Кесте 2. Сәтсіздіктен қорқыныш күйіндегі (Б-күйлері) сана мен эмоционалдық күйдің ерекшеліктері (Хекхаузен бойынша / 5, 256 б./)
|
Сана ерекшеліктері
|
Эмоционалдық күй ерекшеліктері
|
1
|
Өз толымсыздығын сезіну
|
Эмоционалдық қозу
|
2
|
Теріс өзіндік бағалау
|
Қойылған талаптардың жоғарылығын сезіну
|
3
|
Сәтсіздікті күту
|
Өз реакцияларының қадағалануының жеткіліксіздігі
|
4
|
Зейіннің өзіне және өзіндік бағалауына шоғырлануы
|
Шешім қабылдау барысында тым қарапайым әдістерді таңдау
|
5
|
Өз іс-әрекеті туралы ақпарат алудан бас тарту
|
Шешім қабылдау барысында негізделмеген күрделі әдістерді таңдау
|
Б-күйіне қарағанда, У-күйіндегі спортшылар өз іс-әрекеті туралы ақпарат алуға тырысады (себебі бұл өз әрекеттерін саналы түрде басқару мүмкіндігін беретін кері байланыс) және өздері үшін күрделілік дәрежесі орташа тапсырмаларды таңдағанды қалайды (өз әрекеттерін бақылауға және сонымен қатар қажет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін).
Б-күйіндегі спортшы әрекеттің сенімділік жағынан ұтымды, бірақ қорытындысы бойынша ұтылысқа әкелетіні анық, тым қарапайым тәсілдерін таңдауға бейімделген болады. Мысал ретінде теннистегі тым ұзаққа созылатын қорғаныс пен шабуылға көшуден қашқақтау тактикасын келтіруге болады.
Б-күйіндегі шешімнің тым күрделі тәсілдерін таңдау «барлығы немесе ештеңе» әдісі бойынша дайындықсыз және бақылана қоймайтын қозғалыс сияқты орындалады, оның сенімділігі төмен. Теннистегі дайындықсыз шабуыл мысал ретінде қарастырылуына болады.
Б-күйіндегі спортшының өзіндік бағалауы төмен болады және сондықтан спортшы тек ойынға ғана емес, өзіне және өзіне-өзі баға беруге, ал кейде тек ойынға ғана зейін қоюға мәжбүр болады. Ал сәттілікке жету мотивациясы бар спортшылар, ғылыми көрсеткіштер бойынша, «өздері туралы ұмытып кетеді», себебі олардың зейіні толықтай ойынға шоғырланады. Сонымен, спортшы әрекеттерінің тиіміділігі туралы мәселені тәжірибе жүзінде шешудің кілті оның өзіндік бағасына әсер ету арқылы спортшының зейінін бақылауда.
Осыған орай бапкердің және оның ұстанымдарының рөлі ерекше. Ресейлік ғалымдар Ресейдің Олимпиадалық резерв спорт-интернатында зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижелері бойынша, тек нәтижеге ғана бағытталған тар спорттық ұстанымдары бар бапкерлердің топтарында жаттығу барысында спортшының психологиялық тұрақты тұлғалық шынығуы қалыптаспайды. Жас спортшыларға тән өзіне сенімсіздік, іштей конфликтілік, мазасыздық пен үрейлілік мұндай жағдайларда түрлі психологиялық қажушылыққа әкеліп соқтырып қоймайды, сонымен қатар жарыстардағы кездесулердің сәттілігін де тқмендетеді.
Сонымен қатар бапкердің жұмысындағы кәсіптік-педагогикалық ұстаным жаттығушы спортшы тұлғасының үйлесіміділігін қалыптастыруға себін тигізеді. Зерттеу барысында осы көрсеткіштерден басқа спортшылардың іріктелуі де байқалған. Тек спорттық ұстанымдарға ғана бағытталған бапкерлердің топтарынан спортшылардың басқа бапкерлерге ауысулары мен іріктелулері кәсіптік-педагогикалық ұстанымдары бар бапкерлерге қарағанда 2,5 есе жоғары екендігі анықталған.
Жауапты жарыстардағы спортшылардың кездесулерінің талдануының нәтижесінде тек нәтижеге бағытталған спорттық ұстанымдары бар бапкерлердің топтарында жаттыққан спортшыларға қарағанда, кәсіптік-педагогикалық бағытталған бапкерлердің топтарында жаттығатын спортшылар сенімділігі жоғары тұрақтылық көрсеткен. Сондықтан басым жағдайларда осындай бапкерлерге тән «психологиялық қысым көрсету» жүйесі өзінің бастапқы міндетін орындай алмайды, бұл қысым осы міндетті орындау үшін қолданылғанына қарамастан. Спортшының жоғары кәсіптілігі оның психологиялық тұрақтылығы мен табандылығымен анықталады. Бапкер ұсынылған жұмысты орындауға дайын және қабілетті сауатты спортшыны, тиянақты орындаушыны дайындаумен шектелмейді, ол оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Ол өз бетімен мақсат қоя алатын, өзіне жауапкершілік жүктей алатын, кедергілерді белсенді жеңе алатын тұлға болуы қажет.
Өз бетімен шешім қабылдауға дағдыланбаған спортшы жауапты жағдайларда тұлғалық үрейлілік қасиеттерін байқатып отырады, ал оның іс -әрекеті жарыстың жауапты сәттерінде тұрақсыз болып сипатталады. Спортшының мұндай мінез-құлқын түзету, өзгерту өте күрделі, көп күш салуды талап етеді және әрқашан жағымды нәтиже бере қоймайды. Ескі салтты ұстанатын бапкерлердің бірсыпырасына тән тәрбиелеудің авторитарлы стилінің көптеген басымшылықтары бар, бірақ бір кемшілігі де бар – спортшы кедергілерге дербес және белсенді төтеп беруге әзір емес, ал оған тән еңбекқорлық пен орындаушылық оның бұл кемшілігінен асып түсе алмайды, әсіресе, жоғары жетістіктер спортында.
Дәл сондықтан профессор В.Р. Малкин өзінің «Спорт психологиясы: болашаққа бет бұру, немесе көптеген дарынды спортшылар жоғары деңгей спортшысы атағына жете алмайды» атты мақаласында ХХI ғасырда бапкер-психолог бапкер-әдістемешіні алмастырады және жасөспірім кезеңінен бастап «бапкер-спортшы» қарым-қатынасы жүйесінде толық өзгерістер болады, осы қарым-қатынастың негізі гуманистендірілу мен демократияландырылуға ауысады деп жазған /6/.
Американдық спорт психологы Дж. Лоэрдың тәжірибесіне назар аударайық. Оның үлкен теннистегі ұзақ жылдар бойы жүргізген бақылауларынан сәтсіз ойналған ұпайдан кейін әрекеттердің жоғары кәсіпкерлік 4 нұсқасы қолданылатыны анықталған.
Нұсқа 1. Жағымды кері әсер беру.
Теннисшінің алдында міндет бар: сәтсіз ойналған ұпайдан кейін есін жинап, келесі доптың ойналуына кедергі болуы мүмкін кернеген ыза-ашуын және басқа жағымсыз эмоцияларын басу (бұл күй 3-5 сек. созылады). Өзін қалай ұстаған дұрыс? Тоқтамаған дұрыс, бірнеше қарқынды қадам жасап, қателік жіберілген жерден алшақтап, өзіне тоқтау беру керек: «ештеңе етпейді», «бұл әлі қиыншылық емес», «бұл аяқталады». Мұндай сөздік формулалар жеке адамға арналып таңдалып алынуына болады.
Егер бәсекелес соққыны жақсы орындаған болса, «жақсы соққы» деп анықтама беріп, оған қол соғуға болады (ракетканың ішектік беткейіне қол соғу арқылы).
Бұл мазасыздықты басады. Сәтсіздік кезеңдеріндегі мұндай әрекеттер айналаны жағымды қабылдауға, «ойыннан әрдайым ләззәт алуға» бағытталумен теңеледі, мұның сауықтырушы әсері бар екендігі белгілі және жүрек- тамыр ауруларының алдын алу тәжірибесінде қолдану үшін нұсқалады.
Сонымен қоса қан айналымын бәсеңдіп, жұмысшы ұолына демалыс беру үшін ракетканы жылдам басқа қолға салу қажет. Иық босатылған, бас сәл ғана төмен түсірілген, көзбен алға немесе төмен өарау өажет. Мұндай қозғалыс-қимылдар жақсы жарыстық имидж сақтауға мүмкіндік береді.
Нұсқа 2. Релаксациялық әсер
Спортшының алдында денелік және эмоционалдық стресстен кейін қалыпқа келу, оңтайлы күйге келу, келесі ұпайдың ойналуына дайын болу мәндеттері қойылады. Релаксациялық әсер ұпай ойналғаннан кейін 3-5 секундтан кейін басталып, 6-15 секундқа созылады.
Батыл, қарқынды қадаммен бас сызыққа дейін барып, соның бойымен әрі-бері жүру. Әрі-бері жүру кезінде ракеткамен допты соғуға, ішектерді дұрыстап қалыпқа келтіріп алуға болады. Сол мезгілде терең және баяу ырғақта тыныс алу қажет (мүмкіндігінше). Көз ракеткаға немесе төмен қарай бағытталады. Ең маңызды кезең – қозғалыстарды тоқтатпау, доптың келесі ойналуын күту үшін тоқтамау, себебі бұл аяқ жақтың қан айналымын қиындатуы мүмкін. Басты сызықты көлденеңінен кесіп өту. Келесі ұпайдың ойналуы қаншалықты маңызды болса, осындай күйде соншалықты ұзақ болған дұрыс. «Барлығы орынды, барлығы жақсы», «мен демалып тұрмын» деп іштей ойлаған дұрыс.
Нұсқа 3. Әзірлік күйінде болу.
Спортшының алдында корттағы әрекеттер тактикасын таңдауға арналған мейлінше қолайлы шарттар жасау міндеті тұр. Әзірлік күйі спортшы басты сызықтың ортасына таянып, допты соғуға немесе берілген допты қабылдауға дайындалған кезде басталады. 3-5 с созылады. Допты соғудың алдында басты сызыққа дейін 10 см қашықтық жетпей тоқтап, үзіліс жасау қажет. Матчтың шотын еске салу, бәсекелес жаққа қарай көз салу. Теннисшінің тұрысы дпты соққан кезде де,допты қабылдаған кезде де тұлғаның ішкі жігерлігін, оның табанды мінезін білдіруі тиісті. Доп берушіге бағытталған көзі ұпайды жеңіп алатынына сенімділікті білдіруі тиісті.
Нұсқа 4. Әзірлік белгісі – доп соғуды орындаудың алдында немесе допты қабылдаудың алдындағы салтты әрекеттер.
Спортшының алдында допты ойынға енгізгенге дейін психикалық және дене шынықтыру дайындығының ең жоғары дәрежесіне жету міндеті тұр.
Әдетте, әзірлік белгісінің бұл түрі теннисшіге зейінін шоғырландыруға, жинақталуға көмек беретін допты лақтырудың алдындағы салтқа айналған әрекеттерден тұрады.
Бұл күй спортшы басты сызықтың ортасына келгенде басталады, 5-8 с созылады. Доп беретін адам үшін көздегендей болу маңызды, содан кейін кортты доппен 2-3 рет соғу қажет. Допты кортқа соңғы рет соғу мен ауаға лақтырудың арасында кідіріс жасау қажет, бұл үзіліс теннисшіге допты соғу алдындағы жауапкершілікті жеңілдетуге, денесін бос ұстауға көмектеседі. Допты қабылдау кезінде салтты әрекет болып бір орында секіріп тұру, салмақты бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру және т.б. табылады. Бірақ ойыншы көзін алаңның қарама-қарсы жағындағы доптан тайдырмауы тиісті.
Ойды толығымен қабылдауға щоғырландыру қажет. Бұл сәтте техника, айла әрекет, тактика жайында ойлауға болмайды. Допты беру қимылын орындау кезінде өзіне ешқандай әмір бермеген жөн. Психологиялық жүктеме допты беру сәтінде, содан кейін берілген бопты қабылдау кезінде еркше жоғары болады. Соққының ойынды қыздыра түсіруге және бәсекелеске қысым көрсетуге мүмкіндік беретін түрлері (қарғып соғу) бар. Оларды орындау үшін өзіне сенімділік, бәсекелестің әрекеттерінің алдын ала білу, агрессивтілік қажет. «Шырақ» соққысы бәсекелестің ойынын бұзады, аңдамай тұрғанда үстінен шығады. Смеш орындаушының батылдығы мен сеніміділігін талап етеді.
Сонымен, психологиялық тұрғыдан алуан түрлі болып келетін соққы түрлерін тұрақты ұнату жеке стильді қалыптастырады, ол спортшының мінезіне байланысты болады. Мінездердің алуан түрлері жарыстардағы психологиялық күйлердің өздігінен бағдарлануының түрлі әдістері мен тәсілдерін де қалыптастырады. Оңтайлы психологиялық күй спорт түрінің арнайы талаптарымен анықталады. Осылайша, спорттың жақсы координация мен зейіннің шоғырландырылуын тқажет ететін күрделі координациялық және ойын түрлерінде артық психологиялық үстемелік жүктеме кері ықпалын тигізеді.
Жарыстардың жауапты кезеңдерінде өз күйін бағдарлай білу үшін спортшы өзін өзі жақсы білуі қажет. Спорт маманға да, әуесқойға да осындай өзін өзі тану мүмкіндігін береді.
Спорт не бере алады? Міне американдық таэквандоның әкесі, Мұхаммед Әли мен Брюс Лидің ұстазы, Джуна Ридің көзқарасы:
Жауапты әсерді жылдам бере білу, шешімдерді қас қағымда қабылдай білу.
Шыдамдылық таныту және беріспеу.
Уақытты сеізне білу және оны дұрыс үлестіру.
Бейімделе білу және икемді болу.
Білім алу, даму.
Тепе-теңдікті сезіну және теңгерімді сақтау.
Әрқашан еңсені көтеріп жүру, «ол сіздің абыройыныңызды көтереді».
Өмірден ләззат ала білу.
Спорт психологиясының екі біртұтас мақсаты бар. Ол атлеттерді спорттық шыңдалуларға әзірлейді, сонымен қатар олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін дамытуы және нығайтуы қажет. Тіпті чемпиондар үшін де бір мезгілдерде спортпен қоштасу сәті келеді. Сол кезде қалыптастырылған мінез қасиеттерінің өмір үшін маңыздылығы анықталады. Психолог әрдайым сол күнге көзделіп отыруы тиісті …/8/.
Сонымен, біз бірқатар қорытындылар жасай аламыз ...
Адам – бұл күрделі жүйе, және А.П. Чехов айтқандай, «оның бойында бәрі әсем болуы тиісті»: «бет әлпеті де» (беті, тұлғасы), «киімі де» (еңсесі, тұрпаты, индивидтік қасиеттері), «жаны да» (көңіл-күйі, өзіне тән жеке стилі, даралығы), «ойы да» (тактика мен стратегиясы, іс-әрекет субъектісі).
Біздің талдау жұмысымыздың негізі ретінде алынған жүйелі талдау спорт психологының жиі кездестіретін негізгі психологиялық мәселелерін біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді. Дәл осы талдау кестесі бапкердің, спорт ұйымдастырушысының және басқалардың жұмысына, осы кітап мазмұнынан тыс қалған басқа да көптеген сұрақтарға талдау жасау үшін қолданылуына болады.
Жас спорт психологына көмек ретінде қосымша бөлімінде тамаша тәжірибелі мамандардың терең мазмұнды жұмыстары ұсынылып отыр. Олар – А.В. Алексеев, Р.М. Загайнов, Ю.Я. Горбунов, В.Ф. Сопов және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |