Оқыту тәсілдерінің түрлері:
ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
мәселелі жағдаят тудыруға кӛмектесетін тәсілдер;
оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару - тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына
кӛмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау кӛзі.
Олар: кӛрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық
оқыту құралдары,
станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ,
нақты объектілер, ӛндіріс, құрылыс. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында
Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық
әдістерін жетілдірді. Оқушылар сӛзден, кітаптан, кӛрнекіліктен, тәжірибелік
жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я.
Голант сӛздік, тәжірибелік, кӛрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір
компьютерлік
жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973),
Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын
әдістерді топтастырды.
Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану,
шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған
авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін
оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер
оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне
қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, ӛз бетімен білім
алудың жолдарын кӛрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін
оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы
оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның
ақыл-ой белсенділігі тӛмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой
жұмысы күшейеді, оқушы білімді ӛзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған.
Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен
ӛткізу мүмкін бола бермейді. Ю.К. Бабанский
оқу-танымдық іс-әрекетті
ынталандыру әдістерін топтады.
Ол іс-әрекет 3 бӛліктен:ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын
атап кӛрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бӛледі. М.И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу
әдістерін тӛмендегідей іріктеді:
- ақпарат беру әдісі,
- түсіндіру әдісі,
- ынталандыру әдісі,
- тәжірибелік әдіс.
ХХІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Бүгінгі жастардың ӛмірдің
ӛзінен үйренері кӛп-ақ.
Сондықтан олар мұғалімге, оның ӛткізген әрбір сабағына сыни кӛзбен
қарайды.Оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы
керек. Ол мұғалімнің кӛп ізденісін қажет етеді. Осы орайда, С.Кӛбеевтің
«Әрине алғырлық та, тапқырлық та, ептілік те, икемділік те, табандылық та
қажет. Бұлар оқытушының беделді болуының құралы болуға тиіс. Халық
оқытушыны ӛзінің шын досы, ақыл айтар данасы, қараңғы да сәуле шашар
шам-шырағы деп білу керек. Мұның үшін оқытушы ең алдымен ӛз
оқушыларының алдында беделді болуы қажет. Оның бір негізгі шарты -
оқытушының ӛз дәрежесін жақсы меңгерген адам болуы былай тұрсын, оның
сабаққа жақсы дайындалуы керек», - деген ұстанымдары қазіргі ұстаздардың
бейнесін де кӛрсететіп отырғаны анық.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана
тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы
емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жӛн» деуінде терең мән жатыр. Қазақ
тілін заман талабына сай сапалы оқытуда қандай қадамдар жасап, қандай озық
тәжірибені негізге алып жатырмыз деген сауал тӛңірегінде аз-кем сӛз қозғауды
жӛн кӛрдік.
Әлемге әйгілі әдіскер-ғалымның айтуынша, әрбір адамның тілдік қорының
пайдаланылатын лексикасының 90%-ы 300-350 сӛзден аспайды.
Кез келген
тілдің грамматикасы да қарапайым. Сондықтан екі апта ішінде тілдің бірнеше
негізгі грамматикалық ережелері мен құрылымдарын жылдам есте сақтап және
300-350 сӛзді еркін жаттап алуға болады.
Зерттеулерге сүйенсек, алғашқы 4 күнде есте сақталмаған ақпараттың 75%-ы
ұмытылып қалады екен. Ол үшін ұдайы қайталап, жаттығып отырудың маңызы
зор. Содан соң мұны әрі қарай дамытып, лексиканы ұдайы молайта беруге
болады.
Осы орайда ӛзіміздің отандық әдіскер тіл үйретушілердің кӛрегендігін де ай-
та кеткен жӛн.Сонау ХІХ ғасырдың ӛзінде ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсарин
екінші тіл ретінде үйретілетін орыс тілін оқытуда осыған ұқсас әдістемені қол-
данған екен. «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралында» түзген
орысша-қазақша сӛздікке ол тақырыптар бойынша оқушылар ӛміріне етене
жақын, жиі қолданылатын сӛздерді ғана іріктеп енгізген. Орыс тілі грам-
матикасынан да қазақ балаларына тіл үйренуге қажетті мәліметтер сұрыпталып
алынған.
Алайда, кӛпшілігіміз сӛйлеуге үйретуге мән бермей, бағдарламаның
орындалуын ғана күйттеп, оқушылардың жаттанды, мардымсыз жауаптарын
жоғары бағалаумен шектеліп келгеніміз жасырын емес.
Сонымен жоғарыда сӛз еткен әдістемеге қайта оралсақ, ол 15 грамматикалық
конструкция мен кесте түріндегі лексикалық материалдардан тұратын кӛрінеді.
Негізгі тақырыптар бойынша жиі қолданылатын 300 сӛз және айналымдағы 150
сӛз қамтылыпты. Айта кетерлігі, әдістеме мемлекеттік тілді меңгерудің
алғашқы қадамы ретінде қаралып отыр. Келесі екі қадамда салалық бағыт пен іс
қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету жоспарланған. Бұл әдістеменің
ерекшелігі - грамматикалық құрылымдардың жүйелілігі, бейнелілігі, мәлі-
меттердің
интерактивті әдіспен берілуі, жиі қолданылатын лексикалық