Сұрақ: сөздік-бейнелік бағдарламалау қалай қолданылады?
Спортшы алдағы жарыс шартындағы өз көрінісін мүмкіндігінше толық және нақты елестетуі қажет, өзінің эмоционалдық күйі қандай болады, көрермендер мен бәсекелестің реакциясы қандай болады. Сонымен қатар, алдағы жағдайлардың басталуын талдай отырып, егер осы жағдайлар орын алатын болса, не істеу керек екендігі туралы сұрақты өзіне қою қажет. Және оларға жауап беру қажет (мына әрекеттерді орындаймын). Солайша, теннисші өзін былай бағдарламалауына болады: «Егер маған оң жаққа қарай сілтесе, онда мен топ-спин жасаймын». Үлгілей отырып, барлық мүмкін жағдайларға арналған оңтайлы жауапты реакцияларын табу қажет. Сол үшін дене шынықтыру, техникалық және тактикалық дайындықты қажет деңгейге дейін дамыту қажет. Бұл жағдайда жарыс қарсаңындағы психологиялық дайындықтың басқа дайындық түрлеріне әсер етуі байқалады. Көптеген спортшылар үшін басым жағдайларда тактикалық дайындық туралы айтылады, деңгейі жеткіліксіз болғанына қарамастан, техникасын өзгертуге тырыспайды.
Табиғи үлгілеу бағдарламаның дұрыстығын тексеру және түзетулер енгізу құралы болып табылады. Әрине, дайын болған бағдарламаның дұрыстығы оңтайлы техникалық-тактикалық шешім қабылдау үшін спортшы барлық келіп түсетін ақпаратты қаншалықты дүрыс түсінетіндігіне, ол осы ақпаратты қалай өңдейтіндігіне, оны бірегей жүйеге қалай біріктіретіндігіне байланысты болып табылады.
Жарысқа психологиялық дайындық – бұл нақты өлшемді және субъективті қол жетерліктей мақсаттарды анықтау, сонымен қатар өз әрекеттерінің бағдарламасын жасау. Және де, жарыстың басталу қарсаңында жүйкелік–психикалық белсенділікті сақтай білу маңызды жағы болып табылады. Жарыстың сәтті немесе сәтсіз аяқталуын, оның қалай аяқталуы мүмкін екендігін болжау туралы күйзелістерді өз зейінін алдағы жарыспен байланысты емес істер мен жаттығуларға аудару арқылы төмендету қажет, немесе жарыс міндеттерін шешудің нақты әдістерін ойлауға ынта салу қажет.
Сұрақ: психологиялык дайындықтың екінші кезеңінің міндеттері қандай?
Бұл:
1) жарыстағы қозғалыс-қимыл және әрекеттер бағдарламасын жасау
2) бірінші кездесудің бағдарламасын жасау
3) бірінші кездесудің басталуы қарсаңында жүйкелік-психикалық белсенділікті сақтау.
Бұл кезеңде спортшының жеткілікті қосымша ақпараты болады – қатысушылар құрамы туралы, жарыстың бірінші шеңберлеріндегі өздерінің тікелей бәсекелестерінің кезектері туралы. Спортшы тек қана жарыстық іс-әрекеттің бағдарламасын жасаумен шектелмейді, ол сонымен қатар бірінші кездесудің дайындығын, өз тамақтануының және демалысының кестесін де дайындайды.
Бірінші кездесудің бағдарламасы – бұл бірінші ойындағы әрекеттердің нақты тактикалық жоспары. Бірінші кездесудің алдыңғылардан айырмашылығы бәсекелестердің, кейде тіпті спортшының өзінің де, жарысқа дайындық деңгейінің белгісіз болуымен байланысты эмоционалдық шиеленістің жоғары болуымен байланысты.
Бірінші кездесу қарсаңында жүйкелік-психикалық белсенділікті сақтау – осы кезеңдегі психологиялық дайындықтың маңызды міндеті. Спортшы ол үшін өзіне белгілі өз күйін өздігінен бағдарлау әдістерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |