Спорт психологиясы


Спорттағы мамандырылған қабылдау



бет14/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

3.2. Спорттағы мамандырылған қабылдау

Іс-әрекет субъектісі құрылымында қабылдау кеңістік категориясына сәйкес келеді. Шынымен де объектінің қабылдануы ең бірінші оның кеңістіктегі орнын анықтау болып табылады, объект субъектімен бір сенсорлық перцептивті аясында болғанда оны бейнелеу.



Спортта қабылдаудың ерекшелігі «мамандырылған қабылдау» түсінігі арқылы анықталады. Ол нені білдіреді?
Біріншіден, спортшының зейіні ең алғашқы қымыл-қозғалыстың техникалық тұрғыдан дұрыс орындалуына, бұлшық ет сезіміне бағытталған болады. Осыған байланысты сыртқы заттарды (мысалы, қырлы бөренелерді) қабылдау екінші кезекте болады. Әсіресе, бұл гимнасттарда айқын байқалады.
Екіншіден, спорттың ойын түрлерінде шеберліктің дамуымен қатар қабылдаудың көлемі артады. Бұл жағдайды З.П. Ананьев және М. Рыбинцева ұсынған үстел теннисінде қимыл-қозғалыс іс-әрекетінің ырықты реттелуін зерттеуге арналған сұрақнама сұрақтарының мысалында дәлелдейік /2/.
1) Ойын кезінде доптан басқа нені көресің (неге қарайсың)?
-еш нәрсе көрмеймін -10 ұпай
- тек қарсыластың ракеткасын көремін -20 ұпай
- қарсыластың орналсқан жерін – 30 ұпай
- қарсыластың басын, иығын көремін – 40 ұпай
- қарсыластың орналасуын, ракеткасын, иығын көремін – 50 ұпай
2) Өзіңе ұшып келе жатқан допты қай сәтте көресің?
- қарсыластың ракеткасынан ұшқан сәтте -30 ұпай
- торға келгенде - 20 ұпай
- үстелдің мен жағындағы бөлігінде - 10ұпай
3) Допты қайта лақтырғанда қарсыластың орналасуын ескересің бе?
- ешқашан қарамаймын - 10ұпай
- кейде қараймын
- әрқашан қараймын – 30 ұпай
Бұл жерде ұпай арқылы шеберліктің дамуымен қатар жүретін қабылдау барысында зейін көлемі бағаланады.
Үшіншіден, әр спортқа тән спортшының өзіндік ерекшеліктері болады. Мамандырылған қабылдау сұрағы әдетте спортшыларды техникалық дайындау мәселесі шеңберінде қойылады. Техникалық дайындаудың негізгі формасы болып жаттығу, үнемі болатын дене шынықтыру сабақтары және спорттық-техникалық жетістіктері саналады. Спорттық жаттықтыру міндеттеріне талаптардың артуына ағзаны бейімдеу, күштің, төзімділіктің, ептіліктің дамуы, анық үйлестірілген қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, техниканы меңгеру енеді. Физиологиялық тұрғыдан бұл кезде ми жарты шарының қыртыстарында қозу мен тежелу ұрдістері арасында қажет байланыстар орнатылып, жүйке үрдістерінің динамикалық стереотипі қалыптасады.
Спорттық тәжірибеде мамандырылған қабылдау жүзушілерде «суды сезіну», боксышыларда «дистанцияны сезіну», жүгіргіштерде «уақытты сезіну», теннисшілерде «допты сезіну» түсініктері арқылы анықталады.
Мысалы, «суды сезіну» деген не? Бұл суда қозғалғанда, оның қарсыласуын жіктелген кинестетикалық қабылдау. Оған судың қысымы және сумен жанасу сезімі қосылады.
«Уақытты сезіну» қимыл-қозғалыстардың бірізділігі және дер кезінде орындалуы. Жүру, жүгіру, шанғымен жүру, жүзу, ескек және тағы басқа спорттың айналымдық түрлерінде «ырғақты және шапшандықты сезіну» қажет. Бұл атқарылатын қимыл-қозғалыстардың бұлшық еттің шапшандығын сезіну және олардың бірізділік ауысуының жылдамдылығын сезіну, сонымен қатар бұлшық етте болатын күш салынуын айыра білу және айналадағы заттардың бірізділікпен ауысып отыратын бейнелерін қабылдау (жылдамдылықты қабылдау).
«Допты сезіну» - бұл доптың салмағын, қаттылығын, серпімділігін, тебу күшін, ұшыуының жылдамдылығын, биіктігін, айналу барысында ілінісуін қабылдау, сезіну болады. Жалпы айтқанда, спортта мамандырылған қабылдау – көптеген түйсіктердің синтезі, жас спортшыға дәл осындай синтез жетіспейді, оның епсіз қимылдары қабылдау объектісінің жекеленген белгілері негізінде реттеледі. Сондықтан мамандырылған қабылдау қимыл-қозғалыс дағдыларын, қимыл-қозғалыстарды орындау әдістерін меңгеруде дұрыс дағдылану үшін қажет. Қимыл-қозғалысты білім негізінде қалыптасатын икемділік ретінде және жетілдіру дәрежесін, дәлдігін, қатесіздігін ескере отырып, дағды ретінде талдауға болады. Егер икемділік ретінде қарастыратын болса, онда спортшы қимыл-қозғалысты орындайды, бірақ сапасы төмен болады, мысалы, ол шаңғымен жүретін болса, ол баяу жүретін болады. Ал дағды қимыл-қозғалыстың жылдамдылығы бойынша бағаланады. Егер дағды қалыптасса, онда қимыл-қозғалыс тез, тиімді, тұтас орындалады.
Дағды – бұл жаттығу негізінде белгілі бір кемеліне жеткізілген тұтас қимыл-қозғалыс, тез, дәл және тиімді, жоғары сапада және сандық нәтижеде орындалады.
Қимыл–қозғалыстық дағдылардың қалыптасуының келесі кезеңдері бар:
- көру қабылдауы негізінде; бұл кезеңде қимыл-қозғалыста көп қателер байқалады,
- көру - бұлшық ет түйсіктері негізінде; бұл кезеңде қимыл-қозғалыс дәлірек орындалады,
- бұлшық еттегі түйсіктер негізінде, бұл қимыл-қозғалыстарды тез, дәл, тиімді және тұрақты орындауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл кезеңде дағды шарттары өзгерген кезде, өзгеріп отыруға бейімделген икемді болады.
Жаттығу – қимыл-қозғалысты жетілдіру мақсатымен қайталап орындау.
Қимыл-қозғалысты бағдарлайтын бейне қандай болса, қимыл-қозғалыстың өзі де сондай болатынын атап көрсету маңызды. Қимыл-қозғалыс санада болатын қимыл-қозғалыстың ойша бейнесі, оның «идеясы» ретінде басталады. Осындай ойша бейне (сурет) кейін ағзаның орындаушы бөлігіне (бұлшық ет, буындар, т.с.с.) ауысады. Бұл жерде қимыл-қозғалыс орындалады.
Ұлы орыс физиологы И.М. Сеченов өзінің «Рефлексы головного мозга» атты кітабында адам белгілі бір қимыл-қозғалыс туралы ойлаған кезде ырықсыз оны орындайтыны туралы айтады. Тіпті адам жәй ғана бір нәрсе туралы ойланса, бұлшық еттерде микроқысқартулар болады екен.
Қимыл-қозғалыстарды ойша елестету бұлшық ет талшықтарында болар-болмас қысқартулар мен босаңсуларды туындатады. Көзге бұл микроүрдістер байқалмайды. Бірақ олардың шындығында бар екенін дәлелдеу үшін тәжірибе жасауға балады. Тәжірибелі спорт психологы А.В. Алексеевтің тәжірибелік жұмысының мысалына сүйене отырып осы механизмнің қалай қолданылатынын көрсетейік /3/.

Ұзындығы мөлшерлеп алғанда бір метр болатын жіп алыңыз, соңына аздаған жүкті байлаңыз (мысалы, сақинаны), басқа жағын негізгі қолыңыздың (оңақайларда оң қолы, солақайларда –сол қолы) сұқ саусағыңызға орап алыңыз, саусақ пен жүктің арақашықтығы 70-80 см, балатындай болсын. Қолыңызды иығыңыз деңгейіне дейін созып, жүкті бір қалыпқа келтіріңіз. Ілулі тұрған затқа зейініңізді толық аударып, оның ойша қозғала бастағанын елестетіңіз: оңға-солға, солға-оңға қарай. Бірнеше секундттан кейін, шынымен де, жүк сәйкес қозғала бастайды. Егер жүк дөңгелеп қозғалғанын елестетсеңдер, ол шынымен де, ойша берілген траектория бойынша қозғалады /3/.


Тербелістердің қарқынына қарап, спортшының да миы мен бұлшық еттері арасындағы байланыстардың қаншалықты күшті екендігін бағалауына болады. Егер қарқындығы бір метрге дейін жетсе, онда бұл байланыс 5, егер – 5 см болса – бірдей бағаланады.
Қимыл-қозғалыстарды ойша (идеялар түрінде) санада пайда болып кейін моторикада,- нақты сәйкес келетін бұлшық еттердің қимыл-қозғалыстарында жүзеге асырылған үрдістерін идеомоторлық актілер деп аталады. Егер тәжірибені жалғастырып жүктің қозғалыстарына сәйкес солға-оңға деп қатты дауыстап айтса тербелу амплитудасы өседі. Сөз арқылы қозғалысты күшейте аламыз. Сөйлеуді өте дәл қимыл-қозғалыстарға қол жеткізу үшін қолдануға болады.
Идеомоторлық қимыл-қозғалыс көру арқылы қадағаланатын қимыл-қозғалысқа қарағанда неғұрлым дәлірек орындалады. Сондықтан бапкердің бірінші міндеті – шәкіртінің санасында қажетті қимыл-қозғалыстың өте дәл ойша бейнесін қалыптастыру. Жоғары дәрежедегі шебердің осы қимыл-қозғалысты орындауын бақылап, оқушы оны кейін ойша ең жақсы нұсқасында орындауын ойша елестету үшін алдымен есте сақтауы қажет. Және де қажетті дәлдікті жоғалтпай бірнеше қайталау қажет /3/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет