Спорт психологиясы


СПОРТ ПСИХОЛОГЫ – БАПКЕР - ИДЕОМОТОРЛЫҚ ЖАТТЫҒУ



бет15/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

СПОРТ ПСИХОЛОГЫ – БАПКЕР - ИДЕОМОТОРЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Суға секіру бойынша олимпиадалық базада, «құрғақ трамплинде» (суға емес, поролон толтырылған шұңқырға секіретін жер) елдегі бес үздікке кіретін спорт шебері жаттығып жатты. Оның бапкері, егде жастағы адам, салмақты, тіпті философиялық мұңды түрімен әр секірістен кейін өте байсалды дауыспен бір ғана сөйлемді айтады: «Надя, қолыңды таста...». Жаттығуды сырттай байқап тұрған А.В. Алексеев бапкердің бұл сөйлемін 22 рет қайталағанын санапты. Содан кейін бапкер тағы да өте байсалды түрімен «Надя, қетші бар» деген екен. Осымен жаттығу аяқталыпты және қапаланған спортшы бір сөз айтпай кетіп қалды. Психолог бапкерден Надя неліктен оның бұйрықтарын орындамағандығы туралы сұрапты. Оны өзінен сұраңыз, - деп жауап берді бапкер. Психологқа спортшымен жұмыс жүргізуге рұқсат берілді.


Жұмысын психолог спортшыдан «қолыңды таста» деген сөйлем нені білдіреді деп сұрауынан бастады. Сөйтсе, трамплиннен серпіген кезде қолдың буынын неғұрылым жоғары көтеріп (тастап), содан кейін ғана «айналдыруды», яғни сол айналу қозғалысынан басталатын сальто, бастау керек екен.

- Сенің қателігің неде болды?


- Мен қолымды иығыма дейін ғана, басымнан жоғары көтермей, «айналдыруды» жасай бастадым.
- Неге сіз не істеу керек екендігін біле тура, істемедіңіз?
- Білмеймін...қалай істеу керек екендігін білемін, бірақ неге істей алмайтыным белгісіз /3/.
Мұндай жауап түрлі спорттарда қимыл-қозғалысты дәл орындай алмаған кезде жиі кездеседі.
Содан соң психолог жіп пен жүктің көмегімен ол спортшының миы мен бұлшық еттері арасында байланыстары қанағаттанарлық, жақсы «үшке» сәйкес келетінін анықтады. Психолог идеомоторлық бейнелердің мәнісін және олардың көру бейнелерден айырмашылығын түсіндіре отырып, - қолын төмен түсіріп, көзін жұмып, идеомоторлы түрде қолды дұрыс «тастауды» елестетуді, содан кейін тапсырма орындалғаннан соң көзін ашуды сұрады.
Секундомерге қарап отырып психолог 3 секундты талап ететін тапсырма 10 секундта да орындалмағанына таң қалды. Сөйтсе, спортшы осы қозғалысты ойша елестете алмаған. Спортшы қолын иығынан жоғары көтере алмау себебі – бұл бірнеше рет дұрыс жасалмаған қозғалыстар есінде күшті із қалдырған болып шықты. Сонда психолог пен спортшы дұрыс орындалатын қол тастауды қайталау арқылы бұлшық еттен миға қарай «жол» сала бастады. 10 рет өте баяу жылдамдылықта Надя «жоғары» деген сөзді әр рет қайталап отырып, өте дәл, дұрыс қолын көтерді. Бұл тапсырманы орындау арасында 1 минуттық үзіліс жасай отырып, қатарынан 3 рет орындап, Надя тағы да көзін жұмып қажетті қимыл-қозғалысты үлгілі түрде елестетуге тырысты. Енді оның қолдары неғұрлым жоғары көтеріле бастады. Ол бұған өте қуанды. Осылайша 40 минут жұмыс жүргізіп, олар спортшының қолды дұрыс «тастауын» ойша бірнеше рет елестетті. Ертеңінде жаттығу барысында оның қолдары өзінен өздері дұрыс қимыл-қозғалыс жасай бастады!
-Ал сіз бапкер болып жұмыс істей алады екенсіз,- деп қорытты таңданған Надяның бапкері /3/.
А.В. Алексеев спорт кез-келген түрлерінде идеомоторлық жаттығуды табысты қолданды. Мысалы, ол «қосалқа сальхов» деп аталатын секіруді орындауда мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шеберіне көмектесе алды. Міндетті бағдарламаның бұл элементін бірнеше күнде-ақ қайта жаңғыртты. Ал әдеттегі тәсілдер арқылы бұл спортшының әйгілі бапкері бір айдың ішінде де жасай алмаған екен.
Төрт бапкер бір жас спорт шеберіне атудың дұрыс техникасын қайта жаңғырта алмаған, оған да идеомоторлық жаттығу көмектескен. Ресейлік жетекші синхроншылардың біреуіне идеомоторлық тренинг дұрыс жатталмаған қозғалысты орындауынан арылуына көмектесті. Бұл ретте А.В. Алексеевтың өзі мәнерлеп сырғанаумен, садақпен атумен немесе синхрондық жүзумен айналыспағандығын айта кеткен жөн болар. Неге спорттың түрлеріндегі мықты мамандар, тәжірибелі бапкерлер бұл мәселені шеше алмады? Мүмкін, олар «байқау және қателер» әдісі бойнша жұмыс жүргізгенінен шығар. Бұл жағдайда спортшының есте сақтауы дұрыс орындалмаған қимыл-қозғалыстарының іздерімен «ластанып» қалатындықтан шығар.
А.В. Алексеев былай деп жазған екен: «Бапкерлерге жақсы кеңес беремін – егер шәкіртіңіз бір қимыл-қозғалысты жасай алмаса, ашуланбаңыз, «оның миына үңіліп», спорттық техниканың үйреніп жатқан элементінің ойша дәл бейнесі бар немесе жоқ екендігіне қараңыз». Әдетте, ол жоқ болып шығады, ал оның орнына «байқау мен қателер» әдісін қолдану нәтижесінде пайда болған, керек қимыл-қозғалысты сапалы орындауға мүмкіндікк бермейтін дұрыс емес ойша бейне табылады. Сондықтан да – ешқашан шәкіртіңіз қажет қимыл-қозғалыстың неғұрлым дәл бейнесін ойша елестете алмайынша, оны жасап көруге жібермеңіз. Және де мұны ол бейненің дәлдігін жоғалпай тұрғанда қатарынан бернеше рет жасауы қажет /3. 21б./
Идемоторлық тренингті қолдану жаттығу уақтын, жүктемесін екі есе қасқартуға мүмкіндік береді, шеберлікті қажет деңгейде бекіту үшін, мысалы, суға 100-120 секірістің орнына 40-60 секіріс жасау жеткілікті болады. Бұл, әсіресе, шаршататын жаттығуларға қызығушылығын төмендететін балалар үшін маңызды.
Қимыл-қозғалыстардың дәлдігін қамтамасыз ететін екінші ықпал – меңгерілетін спорттық техниканың элементін іс жүзінде жүзеге асыру үшін қажет болатын орындаушы аппараттың дайындық дәрежесі. Қимыл-қозғалыстың ойша бейнесін бұлшық еттер мен буындарға ауыстырудан бұрын, денені нақты жағдайда қажет етілетін қалыпқа келтіру керек. Мысалы, бөгетті жеңудің техникасын меңгеру барсында жерде «бөгеттің үстіндегідей» қалыпты отыра алғаннан кейін ғана үлгілі техниканың ойша бейнелерін қимыл-қозғалыс аппаратына ауыстыру қажет.
Қимыл-қозғалыстардың дәлдігін қамтамасыз ететін үшінші ықпал – ағзаның бағдарламалайтын бөлігі – бас миы және орындаушы бөлігі – дене арасындағы байланыстың сапасымен анықталады. Бұл байланыс міндетті түрде идеомоторлық болуы тиіс, өйткені көру ойша елестердің («сыртынан» көрінетін қимыл-қозғалыстардың бейнелері) жаттықтырушы әсері өте әлсіз болады. Пайда болатын микроқозғалыстар сырғанаушылар мен синхроншылардың бойынан ерекше байқалады. Конькилердің жүзі мұз аясымен шамалы ілінісуіне байланысты сырғанаушыларды таңдандырып, мұзда «жетелей» бастайды.

Болашта болатын қимыл-қозғалысты имитациялау, яғни тұспалдап орындау, спортшыға қозғалыс аппаратынан орталыққа, бас миына қарай жүріп отырып, өзіне спорттық техникада қажет элементті сезінуге көмектеседі. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Имитация максималды пайда әкелуі үшін, қимыл-қозғалысты орындаудан бұрын, оны ойша көріп, ең жақсысы атау керек. Егер имитацияны немқұрайлы атқарып немесе ол кезде басқа бір ойларға, мысалы, қарсыластарды немесе нәтижелерді ойлауға, берілетін болса, имитацияланған әрекеттер қажет пайдасын тигізбейді.
Бірқатар авторлардың, олардың ішінде ленинград мектебінің профессоры А.Ц. Пуни зерттеулерінде қажет қозғалысты дәл орындауға сөздерді қолдану көмектесетіні көрсетілді. Бұл сөздердің грамматикасы және әдеби тілі жағынан кемел болмаса да, олар үлгілі қимыл-қозғалыстардың ең алғашында әлсіз болатын ойша бейнелерді мейлінше берік етуге бағытталып құралады. Әр спортшы оған қажет әрекеттердің элементтерін өзіне ғана тән сөйлеу үлгісіне сәйкес белгілейді. Мінсіз қимыл-қозғалыстардың сөздік формуласы бапкермен келесілген болады.
Сөздік формулардың нақты сипаттамалары ойды жақсылап түзетілген рельстерге қояды. Бұл рельстермен анықталған мақсатқа қарай – мінсіз қимыл-қозғалысқа қарай жүру жарыстардың төтенше жағдайларында көп жағдайда басқарылмайтын аласапыран ойлау толқындарында тырбаңдаудан жеңілдеу болады /3/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет