Психологиялық күйді жарыс кезінде бағдарлау
Қазіргі заман спортында өзін жылдам қалыпқа келтіру және релаксация дағдыларының дамығандығы талап етіледі, әсіресе, қысқа үзілістер кезінде. Теннисші Мария Шарапова өзінің сәтсіз әрекетінен кейін және келесі әрекетінің алдында бәсекелесінен кері бұрылады (көзден таса ету), трибуналарға қарай алшақтайды да, содан кейін ғана ойынды жалғастыруға психологиялық әзірлікпен бәсекелесіне қарай бұрылады. Француз теннисшісі Мари Пирс доп берудің алдына терең тыныс алып, күшін жинау үшін бір сәтке көзін жұмады да, тына қалады.
Қытай гимнасттары екі тіректі секірулері арасындағы үзілісте қайта қалыпқа келіп үлгереді, осылайша жылдам уақытта қалыпқа келіп үлгеру дайындығы жоқ адам үшін мүмкін емес. Тіректі секіруді орындағаннан кейін жылдам қалпына келіп (әрине, командасының көмегісіз емес, олар үзіліс кезінде оны жалма-жан қоршап алады), екінші секіруді орындауға бір сәтте дайын болып белсене шығады.
Жарыстарда өзінің психологиялық күйін саналы түрде бағдарлау дегеніміз спортшыға ерікті түрде зейінін шоғырландыруға және аударуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар өз бұлшық еттерінің күйіне әсер етуге және өзінің эмоционалдық күйін бағыттауға мүмкіндік беретін бейнелерді және сөзбен өзіне әмір беру формулаларын қолдана білу болып табылады.
Жарыстарда, бір жағынан, ерікті «жинақталып», мейлінше күш көрсету қажет, екінші жағынан, ерікті түрде денені босатып және жылдам қалыпқа келе білу қажет. Өз күйінің регенерациясы мәселесі флегматик және меланхолик спортшылар үшін ерекше маңызды.
Спортшының өзіне өзі немесе оның бапкері беретін ойынға беттелуі немесе ұстанымы қажет психологиялық күйге жетудің тиімді әдісі болып табылады. Мысалы, ойынның алдында өзіне «бірінші ұпайды ұту», «бірінші партияны ұту», «әр доп үшін күресу» деген ұстанымдар беруге болады. Партияның немесе кездесудің соңында, ұтып жатқанына қарамастан, «еселей түсу» ұстанымын беру.
Қандай жағдайларда мұндай бағдарлау ерекше қажет?
Спортшы сәтсіздіктен қашқақтау мотивациясын ұстанатын әр кезде зейін аумағының қалаусыз тарылатыны анықталған екен. Екі моивациялық күй ажыратылады: У-күйі – сәттілікке сенімді болу күйі және Б-күйі – сәтсіздіктен қорқыныш күйі. Әр күй үш танымдық және үш эмоционалдық кұрамдаспен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |