
4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

1. Қазақстанда сот-медицина сараптамасының даму жолдары

2. Сот - медицина сараптамасының іс жүргізу негіздері

3. Сот - медицина қызметінің ұйымдастырылуы және құрылымы

4. Травматологияның жалпы сұрақтары

5. Танатология анықтамасы

6. Өлімнің түрлері

7. Оқиға болған жерді қарау әдісі мен кезеңдері

8. Әр түрлі жағдайлардағы өлім болған жерді карау ерекшеліктері

9. Орта дәрежелі және жеңіл дене жарақаттары

10. Сот - медицина сараптамасы кезінде қатысатын адамдар

11.Сот - медицина куәландыруының құжаттары

12. Тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот-медицина сараптамасын жүргізу

13. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін реттеу

14. Медицина қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары

15. Улану және оның түрлері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет