Спорт психологиясы


Негізгі іс-әрекеттің басым болуы және оның нәтижелілігі



бет12/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Негізгі іс-әрекеттің басым болуы және оның нәтижелілігі.

Негізгі іс-әрекеттің сипаттамасы: топтың өмірін және іс-әрекетін жоспарлау, тәртіп бойынша өмір сүру, басшылардың талаптары, субординация, жұмысқа толық берілу. Мотивацияның оңтайлы деңгейде болуы, шамданушылық, соңғы нәтижеге сену де жатады. Спортшы күреске және жеңіске ұмтылуы мүмкін, және, керісінше, ұтылыс көңіл-күйде болуы мүмкін. Мұндай көңіл-күйде спортшы бапкердің барлық бағыт-бағдарын орындамайды, жаттығуларға келмей қалады немесе кешігіп келуі мүмкін.



  1. Психологиялық қолдау. Бұл бөлімді Р.М. Загайнов бапкерлер-тәжірибешілер психологиялық қолдауды психологиялық атмосфераның белгісі ретінде бөлмейтіндеріне қарамастан, тізімге еңгізді. Спортшылардың өздері психологиялық атмосфераны айтқан кезде психологиялық қолдаудың маңыздылығын бірауыздан мойындады. Тәжірибелі спортшылар шынайы психологиялық қолдау – әсіресе, маңызды жарыстардың төтенше жағдайларында олар үшін ең маңызды екенін айтады.




  1. Үстемшіл бапкерлер жарыс жағдайында бұқарашыл бапкер кейіпіне ауысып, солайша психологиялық қолдау көрсететін. Алайда, негізінен бапкерлер, Р.М. Загайновтың зерттеулерінде көрсетілгендей, бұл ықпалға көп көңіл аудармайды. Сонымен, психологиялық ахуалды адамдар арасында қарым-қатынастың, өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болатын табиғаты жағынан психологиялық аясы деп анықтауға болады. Оның негізгі белгісі - психологиялық қолдаудың бар немесе, керісінше, жеткіліксіз болуы.

Ең тиімдісі қандай болмасын спорт түрінде психологиялық ахуал ұйымшылдық (бірлік) арқылы сипатталуы тиіс.

Қақпашы Андрей Трефилов НХЛ ұжымның ұйымшылдығы қалай құрылып сақталатыны жайлы былай дейді:
«НХЛ –дың әр жерінде сияқты «Баффало» ойыншылары командада достық атмосфераны сақтай алады. Менде ойын оқылықтары болды, бірақ ешкім-бапкерлер де, хоккеистер де-ешқашан оларды есіме салып, көңіл-күйімді бұзған жоқ. Мында принцип «бір үшін барлық және барлық үшін бір» ең басты принцип. Осындай команданың бірілігі, суперэнтузиазм болмағанда «Детройтты» жеңе аларма едік.» /3/.



Футбол бойынша Германия құрама командасының ұжымдық ұйымшылдығы, осы команданың басты форварды Юрген Клинсманның ойынша, Еуропа Чемпионатындағы жеңісін қамтамасыз етті. Чемпионат қарсаңында «жарыста табысқа қол жеткізудің негізгі шарты не?» деп қойылған сұраққа, ол былай жауап берді: «Ең бірінші құрамада дұрыс ахуалдың қалыптастырылуы. Өзіңнің шамдануыңды ұмыту керек. Ең бастысы - команда. Оның талаптары бәрінен артық. Бұл негізгі және қосымша ойыншыларға да қатысы бар ұран. Алаңға шықпай, жай ғана қалыпты ахуал орнатып, басақаларға көмектесіп отырсаңыз да, өкпелейтін ешнәрсесі жоқ. Егер командада сондай ахуал орната алсаң, қалғанының барлығы қолыңнан келеді. Бұған күмәнім жоқ» /3.16б/.



Марио Загало – Бразилияның бұрынғы ойыншысы және бапкері өзінің командасы мысалында адам факторының маңызын көрсетеді:
«Мен былай деймін - Бразилия құрама командасында жанжалдар мен қандай болмасын футболдың божулары болмаса, онда ол жеңілмейді. Бразилияда ылғи да ұлы командалар болған, бірақ оларға жеңуге алаңнан тыс көптеген мәселелер кедергі болған. Ақша, құрамы, топтар, жеке ойыншылардың бір-бірімен жауластығы, пресса, отбасы. Осының барлығы ойыншылар матчтарға шыққанда әсер ететін, олар қандай шебер болғанына қарамастан» /3./




«Формула-1» ең күшті автошабандоздарбың бірі Герхард Бергер «Макларенадан» «Бенеттонға» ауысқан кезде басынан кешіргені: «Мен, қиын болатынын түсінгенмін. Және Эшторилге бірінші тестке келген кезде өз-өзімді ұстап, қаншалықты қиналғанымды көрсетпеуге тырыстым, мен өзімді бөтен адам ретінде сезіндім. Жан Алезиде Маусымның ортасына дейін біз «Бенеттонда» өзімізді бір бөтен буын ретінде сезіндік. Мен командадағы адамдар маған жауластықпен қарады деп айта алмаймын, жоқ, олай емес, бірақ мен өзімді солардың бірі ретінде сезінбедім. Бұл бөгделік сезімі жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді» /3,17б./.

Ресей велоспортының жетекшілерінің бірі, спорт шебері Н. Гореловтың сөзіне сүйенетін болсақ, кәсіби спортта тұлғарарлық қатынастардың деңгейі реттемеленген. Әр велошабандоздың келісімшартында жазылған, егер ол өз командасын жаман атқа қалдырса, әріптестері немесе бапкерлері туралы жаман сөздер айтса, ақшадай жазаланады және тіпті команда құрамынан шығарылуы мүмкін. Басқалардың ар-намысын және жақсы көңіл-күйін сақтау - спортшының кәсіби парызы /3/.


Сонымен, тұлға бұл түрлі әлеуметтік қатынастардың кеңістігіндегі адам: спортшы-бапкер, бапкер-психолог, бапкер-спортшының ата-аналары, бір команда мүшелері және басқалар. Спорттағы әр адамның өмірінде барлығы қосылып орнататын психологиялық ахуал өте маңызды. Ол жеңіске немесе жеңіліске әкелуі мүмкін, адамды бақытсыз немесе бақытты етеді. Іс жүзінде көрсетілгендей, ұжымдағы бір адам оған көп әсерін тигізе алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет