Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет135/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік 
аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу 
жолдары: Фил. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 1998. – 132 б.
2. Қазақстан Республикасында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.
4. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд. 
Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927. – 122 с.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ 
БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ
 
Байконысова Нурсулу Равиловна 
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Мектепте оқылатын қазақ тiлi тек тiл туралы бiлiм беретiн арнайы оқу пәнi 
ғана емес, ол басқа пәндердi үйрену, меңгеру құралын қалыптастыратын 
жалпыпәндiк маңызға да ие. Сондықтан қазақ тiлiн оқытудың коммуникативтiк 
бағытын күшейту арқылы ғана оның мектептiк бiлiм жүйесiндегi әлеуетi арта 
түспек.
Елімізде мемлекеттік тілді үйрету мәселелері әр қырынан зерттелді. 
Мысалы: Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілі дыбыстарын үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін 
модельдеу арқылы үйрету әдістемесі»; Ф.Оразбаева «Тілді үйретудің 
коммуникативтік әдістемесі»; Н.Құрман «Қазақ тілін оқытуда теориялық 
ойлауды дамыту технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интерактивтік 
технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интенсивтік технологиясы», «Қазақ тілін 
этнолинвомәдени жүйе негізінде оқыту», «Қазақ тілін үйретудің ақпараттық 
технологиясы»; Н.Оразақынова «Тілді оқытудың сатылай комплексті талдау 
технологиясы»; С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ә.Жұмабаева «Бастауышта 
мәтінді меңгерту арқылы тіл дамыту әдістемесі»; Г.Қосымова, А.Қыдыршаев 
«Қазақ шешендігін үйрету әдістемесі»; Ж.Сүлейменова «Қазақ тілін оқытудың 
белсенді әдістер жүйесі» т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сӛз болғанда 
бұл проблеманың ішінен басқа ұлт ӛкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке 
бӛліп қарастырмаса болмайды. Ӛйткені, қазіргі таңдағы кӛп жұмыс істеліп, жан 
жақты қарастырылып 12 отырған проблема - орыс аудиториясында қазақ тілін 
оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның 


тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде ӛзекті мәселе болып 
отырған қазақша сӛйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға кӛмектеседі.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - ӛзге тілді аудиторияны қазақ тіліне 
үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің туған елінің 
қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын 
бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық 
халықтармен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, ӛзі ӛсіп- 
ӛнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар кӛзі. Қазақ тілді емес 
аудиторияға мемлекеттік тілді үйрету мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, 
тілшілер, ғалымдар кӛптеп саналады. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәселелерді 
қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда.
Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, 
С.Жиенбаев,Т.Аяпова,Ш.Бектуров,К.Сариева,А.Жүнісбеков, 
Р.Ахметжанова, 
М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б. Пәннiң коммуникативтiк 
бағытын арттыру тiлдiң қарым-қатынастық аспектiлерi мен қызметтерiн 
мынадай жүйеде беруге негiзделедi:
-әлеуметтiк (оқушы әлеуметтенедi);
-танымдық (оқушы тiл арқылы дүниенi таниды);
-ақпараттық (түрлi мағлұматтарды қабылдап, түсiнедi);
-қоғамдық (ұжымдық күрделi әрекеттердi орындауға үйренедi); эмоционалдық 
(оқушы ӛз сезiмiн, кӛңiлкүйiн бӛлiседi).
Мiне, бұлардың барлығы қазақ тiлiнiң жаңа бағытының бiлiм берудiң жаңа 
парадигмасымен толық сәйкестенетiнiн кӛрсетедi. Ӛйткенi мәдениеттi қатынас 
жасау, ӛзгелермен тiл табысу - әрбiр адамның күнделiктi ӛмiр тәжiрибесiнде 
бетпе-бет кездесiп отыратын және оның iшкi рухани әлемiне, тапқырлығы мен 
ақыл-ойына байланысты жүзеге асатын тiршiлiк мұқтаждығы. Қазақ тілінің 
басты компоненті«қызмет тәсілі»болып саналатын пәндерге жатады. Бұл 
дегеніміз қазақ тілін оқытудағы басты мақсат ғылыми білім беру емес, 
оқушылардың қазақ тілі құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдысы мен білігін 
қалыптастыру. Бұдан қазақ тілін үйретудегі басым тапсырмаларды анықтау 
керектігі айқындалады. Олар мақсатқа жетуге бағытталған қызмет тәсілінің 
үлгісі, дағды мен білік қалыптастыру алгоритмі, репродуктивті және 
продуктивті жаттығу,материал түрлерімен қамтамасыз ету.
Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға 
шығарды. «Коммуникация» сӛзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, 
араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп
адамдардың тіл арқылы сӛйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-
қатынасты, ӛзара түсінушілікті кӛрсетеді. Сонымен, «коммуникация» - қарым-
қатынас, ӛзара байланыс деген ұғымды білдіреді. Тілді үйретуге қатысты әдісті 
сӛз еткенде, арнайы қарастырған тілші әдіскер - Е.И. Пассов. Ол қатысымдық 
әдісті сӛз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бӛліп 
шығарды.
Мұндай белгілер мыналар:


- әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. 
Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сӛйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, 
жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;
- әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан 
да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды;
- оқыту әдісінің аумағы ӛте кең, сондықтан сӛйлеу әрекетінің қай түрінде 
болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады;
- әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. 
Басты идея методологиялық рӛл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық 
мәселелердің басын біріктіреді. Сӛз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, 
басты ӛзек - қатысым болып табылады. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің 
негізін қалаған профессор Ф. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, 
«Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-
қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сӛйлеу мәнерін 
қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл 
үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы 
ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі».
Қазақ тілі оқушының қатысымдық біліктілігін дамытумен қатар, олардың 
қиялын, есте сақтауын жетілдіруге мүмкіндік береді, ӛзіндік оқу іс-әрекетін, ӛз 
бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады. 
Ф.Оразбаева басқа ұлт ӛкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын 
қатысымдық әдісті ӛзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

тіке байланыс;

адамның жеке қабілетін ескеру;

сӛйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;

сатылап даму,

динамикалық ӛзгеру;

ӛзектілік.
Қатысымдық технология, негізінен:
а) оқу материалын меңгеруге бағытталады;
ә) оқушы тұлғасына бағытталады;
б) оқытушы мен оқушының ынтымақтастығына бағытталады, сол арқылы оқу 
мақсаты жүзеге асырылады. 
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы - оның тіке байланысқа 
негізделіп, адаммен - адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді 
жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-
бірімен кӛзбе-кӛз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, 
сӛйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт - 
бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен 
тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен 
қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін 
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет