Сұрақ: жарыс қарсаңындағы психологиялық дайындық қаншалықты маңызды? Ол тәжірибе жүзінде қалай жүзеге асырылады?
Психологиялық дайындықтың мақсаты болып спортшылардың а) жарыстағы мейлінше мүмкін нәтижеге қол жеткізуі үшін өзінің іс-қимылдық және арнайы дайындығын толық қолдануын; б) жарыстық іс-әрекеттің жоғары сенімділігін таныта отырып, жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі көптеген қолайсыз ықпалдарға қарсы тұруына мүмкіндік бере алатын психикалық күйлерін қалыптастыру.
Психологиялық дайындықтың міндеттері мен құралдарын екі топқа іріктеген дұрыс: жарыстарға жалпы психологиялық дайындық және нақты жарысқа арнайы психологиялық дайындық.
Жарыстарға жалпы психологиялық дайындықтың негізгі міндеті – спортшыларды жарыстарға тән ерекше – төтенше – шарттарда өтетін іс–әрекетке байланысты психологиялық дайындықты қамтамасыздандыратын мейлінше әмбебап тәсілдер мен әдістерге үйрету. Мұндай әдістер мен тәсілдер қатарына эмоционалдық күйлерді, белсенділік деңгейлерін, зейінді шоғырландыру және үлестіру жолдарын өздігінен бағдарлау әдістерін меңгеруді, екіншіден, мейлінше ерік–жігерлік және дене шынықтыру жағынан өзін өзі ұйымдастыру және жұмылдыру әдістерін меңгеруді, үшіншіден, осы әдістер мен тәсілдерді қолдана білуде жаттығуды жатқызуға болады.
Жарыстарға жалпы психологиялық дайындықтың басқа міндеті жарыстық бәсекелестік шартында екі түрлі үлгілерді – сөздік-бейнелік және табиғи - қолдана отырып шешіледі. Сөздік-бейнелік үлгі - болжамалы жарыс жағдайының, бәсекелестің және спортшының өзінің әрекеттерінің сөздік және бейнелік көрінісінің сипаттамасы. Сөздік үлгі кестелердің, үлгілердің, суреттердің және т.б. қолданылуы есебінен белгілі бір деңгейде жүзеге асырылады. Табиғи үлгі – алдағы жарыс жағдайына ұқсас шарттарды жаттығу барысында жасау. Бірақ мұның барлығы – әртүрлі алаңдарда, әртүрлі жарыс құралдарының көмегімен, әртүрлі ауа райы жағдайында, түрлі тәулік уақытында. Табиғи үлгінің, әрине, ықпалы жоғарылау, бірақ ол сөздік-бейнелік үлгі сияқты кеңінен қолданыла алмайды, себебі, біріншіден, кейбір жарыстық шарттар мен жағдайлар жаттығу барысында нақты қайталанылуы мүмкін емес және, екіншіден, спортшының табиғи үлгілеу жасауына уақыты болмаған шақтарда да үлгілеуіне тура келеді. Осы үлгілердің екеуін де бөлек және қатарластыра қолдана білуді үйреніп алған жөн, себебі жарыстарға психологиялық дайындық үрдісіне үлгілеу міндетті түрде енгізілуі тиісті.
Нақты жарысқа психологиялық дайындық спортшының дәл осы жарысқа әзірлігін қалыптастыруға бағытталған, яғни спортшының жарыс алдында және жарыс үстінде өзінің жүріс-тұрысы мен әрекеттерін бағдарлауының тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін күйде болуы. Осындай күйдің маңызды ықпалдары болып жеңіске немесе мүмкіндігінше қол жетерлік нәтижеге ұмтылу ұстанымдары және, бір жағынан, қажет қозғалыс-қимылдық және ерік-жігерлік белсенділікті, екінші жағынан, осы белсенділікті басқару сенімділігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін, эмоционалдық күйі табылады.
Жарыстық мақсатқа жетуге бағытталған ұстаным да, эмоционалдық күйдің деңгейі де бір дәлелдің қызметтік белгілері ретінде қарастырыла алады: спортшының мақсатқа жету қажеттілігінің мөлшері (бұл мөлшер жарыстың қоғамдық және тұлғалық маңыздылығы арқылы анықталады) және мақсатқа жету мүмкіндігінің субъективті бағалану мөлшері (бұл бағалану теория жүзінде 0-ден бастап – спортшы мақсатқа жету мүмкіндігіне сенбейтін жағдайда, 1-ге дейін - спортшы белгіленген жарыстық нәтижеге кәміл сенімді болғанда, бірақ іс жүзінде шеткі мәндерге ешқашан жетпейтін болғанына қарамастан – өзгеріп отыруы мүмкін).
Мақсатқа жету мүмкіндігінің субъективті бағалануы спортшының санасындағы, біріншіден, өзінің жарысқа қызметтік және арнайы дайындығының (мұнда спортшының дене шынықтыру және техникалық-тактикалық дайындығының және оның жарыс алдындағы және жарыстағы психикалық күйінің арасындағы байланысы айқындалатындығы анық) және, екіншіден, жарыстардағы болжамалы және нақты шарттардың (оның ішінде бәсекелестердің құрамы мен күшін есепке алғанда) бейнеленуі болып табылады. Спортшы мақсатқа жету мүмкіндігін алдағы жарыстың болжамалы шарттарына сәйкес өз мүмкіндіктерін бәсекелестердің мүмкіндіктерімен салыстыру негізінде ғана бағалайды.
Сонымен, спортшының нақты жарысқа психологиялық дайындығының негізгі міндеттері ретінде келесі жаңдайларды қарастыруға болады: жарыс мақсаттарын анықтау, осындай жетістікке қол жеткізудің жоғары мүмкіндігіне сенімділікті қалыптастыру, алға қойылған мақсаттарға жету құралдарын бағдарламалау.
Сұрақ: спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қандай сәтте бастаған дұрыс?
Спортшының нақты жарысқа психологиялық дайындығы спортшы осы жарысқа қатысу мүмкіндігі (немесе қажеттігі) анықталғаны жайында хабардар болған сәтінен басталып, оның осы жарыстағы соңғы шығуымен – мәресімен – аяқталады. Уақыттың осы мерзімін, қаншалықты өзгергіш болғанына қарамастан, үш кезеңге бқліп қарастырған жөн:
Бірінші кезең – алдағы жарыс туралы хабар алған сәттен бастап жарыстың кестесі мен жеребе салыну туралы (жұптар құрамы мен қатысушылардың нөмірлері туралы) мәлімет алынғанға дейін;
Екінші кезең – жеребе нәтижесімен танысқаннан бастап және жарыстың бірінші кезеңі (бастапқы жүгіруге, ойынға дейін) басталғанға дейін;
Үшінші кезең – жарыстың бірінші кезеңі басталғаннан бастап мәресі аяқталғанға дейін.
Бұл үш кезеңнің айырмашылығы бар, біріншіден, спортшыға келіп түсетін ақпараттың көлемі мен сенімділігі, сонымен қатар, осы ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған уақытының шектеулі болуы бойынша; екіншіден, психологиялық дайындық барысында шешуге тура келетін нақты міндеттері бойынша, үшіншіден, осы міндеттерді шешу құралдары мен әдістері бойынша.
Бірінші кезең міндеттері:
жарыс туралы алдын ала ақпарат жинау;
бәсекелестер туралы алдын ала ақпарат жинау;
жарысқа қатысу мақсатын анықтау (жиналған ақпаратты өңдеу негізінде) және жалпы міндеттерді анықтау;
жалпы міндеттерді шешу құралдарын баңдарламалау (мұнда мақсатқа жету құралдары туралы айтылып отыр), жеке міндеттерді анықтау және оларды шешу ққұралдарының толық талдануының негізінде баңдарламалау;
жеке міндеттердің таңдалған құралдарын тәжірибе жүзінде тексеру және дайындық бағдарламасына түзетулер енгізу;
жарыс басталуының қарсағында жүйкелік-психикалық белсенділікті сақтау.
Жарыс туралы алдын ала ақпарат жинақтау жарыстың өткізілу мерзімдерін өндірістік, оқу, қоғамдық, отбасылық істермен үйлестіруден басталады. Спортшы өзінің, былайша айтқанда, «өмірлік күнтізбесін» спорттық күнтізбесімен үйлестіру барысында, оны жарысқа дайындалуы мен қатысуынан алаңдататын маңызды істері болмауын есепке алуы қажет. Содан кейін спортшы жарыстың жүргізілу жүйесі туралы негізгі мәліметтермен (олимпиадалық немесе шеңберлік жүйе ме, мамандану нормативтері бар – қандай? – немесе нормативтері жоқ па) танысады. Егер бұл жарыс тек қана біріншілік емес, сонымен қатар басқа одан ірі турнирге қатысу үшін іріктеу турнирі болатын болса, онда сол турнирге қатысуға қандай нәтижелер (орындар) құқық беретінін білу қажет.
Бәсекелестер туралы алдын ала ақпарат жинаудың маңызы зор.
Әдетте, жоғары маманданған, тәжірибелі спортшы оның спорт түріне, оның қашықтығына, оның салмақтық түріне қатысатын мықты спортшыларды біледі. Спортшы олардың қайсысы алдағы жарысқа қатысатынын мейлінше ерте білуге тырысуы қажет. Егер бұл спортшылармен осы мезгілге дейін кездесулері болмаған жағдай болса, ол басқа тәжірибелі спортшылар, бапкерлер арасынан, баспасөз беттерінен олардың техникалық, тактикалық ерік-жігерлік және соларға ғана тән ерекшеліктері туралы мейлінше мол ақпарат жинауға тырысуы қажет.
Жарыс қарсаңында спортшы өз алдына нақты және өлшемді мақсат қояды – команда үлесіне белгілі ұпай санын қосу, жарыстың келесі кезеңіне қатысу құқығына ие болу, бірінші немесе екінші орынға қол жеткізу, рекорд қою және т.б. Анықталған мақсаттың тұлға және қоғам үшін маңыздылығы сезінілуі тиісті. Үшіншіден, мақсат болашақта қол жеткізілетіндей болуы тиісті. Сонымен, мақсатқа жету жолы мерзімі жағынан анықталуы міндетті.
Сұрақ: жарыстың мақсатын анықтау белгілі SMART (specific, measurable, achievable, result-oriented, time-bound) формуласына бағынады ма? Мақсат міндетті түрде нақты, өлшенетін, қол жетерлік және мерзімі бойынша анықталған болуы тиісті ме?
Әрине, бірақ мақсаттың анықталуы бұл тек қана бастамасы. Жұмысты қойылған мақсатқа жету құралдарының бағдарламасын жасауға дейін жеткізу қажет. Спорттың түрлеріне байланысты бағдарламалар түрлі болады. Сонымен, фигурист өз қимыл-қозғалыстары мен әрекеттерінің бағдарламасын жасайды – бұл бағдарламаның бірінші кезеңі. Теннисист өз бәсекелесін қолайсыз, үзілісті ырғақта ойнауға жетелей отырып, бірде ұзартылған, бірде қысқартылған соққы жасап отырады – бұл бағдарламалаудың екінші кезеңі, мұнда тек өзінің әрекеттері ғана емес, сонымен қатар бәсекелестің әрекеттері де бағдарламанады. Үшінші сатыда командалардың – өзінің және бәсекелестің – әрекеттері бағдарламанады.
Бағдарлама қозғалыстар мен әрекеттердің бағыттаушысы ретінде үлгілеу нәтижесінде пайда болады, оларды спортшы жарыс мақсатына жету құралы ретінде болжайды. Бұл үлгілеу табиғи, нақты, сөздік-бейнелік немесе идеомоторлық болуы мүмкін.
Бағдарлама жасау үшін спортшыға мақсатты анықтауға қарағанда едәуір кең ауқымды ақпарат қажет. Жарыс қайда, қашан және қалай ұйымдастырылады, кім (команданың бапкері, басшысы, өкілі) қатысады?
Достарыңызбен бөлісу: |