Созақ ауданының 2011-2013 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті



бет3/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#2692
1   2   3   4   5

Салықтық түсімдерден:

Жеке табыс салығы бойынша жоспар 899470,0 мың теңге болса,нақты орындалғаны 916562,5 мың теңге болып 101,9 пайызға немесе 17092,5 мың теңгеге, яғни өндірістік мекемелер бойынша жыл соңында қосымша сыйақылар төлеуінен жэне бюджеттік мекемелердің 30 райызға жалақы өсуінен, Катко БК шетел азаматтарынын жұмыска орналасуынан артығымен орындалды.

Әлеуметтік салық жоспар бойынша 765189,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 772868,3 мың теңге, яғни жоспар 101 пайызға немесе 7679,3 мың теңгеге өндірістік мекемелер бойынша жыл соңында қосымша сыйақылар төлеуінен және Катко, Инкай БК ЖШС бойынша айлык жалакыларынын артканынан артығымен орындалды.

Меншікке салынатын салықтар жоспар бойынша 960802,0 мың теңге болса, орындалғаны 1089658,3 мың теңге, жоспар 113,4 пайызға немесе 128856,3 мың теңгеге артығымен орындалған.Оның ішінде:

-Мүлікке салынатын салық жоспар бойынша 906260,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 1030436,1 мың теңге болып 113,7 пайызға немесе 124176,0 мың теңгеге өндіруші кәсіпорындардың мүліктерін тіркеуге алуынан АО Кеңдала -71340,0 мың теңге, ЖШС Катко- 40690,2 мың теңге және қосымша мүліктердің тіркелуінен артығымен орындалды.

-Жер салығы жоспар бойынша барлығы 12023,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 12525,7 мың теңге, яғни жоспар 104,2 пайызға орындалып отыр. Жоспардың 502,8 мың теңгеге артығымен орындалуы өнеркәсіп, көлік, байланыс ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлерге салынатын жер салығынан,елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан,жеке кәсіпкерлерден,жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығының артық түсуінен болып отыр.

-Көлік құралдарына салынатын салық 41644,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 45544,0 мың теңгеге 109,4 пайызға, негізінен заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық есебінен 153,0 мың теңгеге, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан 3747,0 мың теңгеге колiктердiн жанадан тiркелуiнен артығымен орындалды.

-Бірыңғай жер салығы жоспары 875,0 мың теңге болса,нақты орындалғаны 1152,4 мың теңге болып,жоспар 131,7 пайызға яғни 277,4 мың теңгеге шаруа қожалықтарының артық төлеу есебінен артығымен орындалды.

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар жоспары 21464,0 мың теңге болса, 24203,3 мың теңгеге 112,8 пайызға орындалды немесе 2739,3 мың теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде:

- Акцизден алынатын алым жоспары 2356,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 2444,5 мың теңге болып 103,8 пайызға, яғни 88,4 мың теңгеге артығымен орындалды.



- Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер жоспары 10960 мың теңге болса, нақты орындалғаны 12360,5 мың теңге, яғни жоспар 112,8 пайызға,немесе 1400,5 мың теңгеге негізінен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерден ГРК ЖШС кәсіпорнынан 1199,7 мың теңге артығымен орындалды.

- Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар жоспар бойынша 6479 мың теңге болса, нақты орындалғаны 7555,7 мың теңге,яғни жоспар 116,6 пайызға,немесе 1076,8 мың теңгеге артығымен орындалды.Себебі жеке кәсіпкерлерден мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымнан мемлекеттік тіркеуге өтініштердің көбеюінен 114,6 мың теңге, лицензиялық алымнан оны алушы жеке тұлғалардың көбеюіне байланысты 752 мың теңге, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымның 30,1 мың теңгеге, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алымнан , жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілені мемлекеттік тіркегені үшін алымнан 132,2 мың теңгеге жоспардан артық кіріс болған.

Баж салығының жоспары 2006 мың теңге болса, нақты орындалғаны 2441,4 мың теңге,яғни жоспар 121,7 пайызға негізінен сотқа берілетін талап арыздардың баж салығынан 232,2 мың теңге, азаматтық хал актілерін тіркегені,азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркегені туралы қайта куәліктер бергені үшін,сондай-ақ туу,неке,некені бұзу,өліу туралы актілердің жазбаларын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін алынатын мемлекеттік баж салығының 121,4 мың теңге, қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, ҚР аумағына әкелуге және ҚР әкетуге рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж салығының 25,7 мың теңгеге өтiнiштердiн кобеюiнен артық орындалды.

Салықтық емес түсімдер жоспары 2091 мың теңге болса, нақты орындалғаны 8038,4 мың теңге, яғни жоспар 384,4 пайызға, немесе 5943,7 мың теңгеге артығымен,оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұл, санкциялардан 5789,5 мың теңгеге артығымен орындалды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 26088,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 26764,1 мың теңге,яғни жоспар 102,6 пайызға, немесе 676,1 мың теңгеге немесе негізінен жерді және материалдық емес активтерді сату есебінен 676,1 мың теңгеге артығымен орындалды.

Өндірілмеген салықтарды өндіру шаралары туралы

2011 жылдың 1 қаңтарына барлық бюджеттік мекемелердің бюджет алдындағы қарыз көлемі 32 мың теңге болып отыр. Бұл көрсеткіш 2010 жылдың 1 қаңтарына 37 мың теңге болып,жыл басымен салыстырғанда 86 пайызға төмендеген. Кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет алдындағы қарыздарын азайту және жою мақсатында мына төмендегі шаралар жүргізілді.

2009 жыл басынан салық түрлері бойынша Салық Кодексінің 30,31,49 баптарына , МЖЗҚ бойынша 354 салық төлеушіге 524 хабарлама таратылып , 11 салық төлеушіге хаттама төленді.3 салық төлеушінің банктегі есеп шоиына жарлық қойылып,14 салық төлеушіге банктегі есеп шотын жабу бойынша 2287,0 мың теңге өндірілді. 3 агенттік касса тоқтатылып 140,0 мың теңге өндірілді .

Шыгыстар бойынша

Білім саласын қаржыландыру саласы бойынша

Созақ аудандық білім саласында жұмыс жасайтын білім ұйымдарының саны 46. оның ішінде 35 жалпы орта, негізгі және бастауыш мектептер, 1 мектеп лицей интернат, 1 қосымша білім ұйымы, 6 балабақшалар мен шағын орталықтар бар. Жалпы орта білім беретін білім 35 ұйымдардың 29 орта, 3 негізгі, 3 бастауыш мектептер.

Аудандық білім бөлімінің әкімшілік етуші бағдарламаларын қаржыландыруға 2009 жылдың 25 желтоқсанындағы №152 маслихат шешімімен 2 842 118,0 мың теңге бекітілген болатын. Бюджеттің атқарылуы барысында осы қаржыларға 712 811,6 мың теңгенің қаржысы қосылып, аудан көлемінде білім саласы 3 554 929,6 мың теңгемен аяқтады.

Аудандағы жалпы орта, бастауыш және негізгі білім беретін білім ұйымдарына – 2 307 700,4 мың теңге, аудандық лицей – интернатқа – 144 423,0 мың теңге бөлініп, мақсатты орындарға жаратылды.



Аудандық білім бөліміне қарасты жалпы орта, негізгі және бастауыш білім беру ұйымдарына қаралған қаржы

Бюджеттік классификация коды

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Айырмасы

Игерілгені

464-003-000

2 232 392,0

2 307 703,0

75 311,0

2 307 703,0

Аудан мектептерін ұстауға қаралған қаржының жаратылуы барысы:

2010 жылы аудандық білім мекемелеріне қаралған жалақы қоры:

Бюджеттік классификация

Коды

Жыл басындағы жалақы қоры

Нақтыланған жалақы қоры

Айырмасы

Игерілгені

464-003-000

1 524 856,0

1 538 950,0

14 094,0

1 538 950,0

- Жалақы қорының өсу себептері:

- Шағын кешенді орталықтардың ашылуы;

- Жалақы қорының 25 пайызға өсуі:

- Аудан әкімдігінің 2010 жылдың 7 сәуір «Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының штаттық бірліктерін белгілеу туралы» №139 мен 2010 жылдың 10 қарашадағы «Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының штаттық бірліктерін белгілеу туралы №139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №493 қаулыларына сәйкес штат бірліктерінің артуы;

Аудан мектептеріндегі штаттық көрсеткіштер аудан әкімдігінің 2010 жылдың 7 сәуір «Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының штаттық бірліктерін белгілеу туралы» №139 мен 2010 жылдың 10 қарашадағы «Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының штаттық бірліктерін белгілеу туралы №139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №493 қаулыларының негізінде штат сандары артты. Соның есебінен жалақы қоры артқан.

Т.Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернатты қосып есептегенде аудан мектептеріндегі мұғалімдер 2009 жылы 1478 болған. 2010 жылы 1476 болып, педагогтар саны 2 ге азайған. Сонымен қатар, тәрбиешілер былтырғы жылмен салыстырғанда, артқанын байқаймыз. Арту себебі, 2010 жылы ашылған 5 шығын орталықтарға берілген тәрбиешілер негізінде 19,5 штаттық бірлік пен 5 жасарлардың сынып жинақтаушысының азайуына байланысты.

Аудандық бюджет есебінен 2 мектеп ғимараты мен 1 саз мектебі және 1 балабақшаға (39 434.0 теңгеге Кемелұлы мен Созақ мектеп интернаты және А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

2010 жылы аудандағы мектеп жасындағы мектеппен қамтылған бала саны – 11140, сынып жинақтаушысы – 619, ал орташа бала сыйымдылығы – 17,9.

Жалпы білім беру саласының 36 мектебінде 2010 жылы 1476 педагог-кадрлар жұмыс жүргізген. Олардың 1331-і жоғары білімді болса, 147-і арнаулы білімді. 284-і жоғары санатты болса, 426-ы бірінші санатты, 505-і екінші санатты болса, 263 мұғалім лайықты.



2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілген білім беру ұйымдары

Мектеп атаулары

43102,0

39434,0




1

Созақ мектеп интернат

15 000

14 069

Жылу жүйесін жөндеу

2

Кемелұлы атындағы жалпы орта мектеп

15 102

13 585

есік, терезе, еден ауыстыру, қабырғалар қырып, потолок және шатыр ауыстыру т.б

3

Жұбанов Созақ саз балалар мектеп

13 000

11 780

Саз мектебінің шатырын темір материалмен жабу

Аудан мектептерінде оқулықтармен қамтамасыз етулуі – 94%. 2010 жылға қаралған қаржы – 23 377,0 мың теңге. Оның ішінде «Өзін - өзі тану» оқулығы үшін республикалық бюджеттен 6550,0 мың теңге берілді. Қалған 16 827,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Қаралған 23 377,0 мың теңге жыл соңына дейін толығымен игеріледі.

Аудандық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары 2010 жылға 411 ерекшелік – негізгі құрал – жабдықтарды сатып алу ерекшелігі бойынша тауарларды сатып алу 29 372,2 мың теңге республикалық және жергілікті бюджеттен қаралып, мақсатты қажеттіліктерге жұмсалған. Оның ішінде аудан мектептері үшін 26 711,2 мың теңге, Жұбанов атындағы Созақ саз балалар мектебі үшін – 125,0 мың теңге, «Ертөстік» балабақшасы үшін – 424,0 мың теңге. Аудан мектептеріне республикалық бюджеттен – 13 733,0 мың теңге жаратылған.

Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі бойынша «Балапан» бағдарламасының негізінде аудан мектептері жанынан 2010 жылдың 1 мамырынан бастап Мұратбаев жалпы орта мектебі жанынан 25 балаға арналған шағын орталық және 1 қыркүйектен бастап 40 орындықты Шолаққорған, 40 орындықты Кеңесбаев, 25 орындықты Уәлиханов, Абай мектептері жанынан шағын орталықтар ашылды.

Аудан мектептері жанынан ашылатын шағын орталықтарға аудан әкімдігінің 2010 жылдың 10 қараша «Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтардың штаттық бірліктерінің шекті санын белгілеу туралы» № 492 қаулысына сәйкес,

Шолаққорған жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталыққа – 10 штаттық бірліктерін;

Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталыққа – 10 штаттық бірліктерін;

Мұратбаев жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталыққа – 6,5 штаттық бірліктерін;

Уәлиханов жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталыққа – 6,5 штаттық бірліктерін;

Абай жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталыққа – 6,5 штаттық бірліктерін белгіледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша

Аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілік етуші бағдарламаларын қаржыландыруға 2010 жылдың 25 желтоқсандағы № 152 Маслихат шешімімен 179681 мың теңге бекітілген болатын, бюджеттің атқарылуы барысында осы қаржыларға 50484 мың теңгенің қаржысы қосылды. Көрсетілген қаржының 42031 мың теңгесі республикалық бюджеттен ағымдағы трансферттер есебінен қосылып отыр.



«Еңбекпен қамту бағдарламасы» бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 19696,0 мың теңге қаралып, 600 жұмыссыз азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, оларға еңбекақы төленіп толығымен игерілді.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 6543,0 мың теңге бөлінген, бұл қаржының 3756,6 мың теңгесіне №24 кәсіптік лицей мектебімен жасалған келісім шарт негізінде жұмыссыз азаматтарға «Аппаратшы-гидрометаллург»-10, «Құрылыс шебері»-30, «Бұрғылау машинисі»-15, және «Аулие –Ата Croup» мекемесімен жасалған келісім – шарт негізінде 2786,4 мың теңгесіне «Шаштараз»-10, «Аспазшы»-15, «электргазбен дәнекерлеуші»-15 адам барлығы 95 адам мамандандырылған.

2010 жылы «Жол картасы» іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына 30 нысаналы топ мүшелеріне 3600,0 мың теңге бөлінді. Уәкілетті орган арқылы 11 мекеме –кәсіпорнымен келісім-шарт жасалынып, 31 адам жіберілді. Жіберілген жұмыссыз азаматтарға ай сайын 20,0 мың теңге көлемінде еңбек ақы төленді. Келісім –шарт мерзімі аяқталғанннан кейін, тұрақты жұмысқа орналасты.

2010 жылы Жастар практикасына 154 адамға -12000,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адамға 3600,0 мың теңге барлығы 15600,0 мың теңге толығымен жаратылды.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында бөлінген қаржы 853,7 мың теңге қаралып, 29 жұмыссыз азаматтарды аудан көлеміндегі жұмысқа орналастырып қаржы толық игерілді. Одан басқа 333,3 мың теңге жәрмеңке өткізуге , стенділер жасауға, 360,0 мың теңге жұмыс іздеу клубы маманына төленіп барлығы 1547,0 мың тен\ңге жаратылды.

«Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасымен қаралған 18960,0 мың теңгенің барлығы 2720 маманға, оның ішінде; 15167,0 мың теңгесі білім беру саласының 2176 мамандарына, осының ішінде 136 мектеп жасына дейінгі мамандарға, 2990,0 мың теңгесі денсаулық сақтау саласының 429 мамандарына, 432,0 мың теңгесі мәдениет саласының 62 мамандарына, 371,0 мың теңгесі әлеуметтік қамтамасыз ету саласының 53 мамандарына берілген.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек » бағдараламасымен аудандағы тұрмысы төмен 66 отбасындағы 318 адамға 6559,0 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді.

Осының ішінде: жергілікті бюджеттен 54 отбасы 270 адамға 5434,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 12 отбасы 48 адамға 1125,0 мың теңге төленді.



«Тұрғын үй көмегі» кіші бағдараламасы бойынша 5703,0 мың теңге жағдайы төмен 268 отбасына 1488 адамға тапсырған құжаттары негізінде толық төленді.

«Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек » кіші бағдарламасымен 18712,5 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген, атап айтқанда;

Аудан әкімдігінің 29 желтоқсан №434 Қаулысымен

Жеңістің 65 жылдығына 38 ҰОС қатысушыларына 1140,0 мың теңге,

Соғыстан ері қайтпаған 1 пәк аналарға 10,0 мың теңге



  • 29 Ауған соғысына қатысушыларға 290,0 мың теңге

  • 8 тылда еңбек еткендерге 80,0 мың теңге

  • 52 ҰОС қатысушыларының жесірлеріне 520,0 мың теңге

  • Халықаралық әйелдер күніне нақты ақшалай және сый-сияпат жасау үшін 445 адамға 2225,0 мың теңге,

  • Қарттар мен мүгедектер күніне орай ақшалай және сый-сияпат жасау үшін 795 адамға 3225,0 мың теңгенің көмегі берілді.

  • 38 ҰОС ардагерлерін баспасөзге жаздыру үшін 138,0 мың теңге жаратылған.

  • Және ауданымызға келген 1 дәрігер маманға 200,0 мың теңгеден 200,0 мың теңге төленіп игерілді.

  • Соғыс ардагерлерінің коммуналдық қызметіне 38 адамға 1119,0 мың теңге

  • 80 жастан асқан жалғыз басты қарттарға 24 адамға 407,0 мың теңге

  • Ұлы Отан Соғысы мүгедектеріне теңестірілгендерге 12 адамға 120,0 мың теңге

  • Мүгедектерге қоларба әперу үшін 10 адамға 350,0 мың теңге

  • Тұрмысы төмен отбасыларға несие беру 1200,0 мың

  • Тұрмысы төмен 379 отбасыға өтініштеріне сәйкес қайтарымсыз көмек беру барысында 3795,0 мың теңге төленген.

  • Тыл еңбеккерлеріне 961 адамға 1922,0 мың теңге

451007000-159 бағдарламасы бойыншаЗейнеткерлерге, ардақты аналарға шипажайда демалу үшін 47 адамға 1860,0 мың теңге Тыл еңбеккерлеріне медальдар дайындату үшін 111,5 мың теңге «Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасымен 662,0 мың теңге 56 мүгедек балаларға ай- сайын септелініп, төленді.

451014000-149 бағдарламасы бойынша 21098,0 мың теңге қаралып толығымен жаратылды.



«18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» 1185 балаға, оның ішінде 13500,0 мың теңге республикалық бюджет есебінен, 38976,0 мың теңге жергілікті есебінен төленіп барлығы 52476,0 мың теңге толығымен игерілді. Оның ішінде: жергілікті бюджеттен 974 отбасына 3008 балаға 38976,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 211 отбасына 1185 балаға 13500,0 мың теңге төленді.

«Мүгедектерді оңалту бағдарламасы» бойынша гигеналық заттар алуға 1629,9 мың теңге, мүгедектерге таратылып берілді және 16 жеке көмекшінің қызметіне 5666,0 мың теңге, 4 ымдау тілі маманының қызметіне 684,0 мың теңге, әлеуметтік такси қызметіне 160,0 мың теңге, барлығы 8139,9 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.



Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай Республикалық бюджет есебінен

- 38 ҰОС ардагерлеріне 65 мың теңгеден 2470,0 мың теңге

- 1 пәк анаға 25,0 мың теңге

- 22 соғыс ардагерлерінің жесіріне 25,0 мың теңгеден 550,0 мың теңге

-860 тыл еңбеккерлеріне 10,0 мың теңгеден 8600,0 мың теңге барлығы 921 адамға 11645,0 мың теңге, банк қызметі үшін 97,0 мың теңге барлығы 11742,0 мың теңге толығымен игерілді.

Республикалық бюджет есебінен ҰОС ардагерлерін жолда тегін жүрумен қамтамасыз ету үшін 1 адамға 64,0 мың теңге төленді.

Облыстық бюджет есебінен

- 38 ҰОС ардагерлеріне 50 мың теңгеден 1900,0 мың теңге

- 1 пәк анаға 10,0 мың теңге

- 32 соғыс ардагерлерінің жесіріне 10,0 мың теңгеден 320,0 мың теңге

- 970 тыл еңбеккерлеріне 5,0 мың теңгеден 4850,0 мың теңге барлығы

- 20 соғыс ардагерлерінің жесіріне 10,0 мың теңгеден 200,0 мың теңге

- 137 Тыл еңбеккерлеріне 10,0 мың теңгеден 1370,0 мың теңге берілді

- 30 соғыс ардагерлерінің жесіріне 25,0 мың теңгеден 750,0 мың теңге барлығы 1228 адамға 9400,0 мың теңге,банк қызметі үшін 40,0 мың теңге барлығы 9440,0 мың теңге толығымен игерілді. 451011000-149 бағдарламасы бойынша «Банк қызметтеріне ақы төлеу» үшін 212,0 мың теңге толығымен игерілді.

Мәдениет,спорт және ақпараттық кеңістік саласын қаржыландыру бойынша

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,спорт пен ішкі саясат бөлімдерінің әкімшілік етуші бағдарламаларын қаржыландыруға 205167,0,0 мын тенге каралып ,100 пайызга игрiлген . Аудан көлемінде 21 кітапхан бар,олардың ішінде 19 ауылдық кітапхана. Жыл басындағы штатпен салыстырғанда биылғы 2010 жылы Басбұлақ ауылдық кітапханасы ашылды.

Мыңжылқы мәденит үйінде 2009 жылы 29 болған қазіргі таңда Аудан әкімінің 15.01.2010ж 1-2-ө өкімі бойынша, 3 штаттық бірлік қосылып барлығы 32 штатпен жұмыс жасады.

Материалдық- техникалық базаларын нығайтуға бөлінген қаржылардың жаратылу есебі


қ/с

Классификация коды

Бағдарлама атауы

Алынған заттар

саны

Сомасы (мың теңге)

1

465-005-000-411

Спорт мектебіне

Спорттық киімдер, муз аппаратура алынды

Жиынтығымен

1930

2

455-006-000-411

Аудандық кітапхана

Ноутбук

Компьютер



1

3


440

3

123-006-000-411

Ауылдық клуб

Жартытөбе ауылдық клубқа видео камера

2

84

4

123-006-000-431

Ауылдық клуб

Қаратау ауылдық клубқа күрделі жөндеу

1

46163

Қаратау ауылдық клубының спорт залына күрделі жөндеуге 46163,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржыны толығымен игерді. Атқарған жұмыстарды атап айтар болсақ;

18 863,0 мың теңгесіне ғимараттың шатыры алынып темір шатыр салынды және есік,терезелер едендер ауыстырылып,ақтау сырлау жұмыстары жасалды.

2 кезеңінде 27300,0 мың теңгеге жылу қазандығы орнатылған ғимарат ,көмірхана , клуб ғимаратының ішіне жылу жүйесін орнатап темір есіктер қойылды.

Ауданық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2010 жылға қаралған қаржы 652 241 мың теңге , нақты жаратылғаны 640 699,6 мың теңге яғни 98,2 пайызға орындалды.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі бюджеттік бағдарламасы 458012000 бойынша 61 075,0 мың теңге қаралып толығымен яғни 100 пайызға орындалды.

458004015 Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 11000, мың теңге қаржы қаралып толығымен мұқтаж адамдарға 4 тұрғын алуға жаратылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет