ИДЕМОТОРЛЫҚ ТРЕНИНТІҢ СӨЗДІК ФОРМУЛАЛАРЫ
Сөздік формулалар спотшыға зейінінің тұрақтылығы мен шоғырлануын сақтауға көмектеседі. Спорт шеберіне кандидаты үшін жасалған, Немогаев В.В. бапкерімен келісілген садақтан атудың идеалды үлгісінің сөздік формулаларының мысалы.
Аяғымды бос ұстап, тіземді артқа қарай жіберем, аяғымның ұшына сүйеніп, табанымда орнықты тұрмын.
Денем бос, арқам тік, алға қарай аздап еңкейіңкі.
Садақты босаңсыған қолыммен ұстап тұрмын.
Сол қолым иығымның сызығына шығады, құлыптап бекітемін.
Оң шынтағымды сәл жоғарырақ көтеремін.
Көздеу бағытын қарауылға аламын.
Садақты тірелгенше басамын, оң қолымды бос ұстаймын, шынтағымды артқа қарай тартамын.
Иегімді жанап өтіп, артқа қарай қозғалысты жалғастырамын.
Бірден шертпектен өтемін.
Саусағымды босата бастаймын.
Нысананы бақылаймын.
Шығару.
Тонусты сақтаймын.
Өзімді тыңдаймын.
8 айдан соң спортшы жаттығу бырсында алғашқы 14 формуланы 7-ге дейін қысқартты:
Тік тұру
Сол қолымды тіреу
Арқам күшейе түседі
Сол қолым алға
Тоқтаусыз тарту күші
Шығару
Өзімді тыңдаймын
Тағы 3 айдан соң жиындарда психолог түзетулер еңгізгеннен кейін, 6 формула қалды:
Сенімді тік тұру
Сол қолым құлыппен алға
Арқаны тоқтаусыз тарту
Оң қолым сол қолымның жазықтығында иекке қарай бір қалыпты ұмтылады
Ширақ шығару
Өзімді тыңдаймын
Және жиынның соңына қарай үшінші формула неғұрлым дәлірек формулаға келтірілді: «Арқаны тоқтаусыз тарту» сөзінің орнына «арқамен тоқтаусыз тарту» сөздері қолданылды. «Арқамен» деген сөз тарту үшін қажетті бұлшық еттерін бірден қосуға мүмкіншілік береді. Осы 6 формулаларды қолдана отырып, спортшы 4 айдан соң спорт шеберінің нормативтерін орындап, ал тағы 2 айдан соң өзінің мінсіз атуының формуласын тек қана 3 сөзге дейін жеткізді:
1.Сол қол
2. Жауырын
3. Арқа
Психолог мынадай өзгерісті ұсынған кезде: 1. Сол қолымен, 2. Жауырынмен, 3. Арқамен, ол бұл нұсқа «қолайлы» емес деп келіспеді /1/.
Басқа мысал: спорт шебері О.О. алғашында 8 формуладан құралған жиынтықты қолданатын. Кейін бір жылдың ішінде жұмыс атқарылып, бұл 4-ке дейін қысқартылды:
1.Жазықтық
2.Иек
3.Қатып қалу
4. Орнында!
Осы формулалармен ол жарыстарға кетті де жарыс кезінде үш бөлшектен құралған тізбекке ауысты:
1. Қатып қалу
2. Иек
3.Орнында!
В.А. Алексеев, егер ойша бейнелер әсерін жоғалтып қажет физикалық ерекшеліктерді туындатпайтын болса, қайтадан алғашқы формулаларға ауысу керек екендігін атап көрсетеді.
А.В. Алексеевтің жүйесі бойынша, идемоториканы бірден қолдана бастаған бірнеше бапкерлердің біреуі Е.А. Грызунова:
«Білесізбе, бұрын жаттығу сабағының бағдарламасын бір күнде әрең дегенде үлгеретімбіз, ал қазір үш, төрт сағатта үлгеріп шығатын болдық...». Оның шәкірттері М.Л. және А.Д. синхронды жүзу бойынша халықаралық турнирде міндетті бағдарламада 32 және 38 орын алды, ал дуэтте 9-шы болды. Идемоториканы қосып, бес айдан соң Еуропа біріншілігінде міндетті бағдарламада олар 3 және 4 орынға ие болды, ал дуэтте Еуропа чемпиондары атағына ие болды. Айқын нәтиже!
Сонымен, В.А. Алексеев жаттығу сабақтарында идеомоториканың қандай кезеңдерін ұсынады?
БІРІНШІ КЕЗЕҢ.
Нәтижесінде ағзаның орындаушы бөлігі (тірек-қозғалыс аппараты және жүрек-тамыр жүйесі) жетілдіріліп немесе үйреніп жатқан қимыл-қозғалыстың немесе әрекеттің физикалық атқарылуына жеңіл түрде қосылатын ширатып шынықтыру өткізіледі. Бұл қозғалыстың немесе әрекеттің ойша бейнесі ең болмаса жалпы түрде анықталуы қажет, спортшы өзінің денесін неге дайындап жатқанын және шынықтыруды қалай өткізуді түсінуі үшін қажет.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
Бапкер қолындағы барлық әдістерді қолдана отырып, спортшының санасына үйретілетін немесе жетілдірілетін қимыл-қозғалыстың неғұрлым дәл ойша бейнесін еңгізуі керек. Содан кейін спортшыға сұрақ қойылады – нені және қалай орындау керек екендігі түсінікті ме? Содан кейін ғана, егер спортшы « иә» деген жауап беретін болса, әрі қарай жылжуға болады. Егер спортшы сенімсіз жауап берсе, онда оған қатысты амалдар қолданылып, ол не жасау керек екендігін шын мәнісінде дұрыс түсіндіру қажет.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
Иә деген жағымды жауап алғаннан кейін бапкер спортшыдан көзін жұмып, ойша қажет қимыл-қозғалысты мінсіз нұсқасында елестетуін сұрайды. Кейде өзін және бапкерін таңдандырып бірден елестете алмайды. Спортшы оны орындауды үйренбегенге дейін әрі қарай жылжуғы болмайды.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
Шәкірт қажет қимыл-қозғалыстың мінсіз нұсқасын ойша елестете алғаннан кейін, секундомер алып – қимыл-қозғалыстың ойша елестетуін уақыт бойынша нақты жағдайда орындалатын қимыл-қозғалысқа сәйкестігін тексеру керек. Әдетте, алғашқы шақта қимыл-қозғалыстың ойша елестетуі нақты жағдайдағы қимыл-қозғалысқа қарағанда тезірек өтеді. Бірақ қимыл-қозғалыстың ойша бейнесі уақыт бойынша нақты орындалуымен теңестіруге ұмтылу қажет. Қимыл-қозғалыстың күрделілігіне байланысты сәл айырмашылық болуы мүмкін. Синхронды жүзуде немесе трамплиннен секіруде, мысалы, қосу-алу 2 секунд болады. Ал, мысалы, спринтерлік жүгіруде ойша уақыт нақты орындалу уақытымен дәлме-дәл болуы тиісті. Қимыл-қозғалыстың ойша бейнесі мен оның нақты орындалуының арасында қажет үйлесімділік орнатылған кезде ғана әрі қарай жылжуға болады.
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ
Спортшы, нақты уақытты ескере отырып, қажет қимыл-қозғалысты бірнеше рет қатар дәл қайтала алатындығын көрсеткеннен кейін, оны осы ойша бейнені бұлшық етке ауыстыруды сұраймыз. Алғашында мұны өте баяу, ақырындап жасау керек, осы қимыл-қозғалысты орындауға қажет бұлшық еттерді біртіндеп қосып отырамыз. Сәйкес келетін бұлшық еттерде әлсіз, ең бастапқы қозғалыстардың пайда болуы ми мен бұлшық еттер арасында қажет байланыстардың орнатылғаны туралы айтады.
«Ойларды бұлшық еттерге ауыстыру» барысы баяу шапшандықта сәтті өте бастағаннан кейін, оны жылдамдатуға болады. Осылайша, жылдамдылықты бара-бара арттыру арқылы ойша бейненің уақыт бойынша қажет қимыл-қозғалыспен сәйкес келуіне қол жеткізуге болады. Егер бұл жағдайда спортшы процедураны орындаудың дәлдігін жоғалтса, өткен кезеңдегі баяу жылдамдылыққа оралып, қайтадан аз-аздап жылдамдылықты арттыруға болады. Бесінші кезеңді меңгергеннен кейін ойша бейненің орындаушы бұлшық еттерімен бірлесуін білдіретін жағымды сезімі пайда болады, бұлшық еттердің ойға бағыну, «тілалғыштық» сезімі пайда болады. Алдымен, бесінші кезеңдегі әрекет тым ұзақ және қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, егер бәрі дұрыс орындалса, спортшыда осындай жаттығуларға нағыз қызығушылық пайда болады, бұл өте маңызды, өйткені өзінің спорттық техникасын саналы түрде жетілдіруге үйретеді. Әр сабаққа бұл жерде 3-6 минут қажет.
АЛТЫНШЫ КЕЗЕҢ
Бірінің артынан бірі жүріп отыратын жеке-жеке қимыл-қозғалыстар тізбегінде «тірек элемент» деп атауға болатын, барлық комбинацияның сәтті орындалуын қамтамасыз ететін бір негізгісін бөлек алу керек. Суға секіруде бұл «снарядтан серпіну» немесе «айналдыруды бастау», синхронды жүзуде – денені белгілі бір айналуда тік ұстау, әдетте, түрлі қимыл-қозғалыстардың комбинацияларында бір-екі тірек элементі болуы керек. Ондай элементтердің екіден көп болуы өте сирек кездеседі, мысалы, трамплиннен шаңғымен секіруде, немесе садақтан атуда болады.
ЖЕТІНШІ КЕЗЕҢ
Тірек элементке нақты атау беру керек. Дұрыс қолданылған сөздер, тірек элементін орындауда (немесе оны орындаудың дәл алдында) бір сәтте ұғынуға және сол арқылы барлық әрекетті өте дәл орындауға көмектеседі. Сөздерді іріктеу кезінде, спортшылардың сөйлеу ерекшеліктеріне негізделу керек. Мысалы, пистолетпен атқышқа тірек элементтерінің біреуін «аяқ табандарын жерге жатқызып жаю» деп атау ыңғайлы болды. Бірақ, бапкерге мұндай сөз тіркесі ұнамады, ол өзінің «өте тұрақты және мықты тұрмын» деген сөз тіркесін спортшыға берген кезде ол қажетті физикалық сезімді туындатпады, сондықтан ол атуды шынымен де жақсартатын спортшының өз нұсқасын қалдырды /3/.
Сонымен, спортта мамандырылған қабылдау қимыл-қозғалыстың дұрыс траекториясын, кеңістікте барабар бағдарлануын қамтамасыз етеді. Реттеуші бейне синтездік сипатта болады (объектіні толық көлемде, қарсыласты, оның орналасуын, т.с.с. сыртқы бейнелеу), өзінің орындаушы аппаратының қалпын ішкі бейнелеу (бұлшық ет жүйесі және т.б.). осының барлығы қосылып тұтас бейне «допты сезіну» болады. Қазіргі Ресейлік спорт психологы А.В. Алексеевтың тәжірибесіне сүйенсек мамандандырылған қабылдауды қалыптастырудың ең тиімді әдісі идеомоторлық тренинг болады.
Достарыңызбен бөлісу: |