Сұрақ: Психологиялық дайындықтың үшінші кезеңінің міндеттері қандай?
Бұл:
1. Жарыс барысында алынатын ақпаратты жинақтау және өңдеу;
2. жарыстағы әрекеттер бағдарламасын айқындау және өзгерту
3. жарыстық старттар арасындағы демалыстарды қамтамасыздандыру.
Спортшыға бәсекелестердің күйлері, жоспарлары, ерік-жігерлік қасиеттері туралы, олардың жарысқа және нәтижелерге дайындықтары жайындағы ақпарат келіп түседі. Мұның барлығы өзінің жарыстық әрекеттер бағдарламасына түзетулер енгізудің және нақтылаудың негізі болып табылады.
Осылайша, тәуекелге барудан бас тартып, екі айналымдық секіру орындағысы келген фигурист, кенеттен оның бәсекелесінің техника үшін ұпайлары едәуір асып түскенін біліп, үш айналымдық секіруді орындауға оқтала отырып, өз бағдарламасына түзетулер енгізеді.
Әрине, мұндай түзетулер спортшының бойындағы белгілі икемділікті талап етеді және мұндай әрекетті барлығы бірдей сәтті орындай алмайды. Жалпы алғанда, бағдарлама жоспарлаудың түрі ретінде біреулер үшін егжей-тегжей болуы міндетті, ал басқалары үшін жалпыланған болуы мүмкін. Инертті спортшылардың ұсақ-түйектеріне дейін ойластырылған жарыстардағы әрекеттер жоспары болуы қажет, олардың кез келген күрделі жағдайларға арналған алдын ала дайындықтары болуы тиісті. Жүйке жүйесі қозғалғыш спортшылар үшін мұндай егжей-тегжей жоспарлау қажет емес, олардың алдына міндеттер жалпыланған түрде қойылады. Олар жарыстың старттық кезеңіне жылдам енеді, кейде олар алдын ала жаттығу барысында тіпті артық белсенділік танытады, қажет болмағанына қарамастан, алдын ала ойластырылған тактикалық жоспарды да өзгертуі мүмкін. Әрине, олардың шешім қабылдауы басым жағдайларда, ойын жағдайының ортасында бола тұра, «қазір және осында» алынған ақпаратқа сүйенеді. Салғырт спортшылар басым жағдайларда шешім қабылдау барысында қабылданған бейнелерге емес, жадында сақталған бейнелерге сүйене отырып шешім қабылдайды. Олар үшін алдын ала жасалған жоспар мен бәсекелестің кенеттен күтілмеген әрекеттері арасындағы келіспеушіліктер немесе өзінің сәтсіз әрекеттерінің кері салдары болуы мүмкін.
Спорт түрінің де маңызы бар. Спортттың ойындық түрлерінде барлығын алдын ала ескеру мүмкін емес және тым егжей-тегжей бағдарлама нақты жағдайдан елеулі алшақтағанда, ішкі конфликтілік жағдайды туындатуы мүмкін (белгілі жағдайды күттім, оған дайындалдым, соңында тіпті қарама-қарсы жағдайға тап болдым). Әсіресе, жүйке жүйесі әлсіз, жаттығу барысында «әміршідей» болатын спортшылар, «команда үшін ұпай әкел де сал» жағдайымен соқтығысқанда, өз мүмкіндігінен әлдеқайда төмен, нашар ойын көрсетуі мүмкін.
Жарыстарда олар жиі сылбыр болады, қолынан ештеңе келмейді, тіпті күтілімсіз және ең қарапайым жағдайларда қателер жібереді, қысқаша айтқанда, жарыс әрекеттерінің қажет сенімділігі жеткіліксіз. Мұндай жағдайлар үшін қимыл-қозғалыстың арнайы бағдарламасы өажет болуы мүмкін.
Жарыс старттарының арасындағы демалысты қамтамасыздандыру психологиялық дайындықтың үшінші кезеңінің күрделі міндеті ретінде анықталады. Спорттың бір түрлерінде жарыстар бірнеше күнге созылады, ал басқа түрлерінде спортшы бір күнде бірнеше рет стартқа тұруы мүмкін. Мәреге жақындаған сайын старттар арасындағы үзілістер қысқаруы мүмкін, соның салдарынан жарыстың ең жауапты кезеңінде спортшыға дене шынықтыру және жүйкелік-психикалық қуаты жетіспеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жарыстық әрекеттер арасындағы демалысты қалай ұйымдастыруға болады? Бұл мезгілдерді жарыс өтетін ғимараттардан тыс жерде өткізген тиімді болады. Жіберліген қателер мен олқылықтарды демалыс сәттерінде емес, жарыстан кейінгі уақытта талдаған дұрыс болады.
Дж. Лоэрдың көзқарасы бойынша /4/, теннистегі психикалық әзірлік саласында келесі қиыншылықтар болуы мүмкін:
-мотивацияның төмендеуі
-белсенділіктің, табандылықтың төмендеуі
-жарыстық бағдарланудың төмендеуі
-зейін шоғырлануының төмендеуі немесе жойылуы
-бәсекелестің агрессивтілігі
-конфликтілік жағдайларды шешудегі тәжірибенің жеткіліксіздігі
-көрермендердің жақтырмай қарсы алуы
-жеке тұлғалық қарым-қатынастар (бапкермен, серіктеспен және т.б.)
-бапкердің ұстанымын орындай алмаудан үрейлену
-қазылардың барабар емес шешімдері
-ойын шешімдерінің стереотиптілігі.
Ол аталған қиыншылықтарды шешу үшін психологиялық дайындықтың келесі бағыттарын ұсынады:
-жаттығу үрдісін «мынаны былай және былай жаса» емес, «спортшыға өзін көрсетуге мүмкіндік бер» ұранымен өткізу
-жоғары нәтиже мотивациясы
-өз күшіне сенімділікті арттыру
-үрейлілікті төмендету
-болашақтағы ойын жағдайларының визуализациясы
-өзіне вербалды түрде әмір беруді жетілдіру
- антиципация коррекциясы
-реакцияның латентті уақытын қысқарту
- стрессті ойынды жандандыру мүмкіндігі ретінде қолдану
-бақыланатын агрессивтілік белсенділікті арттыру
-ерік-жігерлік қасиеттерді үнемі жаттықтыру /3, 91б./.
Өзінің эмоционалдылық деңгейімен ерекшеленетін үстел теннисінің психологиялық дайындығы барысында десенсибилизация әдісін қолдану ұсынылады. Оның мағынасы спортшыны психикалық жарақаттандырушы факторларға бейімдеу болып табылады. Алдын ала спортшы үшін субъективті тұрғыдан маңызды жарыстық факторлар мен оның қауіптенетін жағдайлары анықталады. Содан кейін спортшыға психикалық жарақаттаушы жағдайдағы өз бейнесін елестету немесе сондай жағдай туралы әдейі сөйлесу ұсынылады. Кейін спортшы пайда болатын үрейлерін өзі сипаттай бастайды. Осылайша бірнеше рет қайталанады. Психикалық жарақаттаушы факторларды саналы түрде қарастыру нәтижесінде спортшының оларға бейімделуі қалыптасады, олардың эмоционалдық әсері төмендейді. Теннисшінің мұндай ықпалдардың теріс әсерін сезінуі жойылады /4/.
Сонымен, жарыстағы кездесулердің сенімділік деңгейін жоғарылату үшін кешенді көзқарас талап етіледі. Нақты жарыс кезінде қолданылатын өзіндік бағдарлану әдістеріне үйрету ерекше орынға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |